Жас ерекшелігі психологиясы


Дәрістің мазмұны 1. Ерте жастық шақтағы психологиялық ерекшеліктер.Физиологиялық даму



жүктеу 2,5 Mb.
бет15/24
Дата25.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#16988
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Дәрістің мазмұны

1. Ерте жастық шақтағы психологиялық ерекшеліктер.Физиологиялық даму.


2. Когнитивтік даму.Оқу,еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

3. Жастық шақтағы психоәлеуметтік даму.Тұлғалық даму.

4. Жастық шақтағы дамудың кезеңдері мен міндеттері (Хейвингхерт,Эриксон,Левинсон т.б.

даму міндеттері мен кезеңдері).

5. Балаң жастықта эмоциялық-еріктік сферасының қалыптасуы.

Мақсаты:Ерте жастық кезеңнің ерекшелігімен және даму мүмкіндіктерімен және осы кезеңдегі басты мәселе мамандық таңдау міндеттерімен таныстыру.
1.Ерте жастық шақ- ересектік кезеңге өтудің шынайы деңгейі.

1-тарауда айтылғандай ересектік шақты шартты түрде ерте ересектік шақ (өмірдің 2-ші және 3-ші онжылдығы), орта (4-ші және 5-ші онжылдығы), кеш ересектік шақ (60-65 және одан да көп) деп бөлеміз. Біз, сонымен бірге, жеке индивидуум үшін жас мөлшерінің мәні біршама түрленіп тұруы мүмкін екенін де білдік. Көптеген индивидуалдық ерекшеліктермен бірге ересектің дамуын зерттеу және классификациялау перспективалары қандай? Осы көрсеткіштердің қатысуынсыз даму уақыты және әлеуметтік норма түсінігіне көңіл аударамыз.

Ересек адамның жасын негізге ала отырып, оның даму стадиясын анықтау өте қиын,сондықтан да зерттеушілер даму уақыты түсінігін енгізген. Даму уақыты ішкі графиктіңформасы болып табылады; олар бізге өмір жолында озып келемін бе немесе артта қалып келеміз бе соны білуге мүмкіндік береді. Мысалы 35-жастағы колледж студентін артта қалушы ретінде, ал 35-жастағы пенсияға шығуды ойлаушы адамды өз құрдастарынан алда келе жатырған адам ретінде қарастыруға болады. Даму уақыты мәдениет нормасына сай белгілі оқиғалар біздің өмірімізде қашан болуы мүмкін деген сияқты білімдерді бізге бере алады. Егер осы оқиғалар біз күткеннен ерте және кеш бола қалса, график бойынша қозғалғаннан гөрі осы кезде қайғыруларды бастан өткеріп және құрдастарымыз жағынан аз демеу көруіміз мүмкін.Басқа сөзбен айтқанда бізге өмірдің әр түрлі периодымен байланысты, іштей күтулер, кернеуді сезіну және қысым тән. Бұл шекаралардың биологиялық және психологиялық негізі болғанмен- әйелдер, ереже бойынша, менопоузадан кейін жүкті бола алмайды; ересек ер адамдар кейде бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарға тап болғысы келмейді- олар көбіне әлеуметтік жағынан анықталады. Мысалы, егер біз жаңа туған сәбиін құшақтаған жұпты бақыласақ, екі жұптың жасына байланысты біздің реакциямыз әр түрлі болуы мүмкін. Біз ол жұптың мотивациясын әр түрлі түсінеміз және сол себептен олармен өзімізді әр түрлі образда ұстаймыз.

Бернис және Дэйл Ньюгартен зерттеулері бойынша АҚШ-тың мәдениет аймағында соңғы он жылда өткен мен салыстырғанда біздің уақытымызда даму уақытының жоғарғы иілгіштігіне алып келген «дәстүрлі өмір периодының шайылуы» жүрді. «Дәстүрлі емес» студенттер 35-45 жас және одан да кейін мамандық алуға оралып жатады, көптеген жұптар тұңғыш нәрестенің дүниеге келуін өмірдің 3-ші онжылдығының ортасына немесе соңына қалдырады. Жанұя құру, айырылысу, қайтадан некеге тұру тек ерте ересектік шақта емес, бүкіл өмір барысында кездесіп отырады.

«Хронолгиялық жас» түсінігі бізге көбіне оқиға жайында шынайы көріністі бере алмайтынын ескеру қажет. Ситуацияны биологиялық, әлеуметтік және психологиялық көзқарас бойынша қарастырған жөн. Индивидтің тиесілі өмір жолының жағдайын көрсететін биологиялық жас бір индивидумнан келесі индивидумға белгілі бір дәрежеде ауысып отырады. Жүрегі әлсіз және ақырғы күні жақындаған 40 жастағы адам 35 және одан да көп өмір сүре алатын дені сау 40 жастағы адамнан өзінің биологиялық жасы бойынша ерекшеленеді. Өз, кезегінде, әлеуметтік жас мәдени нормалармен салыстырғанда индивидтің тура статусына қатысты. Үш баласы бар 40 жастағы некеде тұрған ер адам, 40 жастағы бойдақ бала сүюді жоспарламаған кездейсоқ байланыстарды дұрыс деп санайтын ер адамнан өз дамуы бойынша ерекшеленеді. Психологиялық жас адамның қоғамның талаптарына қаншалықты деңгейде жауап бере алатынын және бейімделе алатынын анықтайды. Ол өзіне интеллект деңгейін, оқуға деген қабілеттілік және моторлы дағдыларды, сонымен қатар үрейлену, мотив сияқты сипаттарды қосады.

Ересек дегеніміз не? Биолгиялық, әлеуметтік және психолгиялық жас ересектікті жасайтын және сонымен тығыз байланыстылығына қарамастан, оны бірінші жасаушылар психолгиялық сипаттамалар болып табылады.

2.Жалпы физикалық даму.

Өмірлік оқиғаға біздің реакциямыз белгілі бір жағдайда физикалық қабілеттілікпен, яғни, біздің денсаулығымызбен, физикалық қалпымызбен және күшімізбен анықталады. Ерте ересектік шақта әрбір физикалық даму аспектілері өзінің максимумына жетеді. Көпшілік адамдар бұл кезеңде өте мықты және дені сау болып келеді.

Күш және шыдамдылық.

Ерте ересектік шақта, яғни, 20-40 жас аралығындағы адамдардың көпшілігі басқа даму тобының адамдарымен салыстырғанда өсу энергиясынан, күшінен және шыдамдылығынан ләззат алып отырады. Бұл берілген жастың айқындығына жету нормативтілігі болып табылады.

Ереже бойынша, органдардың қалыптасуы, қозу уақыты, күш, моторлы дағды және сенсомоторлы кординациялар 25-30 жас аралығында максимумына жетеді, ал содан кейін олар жайлап төмендей бастайды. Бірақта бұл төмендеу 30-40 және 40-50 жастағы көпшілік адамдардың айтуынша онша көп емес. Көптеген зерттеулер биолгиялық жүйедегі функционалды деңгейдің төмендеуі 40 жастан бастап туындайтынын дәлелдеген. Олай болса, 25-30 жастан кейін пайда болатын продуктивтіліктің максималдылығы спортшыларға маңызды болуы мүмкін, себебі, ол басқа адамдарға қарағанда аз қолданады. Барлық жүйелер өзінің максимумына берілген кезеңде жетпейді. Мысалы, көру аккомодациясы орта балалық шақта төмендеуі мүмкін. Шамамен 20 жастан бастап көру өткірлігі өте жай қалыпта төмендейді, ал 40 жастан бастап қарқынды төмендей бастайды.

Физикалық ақыл-ой және қабілеттің төмендеуі көбінесе критикалық ситуацияда және күштің максималды дайындығын талап ететін экстремальды жағдайда көрінеді. Ерте ерсектік шақ- салауатты өмір кезеңі. Бұл кезеңдегі адамдардың көпшілігі диета сақтауды, уақытында физикалық жаттығу орындауды және зиянды әрекеттерден аулақ болуды дағдыға айналдырады. Кеш ересектік шақпен салыстырғанда ерте ересектік шақтағы адамдар артық салмақтан аз уайым шегеді.

Ерте ересектік кезеңде қалыптасқан денсаулық және физикалық жаттығумен айналысу дағдысы кеш ересектік шақтада сақталынып қалады. Бірақта денсаулықпен және физикалық формамен байланысты нұсқаулықпен тәртіп өзгеруі мүмкін. Себебі адамар бұл кезңде дағдыларды қалыптастыру маңызды деп есептеп, мұндай кезге қарсы тұруға бейім болады.

3.Танымдық даму жастық шақта басқа кезеңдермен салыстырғанда жоғары болады. Қазіргі зерттеу бойынша барлық танымдық қабілеттер 20жаста жоғары даму деңгейіне жетеді. Мысалы іс-әрекет жылдамдығы, ырықсыз есжәне т.б. Бірақ 30-60 жастан жоғары. Клаус Ригел дамудың бесінші деңгейін қосуды ұсынды ол- диалектикалық ойлау-формальды ойлаудың жалғасы.

Ерте жастық шақтың негізгі міндеттері түрлі психологтар әр түрлі класификациялар арқылы түсіндіреді. Хейнвингхерст жастық шақтың негізгі міндеттерін былай анықтады;

1.Кәсіби мамандықты таңдау.

2 .Жар таңдау.

3 .Жарымен отбасында тұруға ұйрену.

4 .Отбасын құру.

5 .Бала тәрбиелеу.

6 .Үй шаруашылығын құру.

7 .Жауапкершілігін қалыптастыру.

8 .Өзінің жанына жақын орта табу.

Осы міндеттерге орайбұл кезең өмірлік жоспарды практикада жүзеге асыру. Мектепті бітіру кезеңінде тұлғалық және кәсіби жағынан бағытталу, біренше жылдар бойы жасөспірімдік кезеңнен бастап « кім болам», қалай жасауға болады», деген сұрақтар туады.Қазіргі кезеңде экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды даму кезеңінде экономикалық дүниетану мәселесі де негізг мәселелер қатарына кірді. Өнерге жақын өнермен айналысатын балалар экономика мен саясатепен қалыс қалуда. Соған байланысты қазіргі жастарымыз экономика саласын қөбірек таңдауда осының нәтежиесінде біздің еліміз қарқынды даму үстінде.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ерете жастық кезеңдегі жастар деп кімдерді айтамыз?

2. Осы кезеңнің негізгі міндеттерін ата?

3. Ерте жастық кезеңдегі интелектуалдық қабілетінің деңгейі қандай?

4. Мамандық таңдаудың негізгі этаптарын ата ?

5. Хейнвингхерст бойынша жастық кезеңнің негізгі міндеттерін ата?

6 .Хронологиялық жас деп нені айтамыз?

Жастық шақтағы психоәлеуметтік даму


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау