«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет55/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

104 



Жаксибаева Дина 

5В011400-Тарих 

   

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Б.Т.Жұбанышов 



 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 

ҒЫЛЫМЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ 

 

Abstract. In this article I tried to show in general the youth and their place in modern society, their advantages 

and disadvantages. I have tried and I think I have been able to show that the main strength of society and vulnerability 

are young people.

 

 

Елiмiздiң ертеңi,  мемлекетiмiздiң жарқын болашағы  – бiлiмдi де бiлiктi, алғыр әрi жалынды 

жастар  қолында  екендiгi  даусыз.  Әр  заманда  қоғамның  негiзгi  қозғаушы  күшi  –  жастар  екендiгi 

белгiлi. Бұл орайда Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мен, сiздер, бүгiнгi жастар 

–  ерекше  ұрпақ  екендерiңiздi  қайталаудан  жалықпаймын.  Сіздер  Тәуелсіз  Қазақстанда  өмірге 

келдіңіздер  және  сонда  ержетіп  келесіздер.  Сіздердің  жастық  шақтарыңыздың  уақыты  –  біздің 

еліміздің  көтерілу  және  гүлдену  уақыты.  Сіздер  осы  жетістіктер  рухын  және  табысқа  деген 

ұмтылушылықты  бойларыңызға  сіңірдіңіздер.  Атап  айтқанда,  біздің  еліміздің  тағдыры    сіздердің  

тағдырларыңызбен    айқындалады...»  [1,27  б.]  деген  сөзінен-ақ  мемлекетіміздің  жарқын  болашағы 

тікелей қазіргі жастар болашағымен байланысты екендігін айқындайды. 2019 жыл – жалынды Жастар 

жылы  деп  жариялануының  да  өзіндік  себептері  баршылық.  Бүгінгі  жастар  –  ертеңгі  аға  буын, 

мемлекеттің  болашағы,  тірегі.  Тәуелсіз  мемлекетіміздің  басты  мақсаттарының  бірі  –  өзінің  ісін, 

өмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы,    рухани  бай,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени-ғылыми  өресі 

озық, бәсекеге қай салада болмасын қабілетті, көзі ашық, көкірегі ояу, оңды-солды тани білетін, өресі 

озық  азаматтар  мен  азаматшалар  тәрбиелеу.  Біз,  –  тәнінде    ғана  емес,  жанында  да,  жүрегінде  де 

энергиясы тасып тұрған жастар  – тек мына алпауыттай материктің қақ ортасында өмір сүргенімізге 

ғана емес немесе қарнымыз тойып тамақ ішкенімізге, күн ұясына кіріп, ай сәулесі мен жарқыраған 

жұлдыздар  қараңғы  аспанға  нәр  берісімен-ақ  тәтті  ұйқыға  батып,  таңертең  дәл  кешегі  күнді 

қайталайтынымызға  ғана  риза  болып  қана  қоймай,  бұрынғы  табыстарымызды  нығайта,  осы  жаңа 

әлемге өзіміздің ықпа ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру. Міне сол кезде, 

біздер бірінші боламын дегенде, біздің еліміз де бірінші болады, жастар даму үстінде жүрсе, еліміз де 

даму үстінде жүреді.   



Әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан,  мемлекет  жастар  мен  жас  отбасылардың 

экономикалық  ахуалын  жақсарту  мен  табыс  деңгейін  көтеру,  ұзақ  мерзімді  несие  берудің  кезеңдік 

жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік 

белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, 

ұйымдастырушылық  жағдай  жасаудың  барлық  шараларын  қолдануда.  Жастарды  жұмыспен  қамту 

мәселесі  елімізде  басты  назардағы  мәселе  екені  белгілі.  Осы  проблеманы  жою  үшін  елімізде 

«Дипломмен  ауылға»,  «Бизнестің  жол  картасы»,  «Жұмыспен  қамту-2020»,  «Әрбір  отбасына  «7-20-

25»  бағдарламасы  аясында  баспана  алудың  жаңа  мүмкіндіктерін  беру»,  «Жоғары  білім  алудың 

қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. 

бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.    



Мәдени-идеологиялық  тұрғыдан,  «Жас  Отан»  патриоттық  құндылықтар  мен  ілгерілеу 

мақсаттары  негізінде  ел  жастарын  топтастыруы,  салауатты  ұлт  қалыптастыру  идеясының  белсенді 

бастамашысына  айналуда.  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  патриоттық  сезiмді,  отаншылдық 

рухты  қалыптастыратын  археологиялық  ескерткіштерді  табу,  этномәдени  жәдігерлерімізді 

жөндеуден өткізу, әлемдiк ғылым мен бiлiмнiң асыл қазыналарын қазақшалау,  бай фольклорымызды 

жинақтау  мәселелері  алға  қойылды.  Келешекке  арналған  жобаның  басты  мақсатында  жастарды 

отаншылдық  рухта  тәрбиелеу  –  мемлекеттiк  идеологияның  темiрқазығы  ретінде  көрініс  тапқан. 

Жастардың  төл  мәдениеттен  нәр  алуы,  еліміздің  тарихи  өткенін  оқып-үйренуі,  қоғамымыздағы 

достық  ахуал  мен  бейбітшілікті,  рухани  келісімді  нығайту  жас  ұрпақ  бойында  біздің  ортақ 

Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.  



Құқықтық  тұрғыдан,  жастардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  қоғамдағы  жалпы 

құқықтық  мәдениетті  көтеруді,  жастар  бойына  Қазақстанның  мемлекеттік  дамуына  негіз  қалайтын 

идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді. 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

105 



Мемлекет  жастар  арасында  әлеуметтік  шиеленісті  бәсеңдету  жөнінде,  жасөспірімдер  мен 

жастар  арасында  нашақорлыққа,  маскүнемдікке,  қоғамға  қарсы  және  ауытқу  құбылыстарымен 

күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты 

болдырмау  жөнінде  заң-құқық  туралы  білім  беру  және  мәселенің  алдын  алу  жұмыстарын 

ұйымдастыру  мақсатында  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындары  негізінде  жедел  жастар 

отрядтарын құрылып, құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар енгізілген. 



Саяси  тұрғыдан,  мемлекетімізде  бірнеше  мың  тіркелген  жастар  ұйымдары  бар.  Олардың 

ішінде  «Нұр  Отан»  халықтық-демократиялық  партиясының  «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  жастардың 

саяси  және  қоғамдық  белсенділігінің,  сыни  тұрғыдан  салиқалы  көзқарастар  мен  тұжырымдардың 

орталығы  болып  100  000  астам  жастардың  басын  біріктіруші  орган  болып  табылады.  Жастар 

проблематикасының  стратегиялық  маңыздылығы  ескерілген  «Нұр  Отан  халықтық-демократиялық 

партиясының  «Жас  Отан»  жастар  қанатының  І  съезінде  Елбасы  бастамасымен  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  жанынан  Жастар  саясаты  жөніндегі  Кеңес  құрылды.  Кеңес  жастар 

саясатын үйлестіріп, жастар ортасында қалыптасқан ахуалды талдайтын және ел басшылығына нақты 

ұсынымдар әзірлейтін саяси орган ретінде жұмыс жасай бастады.   

Ал ғылым саласына келер болсақ, мыңдаған ғылыми инновацияға қабілеті бар жастардың 

осы  тәуелсіздік  жылдары  қанаты  қатайды.1993жылдың  қараша  айында  тұңғыш  президентіміздің  

бастамасымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы құрылды. Бірінші рет посткеңестік кеңістіктегі 

мемлекет  тарихында  талантты  жастардың  мемлекет  есебінен  шетелдерден  білім  алуларына 

мүмкіншілік  туды.  Сондай-ақ,  «Болашақ»  бағдарламасынан  өзге  PhD  докторантурасында  жас 

ғалымдар тәуелсіз мемлекетіміздің саяси мерейінің аркасында әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары 

мен  қатар  әлемнің  теңдессіз  зерттеу  орталықтарында  терең  ғылыммен  айналысуға  мүмкіндік  алды.  

Соңғы  он  жыл  көлемінде  ғылымның  өркендеуіне  жұмсалған  қаражат  7  есеге  көбейген.  2010  жылы 

ғылыми зерттеулерге бөлінет қаржы көлемі ІЖӨ 2% құраған. Бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттерге 

ғана тән жайт. Президент жанынан құрылған жас ғалымдар Кеңесі, ғылым Қоры, Ұлттық зертханалар 

жастардың ғылыми инновациялық жаңалықтар ашуларына жағдай жасауда [2,12 б.].     

Дегенмен,  қоғамдық  түбегейлі  қайта  құрулар  барлық  әлеуметтік  топтар,  соның  ішінде 

жастардың да басына түскен бір тұтас жүйенің құлдырауымен бірге жүреді, яғни  қоғамда тек қана 

жас әрі қуатты "жаңа қазақтар" емес, сонымен бірге кедейлер мен "қаңғыбастар", ал олардың ішінде 

қаншама  жасөспірімдер,  балалар  мен  жастар  бар.  Қажетсіз  мамандықтардың  көбейе  түсуі,  жоғары 

немесе  орта  білім  ала  алмау;  өз  отбасын  материалдық  жағынан  қамсыздандыру  қиындықтары;    өз 

мамандығы  бойынша  жұмысқа  қамтылу  мәселесі;  баспананың  болмауы.  Жұмыссыздар  ішінде 

бүгінде жастар тобының алар орны өте үлкен. Соңғы екі жыл ішіндегі экономикалық реформаларды 

талдау  жастар  арасындағы  жұмыссыздықтың  өсе  түскендігін  көрсетті.  Сонымен  бірге  жастарды 

жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. 2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз жастардың 

деңгейі 4,1% -ды құрады, өткен жылдың көрсеткіші- 3,9% болған. Жұмыс күші 1,2% , 2,05-ден 2,07 

миллион адамға дейін өсті.Жұмыспен қамтылған халық 1,1% -ға (21 мың адамға) артып, 1,97-ден 1,99 

миллион  қазақстандыққа  өсті.  Олардың  ішінде  жұмыскерлер  саны  3,8%  -ға,  яғни  1,53  миллионды 

құраса,  ал  өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандар  саны  7,1%  -ға  азайып,  459,3  мың  адамға  жетті. 

Жұмыссыз жастардың саны 4,5% (3,6 мың), 80,4-ден 84 мың адамға дейін өсті [3, 28 б.]. 

Қорыта  айтқанда,  қандай  да  бір  мемлекет  болмасын  оның  болашағы  жастар  тағдырымен 

байланысты  екендігі  тарихи  дәлелденген  шындық.  Жас  қазақстандық  азамат  немесе  азматша 

дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы, және біздің Отанымыз үшін 

ұлы жауапкершілік екенін есте ұстануымыз керек. Бүгінгі жастар қандай болса  - болашақ та сондай 

болмақ.  Дарынды  ұрпақ  –  өзінің    тағдырын  түсінетін  ұрпақ.  Біз  жастар  –  әлемдік  мұхитта  өз 

бағытымен  аман-есен  жүзіп  келе  жатқан  Тәуелсіз  Қазақстандай  алып  қайығымызды  ешкімнің 

шайқауына жол бермейміз. «Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!». 



 

Әдебиеттер: 

1.  А.Сыздықов Жастар саясаты заңының қауқары қандай? \\Дала мен қала.2007, 7 қыркүйек // 

2.  Ахметбеков  Марат  Жастар  саясаты:  қазіргі  жағдайы  мен  болашағы  //Алдаспан  №9  –  10, 

2001ж. 


3.  Сүлейменова  Ж.Д.  Қазақстан  республикасының  Президенті  және  жастар  саясаты:  бүгіні 

мен болашағы  

 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау