«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет44/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

82 



Шербаева Бибінұр 

6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 

1-курс магистранты 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д. профессор С.Б.Ержанова 

ҚазМемҚызПУ 

 

 



ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ БАСТЫ ТАҚЫРЫПТАР 

(Ақын Қымбат Әбділдәқызы өлеңдері негізінде) 

 

Аннотация. Сегодня трудно сравнить детей со вчерашними детьми в познавательной деятельности. 

Современные дети в социуме развиваются наряду с требованиями цивилизации. Поэтому сегодняшняя детская 

поэзия охватывает широкий спектр тем. 

Аbstract.  Today  it  is  difficult  to  compare  children  with  yesterday's  children  in  cognitive  activity.  Modern 

children  in  society  develop  along  with  the  requirements  of  civilization.  Therefore,  today's  children's  poetry  covers  a 

wide range of topics. 

 

 



Қазіргі  қазақ  балалар  бағбандары  қатарынан  ойып  орын  алып,  өзіндік  дара  стилімен 

ерекшеленетін қаламы жүйрік ақындарымыздың бірі  – Қымбат Әбілдақызы. Ақынның жүрекжарды 

жырларында кесек-кесек келелі тақырыптар толғанады. Қасиетті тұмарымыздай тәу еткен тәуелсіздік 

тақырыбы Қ.Әбілдақызының өлеңдерінде де өріліп отырады. Мәселен: «Қазақстан» өлеңінде: 

Елімнің атын айтсам – Қазақстан, 

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. 

Қойнауы қазынаға толған мекен, 

Байлығым  атын  айтсам  –  Қазақстан,  [1,6  б.]-деп  ағынан  жарылады  ақын  Қайғының 

қаншамасын  басын  өткерсе  де  қара  нардай  қайыспай  қасқая  қарсы  тұрған  және  де  топалаңды 

жылдарға төтеп беріп, төл тәуелсіздікке төрін берген Қазақстанын ақын тебірене жырлайды. Ұшқан 

құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын, салқар көшке сая болған сайын дала сан тарихтың 

куәсі. Қойнауынан құт арылмаған, құдайы қонағына тарылмаған қазақ жері қазынаға бай, дәулеті мен 

сәулеті  жарасқан  қасиетті  мекен.  Ақын  «Қазақстанын»  баға  жетпес  байлыққа  теңейді,  марқая 

мақтаныш тұтады, жан жүрегімен езіле сүйеді. Немесе, «Тәуелсіздік» атты жырында ақын: 

Тәуелсіздік – тәубелі елдің ұраны, 

Қиялды елдің қыраны. 

Жат рухқа жалтақтатпас пендесін 

Жанарлардың шырағы. [1, 12 б.] 

Жат  елдің  табанында  тапталмай,  қабағына  жалтақтамай,  бостандықтың  босағасын  берік 

бекітіп,  қуаныштан  кереге,  шаттықтан  шаңырақ  орнатқан  тәуелсіздік-еліміздің  ұлы  ұраны,  қиялы-

қияларға  қанат  қағар  қыраны  іспетті.  Тәуелсіздік  тек  елімізге  ғана  емес,  туған  тіліміздің  мәртебесі 

биіктеп, қолдану аясы кеңюіне, әлімсақтан құнын жоймай келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің 

дүркірей жандануына да айрықша әсер етті. Талай талас-тартыс пен атаның қаны, ананың жасымен 

жеткен  тәуелсіздік  –  баға  жетпес  асыл  қазына  екенін  асқақтата  жырлайды.  Егемендігіміздің  еңселі, 

тәуелсіздігіміздің  тұғырлы,  мемлекеттігіміздің  мәңгілік  болуы  жолында  ақын  жанын  қиюға  дайын. 

Аталған екі өлең де бүлдіршіндерге еркіндіктің ерен ерлік, қайтпас қайсарлықтың арқасында келгенін 

ұғындырумен  қатар,  жүрегі  Отан  деп  соғатын  елжанды,  патриоттық  сезімі  асқақ  азамат  болып  ер 

жетуге үндейді.  

Сондай-ақ,  Қымбат  Әбілдақызының  өлеңдерінде  көрініс  тапқан  тақырыптардың  бірі  –  жас 

балдырғандарға  ұлт  мақтаныштарының  өмірін  үлгі,  өнерін  өнеге  ету  болып  табылады.  Айға  алғаш 

сапар  жасап,  сара  жол  салған  саңлақ  ұлдары  –  тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар  Әубәкіровтың  ерлігін 

былайша жырға қосады: 

Қазақтың тұңғыш ұшқышы, 

Ғарышкер батыр атанды. 

Қыраннан асып шың құсы 

Жер-Анадан бата алды.[1, 10 б.] 

Иә,  балалардың  жүрегі  пәк,  қиялдары  жүйрік,  армандары  Алатаудай  асқақ.  Тыңнан  түрен 

салған  Тоқтардың  ерлігі  сәбилер  санасында  сары  майдай  сақталып,  жүректерінен  өшпестей  орын 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

83 



алды. Лүпіл қаққан бала жүректер ғарышкер болып, айға аттансам деп армандады. Балаң армандары 

болашаққа бастап апарар баспалдақтай көрінді.  

Сондай-ақ,  ақынның  «Өз  өренім»  өлеңі  өрлікке  өрілген,  байрақты  бәсекелердің  бірегейі 

Афины олимпиадасында еңсесі биік егемен еліміздің жалауын жеңіске желбіреткен боксшы Бақтияр 

Артаевтың көзсіз ерлігі мен сөзсіз батырлығын жырына арқау етеді. 

Отырмыз жанып-ысып, тақым қысып, 

Аруаққа жалбарынып, жақынысып. 

Бақтияр шыққан кезде жекпе-жекке, 

Жүректен тамды көзге ақырғы шық[1, 7 б.],-деген жолдарда жүректі билеген қорқыныш, күдік 

пен үкілеген үміт айқасы, қобалжу мен толқу, ел ұланына сенім арту бәрі-бәрі өте әсерлі жырланған. 

Халқымыздың даналығында «баласы атқа мінсе, анасы тақым қысар» деген сөз де өзіндік орнын таба 

білген.  

Ұлттық  сипаттағы  кейіпкер  кіл  жақсы  мінезден  құралмайды.  Әр  ұлттың  ішінде  жақсы  адам 

да,  нашар  адам  да  болатындай  ұлттық  кейіпкердің  жағымдысы  да,  жағымсызы  да  болады.                        

Қ.  Әбілдақызының  «Әкеге  қарап...»  дейтін  жырынан  бүгінгі  күн  сипатын  танимыз,  ұлттық 

характердің кері болмысын көреміз. 

«- Әке, сіз қайда тудыңыз? 

- Атаңдар тұрған ауылда. 

- Қалада неге тұрдыңыз? 

- Не бар дейсің ауылда? 

- Әке, мен де өскенде. 

Шет елде тұрамын. 

Туған жерде не бар деп, 

Әке жолын қуамын!»[2, 7 б.]. 

Осынау  көркем  дүниеден  логикалық  сенімділікті  байқаймыз.  Ұлттық  негізінен  айрыла 

бастаған, ұлттық бастауын есінен шығарып алған тұлғадан өз түп тамырын танымас адамдар туарына 

көз жеткізе бастағандаймыз ба?  

Баласының сөзі арқылы әкенің мінезін танимыз. Бір ғана ситуация әкенің әрекетін ғана емес, 

өз тегін бағалауды естен шығарып бара жатқан тұтас бір ұлттың әшкереленуін туындатып отыр. 

Е. Елубаев қазақ балалар лирикасындағы «Жақсы деген немене, жаман деген немене?», «Кім 

болам?»  деген  секілді  формадағы  өлеңдердің  бастауында  В.  В.  Маяковскийдің  тұрғанын  айтады       

[3, 73 б.]. Қазақ ақындары осы форманы сәтті пайдалана білгендігін сөз етеді. Айтқандай-ақ, кешегі 

және бүгінгі балалар лирикасында «Кім болам?» тақырыбына қалам тартқан ақындарымыз мол. Олар 

бұл танымды дамытып, түрлендіріп, көркемдеп, түрлі формалармен ұсынды. Тіпті, әр мамандықтың 

өзіне  тән  маңызды  тараптарын  да  сөз  етті.  Бұл  кеңестік  дәуір  еншісіндегі  әдебиетімізде  де, 

тәуелсіздік  кезіңіндегі  әдебиетімізде  де  көп  тоқталған  формаға  айналып  отыр.  Өткен  заман 

уақытында  да,  бүгінгі  уақыт  танысында  да  адал  еңбекпен  нан  табу,  маңдай  тер  төгіп  еңбек  етудің 

басты назарға алынуы – қазақ балалар лирикасының педагогикалық сарынын үзбеуі, еңбек мәселесін 

үндеуі секілді танылады.  

Сондықтан  да  бүгінгі  бала  кешегі  күннің  баласындай  қойшы  болмақты,  шахтер  болмақты 

армандамайды.  Ол  өркениеттің  жалына  жармасып,  әлеуметтік  даму  сатысы  жоғары  мамандықты 

көксейді. Мұның себебін жаһанданудың бір көрінісі ретінде түсіндіре аламыз. Жаһандану  – ұлттық, 

отандық, бауырмалдық сезімдерді шын мәнінде тәрк етіп, жаһандық көзқарасқа бағыну болса, жақсы 

өмір  сүру  қағидасы  болса,  өз  ұлтына  қызмет  етемін  деген  ой  санасында  мүлдем  жоқ  баланы 

жаһанданудың төл перзенті демегенде кім дейміз? 

       

Әдебиеттер: 

1.  Әбілдақызы Қ. Ай сайын өсіп келемін. – Алматы: АБДИ Компани, 2004. 

2.  Әбілдақызы Қ. Айгөлек. –Алматы: Лидер офсет, 2010. 

3.  Елубаев Е. Келешек. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2005. 

 

 

 




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау