Оспанбеков Ербол Анарбекұлының 6D011000 – Физика мамандығы бойынша философия докторы (Ph. D) дәрежесін алу үшін дайындалған «Атомдық және ядролық физика»



жүктеу 64,44 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.03.2018
өлшемі64,44 Kb.
#11669
түріДиссертация


Оспанбеков Ербол Анарбекұлының 

6D011000 – Физика мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) 

дәрежесін алу үшін дайындалған «Атомдық және ядролық физика» 

курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік 

негіздері» атты диссертациясына 

 

АҢДАТПА 



 

Зерттеудің  өзектілігі.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  жастарымыз 

оқуға,  жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен 

технологияны  күнделікті  өмірде  шебер  де  тиімді  пайдалануға  тиіс.  Біз  бұл 

үшін  барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы  жағдайлармен  қамтамасыз 

етуіміз  керек»,  -  деп  білім  саласының  алдында  тұрған  зор  міндеттерді 

айқындап  берді.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында 

экономиканың  тұрақты  дамуы  үшін  білім  сапасын  арттыру  арқылы  адами 

капиталды дамыту міндеті алға қойылып отыр. Бұл аса жауапты міндеттер. 

«Атомдық  және  ядролық  физика»  курсы  «5В011000-Физика» 

мамандығында  оқитын  студенттерді  –  болашақ  физика  мұғалімдерін 

даярлауда жетекші орындардың бірін алады және онсыз мамандарды даярлау 

мүмкін болмайтын іргелі міндеттерді анықтайды.   

Осы айтылғандарды ескерсек, педагогикалық жоғары оқу орындарында 

атомдық  және  ядролық  физика  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді 

даярлаудың  маңызы  зор  болып  тұрған  қазіргі  шақта,  оқыту  үдерісін  тиімді 

әдіс-тәсілдер  арқылы  жүзеге  асыру  мүмкіндіктерін  анықтау  маңызды 

қажеттіліктердің  бірі  болып  табылады.  Орта  мектептің  жоғары 

сыныптарында оқу материалы классикалық механика, молекула-кинетикалық 

теория, 


электродинамика 

және 


кванттық 

теория 


айналасында 

топтастырылған.  Мұнда  материалдар  материя  қозғалысының  күрделенуіне 

байланысты  орналастырылған.  Кванттық  физикада  қарастырылатын 

«Атомдық  және  ядролық  физика»  курсы  абстрактілі,  қолмен  ұстап,  көзбен 

көру,  физикалық  құралдардың  көмегімен  демонстрациялау  мүмкін  емес 

болғандықтан,  білім  алушыларды  физикалық  құбылыстарға  анимациялық-

компьютерлік  технологияны  пайдалана  отырып  оқытуға  даярлау  қажеттігі 

туындайды. 

Сондықтан  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  атомдық  және 

ядролық  физика  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың 

әдістемелік негіздерін әзірлеу қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық және 

практикалық  тұрғыдан  жеткілікті  деңгейде  зерттелмеуі  арасында  қарама-

қайшылықтар  туындайды.  Осы  қарама-қайшылықтардан  педагогикалық 

жоғары  оқу  орындарда  болашақ  физика  мұғалімдерін  шығармашылығы 

дамыған,  алған білімі  негізінде өзiн-өзi  дамыта  алатын,  нақты  жағдаяттарда 

бейімделе алатын, ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын игерген, кез-келген 




мәселені  шығармашылықпен  шеше  алатын  тұлға  ретінде  қалыптастыруға 

ықпал  ететін  атомдық  және  ядролық  физика  курсын  визуалды  оқу 

құралдарын  пайдаланып  кәсіби  бағытта  оқытудың  теориялық  негіздері 

қандай  және  оны  қалай  жүзеге  асыруға  болады  деген  зерттеу  проблемасы 

туындайды. 

Зерттеу  проблемасының  өзектілігі,  теориялық  және  практикалық 

тұрғыдан  маңыздылығы  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  атомдық 

және ядролық физика курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлауды 

теориялық  тұрғыда  негіздеп,  оны  жүзеге  асыруды  әдістемелік  қамтамасыз 

ету  қажеттігін  көрсетеді.  Бұл  зерттеу  тақырыбын  «Атомдық  және  ядролық 

физика» курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік 

негіздері» деп таңдап алуға негiз болды.  



Зерттеудің  мақсаты  –  болашақ  физика  мұғалімдерін  атомдық  және 

ядролық физика курсын оқытуға даярлауды теориялық негіздеу,  әдістемелік 

қамтамасыз  ету  және  оның  тиімділігін  тәжірибелік-эксперимент  арқылы 

дәлелдеу. 



Зерттеу  нысаны  –  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика 

мұғалімдерін даярлау үдерісі. 



Зерттеу пәні – болашақ физика мұғалімдеріне арналған орта мектептің 

«Атомдық және ядролық физика» курсын оқыту әдістемесі.  



Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарында атомдық 

және  ядролық  физиканың  мазмұнын  білім  алушылардың  терең  меңгеруіне 

ықпал  ететін  тиімді  оқыту  әдістемесі  жасалып,  яғни  анимациялық-

компьютерлік  технологияны  пайдаланудың  әдіс-тәсілдері  көрсетіліп,  ол 

педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде тиімді қолданылса, 

онда болашақ  физика  мұғалімдерінде орта  мектепте  атомдық  және  ядролық 

физиканы  оқыту,  практикалық  жұмыстарды  жүргізу  дағдысы  қалыптасады, 

сөйтіп  заманауи  талаптарға  сай  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауға  

мүмкіндік туады. 

Зерттеудің  міндеттері:  зерттеудің  мақсатына,  пәніне,  нысанына, 

ғылыми болжамына сәйкес келесі міндеттерді шешу қажеттігі айқындалды:  

- педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін 

даярлаудың мәселелерін зерттеу;  

-  орта  мектепте  «Атомдық  және  ядролық  физиканы»  оқытудың 

жағдайын анықтау; 

-  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының  құрылымы  мен 

мазмұндық ерекшеліктерін айқындау;  

-  болашақ  мұғалімдерге  арналған  орта  мектептегі  «Атомдық  және 

ядролық физиканы» оқытуға даярлау әдістемесін жасау

-  ұсынылған  әдістеменің  тиімділігін  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс 

барысында тексеру. 



Зерттеудiң  теориялық-әдiснамалық  негiздерi:  таным  субъектісі 

ретіндегі  тұлғаның  дамуы  туралы  ілім,  ақыл-ой  іс-әрекетін  сатылап 

қалыптастыру  теориясы,  іс-әрекеттік  теория,  білім  мазмұны  теориясы, 

тұлғалық-бағдарланған 

оқыту 

тұжырымдамасы, 



дамыта 

оқыту 



тұжырымдамасы,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  физикадан  білім 

берудің  мазмұны  мен  әдістемесіне  қатысты  теориялар,  оның  ішінде 

«Атомдық және ядролық физика» курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі, 

білім 


беруді 

ақпараттандыру 

тұжырымдамалары, 

Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасы 

«Бiлiм  туралы»  Заңы,  еліміздің  және  алыс-жақын  шетелдердiң  алдыңғы 

қатарлы педагог-ғалымдарының зерттеу мәселесiне қатысты iргелi еңбектерi, 

бiлiм тұжырымдамалары, білім беру стандарттары және бiлiм беру саласына 

байланысты басқа да құжаттар. 



Зерттеу жұмысының жетекші идеясы – ғылым мен техника дамуының 

қазіргі  кезеңінде  білім  алушыларға  оқу  бағдарламасы  бойынша  белгілі  бір 

білім 

қорын 


меңгертіп 

қана 


қоймай, 

білім 


беру 

процесінде 

шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына негіз болатын визуалды техникалық 

оқыту  құралдарын  тиімді  пайдалану  олардың  болашақта  педагогикалық 

мәселелерді тиімді шеше білуге қабілетті, білікті әрі жаңашыл маман, кәсіби 

құзыретті ұстаз болып қалыптасуына ықпал етеді.  



Зерттеу 

көздері: 

философиялық, 

психологиялық-педагогикалық 

еңбектер;  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы;  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Ел Президентінің «Қазақстан-

2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауы;  Қазақстан  Республикасын  индустриялық-

инновациялық  дамытудың  2015-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы;  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру 

мәселелеріне  қатысты  нормативтік  құжаттар  мен  оқу-әдістемелік  кешендер 

(стандарттар,  типтік  оқу  бағдарламалары,  оқулықтар,  әдістемелік  және  оқу 

құралдары,  т.б.);  ақпараттық  технологияларды  енгізу  үдерісіне  қатысты 

ғылыми еңбектер; педагогтардың озық тәжірибелері.  



Зерттеу әдістері: 

-  теориялық  (зерттеу  мәселесі  мен  міндеттеріне  орай  тақырып  аясы 

бойынша 

жасалған 

ғылыми-зеттеу 

жұмыстарына, 

психологиялық-

педагогикалық  және  әдiстемелiк  әдебиеттерге,  сондай-ақ  пән  саласы 

бойынша  тұжырымдамаларға,  білім  беру  стандарттары  мен  оқу 

бағдарламаларына талдау жасау);  

эмпирикалық  (оқып-үйренушілердің  оқу-танымдық  iс-әрекетiн 



бағдарлы  түрде  бақылау,  олармен  сұхбаттасу,  оқытушылар  мен  білім 

алушылардан  сауалнама  жүргізу,  сабақ  түрлеріне  талдау  жасау,  бар 

тәжірибелерге зерттеу жүргізу, оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру; 

зерттеуде  барысында  алынған нәтижелердің  тиiмдiлiгiн  тексеру  мақсатында 

тәжiрибелiк-эксперимент жұмыстарын жүргізу);  

- зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытынды мағлұматтарды 

математикалық-статистика әдісімен өңдеу. 

 

 



Зерттеу кезеңдерi: 

Бiрiншi  кезеңде  (2013-2014  жж.)  зерттеу  жұмысының  тақырыбы 

анықталып, зерттеу мәселесіне талдау жасалды. Зерттеудің мақсаты, нысаны, 

пәні,  болжамы  анықталды,  шешуге  қажетті  міндеттер  қойылды.  Таңдап 

алынған тақырыптың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу жүзеге 

асырылды. Педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерге 

және  көтерiлiп  отырған  мәселеге  қатысты  басқа  да  құжаттарға  талдау 

жасалды.  Алдыңғы  қатарлы  оқытушылар  мен  мектеп  мұғалімдерінің 

сабақтарына  қатынасып,  талдау  жүргізілді.  Мектеп  мұғалімдерінен,  білім 

алушылардан сауалнамалар алынды. 

Екiншi  кезеңде  (2014-2015  жж.)  педагогика,  психология,  физика  және 

оны оқыту әдістемесі саласында, болашақ мұғалімдерді даярлау және зерттеу 

тақырыбына  арналған  еңбектерді  оқып,  зерттеу,  талдау  және  жүйелеу 

жұмыстары орындалды. Жоғары оқу орындарында  «Атомдық және ядролық 

физика»  курсын  оқытуда  анимациялық  технологияны  пайдаланудың 

мүмкіндіктері  қарастырылды.  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсы 

бойынша  электрондық  оқыту  құралдары,  практикалық  жұмыстар, 

тапсырмалар жүйесі дайындалып, оқу үдерісіне енгізілді. 

Үшiншi  кезеңде  (2015-2016  жж.)  Педагогикалық  жоғары  оқу 

орындарында  және  Алматы  қаласының  мектеп-гимназияларында  «Атомдық 

және  ядролық  физика»  курсы  бойынша  жасалған  оқыту  әдістемесінің 

тиімділігі  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  барысында  тексеруден 

өткiзiлiп,  алынған  мәліметтер  математикалық  статистика  әдiсiмен  өңделдi; 

теориялық 

және 

тәжiрибелiк 



тексеру 

жұмыстарының 

нәтижелерi 

жалпыланып,  тұтас  зерттеу  бойынша  қорытынды  жасалды.  Сондай-ақ  бұл 

кезең  диссертацияны  талапқа  сай  рәсімдеумен  аяқталды.  Диссертациялық 

жұмыстың қолжазба нұсқасы дайындалып, талқылауға ұсынылды. 



Зерттеу базасы. Эксперимент жұмыстары Абай атындағы Қазақ Ұлттық 

педагогикалық 

университетінде, 

Қазақ 


қыздар 

педагогикалық 

университетінде,  Қожа 

Ахмет 


Яссауи 

атындағы 

№123 

мектеп-


гимназиясында,  №172  мектеп-гимназиясында  жүргізілді.  Тәжірибелік-

эксперименттік  жұмысқа  жалпы  78  студент,  137  білім  алушы  

қатыстырылды.  

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы 

- педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін 

даярлау  мәселелері  қарастырылып,  білім  алушыларға  «Атомдық  және 

ядролық  физика»  курсын  оқытуда  визуалды  техникалық  оқыту  құралдарын 

пайдаланудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделді;  

-  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  «Атомдық  және  ядролық 

физиканы»  оқытудың  жағдайына  талдау  жасалып,  оның  педагогикалық 

жоғары оқу орындарындағы мазмұнымен сабақтастығы көрсетілді; 

-  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының  құрылымы  мен 

мазмұндық  ерекшеліктері  сипатталып,  атомдық  және  ядролық  физика 

бойынша  визуалды  техникалық  оқыту  құралын  дайындауға  қажетті  оқу 

материалының мазмұны анықталды;  




-  болашақ  мұғалімдерді  орта  мектептегі  «Атомдық  және  ядролық 

физиканы» 

оқытуға 

даярлауда 

оларды 

анимациялық-компьютерлік 



технологияны  пайдаланып  кәсіби  бағытта  оқыту  бойынша  әдістемелік 

ұсыныстар даярланды; 

-  болашақ  физика  мұғалімдеріне  атомдық  және  ядролық  физиканы 

оқыту 


бойынша 

ұсынылған 

әдістеменің 

тиімділігі 

тәжірибелік-

эксперименттік жұмыс барысында тексерілді және оқу үдерісіне ендірілді.  



Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы.  Ғылыми-зерттеу  жұмысын 

орындау  нәтижесінде  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ 

физика  мұғалімдерін  даярлайтын  «Атомдық  және  ядролық  физика» 

курсының  зертханалық  сабақтарының  құрамы  мектеп  бағдарламасының 

зертханалық  және  практикалық  жұмыстарымен  толықтырылды.  «Атомдық 

және  ядролық  физика»  курсы  бойынша  дайындалған  визуалды  техникалық 

оқыту  құралын,  практикалық  жұмысқа  әзірленген  тренажер  тапсырмаларды 

білім алушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда, олардың өздік 

іс-әрекетін  ұйымдастыруда,  оқу  үдерісінің  сапасын  арттыру  мақсатында 

педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында,  педагогикалық  мамандардың 

біліктілігін  арттыру  орталықтарында,  педагогикалық  колледждерде,  жалпы 

білім беретін мектептерде пайдалануға болады.  



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:   

- «Атомдық және ядролық физика» курсын визуалды техникалық оқыту 

құралдарын пайдаланып оқытудың құрылымы; 

-  Атомдық  және  ядролық  физикадан  мектепте  өткізілетін  практикалық 

жұмыстар  (9  сынып,  тренажер  тапсырмалар;  11  сынып,  оқу  процесінде 

анимациялық модельдеу) бойынша электрондық ресурстар

ұсынылған  әдістеменің  тиімділігін  дәлелдейтін  эксперимент 



нәтижелері.  

Зерттеу  нәтижелерін  сынақтан  өткізу.  Зерттеу  жұмысының  негізгі 

тұжырымдары,  қорытындылар  мен  онда  қарастырылатын  өзекті  мәселелер: 

«Теоретические  и  методологические  проблемы  современного  образования» 

(Мәскеу,  2014),  «Современные  проблемы  гуманитарных  и  естественных 

наук»  (Мәскеу,  2015),  2013  –  2022  ж.  Мәдениеттер  жақындастығының 

онжылдығы 

көлемінде 

ЮНЕСКО-ның 

70 

жылдығына 



арналған 

«Педагогикалық  кадрларды  дайындаудағы  ЮНЕСКО  стратегиясын  жүзеге 

асыру:  білім  беру  кеңістігіне  инновациялық  технологияларды  енгізу 

мәселелері  және  жолдары»  (Алматы,  2015)  атты  халықаралық  ғылыми-

практикалық  конференцияларда,  профессор  Е.Ы.  Бидайбековтың  70 

жылдығына  және  мектеп  информатикасының  30-жылдығына  арналған 

«Математикалық  модельдеу  мен  ақпараттық  технологиялар  білімде  және 

ғылымда»  атты  VII  Халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференцияда 

(Алматы, 

2015), 


«Современные 

концепции 

естествознания 

и 

информационных  технологий»  (Алматы,  2016)  атты  халықаралық  ғылыми-



әдістемелік  конференцияда  баяндалды,  зерттеу  жұмысының  негізгі 

мәселелері әдістемелік басылымдарда көрініс тапты.  




«Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  орта  мектепте  оқытуға 

мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік  негіздері  бойынша  Абай  атындағы 

Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінде,  қала  мектептерінде 

эксперименттер жүргізілді. 



Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, әр 

тараудың  тұжырымдарынан,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер 



тізімінен және қосымшалардан тұрады. 

жүктеу 64,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау