«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет38/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

72 



Рахматуллаева Хамида 

5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі  

Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Г.И.Саурукова 

ҚазМемҚызПУ 

 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ АРТИКУЛЯЦИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ     



 

Аннотация. В статье рассматривается проблемы формирование фонетических навыков учащихся в 

обучения иностранному языку 

Abstract. The article deals with the formation of phonetic skills of learners in teaching foreign languages. 

 

ҚР  Тұңғыш  президенті  Н.Ә.Назарбаев  “Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан”    жолдауында 



“Тілдердің үштұғырлығы” - мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды [1, 4 б.]. 

Осыған  орай    “Қазақстан  бүкіл  әлемде  үш  тілді  пайдаланатын  жоғары  білімді  ел  ретінде 

танылуға тиіс.  Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын 

тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”.  Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие үрдісін 

түбегейлі өзгерту. Елімізде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық әр-алуан өзгерістер,  білім беру 

саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді,  оқытудың ғылымилығы мен 

әдістемелік  деңгейін  көтеру  міндеттерін   жүзеге  асыруды  талап етуде.  Осыған орай,  ағылшын  тілін 

тілдің  үш  тұғырының  бірі  ретінде  қызмет  етуінің  алғышарты  -  оның  қоғамдық  өмірдің  әр  алуан 

саласында қолданылуы болып табылады. Әлемді мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-

бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Қазіргі танда тіл үйренушілер 

арасында    тіл  үйрену  барысында  көптеген  проблемалар  кездеседі.  Ағылшын  тілінің  фонетикалық 

құрылысының  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  сондықтан  оны  үйренушілер  тілдің  дыбыстық  және 

интонациялық  құрылымын  оқып  меңгергенде  көптеген  қиындықтарды  кездестіреді.  Шетел  тілін 

үйренушілердің басты мақсаты  – тілдің дыбыстық құрамын меңгеру, дыбыстарды дұрыс айту және 

сол тілге тән интонациямен сөйлей білу. Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір 

тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өзара тіркесі түрінде айтылмаса,  тіл қатынас 

құралы да,  пікір алысу құралы да бола алмас еді. Осы орайда  тілдегі дыбыстардың ерекшелігін ала 

отырып,  тіл  үйренушілердің  фонетикалық  дағдысын  қалыптастыру  қажет.  Ағылшын  тiлiн  үйрену 

арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен 

ерекшелiктердi  ажыратуға  дағдыланады.  Сөйтіп,  өз  пiкiрi  қалыптасады,  түрлi  елдер  мәдениетiн 

үйренедi.  Осы  орайда  ағылшын  тілі  дыбыстарының    артикуляциясын  зерттей  отырып,  оларды 

оқытудың тиімді әдістерін қарастыру қажет. 

Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, 

олар  әр  басқа.  Тілдің  өзіндік  ерекшеліктеріне,  дыбыстау  мүшелерінің  қызметінің  әр  түрлілігіне 

байланысты  болып  отырады.  Тіл  дыбыстарын  жасауда  (шығаруда)  дыбыстау  (сөйлеу)  мүшелерінің 

қызметін  артикуляция  деп  атайды.  Ал  белгілі  халықтың  дыбыстау  мүшелерінің  қызметі  арқылы 

қалыптасқан  дыбыс  шығару  дағдысын  сол  тілдің  артикуляциялық  базасы  дейді.  Кез-келген  тілдің 

дыбыстық  құрылысының  негізіне  дыбыстар  (фонемалар)  жүйесі  жатады.  Фонема  –  тілдің  ең  кіші 

дыбыстық  бірлігі.  Ағылшын  тіліндегі  сөзді  құрайтын  дыбыстар  мен  әріптердің  саны  сәйкес  келе 

бермейді.  Бұл  ағылшын  тілі  орфографиясын  меңгерудегі  басты  қиындықтардың  бірі.  Мысалы: 

«daughter» - «қыз» деген сөзде 8 әріп болса, 4 дыбыс қана айтылады. Ағылшын тілінде 44 дыбыс, 26 

әріп  бар.  Тілдік  әрекеттің  продуктивті  түрі  сөйлеумен  жұмыс  істеу  кезінде  жеке  дыбыстардың 

өңделуіне,  сөйлеу  ағынындағы  дыбыстардың  ассимиляциясына,  ритмикаға,  фразалық  екпінге, 

коммуникативті интонацияға назар аударылады. Сөйлеу ағынындағы ағылшын тілінің фонетикалық 

қиындықтарын өңдеу ауызша сөйлеу тілінің қабілеттерімен бірге жүреді. Пәнді меңгеру барысында 

негізгі  жұмыс  ағылшындық  интонацияның  ерекшеліктерімен  жүреді.  Осы  мақсатта  қиын  дыбыс 

үйлесімдерін  өңдеуге,  ауызша  және  фразалық  екпіндермен,  сонымен  қатар  мәтіннің 

интонациялануына,  транскрипцияны,  тонограмманы  жазуға  арналған  жаттығулар  жүреді, 

фонетикалық курстардан диалогтық және монологтық мәтіндерді жаттау жұмыстары жүргізіледі [2, 

136  б.].  Сонымен  қатар,  дұрыс  сөйлеу  -  бұл  сұхбаттасушының  бірінші  кезекте  назар  аударатын 

мәселесі. Сөзді дұрыс айтқанда, адамдар сөйлеп жатқан адамды түсінуге қиналмау үшін дыбыстарды 

дұрыс  айта  алу  керек.  Ағылшын  тілінде  дұрыс  сөйлеуге  екі  фактор  әсер  етеді:  артикуляция  мен 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

73 



интонация.  Ағылшын  тілін  меңгеруде  дұрыс  емес  интонация  мен  артикуляция  шатасып  кетудің 

себебі  бола  алады.  Мысалы,  төменде  келтірілген  үш  сөйлем  оқушының  жеткізуіне  байланысты  әр 

түрлі естіледі:  

1. I have two. (Менде екеуі.) 2. I have too. (Менде де екеу.) 3. I have to. (Мен міндеттімін.) 

Оқушыларды  дұрыс  сөйлеуге  үйретудің  негізгі  амалдарының  бірі  –  бұл  жаңылтпаштар 

(tongue  twisters).  Олардың  ең  басты  ерекшелігі  –  олар  тез  сөйлеу  барысында  оқушылардың 

дыбыстарды дұрыс айту қабілеттерін дамытады, ал бұл біздің негізгі мақсатымыз болып табылады: 

жеткілікті түрде тез сөйлей отырып, дұрыс және айқын сөйлеу [3, 85]. 

Дұрыс сөйлеудің қалыптасуының екінші факторы – интонация. Интонацияға мыналар кіреді: 

1) Екпін 

2) Сөйлеу қарқыны 

Олардың  үйлесуі  оқушылардың  шет  тілінде  сөйлеу  қабілетінің  жартысын  қалыптастырады. 

Cонымен,  ағылшын  тіліндегі  дыбыстардың  айтылуы  сөйлеу  мүшелеріне  байланысты  өзгеріп 

отырады, тек кейбір ағылшындық дыбыстар ғана қазақ тілінің дыбыстарымен сәйкес келеді. Адамдар 

бір-бірімен  тіл  арқылы  қатынас  жасағанда  ауызша  сөзді  қолданады.  Олай  болса,  шетел  тілінің 

дыбыстық  жағын  үйренудің  ауызша  сөз  үшін  маңызы  зор.  Егер  адам  шетел  тілінде  сөйлегенде  сол 

тілдің  дыбыстарын  дұрыс  айтпаса,  онда  оны  тыңдаушылар  түсінбеуі  мүмкін,  яғни  адамның  ойын 

өзгелерге  түсінікті  түрде  жеткізе  алмағаны.  Демек,  ол  сол  тілді  қатынас  құралы  ретінде  пайдалана 

алмады деген сөз. Сондықтан сөйлеп үйрену үшін фонетикалық дағдылар ауадай қажет. Онсыз адам 

сөйлей  алмайды,  ал,  сөйлей  қалғанда,  оны  тыңдаушылар  түсінбейді.  Фонетикалық  дағдылардың 

қажеттігі  тек  сөйлеумен  шектелмейді.  Егер  тыңдаушының  дүрыс  қалыптасқан  фонетикалық 

дағдылары  болмаса,  онда  ол  тыңдап  отырып,  естігенін  түсіне  алмайды.  Оның  себебі:  адам  басқа 

біреудің сөзін тыңдағанда, естігенін іштей қоса айтып отырып, оны өз санасында қалыптасқан дыбыс 

жүйесімен салыстырады, сөйтіп оны таниды, түсінеді. Ал оның санасында дүрыс қалыптасқан дыбыс 

жүйесі,  фонетикалық  дағдылары  жоқ  болса,  онда  ол  естігенін  танымайды,  түсінбейді.  Демек, 

фонетикалық  дағдылар  тек  сөйлеу  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  адам  сөйлегенде,  біреудің 

сөзін  тыңдап-түсіну  үшін  маңызды  рөль  атқарады  [3,  38  б.].  Фонетикалық  дағдыларды 

қалыптастырудағы жаттығулар. Дыбыстарды түсіндіру негізгі төрт компоненттен тұрады: 

1) дыбысты көрсету 

2) осы дыбыстың айтылу жолын оның артикуляциясын түсіндіру  

3) ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар 

4) дыбысты оқушының айтып дағдылануы. 

Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар екі топқа бөлінеді:  

1)  тыңдауға  арналған  (recognition),  яғни  мұғалімді  немесе  жазбаны  тыңдау.  Мұнда  есту 

дағдылары  мен  дыбыстарды  ажырата  білу  дағдылары  қалыптасады;  2)  дыбыстарды  қайталауға 

арналған (reproduction).  

Фонетикалық  дағдыларды  қалыптастыруға  қоятын  бағдарламаның  екінші  талабы-

апроксимация  принципіне  сүйену.  Апроксимация  деген  шет  тілінің  дыбыстарын  дәл  ағылшынша 

айту емес, соған жақындату деген сөз. Егер оқушы ағылшынша сөйлегенде, кейбір дыбыстарды қате 

айтса  да,  ондай  қателер  оның  сөзін  түсінуді  ауырлатпаса  немесе  мүлде  түсініксіз  етпесе,  ондай 

қателерге қарсы күресіп, түзетпей-ақ қойса да болады. Оның артықшылықтары:  

- дыбыстау мен интонацияны түзетуге болады; 

- мәтінді бірнеше рет қайталап тыңдауға болады; 

-  ағылшын  тілінде  әр  түрлі  жылдамдықпен  айтылатын  сөзді  түсіну  қабілетін  дамытуға 

болады; 

- сол тілде сөйлеушілерді тыңдауға мүмкіндік береді.  

Қорыта  келгенде  айтарымыз  егер  мұғалім  сабақ  барысында  оқушылардың  фонетикалық 

дағдысын  қалыптастыру  үшін  фонетикалық  жаттығуларды  тиімді  пайдаланатын  болса,  онда 

оқушылардың  ағылшын тілі  дыбыстарын  тындап түсіну  және  таза  әрі  дұрыс    дыбыстау  дағдылары 

қалыптасады.  

 

Әдебиеттер: 

1. 


Қазақстан  Республикасындағы  “Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдардағы 

арналған мемлекеттік бағдарламасы”, 4 б. 

2. Әбдғалиев С.Ә. Ағылшын тілін  оқытудың  негіздері. Алматы 1992. 

3.  Мырзабеков С. Ағылшын тілінің фонетикасы. Алматы, 1992. 




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау