«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет37/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

70 



Өтеген Бекет 

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 

Ғылыми жетекшісі: филол.ғ.д., проф. Смағұлова Г.Н. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 



 

 

 «ТЕКТІЛІК» ПЕН «ТЕКСІЗДІК» ОППОЗИЦИЯСЫ: ЛИНГВОАКСИОЛОГИЯЛЫҚ 



МӘНІ 

 

Аннотация.  В  данной  исследовательской  статье  понятие  «тектілік»  и  «тексіздік»  в 

национальном  мировоззрении  рассматривается  в  противоположном  смысле.  С  помощью 

лингвистических  фактов  определяются  основные  черты  понятии  «тектілік»  и  «тексіздік»  в 

лексиконе казахского народа. Понятие "тектілік" объясняется как ценность, духовная категория. 

Abstract. In this research article the concept of «tektilik» and «teksizdik» the national worldview is 

treated in the opposite sense. With linguistic facts define the main features of the concept of  «tektilik» and 

«teksizdik» in the lexicon of the kazakh people. The concept of «tektilik» is explained as a value, a spiritual 

category. 

 

Қазақ  халқының  ұлттық  жадында,  рухани-мәдени  даму  тарихында  «тектілік»  ұғымы  адам 

болмысына  тән  асыл  қасиеттердің  жиынтығын  білдіретін  рухани  категория  ретінде  қалыптасқан. 

Қазақ  қоғамы  үшін  адам  болмысын  тану,  адамның  қоғамдағы  мәртебесі  «тектілік»  пен  «тексіздік» 

оппозициялық қатынасының негізінде жүзеге асты. Ұлттық жад бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымның 

белгі-қасиеттерін жаңа буын жас ұрпаққа тіл арқылы табыстап отырды. 

Халықтың  сөздік  қорындағы  кез-келген  сөз  құнды  бола  бермейді.  Сөздің  терең 

прагматикалық мәнге ие болуы оның мағыналық, концептуалдық өрістеріне тікелей байланысты. Бір 

сөзбен  айтқанда,  сөз  мағынасының  тереңдігі  сөздің  құндылық  ретіндегі  мәнімен  өлшенеді.  

«Тектілік»  табиғатын  танытатын  тілдік  деректер  бұған  дәлел.  Осылайша,  ғасырлар  даналығы 



тектілікті кісілік құндылық ретінде биікке көтерген.  

 «Текті»  мен  «тексіз»  ұғымдарының  бір-біріне  оппозициялық  қатынаста  қарастырылуы 

неліктен? 

Оппозициялық қатынастағы тілдік бірліктер мен тілдік қолданыстар табиғатын терең саралай 

келе негізінен 10-12 оппозициялық жұптан тұратын жүйені көрсетуге болады:   

  кеңістіктің құрылысына байланысты – жоғары / төмен, көк жүзі / қара жер, жер / жерасты 

әлемі, оң / сол, шығыс / батыс, солтүстік / оңтүстік т.б.; 

  уақытқа байланысты – күн / түн, жарық / қараңғылық, жаз / қыс, көктем / күз т.б. 

  түске байланысты – ақ / қара, қызыл / қара т.б.; 

  табиғат және мәдениет оппозициясы тұрғысынан – дымқыл / құрғақ, шикі / піскен, табиғи / 

жасанды т.б.;  

  әлеуметтік  категорияға  байланысты  (жас  мөлшерлік,  генеологиялық,  қоғамдық  әртүрлі 

мағынада)  –  еркек  /  әйел,  үлкен  /  кіші,  жас  /  кәрі,  алыс  / жақын,  ішкі /  сыртқы  оппозицияларының 

метафоралануына қатысты ұғым-түсініктерді біріктіретін жұптар т.б.; 

  дүние  бейнесінің  жалпы  модусын  айқындауға  байланысты  –  киелі  /  қасиетті  (сакральді  - 

аксиологиялық) / пендауи, бұ дүниелік / бақилық т.б.  

 Профессор  Т.В.  Цивьянның  пікірлеріне  сүйенсек,  осындай  екіжақты  белгілердің 

жиынтығына  негізделіп  әмбебап  таңбалық  кешендер  кескінделеді  және  олардың  көмегімен  адам 

әлемді  игереді.  Өзара  қарым-қатынасқа  түсіп,  ықпал  ететін  өзіндік  шеңбер  аясы  бар  мұндай 

кодтардың  дүние  моделінде  қатарласа,  қатпарласа,  жанаса,  тоғыса  орын  тебуі  белгілі  бір 

иерархиялық классификацияны көрсетеді. Бұл күрделі конгломерат семантикалық тұрғыдан біртұтас 

болып келеді, өйткені ол бір ғана объектіні – әлемді бір ғана субъект – адам тарапынан сипаттайды., 

әлеуметтік категорияға және дүние бейнесінің жалпы модусын айқындауға байланысты «текті» мен 

«тексіз»,  «тектілік»  пен  «тексіздік»  қатарын  да  дәл  осы  жүйе  шеңберінде  оппозиялық  қатынаста 

қарастыруымыз негізсіз емес деуге болады. 

«Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясының  және  қазақ  тілінің  түсіндерме  сөздігіне  сүйенсек, 

ТЕКТІ сөзі - 1. шыққан тегі бір, нәсілдес. 2. тұқымы бір, тұқымдас. 3. тегі, шыққан жері жақсы 

(кісі) деген мағынаны береді.  



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

71 



Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігіндегі  мәлімет  бойынша  ТЕГІ  ЖАМАН  -  ата-бабасы,    туысы 

нашар деген мағынада [1, 93],  ТЕКСІЗ – 1. тегі белгісіз. 2. ауыс. тәлім-тәрбиесі нашар, көргенсіз. 

Ал, ТЕКСІЗДІК - тегі жамандық, тәрбиесі нашарлық [1, 98] деп көрсетіледі.  

«Тектіге» қатысты дәл осындай мәндегі түсініктеме академик Ә.Т.Қайдардың «Қазақтар ана 

тілі  әлемінде:  этнолингвистикалық  сөздігінде»  де  беріледі:  ТЕКТІ  <1.шыққан  тегі  бір,  нәсілдес; 



2.тұқымы  бір,  тұқымдас;  3.  шыққан  жері  жақсы,  тұқымы  асыл  (кісі)>  Көріп  алған  көріктіден, 

көрмей алған текті артық <себебі, ер жігітке әдептілігімен емес, әдемілігімен, көргендігімен емес, 

көркімен қызықтыратын әйел мұрат емес, ата-бабадан алған тағылым-тәрбиесімен, табиғатына 

сіңген абзал қасиеттерімен елден ерекше тұратын тектілігі мұрат; мұндай жар кез болса, көрмей-

ақ, сұлулығын сынамай-ақ алуға болады демекші. Қазақ дәстүрінде әйелді текті жерден іздеудің бір 

сыры,  міне,  осында>  Тектілік  <адам  бойындағы  асыл  қасиеттердің,  парасаттылықтың  үлгісі 

ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа  рухани  сабақтастықпен  берілуі;  жеке  тұлғаның  тегіне  тартып 

парасаттылық, салауаттылық көрсетуі> [2, 16].  

Сөздіктерде  келтірілген  мәліметтерге  қарасақ,  «тектілік»  табиғатын  қоғамдағы  адамдардың 

әлеуметтік  дәрежесі  ашып  бере  алмайды.  Керісінше,  «тектілік»  адам  бойындағы  асыл  қасиеттерді 

айқындаушы  және  біріктіруші  құндылық, категория  ретінде адамның  қоғамдағы орнын  анықтайды. 

Сонымен қатар, мұндай қорытындыға келуімізге тіліміздің фразеологиялық қорындағы текті адамды 

қоғам мен әлеуметтік қатынастардағы сыйлы, елеулі, алдыңғы қатарлы субъект ретінде сипаттайтын 

тұрақты тіркестер дәлел: 

 

  Айта қаларлықтай 



  Алаштың азаматы 

  Анау-мынау емес 

  Асылдың сынығы, шұғаның қиығы 

  Атағы дардай 

  Ауыз толтырып айтарлықтай 

  Бетке ұстары 

  Екінің бірі емес 

  Ердің ері, егеудің сынығы 

  Қасқа мен жайсаңы 

  Қой ішіндегі марқа /марқасқа/ 

  Мүйізі қарағайдай 

  Ноқта ағасы 

  Ортан қолдай 

  Пір тұту 

  Сайдың тасындай 

  Сен тұр мен атайын 

  Сорпаға [сорпаның бетіне] шығары 

  Сөзі өтімді 

  Сүт үстінде қаймақ 

  Халқының қалаулысы, елінің елеулісі 

  Ығай мен сығай [3, 129-130]. 

 

Бұл  тұрақты  тіркестер  дискурста  белсенді  қолданылып,  «текті»  мен  «тексізді»  айырудағы 

халықтың бағалауыштық қызметін жүзеге асырады. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігі.  Он  бес  томдық.  14-том  /  Құраст.:  М.Малбақов,  Қ.Есенова, 

Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. Т.14: - Т – Ұ. – 800 б. 

2.  Қайдар  Ә.Т.  Қазақтар  ана  тілі  әлемінде:  этнолингвистикалық  сөздік.  –  Алматы:  Сардар, 

2013. Т.2: Қоғам. – 2013. – 728 б. 

3.  Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. - Алматы: Елтаным, 2010. – 252 б. 

 

 



 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау