«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет1/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226
«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, <a href="/bafdarlamasi-markshejderlik-is-jene-geodeziya.html">магистранттар</a>, докторанттар мен жас ғалымдардың «SMART NATION.KZ» ғылыми марафоны                     <a href="/nr-astana-2009-17-30-seuir-v2.html">                        Сәуір</a>, 2018




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 



АЛҒЫ СӨЗ 

 

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА, 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры,  

педагогика ғылымдарының докторы, профессор  

 

Қазіргі күнде жоғары оқу орындары тек білім ордасы ғана емес, олар – білім мен ғылымды ка-



питализациялаудағы  негізгі  локомотив  рөлін  атқарып  отыр.  Бүгінгідей  жаһандану  жағдайында 

мемлекет  пен  адам  озық,  бәсекеге  сай  болуы  үшін,  ең  бірінші  білім  мен  ғылым  өркендеуі  қажет. 

Баршамызға  белгілі  ғылым  мен  техникалық  прогресс  күн  өткен  сайын  әлемге  өзіндік 

жаңашылдығымен,  инновациялық  жаңа  жобаларымен,  заманауи  технологиялық  өзгерістерді  алып 

келуімен ерекшеленуде. Кез келген технологиялық өзгеріс қай мемлекеттің болмасын экономикалық 

дамуында белгілі бір деңгейде серпіліс алып келері сөзсіз. Ал ғылыми жаңашылдыққа ілесе алмаған 

мемлекет  экономикалық  дамуында  қандай  да  бір  қиыншылықтарға  тап  болатындығын  әлемдік 

тәжірибе  жиі  көрсетуде.  Мемлекетіміздің  ғылыми  жаңашылдыққа  ұмтылуына  серпін  берер  күш  – 

жастарымыз. Санасы сергек, жаңа технологияларды меңгерген өскелең ұрпақ Қазақстанның бәсекеге 

қабілетті елдерінің сапына қосуға үлес қосатындығына сенімдіміз. 

Бұл орайда жастарды жақсылық пен ізгілікке, білімділік пен білгірлікке тәрбиелейтін педагог 

еңбегінің  игілігі  ауқымды.  Заңғар  қаламгеріміз  Мұхтар  Әуезов:  «Ұстаздық  –  ұлы  нәрсе»  деген  сөзі 

қай уақытта да ұстаз қызметіне берілген әділ де үздік баға болып қала бермек.  

Тұңғыш Президентіміз негізін қалап, болашақ мақсаты мен мұратын нықтап берген Тәуелсіз 

мемлекетіміздің  стратегиялық  жоспарларын  жүзеге  асыруда,  еліміздің  одан  арғы  әлеуметтік-

экономикалық, рухани-мәдени дамуын жалғастыруда ұстаз қауымы атқарар міндет пен парыз орасан 

зор. 

Елбасы: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса 

ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады», – деп атап өтіп, әлем елдерінің алдыңғы сапында жүру үшін 

бәсекеге  қабілеттіліктің  бірінші  кезектегі  мәселе  болатынын  айтты.  Ал  бәсекеге  қабілеттілікті 

қалыптастырып, оны ұдайы арттырып отыру үшін білімнің атқаратын рөлі айрықша зор екені белгілі. 

Осы  орайда  отандық  жоғары  оқу  орындары  тек  білім  берумен  ғана  шектелмей,  олар  –  білім  мен 

ғылымды капитализациялаудағы басты рөлді атқаруы тиіс. 

Ресми  деректерге  сүйенер  болсақ,  бүгінде  еліміздегі  жас  ғалымдар  саны  60  пайызға  артты. 

Жастарымыз  болашақтың  кілті  сапалы  білім  мен  ғылым  екенін  айқын  түсініп  келеді.  Өркениет 

көшіне 


бет бұрған қыруар 

істің 


алтын 

арқауы 


болып 

есептелетін 

ғылыми-

техникалық және экономикалық  прогрестің  негізгі  қозғаушы  күші  –  білім.  Білім  бар  жерде  даму, 



жетілу,  кемелдену  үрдісі  бір  сәтке  де  толастамайды.  Көрнекті  ғалым,  академик  Қаныш  Сәтбаев: 

«Ғалымға  азық  берер  қайнар  көзі  кітап  бетімен,  лаборатория  аумағымен  ғана  шектелмейді,  өмірді 

танумен,  еңбек  адамының  жасампаз  ісін  танумен  кең  өрісін  табады»    деген  сөзі  бүгінде  өз 

өміршеңдігін айқын дәлелдеп келеді. 

Соңғы жылдары отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы – Қыздар университеті әлеуеті 

биік, жаңашыл идеялары бар еліміздегі жас ғалымдарды қолдап-қуаттау бағытында бірқатар игілікті 

істерді  жүзеге  асырып  келеді.  Қазақстан  жас  ғалым-педагогтары  Қауымдастығының  бастамасымен 

осымен 72-ші рет ұйымдастырылған бұл жиын да сол үлгілі үрдістің жалғасы іспеттес. 

Осы  орайда  айта  кетейін,  былтыр  Қазақстан  жас  ғалым-педагогтарының  бірінші 

республикалық  слеті  қарсаңында  отандық  жас  ғалым-педагогтардың  Қауымдастығы  құрылған 

болатын.  Мақсат  –  мемлекет  пен  қоғам  дамуына  белсенді  қызмет  ететін,  жаңаша  тұрғыда  ойлай 

алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру. 

Құрылтайшысы Қыздар университеті болып табылатын ұйым бүгінде бірнеше жобаны жүзеге 

асыруда. Бұл бастамалар – талантты жастарымыздың жігерін жанып, ғылымға деген ынта-ықыласын 

арттырады деп сенемін. 

 

 



 

 

 



 


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 



І. STRENGTH OF LANGUAGE 

 

 

Абдуалиева Арайлым 

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 

1 курс (3ж.) студенті  

ҚазМемҚызПУ 

Ғылыми жетекшісі: г.ғ.м., оқытушы  Ж.А.Алиева  

 

 

О.БӨКЕЙ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МИСТИКАЛЫҚ ШЫҢ 

 

 

Аннотация.  В  этой  статье  рассматриваются  особенности  мифологических  явлении  в  мистических 

легендах в повести «Сайтан көпір» О.Бокей и совокупность художественного мышления и елова в авторской 

идее. 

Abstract. This article discusses the features of the mythological phenomena in the mystical legends in the story 

“Сайтан көпір” by  O. Bokey and the combination of artistic thinking and the tree in the author’s idea. 

 

 

Оралхан  Бөкей  –  тамыры  терең  төл  тарихымыз  бен  есте  жаңғырып  қалар  ескі әдебиетімізге 

жаңаша  жазба  қалдырған,  өрелі  ой  мен  келелі  сөзді  бір  арнаға  тоғыстырған,  ғасырда  бір  туатын  

жазушысы. Тұлға танымын айшықтайтын биік шыңдағы шығармаларында реалистік, романтикалық, 

мифтік  желіні  қолдану  арқылы  озық  ойлы  оқырманын  таңғалдырды,  әдебиет  майданында  өзіндік 

өткір сілікінісін орнықтырған кемеңгер ретінде ұлт пен ұрпақ санасында мәңгі жаңғыруда. Осы тұста 

Д.Исабеков  қалдырған  сүбелі  сөзді  тиек  етсек  те  жөн  «Оралхан  не  жазса  да  қанымен,  жанымен 

жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде-бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан 

тыс қалмайтын. Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, 

түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер»  [1,1]. 

О.Бөкей  шығармаларын  оқып  бастағаннан-ақ  ерекше  әсер  қалдырған,  өзіндік  даралық 

қолтаңбасын айқындап тұрғандай тың туындысы ретінде – «Сайтан көпір» атты повесіне тоқталсам 

деген  ой  келді. Аталмыш  тың  туындының  өзінде  «Сайтан  көпір»  деп  берілуі  шығарманың  бар 

болмысын,  негізігі  ой  мен  идеясын  айқындап  тұр.  Жылдар  тоғысында  тоқтаусыз  жалғасын  тауып 

отыратын  ауыздан  ауызға  бұрмалы  ой  толқындарынан  жетіп  отыратын  аңыздың  адам  өмірімен  де 

тікелей  байланысы  барын  повестке  арқау  ете  отырып,  жаңа  зерделі  концепциялар  туғызады. 

Адуынды автор шыныдыққа жанасатын белгілі мифтік құбылыстарды сол күйінде емес, оның негізгі 

айтар идеясын қоғам өмірімен ұштастыра отырып құбылтып, көркем ой мен сөзді егіз қолданып, өз 

сарынында  өзгеше  аңыз  етіп  шығарады.  Тақырыпқа  арқау  болып  отырған  жер  бетіндегі 

жаратылыстың  арасындағы  қатар  өрбейтін  жамандық  пен  жақсылық,    қатыгез  тағдыр  мен  мейірім 

мекендерінің  ұштасуы,  ащы  шындық  пен  өміршең  өткір  өтіріктер.  Осы  бір  тартысқа  толы  қарама 

қайшылықтардан қарсыласа отырып жеңіс табуды майдандағы жауынгердің үздіксіз күрестері секілді 

суреттейді.  

Басты кейіпкерлердің бірегейі ретінде көрініс тапқан Аспан бейнесі шығармадағы шытырман 

шыңырауларға  тап  болса  да,  өлім  мен  өмір  арасында  жау  қолында  қалған  жазықсыз  жандай  күйде 

жан түршігерлік жолдарды жеңіп шыққан қайсар тұлға. Мейірім мен жақсылықтың символы Аспан 

шалдың тұлғасы арқылы берілсе, зұлымдық пен жамандық – Жаңғырық, Айқай, Анау ретінде көрініс 

табады.  Кеңістік  пен  уақыт,  шегініс  пен  толғаныс,  үнсіздіккке  толы  мотив,  ішкі  монологтар,  қиын 

құбылыстар  мен  қозғалыстар  сырын  адамның  субъективті  барлық  болмысына  сүйене  отырып 

қарастыратын  дүние қабылдау заңдылықтары  О.Бөкейдің көркемдік-философиялық танымына әсер 

еткенін  айтып  отырған    Аспан,  Аман  бейнелері  дәлелдей  түседі.  Сонымен  қатар,  шығармадағы 

философиялық  тұжырымдардың  жасалуында,  осы  негізгі  шарттарды  айқындауда  абстракциялы 

символ-бейнелердің  де  орны  айрықша.  Повестегі  Анау,  Айқай  және  Жаңғырық  көркем  образдық 

дәрежеге жеткен. Шығармадағы негізгі тартыс кейіпкерлердің жан әлемінде десек, осы тартыстардың 

сүбелі сүзгілері — символ бейнелер. 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау