Жас ерекшелігі психологиясы


Жеке тұлға, жанұя және жұмыс



жүктеу 2,5 Mb.
бет16/24
Дата25.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#16988
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

1. Жеке тұлға, жанұя және жұмыс


2. Стернберг махаббаттың үш компонентті теориясы

3. Жұптың құрылуы және қарым – қатынастардың дамуы.


Мақсаты: Студенттерге осы кезеңнің негізгі міндеттері жанұя құрудың маңызын түсіндіру.

1. Өткен тарауларда көрсетіліп кеткендей балалық шақ,ересектік және жастық шақ кезеңдерімен танысып,біз көптеген тұлға концепциялары бар екенін білеміз.Ересек адам тұлғасын қатысты маңызды мәліметтерді Абрахам Маслоу қарастырды.(1908-1970). Маслоу теориясы әртүрлі конструкцияларды игереді,олар дамудың әртүрлі кезеңдерінде қолданбалы болып келеді.Алайда олар даму стадияларында емес,өз потенциалын құруға талпыныс және өзінің Меніне жету сезімі бар әрбір адам қанағаттандыруға тиісті қажеттіліктерде негізделеді.Адам өмірінің мақсаты өзіндік ерекшелену болып табылады,яғни өзіндік талант пен қабілетті іске асыру.Өзіндік ерекшеленуге қажеттілік Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының ең жоғарғысында тұрады,ол иерархия пирамида түрінде бейнеленеді.Гуманистік психологияның өкілдері ,әсіресе Маслоу «өмір сүру барысында біз әрқашан өз болашағымызды таңдаймыз» деп тұжырымдайды.Өз тәжірибеміз бойынша басқа адамдармен қарым-қатынасқа тәуелдіміз,бірақ қайда бағыт алу керектігін және жетуге тиісті мақсаттарды өзіміз анықтаймыз.

Адам өзіндік ерекшелену қажеттілігіндегі айырмашылықтарды ұйымдастырады немесе оны төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді мысалы;тамаққа,өзін қорғауға,т.б қанағаттандырғаннан кейін іске асырады.Үнемі депрессия мен үрей жағдайында өмір сүретін адамдарда ішкі өзіндік потенциалмен қамтамасыз етілмейді.Адамдарға өмір барысында жақсы көру мен сүйікті болу қажет,сонымен қатар белгілі-бір топқа жатқызылуы және өз жанұясы,қоғамда белгілі-бір орын алуы тиіс.Сонымен қатар,біз әрқашан сыйластыққа мұқтажбыз.Адамдардың әртүрлі жағдайлармен әсер еткенін,дағдыларымызды,тұлғалық қасиеттерді және жанұя мен достар арқылы жеткен жетістіктерді жай қолданудан үлкен қоғамдық мойындағанын қалаймыз.Біз сонымен қатар жоғары когнитивті және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ұмтыламыз.

Өзіндік ерекшелікке ұмтылатын адамдар қандай сапаларды игереді? Әдетте олар шыншылдығымен, жақсы әзілдік сезімімен, шығармашылдығымен,жасампаздық бастамашылдығымен ерекшеленеді және жағымды Мен-концепциясын игереді.Алайда олардың орындалуы міндетті емес.Мұндай адамдар кейде өзімшіл және өзіндік адамгершілікті,қобалжулы, өзінің жекелік потенциалын қалыптастыру үшін тұрақты болады.Олар үнемі бақытты бола бермейді,бірақ та өзіндік қайғыруды бастан кешіреді.Ерте ересектік жаста адам тек өзіндік ерекшеліктің бастамасын ғана басынан кешіреді, оған ену бүкіл өмір бойына жүреді.

Гуманистік психолог Карл Роджерс (1902-1987) бұл мәселелерді психотерапевт тұрғысынан қарастырды.Ол пациенттің үрей сезімін,олардың төмен бағалауын және өзіндік маңыздылықты,тұлғааралық қарым-қатынас үрдісінде пайда болатын қиындықтардың себептерін ашуға тырысты.Роджерске сәйкес,адам табиғатының негізін денсаулық пен конструктивті импульстері құрайды.Адам дүниеге келгенде жақсы, қоғамның тәртіпті мүшесі болуға дайын болады, бірақ даму барысында қоғам адамдарды «бұзады ».Ата-аналардан бастап әртүрлі маңызды фигуралар бізге сыйластық жағдайын ұсынады: мынаны істе,оны жасама,онда сен зердесіз боласың; деген сияқты.Осындай жағдайлар егер индивидте орын алса, өзін сәтсіз,жолы болмайтын деп қабылдайды, өзін төмен бағалап,үнемі үрей мен қайғыру болады.Мұндай интернализиондық жағдайлар жетістіктің қол жетпейтін стандарты болады.Роджерс бойынша,біздер басқа адамдарды толық қабылдап,жағымды қарым-қатынасты ұстану керек.Ата-ана ретінде өз баласының жағымсыз қылықтарына қарамастан оны жақсы көруі тиіс. Егер ол тәртіп бұзса,оны жазалау керек.Көбіне балаға оның маңыздылығы,қажеттілігі туралы сезімді білінбеуі кеерк.Эриксоннан кейінгі қазіргі тұлға теориялары ұқсастықтың маңыздылығын есекреді.Сьюзан Уитбурн және Лоурен Коннэлидің ойынша: «Ұқсастық бойынша индивидтің өзіндік бағалауын, әлеуметтік рөлдердің және сонымен қоса әлеуметтік жұмысы мен жанұя мүшелері,қоғам азаматтарының мінез-құлқы,мотиві,физикалық және когнитивтік тәсілдерге қатысты айырмашылықтары түсініледі.»Ерте ересектік жаста және одан әрі өмірінде ұқсастық статикалық болмайды.Кейбір ғалымдардың айтуынша,индивидтің қайғыруы мен тәжірибесі ұқсастықтағы аккодацияға ықпал етуі мүмкін,және бұл Пиаже атап көрсеткендей когнитивті дамуы үшін процестерге аналогиялық әсер етеді.Өз кезегінде,әрбір жас топтарындағы ересектерде 3 негізгі ұқсатық стилі болады: шындықтан бас тарта отырып, өзін өзгермейтін деп есептейтін адамдар.Олар ассимиляцияға жақын келеді;аккомодацияға жақын адамдар және жеке тәжірибесі ықпалымен өте үлкен өзгерістерге бейім келеді; жоғарғы деңгейдегі(уровновешенные) адамдар өз ұқсастықтарында жағымды және жағымсыз қайғыруларды көрсетуге бейім келеді.Соңғы аталған стил әлдеқайда таза болып келеді.

Т.В.Скинеревтің зерттеулері бойынша 6 типті бағалық-уақыттық «Мен» құрылымының түрлерін анықтады.

1. Үш мен құрылымы бір-бірімен байланыста және шындықтағы «меніне» сәкес келеді. Бұл адамның өзі туралы субьективті ұғымының қалыптасуы.

2.Мен құрылымы өткеніне қарағанда болашақтағыға жақын.Өткен өміріндегі меніне сын көзқараспен қарап бөтенсінеді. Қазіргі «мені» тұлғалық бағыт алуда.

3.Болашақтағы мен шындықтан алшақ. Үш кезеңдегі мен әртүрлі болады. Идеалды меніне болашақтағы мені сәйкестенеді.

4.идеалды мен шындықтағы, болашақтағы менде байланыссыз. Ол олардан Алшақтаған және тұлға дамуына қатысы жоқ..

5.Өткендегі мен қазіргісі бір-бірімен байланысты.Бұл типтегі адамдарда өздік бағалауы төмен болып келеді.

6.Қазіргі мені даму процесіне қатынаспайды.Ол өткендегі меніне алшақ және болашақтағыменде байланысы жоқ және идеалды менге сәйкес емес.

2.Жастық шақта көптеген адамдар ұрпақ жалғастыруға қабілеті жоғары болады. Олар жыныстық қарым-қатынасқа сезімтал болады, белсенділік танытады және өз жынысына ұқсастықты терең сезінеді.

Стернберг үш компонентті махаббат теориясы нұсынды. Ол үш компоненттің түрлі үйлесімінен құралған жеті түрін бөліп қарастырды.

1.Жақындық-бір-бірімен жақын сезіну. Ол жақсы көретін екі адамның өзара сүйіспеншілігі.мұнда біз жақсы көретін адамымыздың өмірін жақсартқымыз келеді. Біз ол адамды шынайы жақсы көріп, ол біздің қасымызда болса үлкен қуанышқа бөленеміз. Біздің ортақ әректіміз, күнделікті мәселелерді бірге шешеміз, ойымыз, сезіміміз бір жерден шығады.

2.Құмарлық- бұл физиологиялық қызығушылық, әуестік және жыныстық қарым-қатынас.Мұнда жыныстық қызығушылық болғанменде ортақ көзқарас және сүйіспеншілік негізінде болмағандықтан маңызы болмайды.Өзрар сыйластық болмайды.

3.Шешім қабылдау және жауапкершілік. Ол азуақытқа немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Қысқа уақыттың аспектісі- ғашықтарын саналы түрде ұғыну.Ұзақ уақыт-бұл сезімді сақтап қалу маңыздылығы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1 .Т.В.Скинеревтің з бойынша 6 типті бағалық-уақыттық «Мен» құрылымын ата?

2. Осы кезеңні даму мүмкіндіктері туралы көп айналысқан теория өкілдері?

3. Стернберг үш компонентті махаббат теориясы ата?

4. Шешім қабылдау және жауапкершілік сатысының мәнін ата.
12 дәріс

Тақырыбы: Жастық шақ –жеке адамның қалыптасу кезеңі.

Дәріс мазмұны:

1. Өзіндік сана-сезімінің дамуы.»Мен» концепциялары.

2. Дүниетанымы,мақсат-мұраттары мен бағыт-бағдары,қызығуы қалыптасуы.


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау