«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет45/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

84 



ІІ. CAPACITY OF SOCIAL SCIENCE 

 

 



         Абай Айым 

5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару 

3 курс/бакалавр 

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент  А.Д.Кожабекова 

ҚазМемҚызПУ 

 

 



ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ 

 

Аннотация.  Проблемы  повышения  религиозной  грамотности  современной  молодежи.Статья 

исследует причину ухода молодых людей в религию, а также такое явление, как идентификация. Отношение 

современной  молодежи  к  религии  рассматривается  как  уровень  знания  содержания  религии  и  степень  ее 

личностного принятия. В статье раскрывается процесс корреляции общечеловеческого  и частного в религии. 

Описаны  результаты  эмпирического  исследования,  позволившие  установить,  что,  несмотря  на  рост 

религиозности,  у  молодых  людей  наблюдается  стихийный  характер  приобщения  к  ее  обрядам,  а  также 

несформированность  представлений  о  религиозной  вере,  изменения  этноконфессионального  баланса, 

социальноэкономических трудностей вызывают уход в религию не только молодых людей,  но и зрелых. 

Abstract.  Problems  of  improvement  of  religious  literacy  of today's  youth.The article  investigates  the  reason  of 

leaving  of  young  people  in  religion,  and  also  such  phenomenon  as  identification.  The  attitude  of  modern  youth  to 

religion is considered as the level of knowledge of the content of religion and the degree of its personal acceptance. The 

article reveals the process of correlation between the universal and the particular in religion. The article describes the 

results of empirical research, which allowed to establish that, despite the growth of religiosity, young people there is a 

spontaneous nature of initiation to its rites, as well as the unformed ideas about religious faith, changes in ethnic and 

religious balance, socio-economic difficulties cause withdrawal to religion not only young people, but also Mature.

 

 

 

Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге 

байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың  әр жерде 

әртүрлі  деңгейде  пісіп-жетіле  отырып,  дін  ретінде  қалыптасуы  да  өмір  заңдылығы  немесе  рухани 

қажеттілігі  еді.  Адамзат  тарихында  бастан  кешкен  түрлі  формациялар  мен  кезеңдерде  діннің  де 

формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-

парасаттың,  ғұлама  ойдың  және  өзге  де  игіліктердің  иесі.  Ал,  осы  игіліктерге  ие  етіп  тұрған  – 

Жаратушы  күштің  барын  адам  ешқашан  есінен  шығарған  емес.  Осылайша,  діннің  қоғам  өмірімен 

байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім 

қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. 

Қоғам  дегеніміз  –  әлеумет,  яғни,  адамдардың  іс-әрекеттері  мен  бірігу  формаларының 

жиынтығы.  Міне,  осы  қоғамның  және  ондағы  әлеуметтің  дамуында  діннің  де  атқарар  рөлі  зор.  

«Әлеуметтану» жайлы ой қозғаған Огюст Конт та кезінде дін мәселесін айналып өте алмаған. Оның 

пікірінше, қоғамның әлеуметтік қайта құрылуы тек қана ағарту ісінің көмегімен іске аса алмайды. Ол 

іске асу үшін әлеуметтік байланыстардың қандай да бір рухани тірегі болуы керек. Мұндай тіректі ол 

«оң діннен», яғни, бұрын өмір сүрген, қазір өмір сүріп жатқан адамдардың және болашақ ұрпақтың 

орасан зор әлеуметтік ағзасының біртұтас ұлы тіршілік иесі сияқты адамзатқа табынуынан көре білді 

[1, 11 б.]. О.Конт (1798-1857) діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген 

сұраққа «тарихтың үш сатысы» жайлы заңында: Бірінші саты – діни немесе «теологиялық жағдай», 

онда  адам  санасында  дәлелсіз  ойға  негізделген  оқи¬ғалар,  субъективтік  негізсіздіктер  үстем  етеді. 

Екіншісі – философиялық «метафизикалық жағдай», онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық 

ретінде  қабылданады.  Үшінші  –  позитивті,  ол  жерде  ғылымның  көмегімен  қолда  бар  жағдайларға 

дұрыс  баға  беруге  қол  жеткізіледі.  Осы  үш  «сана  жағдайының»  әрбірі  бүкіл  әлеуметтік 

ұйымдастырудың негізін қалайды – деп жауап береді. 

Діни функциялардың қоғаммен, оның ішінде әлеуметпен арадағы қарым-қатынастарын тарихи 

үдеріссіз,  әлеуметтік-қоғамдық  өзгерістерсіз  бөлектеп  қарауға  болмайды.  Өйткені,  дін  кез-келген 

мемлекеттің  пайда  болу  кезеңінен  бастап,  қалыптасу  кезеңдерінде,  даму  үде¬рістерінде,  сол 

мемлекетте өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етумен қатар, діндер арасында немесе 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

85 



қандай да бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікті бұзып, тұрақтылықтан ауытқытып 

жіберу мүм¬кіншілігі де жоқ емес [2, 9 б.]. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер 

мен  конфессиялар  адамгершілік  пен  руханият  құндылықтарына  жетелейді.  Адамдардың  бойына, 

жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл ретте, дін кез келген ұлттың салт-дәстүрлерін де 

жоққа шығармайды. Қайта олармен үндесіп, тонның ішкі бауындай жарасымды түрде қоғам дамуына 

жетелейді.  Сондықтан, дін  –  қазіргі кезеңде  қоғамның  әлеуметтік  және  рухани  дамуының  маңызды 

құралы болып табылады.. Мысалы, Қазақстан қаншама экономикалық және саяси жағынан дамыған 

мемлекетке  айналып  жатса  да,  мәдениетін  өркендетуді  доғарса,  ол  ешқашан  өркениетті  елдер 

қатарына қосыла алмас еді. Өйткені, қоғамда мәдениет пен адамгершіліктің ауылы алыстап, рухани 

жағынан  кедей,  жауапкершіліксіз,  сүйіспеншілік  сезімдерден  ада  адамдар  қалыптасады  да,  даму 

үрдісі  артқа  кетер  еді.  Сондықтан  да,  дін  мен  салт-сананың  бірлігі,  тіпті,  саясаттың  да  бірлігі  кез-

келген  мемлекет  үшін,  қоғам  дамуы  үшін    таптырмас  қажеттілік  болып  саналады.  Яғни,  дін  – 

әлеуметтік-мәдени байланыстардың ажырамас бір буыны іспетті. 

Бүгінде  адамға  ең  қажетті  нәрсе  –  тәрбие.  Әсіресе,  бұл  қазіргі  жастарға  өмірдегі  шынайы 

құндылықтарды ұғынуы үшін өмірде өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын 

кеңейту  үшін  қажет.  Тәрбиеге  жеткілікті  көңіл  бөлмеушілік  қоғам  тарапынан  жастар  тәрбиесіне 

салғырт  және  немкетті  қарау,  кейбір  шектен  шыққан  әдепсіздік  пен  арсыздықтың  көрініс  беруіне 

алып келіп отырғаны шынайылық. Жастардың ұлттық тәрбиеге қырын қарауы, бұл батыстық тұтыну 

мәдениетіне еліктеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, жастарға имандылықты, ұлттық дәстүрлерді 

насихаттап,  сөзден  іске  көшу  керек.  Салт-санамыздағы  тәрбиелік  мәні  бар  құндылықтарды  жастар 

арасында насихаттау үшін сөз бен іс-әрекеттеріміздің арасындағы сәйкестілік болу керек. 

Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. 

Бұған  көп  нәрсе  себеп.  Соның  бірі  кешегі  кер  замандағы  үстемдік  еткен  жетпіс  жылдық  діни 

нигилизмнің салқыны деуге болады. Бұл кезде атеистік танымда тәрбиеленген аға ұрпақ қабір тастан 

қойма  салып,  бабалар  қорымын  темір  тажалмен  тілгілеп,  аңызға  айналдырды.  Белді-белді  жоғарғы 

мектептер жанында атеистік университеттер ашылды. Халықты хаққа қарсы қойған Құдайсыз қоғам 

орнады.  Артынша  азаттықтың  самалы  есті.  Көп  болып  аңсаған  күн  де  туды.  Бірақ,  тәуелсіздіктің 

елең-алаңында ес жиып, еңсе тіктеу оңайға соқпады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша 

шешімдер қабылдау қажеттілік етті.    Ислам дініндегі бес парыздың бірі бес уақыт намаз оқу арқылы 

адам  баласы  тазалыққа  тәрбиеленсе,  екінші  парыз  Рамазан  айында  ораза  ұстау  арқылы 

шыдамдылыққа  шынығады.  Ал,  үшінші  парыз  зекет  беру  арқылы  жұмыр  бас  пенде  жомарттыққа 

үйренеді және жер бетінде сәл уақытқа болса да бай мен кедей атаулысы теңеледі. Исламның басқа 

да  көптеген  кереметтерінің  бірі  сабырлыққа  шақыру,  үлкенді  сыйлау,  ата-ананың  ақысын  өтеуге 

асығу мен тағы сол сияқтылары жетіп артылады.[3, 5 б.]. 

Бүгін елімізде мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне негізделген жаңа 

ұстанымдар арқасында, қазақстандық модель арқылы жүргізіліп отыр. Жаһандану кезеңінде рухани, 

мәдени, кәсіби біліктіліктің қалыптасуына кепілдік беру және жастардың салауаттылығын дамыту – 

қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтықты  қалыптастырудың  басымды  бағыттары.  Ол  жастардың 

этикалық  тәрбиесіндегі  ислам  мәдениетінің  моральдық-рухани  құндылықтықтарын  қалыптастыруда 

ерекше  рөлге  ие.  Сондықтан,  қазақ  халқының  ұлттық  мәдениеті  ислам  құндылықтарымен 

байланысты деп тұжырымдайды.                       

 

Әдебиеттер: 

1. Көбеева О. Дінтану негіздері. Алматы 2010. 

2.  Жақсыбай  С.  Тұрапбайұлы  А.  «Қазақстан  діндер  арасындағы  татулықтың  үлгісін  көрсете 

алады». // Егемен Қазақстан 2016ж. 19 қырқүйек. 

3.Мекежанов.Б.У.  «Діни  экстремизм  құбылысының  мәні  және  оның  зерттелуі»/  ҚазҰУ 

Хабаршысы. Саясаттану. Философия. Мәдениеттану сериясы №1 (23) 2015. 

 

 



 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау