Топтық ЖҰмыс туралы нұСҚаулық



жүктеу 69,45 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.12.2017
өлшемі69,45 Kb.
#5956


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 

 



Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?  

 

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не? 

 

Ынтымақтастық  оқу  –  өзара  іс-әрекет  жасау  философиясы,  ал  бірлескен  жұмыс 



соңғы  нәтижеге  немесе  мақсатқа  жетуге  ықпал  етуге  бағытталған  өзара  әрекеттің 

құрылымы болып табылады.  

 

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып 



табылады.  Барлық  жағдайларда  адамдар  топтарға  бірлескен  кезде  ынтымақтастық 

адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс 

істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік 

пен  жауапкершілікті  бөлу  орын  алады.  Ынтымақтастық  оқудың  алғышарты  топ 

мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген. 

 

 



Бірлескен оқудың мәні 

 

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу



тапсырмаларды  орындау  немесе  әлдебір  өнім  жасау  үшін  бірлесіп  жұмыс  істейтін 

оқушылар  тобы  дегенді  білдіреді.  Ынтымақтастық  оқу  оқуды  табиғи  әлеуметтік  әрекет 

ретінде  қабылдауға  негізделген,  оған  қатысушылар  бір-бірімен  әңгімелеседі,  және  осы 

әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады. 

 

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен 



оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 

1.  Оқу  оқушылар  ақпаратты  игеретін  және  өздері  игерген  мәліметті  бұған  дейін 

меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 

2.  Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен  қайталау  емес, 

құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 

3.  Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. 

4.  Оқу  оқушылардың  әңгімелесу  кезіндегі  әлеуметтік  ортасы  жағдайында  жетіледі. 

Осы  зияткерлік  гимнастика  кезінде  оқушылар  ой-пайымдарының  негізін  құрып, 

мәнін ұғады. 

 

•Ынтымақтастық оқу 



•Топтардағы бірлескен 

жұмыс 


Топта жұмыс істеу не 

үшін қажет? 

•Топты ұйымдастыру 

ережесі 


•Топтарда жұмыс істеу 

ережесі 


Топты қалай 

ұйымдастыруға 

болады? 

•Топтың саны 

•Топтағы жұмыс 

нәтижесі 

 

Топтағы бірлескен 



жұмыс 


ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 

Ынтымақтастық оқыту жағдайында  білім алушылар  түрлі  көзқарастағы пікірлерді 



естіп,  өздерінің  идеяларын  дұрыс  қалыптастыруды  және  оны  қорғай  білуді 

үйренетіндіктен,  олардың  алдына  әлеуметтік,  сондай-ақ  эмоционалдық  тапсырмалар 

қойылады.  Сол  арқылы,  білім  алушылар  өздерінің  ұғым-түсініктерін  қалыптастырып, 

және  де  оқулықта  ұсынылған  түсініктерге  немесе  сарапшылардың  пікірлеріне  ғана 

сенуден  бас  тартуды  үйрене  бастайды.  Яғни,  ынтымақтастық  оқыту  барысында  білім 

алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны 

қорғауға мүмкіндік алады.   

 

Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге 



асырылады: 

 

 

 



1-сурет. Топтағы бірлескен жұмысты жүзеге асыру мақсаты 

 

 

 

Әлеуметтік  

•Тәжірибемен және 

идеялармен 

алмасады; 

•Мәселені бірлесіп 

шешудің амалын 

табады; 


•Барынша жоғары 

ұжымдық нәтижелерге 

қол жеткізу 

Танымдық 

•Жұмыстың баламалы 

амалдары туралы 

идеяларды ұсыну және 

пікір алмасу; 

•Маңызды дағдыларды 

және түсініктерді 

дамыту   

Эмоционалдық 

•Топтың жекелеген 

мүшелерінің білімі мен 

тәжірибесіне сүйену; 

•Күрделі 

тапсырмаларды 

орындау үшін қолайлы 

ортаны қамтамасыз 

ету   



ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 

   

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?  

 

Топтық  жұмыстың  артықшылығын  барынша  күшейту  үшін,  мұғалімдер  және  олардың 

оқушылары    қадағалау  жүргізудің  және  қарым-қатынас  жасаудың  жеке  тұлғалық 

ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, 

оларды дамыта алғандары маңызды. (3-сурет) 

 

3-сурет. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар 



 

Топты ұйымдастырудың ережелері  

 

Топтар  түрлі  тәсілдермен  құрылуы  мүмкін.  Кей  кездері  мұғалімдер  (және 

оқушылар)  әріптестерінен  (немесе  достарынан)  бірге  жұмыс  істеуін  өтінеді,  басқа 

жағдайларда  кездейсоқ  іріктеп  алынған  топтар  құрастырылады.  Ал  кейде  топтар 

жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. 

Топтың  қандай  тәсілмен  құрылғанына  қарамастан,  жаңадан  құрылған  кез  келген 

топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына,  дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге 

уақыт  талап  етіледі.  Табысты  топтар  осы  айырмашылықтардың  артықшылығын 

пайдалануды,  оларды  бастапқы  кезеңде  анықтауға  және  тиісінше  топтың  қызметін 

ұйымдастыруды бірден үйренеді (1-кесте).   

Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-

бірі  туралы  хабардар  болуына  қарай,  топтың  қарқыны  біртіндеп  өзгереді,  және  де  топқа 

мұндай  өзгерістерге  қатысты  әрекет  ету  үшін  қажеттілігіне  қарай  жұмысты  түзетуге 

дайын болу керек.   

 

Топта жұмыс істеу ережелері   

 

Топтық  жұмыс  жеке  шешуге  болатын  тапсырмаларды  емес,  анағұрлым  күрделі 

тапсырмаларды шешуді көздейді. 

Кез  келген  команда  барлық  мүшелері  білетін  және  түсінетін  жалпы  ережелерді 

басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай 

Қарым-қатынас

жазбаша 


және 

ауызша 


әңгімелесу, 

тыңдау, 


ым 

мен 


қимылды 

пайдалану 



Өзін-өзі  таныту:  үстемдік  танытпай,  топтағы 

жұмысқа  белсенді  қатысу  үшін  өзіне-өзі 

сенімді болу           

Басқаларды 

қолдау

топтың 


қызметіне 

үстемдік  жүргізбей,  топ  жұмысына  белсенді 

қатысу үшін күрделі  жағдайларды шешу    

Басқаларды  бақылау  және  басқалар  туралы 

хабардар  болу.  Топтың  басқа  мүшелеріне 

қатысты елгезектік.   




ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

 

бөлінетіндігін  және  қолдау  көрсетілетіндігін,  сондай-ақ  нәтижелерге  қалай  қол 

жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.    

 

1-кесте: Топ құру кезеңдері 



 

 

Топ мүшелерінің саны қандай болуы керек?  

Топтағы  оқушылардың  саны  оқушылардың,  сонымен  қатар  оқушылар  мен 

мұғалімнің  арасындағы  өзара  тиімді  қарым-қатынасты  барынша  қамтамасыз  етуі  тиіс. 

Топтың көлемі мен санының арасындағы теңгерімді айқындаудың маңызы бар. Мысалы, 

көп  шағын  топтар  немесе  жұп  шектеулі  қысқа  уақыт  (мысалы,  шамамен  5  минут) 

барысында  тиімді  жұмыс  істей  алады.  Үлкен  топтар  оқушылардың  көңілі  басқаға  ауып, 

тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Мұғалімге нақты тапсырманы ұтымды орындау 

үшін топтың қандай көлемі қажет екендігін анықтап алу қажет (4-сурет).   

 

Мұғалімдердің рөлі 

Топтық  жұмысты  мұғалімдер  ұйымдастырады,  әрі  олар  қолдау  көрсетіп  отыруға 

тиіс,  сондай-ақ  тапсырманы  орындағаннан  кейін  оны  талқылауға  уақыт  беру  қажет. 

Мұғалімдер  топтың  тиімді  жұмысына  қолдау  көрсетіп,  оңтайлы  нәтижелерге  қол 

жеткізуге ықпал етулері керек. 

Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу 

жоспарланғандығын  және  топтық  жұмысқа  арналған  тапсырмалар  барлық  сыныпты 

оқытумен  қалай  байланысты  екендігін  талқылауды  қамтуы  тиіс.  Талқылау  барысында 

оқушыларға  олар  қолдана  алатын  дағдылар,  стратегиялар  мен  ережелер  туралы  ескерту 

қажет.   

Оқушылардың  жұмысына  мұғалім  сыпайы  түрде  араласып,  оқушыларға 

ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, 

бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін.     

Сабақ  аяқталған  соң  оқушылар  топтағы  жұмыс  үдерісін  және  оның  нәтижелері 

туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.     

Топты  

құру 

•Топтың құрамына 

кім кіреді? 

•Сіздің жеке 

артықшылығыңыз 

неде? 


•Оларды 

қаншалықты 

ұтымды 

пайдалануға 



болады? 

•Топ қалай бірлесіп 

жұмыс атқарады? 

Топтық  

жоспарлау 

•Не істеу қажет? 

•Сізге жұмысты 

орындауға қанша 

уақыт қажет? 

•Жұмыс топ ішінде 

қалай бөлінеді? 

•Жұмыс істеу 

барысында топ  

ішіндегі қарым- 

қатынас қалай 

жүзеге 


асырылатын 

болады? 


Қызметті 

жүзеге асыру 

•Соңғы өнім 

қандай нысанда 

жасалады? 

•Жобаны орындау 

барысында түрлі 

дағдылар түрлі 

тапсырмаларға 

сәйкес келе ме? 

•Сізге жұмыстың 

қай түрі үшін баға 

беріледі? 

•Топтық 

ынтымақтастықты

ң болғандығының 

жеткілікті дәлелі 

бар ма?  

Жоспарды  

жүзеге асыру 

•Топ мүшелері бір-

біріне қалай 

көмектеседі? 

•Бір-бірінің 

жұмысын қалай 

талқылар едіңіз? 

•Жұмыстың 

барысы қалай 

бақыланады? 



Топ жұмысын 

бағалау 

•Сіздер команда 

ретінде 

қаншалықты 

ұтымды жұмыс 

істедіңіздер? 

•Сіздер бір-

бірлеріңізге 

қаншалықты 

көмек 


көрсеттіңіздер? 

•Топта жұмыстың 

қандай негізгі 

аспектілері 

ұтымды 

орындалды? 



•Не орындалмады? 

•Одан қандай 

сабақ алуға 

болады?  




ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 

4-сурет. Топтың көлемі 

 

Топтық  жұмыс  ұтымды,  тиімді  болу  үшін  белгіленген  тапсырмалар  мен  топтың 



қызметі  стратегиялық  тұрғыдан  дұрыс  құрылуы  тиіс,  олар  топта  тиімді  жұмыс  істеуге 

ынталандырып/қамтамасыз  етіп,  жоғары  деңгейдегі  оқытуды,  ойлауды  және  түсінуді 

дамыту үшін қолданылады.   

 

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері   



 

Жақсы  ұйымдастырылған  топтық  жұмыс  оқушылар  арасында  әлеуметтік  өзара 

қарым-қатынасты,  тиімді  араласу  және  проблемаларды  шешу  дағдыларын  дамытуға 

ықпал  етеді.  Бұл,  өз  кезегінде  оқушыларды  өздерінің  оқуларына  белсенді  қатысуға 

итермелейді. 

Оқушыларды  алынған  ақпаратты  ойластыруға  және  талқылауға,  өзгелердің 

пікірлерін  түсінуге  немесе  теріске  шығаруға  ынталандырған  жағдайда  Топтық  жұмыс 

тиімді болады. 

Фактілер  бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды.  Айталық,  бастапқы 

кезеңдегі  топтық  жұмыс  әлеуметтік  өзара  әрекет  етудің  дағдыларын  дамытуы  қажет, 

содан  кейін  оқушылардың  арасында  қарым-қатынас  біршама  орнаған  соң,  мұғалімдер 

олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады 

(5-сурет).  

 

 



5-сурет.  Дағдыларды дамыту үдерісі 

 

 



Әлеуметтік өзара әрекет ету дегеніміз не?  

Төменгі  және  жоғарғы  сынып  оқушылары  топқа  мүше  болудың  мәні  туралы  ойды 

қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді 

бола  білуге  үйренуі  тиіс,  соның  нәтижесінде  олар  басқа  адамдарға  қатысты  өзара 

сыйластыққа және түсіністікке келеді. 

•4-6 оқушыдан тұратын топ 

топтық жұмыстың көптеген 

түрлері үшін және бір 

оқушының топтағы 

үстемдігін бәсеңдету үшін 

тиімді. 

•Топ мүшелерінің 

кейбіреулері үшін аз жұмыс 

істеуге көп мүмкіндік 

береді. 

•Тыныш, салмақты оқушылар 

жұмысқа аз қатысқысы келуі 

ықтимал.   



Шағын 

топтар 

•Жұптар жоғары деңгейдегі 

(мысалы, шешім қабылдау, 

проблемаларды шешу) 

бірлескен ойлы 

тапсырмаларды орындау 

және құрбы-құрдастарын 

оқыту үшін тиімді болуы 

мүмкін. 

Жұптар  

•7-10 оқушыдан тұратын үлкен 

топтар мәселені талқылау 

барысындағы мақсат көптеген 

көзқарастарды алу болған 

жағдайда тиімді болуы мүмкін.     

•Топ көп болған сайын, ондағы 

жұмысты, рөлдер мен өзара 

қарым-қатынасты жоспарлау 

және ұйымдастыру, әңгімеге 

араласу  соншалықты қиындай 

түседі. 


 

Үлкен 

топтар 

Әлеуметтік өзара 

әрекет ету 

Қарым-қатынас 

Проблемаларды 

шешу 



ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ 

 

Тапсырмаларды  орындау  барысындағы  бірлескен  жұмыс  оқушыларға  жағдайды  басқа 

адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.   

 

Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?   

Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып 

табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет 

етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:  

•  кезекпен сөйлеу 

•  белсенді тыңдау 

•  сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау 

•  ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау  

•  өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу   

•  ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау   

 көмектесу және көмек сұрау  

•  түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну 

•  идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау 

•  топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу   

•  талқылаудың қорытындысын шығару 

•  дәйекті айғақтар келтіру. 

 

Проблемаларды шешу стратегиялары 

Орын  алған  проблеманы  шешу  мақсатындағы  топтық  жұмыс  –  оқытудың  өте  ықпалды 

тәсілдерінің  бірі.  Оқушылар  ересек  адамдарға  тәуелді  болмау  үшін  тапсырмаларды 

жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:  

 



уақытты ұтымды жоспарлауға

 



инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;   

 



топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе 

екендігін анықтауға;   

 

топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе 



топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;   



 



тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

 

жүктеу 69,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау