Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет2/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

5

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

АЛҒЫСӨЗ


Осы нұсқаулық 2016 жылдың «18» ақпанындағы Қазақстан Республика-

сының №454-V Заңымен ратификацияланған 2015 жылдың «10» қыркүйегін-

дегі Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 

арасындағы № TF014174 Грант туралы келісімі негізінде жүзеге асырылатын 

Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде әзірленген.

Бұл нұсқаулық - NEET санатындағы жастарды зерттеу бойынша теориялық 

және эмпирикалық жұмыстың нәтижесі. Теориялық жұмыс шетелдік NEET 

санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бағдарламаларын, тиімді тәжірибені, 

халықаралық тәжірибелерге жасалған зерттеулерді қамтиды. Эмпирикалық 

жұмыс Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастармен жүр-

гізілген кешенді әлеуметтік зерттеуді (фокус топтар мен терең сұхбаттар) 

ұйымдастыру мен жүзеге асыру түрінде көрсетіледі. Атқарылған жұмыстар-

дың қорытындылары бойынша NEET санатындағы жастардың жұмыспен 

қамтылуына ықпал етуге бағытталған тәжірибелер мен бағдарламалардың, 

әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің, сарапшылық талқылаулардың біріктірілуі 

негізінде ұсыныстар әзірленді. Нұсқаулықты халықаралық тәжірибені тал-

дау мен жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің негізінде «Жастар» 

ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс тобы әзірлеген. 

Нұсқаулық бойынша жұмыс жасау барысында келесі өзара байланысты 

міндеттер анықталып, шешілген: 

– ЭЫДҰ мүше елдеріндегі NEET санатындағы жастармен жұмыстың 

халықаралық тәжірибесін талдау жүргізілген;

– NEET санатындағы жастармен 10 фокус топтар және 10 терең сұхбаттар,

сонымен бірге Астана қаласындағы жастармен жұмыс жасау және жастар

саясаты саласындағы сарапшылармен 1 фокус топ ұйымдастырылып, 

өткізілген;

– Қазақстандағы NEET санатындағы жастардың негізгі қосалқы топтары

анықталған;

– жастар осы санатының негізгі қажеттіліктері мен сипаттамалары

анықталған;

– NEET санатындағы жастардың «әлеуметтік портреттері» әзірленген;

– NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу әдістері ұсынылған;

– NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың

және зерттеулердің механизмдері дайындалды;

– NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша ұсынымдарды

талқылау мақсатында сарапшылармен Дөңгелек үстел ұйымдастырылып

өткізілген.



6

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Соңғы  жылдардағы  еңбек  нарығындағы  қазақстандық  жастардың  жағдайын 

сипаттайтын заманауи ахуал қарама-қайшылыққа толы. Қазақстан Республикасы 

жастарының арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы 2-тоқсанда анықтал-

ған деректер бойынша 4,2% құраған. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық 

экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, Қазақстандағы 

NEET санатындағы жастардың үлесі 2016 жылдың екінші тоқсаны бойынша 9,3% 

құраған.  «NEET»  ұғымы  –  «Not  in  Employment,  Educationor  Training»  –  жұмыс 

істемейтін,  оқымайтын  және  жұмыс  табуға  тырыспайтын  жас  тұлға.  Қазақстан 

Республикасындағы  NEET  санатындағы  жастармен  жағдайда,  статистикалық 

деректер  өңірлік  дифференциациясының  болуын  көрсетеді,  тіпті  бірқатар 

облыстарда аталған көрсеткіш республикалық деңгейден (9,3%) асады. Мысалы, 

Маңғыстау облысында - 15,1%, Қарағанды мен Қызылорда облыстарында – 14,1%, 

Жамбыл облысында - 12,1% және Алматы облысында – 10,1%. Батыс-Қазақстан 

облысында (3,4%), Қостанай (4,9%) мен Солтүстік-Қазақстан облысында (7,2%), 

Шығыс-Қазақстан  облысында  (6,8%),  сонымен  бірге  Астана  қаласында  (7,9%) 

NEET жастардың үлесі айтарлықтай төмендегені байқалады. 

NEET  санатындағы  жастарды  талдау  қажеттілігі  екі  маңызды  фактормен 

анықталады.  Біріншіден,  жастар  Қазақстанның  еңбекке  жарамды  халықтың, 

шамамен,  үштен  бір  бөлігін  құрайды.  Екіншіден,  Қазақстанның  жастар 

құрылымында NEET санатындағы жастардың пайда болуы және мұндай жастардың 

білім жүйесіндегі және еңбек нарығындағы әрекетсіздігі – ауқымды салдары бар 

аса күрделі қоғамдық мәселе болып табылады. 




7

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

КІРІСПЕ 


NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау үшін жеке 

Нұсқаулық не үшін керек?

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар 

бұрынғы экономикалық құрылымның трансформациясына себепші болған. 

Еңбек пен халықты жұмыспен қамту саласында өзгерістер орын алуда. 

Жастардың жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясаты сапалы жаңа жұ-

мыс орындарын құруға, жастар кәсіпкерлігін және жас азаматтарды өзін-өзі 

жұмыспен қамтумен, білім саласындағы саясатпен, жастардың еңбек құқықта-

рын жүзеге асырумен, еңбек нарығындағы белсенді бағдарламаларды жүзеге 

асырумен тікелей байланысты. Күрделі халықаралық экономикалық ситуа-

ция жағдайларында Қазақстан Республикасы жастарды жұмыспен қамту са-

ласындағы сын-тегеуріндерге тап болды. Білім алудан еңбек қызметіне өту 

әрбір адамның өміріндегі маңызды кезеңге жатады. Объективті және субъек-

тивті себептердің салдарынан, жастардың өміріндегі бұл кезең едәуір қиын-

датылған. Жастардың еңбек нарығындағы екі қайшылықты жағдайын келесі-

дей сипаттауға болады: бір жағынан, жастар нарығында үлкен қажеттілік бар, 

екінші жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздық өте жоғары деңгейде қала 

беруде.

Қазіргі уақыттың ерекшелігіне Қазақтанда ешқайда оқымайтын және жұ-



мыс істемейтін NEET жастары деп аталатын («Not in Employment, Education 

or Training») топтың пайда болуын жатқызуға болады. Сарапшылардың 

пікірінше, мұндай топ ерекше қауіп-қатерге алып келеді, себебі кедейшілік, 

әлеуметтік эксклюзия мен маргинализацияның артуының кең етек жаю қаупі 

бар. Бұл ретте NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау мен зерттеудің ха-

лықаралық және отандық тәжірибесін талдау келесі ерекшеліктерді көрсетті:

− бұл тақырып қазақстандық ғылым үшін жаңа тақырып, аталған мәселе

бойынша талдау мен зерттеулердің болмауын осымен түсіндіруге болады;

− NEET санатындағы жастар біртекті топқа жатпайды, сол себептен жұмыс

механизмдерін нақты қосалқы топтар үшін әзірлеу қажет;

− Қазақстандық NEET санатындағы жастар Еуропаның немесе 

Жапонияның осыған ұқсас санатынан ерекшеленеді;

− NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау қажет, себебі жастарды 

әлеуметтендіру күрделенген, ал ол өз кезегінде болашақта қоғамның

тұрақтылығына қауіп-қатер төндіреді.



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау