Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



жүктеу 24,91 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі24,91 Kb.
#12308
түріСабақ
  • Б. Майлин
  • «Шұғаның белгісі»
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділігі – оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:
  • Дамытушылығы – жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру:
  • Тәрбиелігі – адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
  • - Әрбір адам?
  • Туысым, досым, жұрағат
  • Әрбір сабақ?
  • Үйрену, ұғу, ұлағат
  • Әрбір ісім?
  • Тірлік, тірек, адамдық
  • Әрбір сөзім?
  • Шындық, бірлік, адамдық
  • Бейімбет Майлин
  • (1894-1938)
  • Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьп, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.
  • Шығармашылық
  • үй тапсырмасы
  • Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырланып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
  • Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.
  • Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.
  • «Шұғаның белгісі» хикаятында оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұға- айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан. Әбдірахман бейнесі де ескі қазақы ауыл арасынан шыққан көзі ашық, көңілі сәулелі жастардың келбетін танытады. «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.
  • Үй тапсырмасын бекіту
  • М. Әуезов
  • Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады.
  • І. Жансүгіров
  • “Шұғамыз”- театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл – бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұғасын көрсетеді.
  • Уфадағы “Ғалия” медресесі
  • Тарандағы Б. Майлин атындағы мектеп
  • ... Не мұңдық, бұл дүниеде қыздар мұңдық,
  • Атадан болып мұңдық неге тудық.
  • Атадан мұңдық болып тумас едік,
  • Бұрынғы ата-баба жолын қудық...
  • Шұғаның әнінен
  • Жаңа сабақ
  • Проза дегеніміз не?
  • Хикаят дегеніміз не?
  • Шығарма кімнің атынан баяндалған?
  • Тақырыпты аша білу:
  • “Шұғаның белгісі” хикаятының әр бөліміне ат қою, негізгі оқиғаларға түсінік беру.
  • Қос жолаушы.
  • Сұлу қыз Шұға.
  • Кездесу.
  • Учитель Әбдірахман.
  • Ғашық жүректер.
  • Хат.
  • Жабылған жала.
  • Қоштасу.
  • Айықпас дерт.
  • Соңғы хат.
  • Шұғаның белгісі.
  • М. Ю. Лермонтов

Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжеттік композициялық жоспар құру.

  • Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжеттік композициялық жоспар құру.
  • Топтық жұмыс
  • Шұғаның хаты
  • ... Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
  • Ішіңе от түсірдің қалқам көріп.
  • Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,
  • Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.
  • Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
  • Дариға, айтылған серт болмай қалды.
  • Көре алмай ақтық минут дидарыңды,
  • Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!
  • Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
  • Есіңе ал дұғаңа мен ынтызармын.
  • Қош сау бол ойнап-күліп жолығармыз,
  • Астында ақ туының пайғамбардың.
  • Ой қозғау
  • Көрініс
  • Көріністен оқиғаның өрбуіне тірек болған сөзді тап.
  • Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарайды да, Шұға отауға кіріп кетеді.
  • Жұптық жұмыс
  • Сөздік жұмыстар жүргізу төмендегі сөздердің мағынасын ашу:
  • Тастан, топырақтан үйіп
  • жасалған белгі
  • Өлген адамдардың сүйегі
  • қойылған қалың бейіт
  • Бозбалалар мен бойжеткендердің
  • Бас қосып өкізетін ойын-сауық кеші
  • Кеудеге киетін астарлы жеңіл
  • сырт киім
  • Жеңіл бас киім
  • Киіз үйдің есігі
  • Белес
  • Желпен
  • Бешпет
  • Қызойнақ
  • Қорым
  • Обашық
  • Сықырлауық

Әдебиет теориясы

  • Шығарма мәтінінен троптың түрлерін, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді, көнерген сөздерді, одағайларды тауып, дәптерге жазу

Кім жылдам?

  • Жүрегім тас төбеме шықты
  • Төбесі көкке тигендей
  • Көпке топырақ шашу
  • Тілім байланды
  • Олжамнан қақты
  • Шаңымды аспанға шығарды
  • Бағын байлады
  • Ат жетер жер
  • Серт байласқан
  • Тілін алар
  • Көңіл қостым
  • Аузына қарады
  • Аузынан тастамайды
  • Айызы қанған
  • Инедей қиянаты жоқ
  • Кейіпкерлерге мінездеме бер.
  • Өзің не қосар едің?
  • Әбдірахман
  • Шұға
  • Айнабай
  • Оқыған
  • Өнерлі
  • Ел қамқоры
  • Ақын
  • Кедей
  • Сұлу
  • Ақылды
  • Нәзік
  • Паң
  • Қызыл көзді бәле
  • Жалақор
  • Айлакер
  • Бұзық
  • Арандатушы
  • Портрет дегеніміз не?
  • Шұғаның портретін тап
  • Аққұба
  • Талдырмаш
  • Көзі қап-қара
  • Үріп ауызға салғандай
  • Жасы он алтылар шамасында
  • Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі біртүрлі паң еді-ау, шіркін
  • Жеңілдік не екенін білген бала емес
  • Ажары қандай болса, ақылы да сондай
  • Қаладан қайтқандағы Әбдірахманның көңіл-күйі
  • Түнімен ұйықы көрмеді
  • Елге асықты
  • Қуанышты
  • Күлдірумен болды
  • Ән салды
  • Көрініс
  • Онегин - Әбдірахман
  • Пушкин
  • Абай
  • Б. Майлин
  • Әбдірахманның хаты
  • Онегиннің хаты
  • Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,
  • Буландырған, уландырған жас жанды.
  • Біз бір ғаріп паналаған саяңда,
  • Жас жүректе мықты жара басталды.
  • Он сегіз мың ғаламның,
  • бар тынысы күнде тұр,
  • Мен сықылды сорлының
  • ықтияры сенде тұр.
  • Бір көргенде сиқырланып ақыл-ой,
  • Бал сөзіңе қалды ынтам бір қанбай.
  • Жанып, сөніп суынып қалған көңілім,
  • Қобалжиды хатыңды көрген сайын.
  • Кім кінәлі?
  • Проблемалық сұрақтар
  • Шұғаның өліміне кім кінәлі?
  • Жазушы шешімімен келісесің бе?
  • М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романымен салыстыр.
  • Жазушы шығармасын "Шұға десе, Шұға еді-ау" деген сөзбен аяқтайды. Сен қалай аяқтар едің?
  • Өз пікірің, көзқарасың...

Сабақты бекіту

  • Тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер айту.
  • Тәуелсіздік
  • Азаттық
  • Еркіндік
  • Сөз бостандығы
  • Ар-ождан бостандығы
  • Теңдік
  • Бостандық
  • Қорыту
  • Үй тапсырмасы
  • “Арманда кеткен асыл-ай” эссе жазу
  • Бағалау

жүктеу 24,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау