Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

25

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

төмен уақытша жұмыстарға орналасу қаупіне ұшырайды, NEET жағдайына 

алып келуі ықтимал келешектерде болады.

Осылайша, жеке деңгейде жастардың білімі мен кәсіби дайындық деңгейін 

жақсарту қажет. Нашар оқитын, сабаққа қатыспайтын жастар тиісті білімді 

алмайды, келешекте күрделі экономикалық жағдайда болуы ықтимал.  

Талдаушылардың болжамдарына қарамастан, 2017 жылдың ақпан айын-

да жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 35,2% дейін төмендеген, ал 

2015 жылдың қаңтар айында шектік шамаға жетті – 43,9%. Осындай оң дина-

мика еңбектенушілердің басқа жастағы топтамалары арасында да байқалады. 

Бұл соңғы он жылдықтағы ең төменгі көрсеткіш; одан төмен көрсеткіштерді 

ISTAT 2012 жылдың тамызынан бастап тіркемеген.

ЕО елдері «Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасын әзірлеумен ай-

налысуда. Бұл жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешудің жаңа 

амалы. Мақсаты – жасы 25 дейінгі барлық тұлғалар, соның ішінде жұмыспен 

қамтылу бюросында тіркелмегендер де бар, жұмысқа тұру, білім алуды жалға-

стыру, өндірістік оқудан өту немесе оқуы аяқталған соң 4 ай бойы тәжірибеден 

өту бойынша тиімді ұсыныстар алады. Бұл шаралар сапасы жоғары тәжірибе-

ден өту, өндірістік дағдыларды меңгеру, мобильділікті меңгеру мен жас кәсіп-

керлердің стартап жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған.

«Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру 

барлық негізгі мүдделі тараптардың бір бірімен тығыз байланыста болуын та-

лап етеді, мысалы: мемлекеттік органдар, жұмыспен қамту қызметтері, Кәсіби 

бағдар беру орталықтары, оқу орындары, Жастарға көмек көрсету орталықта-

ры, компаниялар, жұмыс берушілер, кәсіби одақтар. «Жастарға берілетін ке-

пілдік» – бұл құрылымдық реформа және көптеген елдерді бірқатар өзгері-

стердің болуын талап етеді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ұлттық бюджет 

үшін жастардың жұмысқа қамтылуы басым бағыттың бірі болып танылуы ке-

рек.

Еуропалық Одақ осындай шараларға қатысты ұлттық шығындарды қаржы-



ландыруды Еуропалық әлеуметтік қор арқылы  2014–2020 жылдар аралығын-

дағы кезең үшін «Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы» бастамасымен 

бірге орындап отыр, оның бюджеті 6 миллиард еуро және ол жастар арасын-

дағы жұмыссыздық көрсеткіші 25% астам еуропалық өңірлер үшін қосымша 

көмек болып табылады.

ЕО мүше елдердің барлығы «Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасы 

бойынша атқарылатын шараларының ұлттық жоспарын тапсырған.

Италия Үкіметі жастардың өзін-өзі жетілдіруіне арналған бағдарлама әзір-

леді (2016 жылдың қыркүйек айынан бастап). 15 қыркүйектен бастап 1998 

жылы туған әрбір италиялық тұлға мемлекеттен 500 еуро алып, оны тек мә-

дени шаралар мен кітапқа жұмсай алады. Италия Үкіметі бекіткен «мәдени 

бонус» бағдарламасы негізінде оған Италияның (елде резиденциясы және 




26

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

тұруға рұқсат қағазы бар шетелдіктерді қоса алғанда) осы жылдың 31 желтоқ-

санына дейін жасы 18 толатын әрбір азаматы үміткер бола алады. 

Италиялық қазына үшін құны 290 миллион еуро болатын жобаға барлығы 

575 мың жасөспірім, аз бөлігі ғана аз қамтылған отбасынан қатысады. 500  

еуроны мұражайға, археологиялық қазба орындарына, театрларға, концерттер 

мен кино-көрсетілімдерге баруға, кітап сатып алуға, Италияның ұлттық пар-

кіне баруға ғана жұмсауға болады. Бонусты музыка мен фильм жүктеп алу 

үшін пайдалануға тыйым салынған.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл бастама мәдениет саласының тұтынушы-

сы болудың маңыздылығын арттырады, «жастардың рухани толығуына, ита-

лиялық қоғамды біріктіруге мүмкіндік береді». «Бонусты» пайдалану және 

бөлінген ақшаны алу үшін жастар «18app» қосымшасын жүктеп алып, тірке-

уден өтеді. Бұл қосымшаның әрбір пайдаланушысы өзінің 500 еуросын алып, 

мәдени шараларға жұмсай алады. «Бонусты»  тек бағдарламаның мерзімі ішін-

де ғана пайдалануға болады  – 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін. «18app» 

қосымшасы Мәдениет министрлігінен жасөспірімдердің ваучерлер алып, би-

лет пен кітап сатып алуына мүмкіндік тудырады. Ваучерді дүкендерге барып 

«жанды» сатып алу үшін қағазға басып шығаруға немесе электронды құралға 

(планшет немесе смартфон) билеттер мен кітаптарды онлайн тәртібінде са-

тып алу үшін орналастыруға болады. 



27

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

2.6 Швеция

ЭЫДҰ жастар арасындағы жұмыссыздық, әдетте, ересектер арасындағы 

көрсеткішке қарағанда екі есе жоғары. Алайда, Швецияда жастар арасындағы 

жұмыссыздық жұмыс табуды қалайтын, бірақ жұмыс таба алмай жүрген сту-

денттердің есебінен шамамен 4 есе жоғары. 

Швециядағы жұмыспен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары, халықтың 75% 

асатын бөлігі еңбекке қабілетті. Алайда, жергілікті және шетелдік еңбекке қа-

білетті жастағы адамдардың арасындағы жұмыспен қамту көрсеткіштерінде 

үлкен алшақтық бар, жұмыс істеуге қабілетті жастардың көрсеткіші айтар-

лықтай жоғары болады.  

Швецияның ерекшеліктерінің біріне жастар арасындағы кедейшіліктің аса 

жоғары деңгейін жатқызуға болады. Жалпы алғанда, Швециядағы кедейшілік 

деңгейі ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен төмен, алайда, жастар арасын-

дағы кедейшілік көрсеткіші жоғары жас топтарына қарағанда шамамен 3 есе 

жоғары. Бұл жастардың елеулі бөлігі ата-аналарынан бөлек тұратын сканди-

навиялық елдерге тән ерекшелікке жатады. 



2-сур. Швециядағы NEET үлесі – жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дайындыққа 

қатыспайтын, жасы 15–34 аралығындағы жастар, %

Дерек көзі: Eurostat

Швецияда білім деңгейі төмен NEET санатындағы жастардың өмір сүру 

деңгейі айтарлықтай төмен, олардың 31% мектепті жоғары мектепке қа-

былдау емтихандарының алдында мектепті тастаған. NEET санатына кіру 

қаупі жоғары жастардың тағы бір қорғалмаған санатына жас мигранттар 

жатады. Орташа есеппен алғанда, түрлі елдерде жас мигранттар білімі 

мен жұмысы жоқ. Швеция тұрғындарына қарағанда 1,5 есе жиі ұшырайды. 

Швецияда бұл алшақтық 1,7 көрсеткіш шамасында болуда.


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау