«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет2/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 



Түрлі кейіпке еніп есті аларлық жамандықты қашанда шындықпен, тұрақтылықпен тату болар 

жақсылықпен жан талсақа түсіріп, Аспан кейіпкердің бейнесі арқылы өлімнің соңғы сапары жеткенде 

өмірдің  өзі  тәтті  екенін  ұғындырады,  тәуекелге  бел  буған  түбінде  тауды  бағындырарын  автор  есті 

көріністермен көрсетеді. 

Тәңірден  теберік  болып  берілген  өлшеулі  өмірдегі  орын  алар  құбылыстардың  қаншалықты 

маңызы  зор  екенін  мифтің,  аңыздың  астарлы  жұмбағымен  терең  талдап,  өткелі  көп  өмір  мен 

қиындығы  мен  қуанышы  қатар  өрбейтін  қоғам  пробемасын  үлкен  философиялық  талғамға 

көтереді. «Сайтан  көпір»  повесі  жазушының  аңыз  жасаушылық  шеберлігінің  үлкен  бір  қырын 

танытады. 

Автор  шығармасындағы  бір  сөзінде  «Әркімнің  алдында  түптің  түбінде  өтпей  қоймайтын 

«Сайтан  көпірі»  бар.  Тек  қорықпағандар  ғана  арғы  жағалауға  шығып  мақсатына  жетпек.  Сайтан 

көпірден  өту  дегеніміз  —  өлімге  тым-тым  жақын  келу  немесе  өмірмен  қоштасу».    Бұл  тұста  А. 

Камюдің айтқан орамды ойы орынды деп білеміз. Атақты жазушы: «Дело в том, что у нас нет опыта 

смерти. Испытанным, в полном смысле слова, является лишь то, что пережито, осознанно. У нас есть 

опыт смерти других, но это всего лишь суррогат, он поверхностен и не слишком нас убеждает», — [2; 

231]. 


Шығармадағы үзіндіден «Мен көшкіннің астында қаламын. Мен ғана емес бүкіл әлемге топан 

су  қаптайды.  Табиғат  ашу  шақырады,  ағайын!  Біз,  адамдар,  жер  бетінен  тып-типыл  жойыламыз  да 

мұз  басу  дәуірі  қайта  орнайды.  Жаяу-жалпылы  жүргендер  мен  бауырымен  жорғалайтындар 

мәңгілікке ғайып болады, тек аспанда ұшып жүргенде мен жер астындағы аруақтар, тек солар ғана 

тірі  қалады»  [3,  283],  осы  тұста  да  астарлы  ақиқат  пен  аңыздың  айқасы  бедерленген.   О.Бөкей  бұл 

тұста мифтік дүниетанымды білдіретін үш әлемді оқырман санасына сіңімді әрі айтар ойды астарлап, 

орамды  дәл  жеткізеді.  Осындай философиялық    құндылықтардың  басын  біріктірген Ш.  Уалиханов, 

Ш.  Ыбыраев,  С.Сейфуллиннің    тырнақ  алды  ғылыми  зерттеулері  мен  тың  туындыларының 

мазмұнынан да алуға болады.  

О.Бөкей  шығармашылығындағы  мифологизм  мәселесін  зерттеуші  ғалым  Ж.Аймұхамбетова 

«Метафоралардың метаморфозадан түбірлі айырмашылығы болса да, белгілі дәрежеде бұл екі ұғым 

бір-бірімен  сабақтастықта  екенін  естен  шығаруға  болмайды»  дей  келе,  автометафоралардың 

күрделеніп,  тұрақталуы  метаморфозаларды  туындатады  деген  ой  айтады  [4,  29]. Арқау  болып 

отырған мәселедегі автометафоралар, түрлі сөздік қолданыстар біз айтып отырған «Сайтан көпірде» 

де көрініс табады. Мысалы: «Біле-білсең сен менің өтіп кеткен дәурен, өліп қалған арманымсың, екі 

АЯҒЫМСЫҢ! Ал менменің АЯҒЫМ сіңірі босап, сүрінуді білмейтін жілікті болатын!» [3, 269]. Айта 

кетерлігі  жан  түршіктірер  көріністер  қатарындағы  ЕКІ  АЯҚ  –  көркем  антропологиялық  аспект 

ретінде автор шеберлігінің тағы бір шыңы. 

Шығармада  зерттей  түсер  осындай  дүниелер  өте  көп  қолданыс  табады.  Рухты  елдің  ертеңгі 

әдебиеті  мен  тарихына  қайталанбас  қолтаңба  қалдырған  О.Бөкей  туындылары  қашанда  құнды. 

Оқимын  деген  ізденімпаз  жастарға  Оралхан  туындыларының  барлығында  мазмұн  тереңінде  ұлт 

тағдыры сыр шертер шығармалар мол екенін айтпақпын. 

Қорытынды  ойды  ұлы  тұлғаның  көзін  көрген,  асылдың  сынығы,  қарындасы  Ғалия 

Бөкейқызының  естеліктерімен  жеткізсем,  автор  рухына  құрмет  деп  білемін:  «Оралхан  ағам 

жастайынан жазушы болуды армандайтын. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ әдеби шығармаларды көп 

оқыды.  Кейде  кітаптан  басын көтермей  отырғанын  көрген  ата-анам  «көзіңді  құртасың  оқыма»  деп 

тыйым салатын... Ағамның күнделігінде мынадай бір қанатты сөзі бар: «Адам армандай білуі керек, 

армандаса - соған қол жеткізеді. Мен жазушы болуды армандадым, жазушы болдым. Менің парталас 

досым  Жеңіс  ұшқыш  болуды  армандады,  ол  да  ұшқыш  болды.  Адам  армандай  отырып,  соның 

жолында күресе білуі керек. Бүкіл адамзат саған қарап тұрғандай, өз-өзіңді шексіз жауапкершілікте 

сезінгенде ғана ойлаған мақсатыңа жете аласың».  

 

Әдебиеттер: 



 

1.  Исабеков Д. пікірлері. 

2.  Камю  А. Миф  о  Сизифе.  Эссе  об  абсурде  //  Сумерки  богов  /  Сост.  и  общ.  ред.  А.А. 

Яковлева. — М.: Политиздат., 1990. — С. 222–318 

3.  Бөкеев О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер. – Алматы: Жазушы, 1994. – 496 б. 

– Б. 128. 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 



 

Алдасберген Сәулет 

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымд.проф. А.А.Көшекова 

ҚазМемҚызПУ 

 

 

АЛАШ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛМАС ҚЫЛЫШЫ 



 

Мен жалындап өтемін! 

Қариялардың қимайтын жас шағы болып, 

                                                             Балапандардың талпынар асқары болып, 

                          Ару қыздардың аңсаған арманы болып, 

 Асқақ жандардың алаулы таңдары болып! 



Ф.Оңғарсынова 

 

Аннотация. В этой статье рассматривается творчества поэтессы Ф. Онгарсыновой.   



Abstract. This article discusses the work of the poetess F.Ongarsynova. 

 

Әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген 



ақынның  бірі Фариза  Оңғарсынова.  Ә  дегеннен-ақ  оның  өлеңдерін құлай сүйген  оқырман ақынның 

отты жырларымен міне содан бергі ширек ғасыр бойына үзбей жүздесіп– сырласып келеді.  

Фариза  Оңғарсынова  –  қазақ  поэзиясындағы  ерлік  пен  нәзіктік  әлемін  өлең  тілінде  шебер 

үйлестірген дарабоз ақын. Оның тылсым поэзия тіліне үңілсек, сайын даланың небір сырлы сөздері, 

қазыналы  тіл  байлығы  орайлы  қолданылған,  орнымен  жұмсалған.  Әйел  табиғаты  әдетте  бала 

тәрбиелеу,  отбасына  шамшырақ  болу,  ағайынына  қызмет  қылу  сынды  міндеттерге  бейім  болып 

келеді. Осы себептен, көптеген өнер саласында, ән өнерінде, поэзия додасында ерлер топ жарып, ел 

есінде қалады. Ал, Фариза Оңғарсынова-қазақ поэзиясына нәзік жандылар болмысын кеңірек ашып, 

іңкәр көңілді қарымды қаламмен жеткізе білген жан.  

Ақын  Ф.Оңғарсынованың  қаламгерлік  қызметінің  бір  қыры  аудармашылық  және 

публицистикалық еңбегімен ұштасатынын ескерсек те, автордың тырнақалдысы  – «Сандуғашынан» 

бастау  алған  таза  поэзиялық  жыр  жинақтары  төмендегідей  тізбені  құрайды:  «Маңғыстау 

маржандары»(1969),  «Мазасыз  шақ»  (1972),  «Асау  толқын»  (1973),  «Көгершіндерім»  (1974),  «Мен 

сенің  жүрегіңдемін»  (1975),  «Шілде»  (1978),  «Сенің  махаббатың»  (1979),  «Сұхбат»  (1983),  «Жүрек 

күнделігі»  (1984),  «Дауа»  (1985),  «Маңғыстау  монологтары»  (1986),  «Екі  томдық:  Таңдамалы 

шығармалары» (1987), «Өсиет» (1995), «Қыз–ғұмыр» (1996) және «Мен саған ғашық емес ем» (1999) 

сынды  дүниелермен  толықты.  Бұлардың  ішінде  Мемлекеттік  сыйлыққа  ие  болған  «Маңғыстау 

монологтарының»  орны  ерекше  саналады.  Саналы  ғұмыры,  өнегелі  өмірі  өлеңге  айналған  ақын–

лириктің жыр–сандығынан ақтарылар маржан ойлары образдылық тудыруда орасан мол байлыққа ие. 

Ойлы оқырманның көңіл төрінен  өзіндік стилімен төл табиғатымызға тән мінез–құлық (сыршылдық, 

мұңшылдық, нәзіктік пен қайсарлық т.б.) әдебінің ажарын айқара ашып таныту – ақын поэзиясының 

нұрлы  шамшырағы  десе  де  болғандай.  Бүкіл  жұрттың  көкейіндегі  келелі  мәселелерді  лирикалық 

образдың  өн  бойына  жинақтап,  өлең–  жырдың  жасампаздық  құдіретіне  әлеуметтік  маңыз  беру  де 

ақындық мұраттың басты шарты [1;23 б].  

Ақын туралы даңқты қаламгер Ғабит Мүсірепов «Екі ауыз сөзде»: «...Өмір ортақ, тақырыптар 

ортақ,күнделіктің  талабы  да,таразысы да  ортақ  болған  соң әр  дәрежедегі қарайластықтар  да  табиғи 

жайға  жатады.  Мен  ақын  Фаризаны  бүгінгі  поэзиямыздың  ең  жоғары  сатысында  тұрған 

замандастарымен қарайлас биікте көремін» [2;6 б]. 

Поэзия  падишасы  басына  қонған  өлең  атты  бақты  аялай  біледі,  онымен  сырласа 

отырып,өлеңнің  қадір-қасиетін  оқырманға  ұғындырады.Айталық,  Фариза  ақынның  «Поэзия» 

(Махамбет  аудармашысымен  әңгіме  циклы)  атты  туынды  қазақ  өлең–күйінің  керегесін  кеңіте 

түскендей. Осы өлең–оданың беташар–эпиграфында ақын: 

Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем 

Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем: 

Жаны –тұнған тұңғиық тереңдік те, 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау