- 1 -
«Не айтсаң, соны істе!»
2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі комитеттің басшысы
Әсет Әбдуәлиев Қазақстанда табысты адам болуға көмектесетін басты қасиет туралы, әлеуметтік
лифт және өңірден шыққан қарапайым жігіттің қалай Президент әкімшілігінің ең жас қызметкері
болғаны туралы.
-
Әсет, сіздің қазақ-түрік лицейін бітіргеніңіз, шет елде оқығаныңызды білеміз. Яғни, сіз әуел
бастан жақсы білім берудің қажеттігін саналы түрде түсінгенсіз. Айтыңызшы, Сіз үшін шет
елдегі студенттік шақ пен оқудың тәжірибесі қандай болды?
-
Мен қазақ-түрік лицейіне 6-шы сыныптан кейін түстім, сондықтан да семейлік баланың ерекше бір
нәрсені жоспарлағанын елестету қиын. Бәлкім, ішкі түйсіну болған шығар. Біздің мектепке лицей
оқытушылары келген кезде олардың өзара түрік тілінде де, ағылшын тілінде де еркін
сөйлескендеріне қатты таң қалғаным есімде Тап осы тілек - 2 шетел тілінде еркін сөйлеу тілегі мені
лицейге құжат тапсыруыма итермеледі. Лицейде тілдерді оқуға және ерекше community - ерекше
атмосфера жасауға көп уақыт пен көңіл бөлінетінін бәрі де біледі. Бұл жерде ата-аналарының
мәртебесі, ақша емес, сенің зияткерлік жетістіктерің басты жетістік болып есептеледі. Мен онда, оқу
дәреже саналатын жерде 11 сыныпқа дейін оқыдым. Осы рух пен лицейдің бүкіл әлем бойынша
орныққан байланыстары онда оқитындардың бойында әрі қарай шетелдік университеттерде –
біреулердің Түркияда, біреулердің Ресейде оқу тілегін оятты. Ол кезде «Болашақ» бағдарламасында
бакалавриат жоқ болатын.
Тиісінше, біз әрі қарай жақсы оқу орнына түсу үшін TOEFL-ға 10-шы сыныптан дайындала бастадық.
Мен Гумилев атындағы Еуразия университетінің конкурсы аса жоғары «Халықаралық құқық»
мамандығына оқуға түстім.
3-
курста мен студенттерді алмасу бағдарламасы бойынша Америкаға, Оңтүстік Каролинаға кеттім.
Мен жұрттың бәріне «Мен нағыз Америкада оқыдым» деп айтамын. Өйткені Америка – бұл Нью-
Йорк, Сан-Франциско емес, және Лос-Анжелес те емес. Америка – ол тап мен оқыған қала – өте
діншіл штаттағы бір қабатты үйлері бар қала. Америкада оқыған кезімде мен түрлі елдерден келген,
түрлі мәдениет өкілдері болып табылатын студенттер көп және еркін ойлау қатты дамыған «қайнаған
қазанда» оқу дегеннің не екенін түсіндім.
Қайтып оралған соң мен Еуразия университетін қызыл дипломмен бітірдім де Президент
әкімшілігінде жұмыс істей бастадым. Мен, бәлкім, Президент әкімшілігінің ең жас қызметкері болған
шығармын, ол кезде менің жасым 21-де болатын. Және менен: сен кімнің туысқанысың? деп жиі
сұрайтын. Сонда: «Оны айтуыма менің тегімнің тым танымал екендігі жол бермейді» деп жауап
беретінмін (күледі – ескерту автордікі).
Іс жүзінде ешқандай да туыстық жоқ, мен мемлекеттік қызметке бірқатар жайлардың түйісуінің
арқасында тап болдым – мен тілдерді жақсы білдім, Америкада оқыдым, әлеуметтік өмірде
белсенді болдым.
Менің жұмыстағы міндетіме талдамалық жазбалар жазу, талдау жасау, баяндамалар мен сөйленетін
сөздерді дайындау кіретін. Президент әкімшілігінде бір жылға жуық жұмыс істеп, мен Британ
Кеңесінен Chevening стипендиясын алуға құжат тапсырдым.
-
Стипендия алу деген оп-оңай шаруа емес…
-
Дұрыс, бұл өте үлкен конкурсты стипендия, ол кезде Қазақстан мен Қырғызстанға бар болғаны 5
грант қана бөлінетін. Тиісінше, өз кандидатураңды дұрыстап негіздеу керек еді. Мен Оксфордқа
- 2 -
немесе Кембриджке тапсырған жоқпын, маған мұнай мен газ саласындағы саясатқа маманданған
Данди университеті ұнады. Мен «Табиғи ресурстарды басқару» мамандығын таңдап, құқық магистрі
дәрежесін алдым. Маған біздің елімізде бар байлық пен ресурстар арқылы зерттеп, оны дұрыс
арнаға, дамуға бағыттау қызық еді.
-
Сізге Британиядағы магистратура білімнен басқа не берді?
-
Ұлыбританияда ешкім де «лекцияға кел, мынаны істе, ананы істе» деп сенің артыңнан жүгіріп
жүрмейді. Сізді қадағалайтын ешкім жоқ, сенің сабаққа келгенің, келмегенің ешкімді толғандырмайды,
сен ақша төледің – енді бұл сенің жауапкершілігіңдегі шаруа. Мені қатты таң қалдырған жай –
оқытушының дәріс залында студенттерді тексермегені болды.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де сол сияқты – қаласаң оқисың, қаламасаң өзің білесің. Ол жерде
жасалатынның бәрі де – пәнді түсінуге көмектеседі, мен өз бетіммен көбірек дайындала бастадым,
Британияның білім беру жүйесін ерекшелендіретін де осы. Біздің жоғары оқу орны Шотландияда,
мұнайлы Еуропаның астанасы Абердиннен онша қашық емес жерде орналасқан, сондықтан да біз
мұнай компанияларымен терең ынтымақтастық байланыста болдық. Біз мұнай және өндіруші
компаниялардың басшыларымен, олардың HR директорларымен көп кездесетінбіз, бұл көптеген
пайдалы және қажетті таныстықтарға жол ашады.
Көптеген адамдар білім алу дегенді оқулықтар деп ойлайды, шын мәнінде бұл – кешенді жүйе. Бұл
білім, тәжірибе, байланыстар, сондықтан да жақсы университетке түсуге ұмтылудың мәні зор,
өйткені білім ұмытылуы мүмкін, сонда ойлаудың жеке дағдысы, жұмыс істеу дағдысы, сенің өсуіңе
көмектесетін достар ғана қалады.
Білімнің – ең үздік әлеуметтік лифт екенін сеніммен атап айта аламын. Мысалы, мен қарапайым
отбасында туғанмын, қандай да бір беделді туыстар жоқ, менің қоғамда алға басуыма көмектескен
жалғыз нәрсе – бұл алған білімім. Тағы да түсінгенім, жаһанданудың арқасында менің де, сіздің де
Америкадағы немесе Англиядағы біз сияқты толқыннан еш айырмашылығымыз жоқ. Біз тіпті, кей
тұстарда олардан асып түсеміз, бізде өсу үшін қойылатын шарттар әлдеқайда қатаң.
Магистратура 1 жылға созылды, одан кейін мен Сан-Рамонда, «Шевронның» штаб-пәтерінде
тағылымдамадан өттім. 3 айлық тағылымдама әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі қалай
жұмыс істейтінін көріп, түсінуге мүмкіндік берді. Оқудың соңында бірнеше ірі шетелдік
компаниялардан жұмыс істеуге шақыру алғаным түсінікті, бірақ мен Қазақстанға қайтып оралуды
таңдадым.
Себебі, мен өз елімде жұмыс істегім келді, бұл мақтан сөз емес. Мен қосылған құн бере алатынымды
сездім.
-
Қазір сіз Алматыдағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу
жөніндегі комитеттің басшысысыз. Бұл позицияға дейін сіздің тәжірибеңіз қандай еді?
-
Мен 2008 жылы, нағыз «дауыл» тұрған кезде Президент әкімшілігіне оралдым. Бұл дағдарыс кезеңі
еді ғой, мен мұнай-газ және құрылыс мәселелерімен айналысатын топқа тап болдым Ол қиын кез
болатын, өйткені дағдарыспен қалай күресу керектігі туралы ешкімнің де дайын шешімі жоқ болатын,
сондықтан да мен мұндай шешімдер қалай қабылданатыны және қалай орындалатыны жөнінде
бірегей тәжірибе жинақтадым. Осы процеске күн демей, түн демей атсалысқан адамдардың алдында
мен басымды иемін, өйткені 2008 жылы пайда болған сын-қатерді мемлекет лайықты еңсерді деп
есептеймін.
Президент әкімшілігінен кейін мен жеке секторда жұмыс істеу туралы шешім қабылдадым – маған
әлемдік топ-10 компаниялардың қатарына кіретін арабтардың құрылыс компаниясында жұмыс істеу
туралы ұсыныс жасалды, ал Қазақстанда ол Қарабатандағы мұнай-газ зауытының құрылысын
салып жатты.
Бұл өте қызықты тәжірибе болды, өйткені жеке бизнесте сен нәтижеге жұмыс істейсің, ол жерде
алаңдататын ешқандай фактор жоқ, саған қажетті ресурстардың барлығы беріледі және
бюрократияшылдық мүлде аз. Егер бұл тәжірибені оның алдындағымен салыстырсаң, мемлекеттік
қызметте нәтижеге бағдарлану өте қиын, өйткені онда процеске көбірек бағдарланады - өзіндік
- 3 -
шектеулер бар. Сондықтан да мен нақты бір нәрсені іске асыра алған адамдарды, яғни, жобаны
қолға алып, аяғына дейін нақты іске асыра алатын және өздері кеткеннен кейін де жобасы жұмыс
істейтіндей бекіте алатын мемлекеттік қызметтегі адамдарды өте қатты құрметтеймін.
2 жылдан кейін мені «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті
қызметіне шақырды. Онда мен оқуға қабылдау, оқыту, барлық шетелдік кеңселерге әкімшілік жасау
мәселелерімен айналыстым. Барлық процесті дұрыс құру керек еді, сондықтан біздің команда
құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтары және е-gov арқылы электрондық нұсқада тапсыру
жүйесін енгізе алды. Сондай-ақ біз «Болашақты» кәсіби дайындыққа қайта бағдарлауды жүзеге
асырдық.
Біз бір бакалаврды дайындау құны 3-4 магистрді не 2-3 PHD докторын дайындау құнымен бірдей
екенін көрдік. Тиісінше, докторлар мен магистрлерден келетін экономикалық пайда әлдеқайда
жоғары. Оның үстіне бакалавриатты жаңадан ашылған Назарбаев Университетте де оқуға болатын
еді.
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығында 2,5 жыл жұмыс істегеннен кейін мені
НұрОтан партиясына жоғары партия мектебінің директорлығына шақырды. Оны қазіргі заманға
лайықтау керек еді. Біз оны Саяси менеджмент мектебі деп атадық және жұмысын тренингтік курс
етіп қайта бағдарладық. Жетістіктердің бірі – мектепті өзін-өзі қаржыландыруға шығару. Бізден мұны
күткен жоқ еді, бірақ біз бюджетті үнемдедік, және өз орнымызды тапқан соң жақсы
жаттықтырушыларды әкелдік. Коммерциялық тренингтер арқылы біз партия мүшелеріне арнап
өткізілетін тренингтерге кететін шығындарды жауып отырдық. Сол сияқты біз мемлекеттік ұйымдар
әлеуметтік желілерде белсенді болуы үшін бар күшімізді салдық, өйткені мынадай қызық жай болды:
оның алдындағы сайлауда НұрОтан оффлайнда көшбасшы болса, онлайнда коммунистік партия
көшбасшы болды.
Біз әлеуметтік желілердегі белсенділікке күш салсақ, қазір көптеген әкімдіктер, парламентшілер
твиттерде, перископтан трансляция жасайды, яғни біз барлығына халықтан кері байланыс алуға
және ортадағы делдалдарсыз араласуға мүмкіндік бердік.
3 ай бұрын мен Алматыдағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу
жөніндегі комитеттің басшысы болып тағайындалдым.
Мұның өте маңызды жоба екенін айта аламын – өйткені бұл Қазақстан тарихындағы ең үлкен
мультиспорттық жарыстар ғой. Олар Азия ойындарынан жоғары тұр, рангтар туралы табельде олар
Қысқы олимпиада ойындарынан кейін тұрады. Барлық қатысушылар – бұлар кәсіби спортшылар,
болашақ не қазіргі олимпиада чемпиондары не жүлдегерлері. Айырмашылық мынада: мұнда 28
жасқа дейінгі шектеу бар, спортшылар университеттердің студенттері болулары керек. Жарыстың
университеттердің емес құрамалардың арасында өтетінін түсінудің мәні зор. 10 күн бойы Қазақстан,
атап айтқанда, Алматы 1 млрд. адам үшін телеаудитория болады, олар жарыстарды барлық
континенттердегі аса ірі телеарналар арқылы қарайтын болады.
-
Комитет басшысы ретіндегі жұмыс күніңіз қандай екенін айтып беріңізші. Сіз нақты немен
айналысасыз, командаңыз қаншалықты үлкен және оның алдында қандай мақсаттар тұр?
-
Мен жұмысқа өте күрделі кезде келдім. Бағытқа түзету енгізіліп жатыр, шетелдік валютамен
шығындарымыз өте көп. Әрине, біз үнемдеу қажеттігін түсіндік және 3 ай бұрын жобаға енгенімізде
командамен жасаған алғашқы ісіміз – біз бюджетті қайта қарап, оны 2 есе қысқарттық. Егер ол бұрын
33 млрд.теңге шамасында болса, қазір біз оны теңге баламасымен 2 есе қысқарттық, ал доллар
бағасымен 4 есе қысқарды. Қазір Универсиаданың бюджеті - 50 млн.доллар.
Біз еш демалыссыз және мерекелерсіз жұмыс істейміз. Таңымыз 7-8-де салынып жатқан
объектілерді аралап көруден басталады, одан кейін біз күн сайын контрагенттермен – бұл қала
әкімдігімен және үкіметтегі осы оқиғаға басшылық жасайтын адамдармен, атап айтқанда, Дариға
Нұрсұлтанқызымен бірлесе жұмыс істейміз.
Сондай-ақ халықаралық федерациямен жұмыс жүргізіледі. Ол кешкі 9-10-да аяқталады, өйткені
бізде уақыт айырмашылығы үлкен ғой.
- 4 -
Комитет командасында неше адам бар?
-
Қазір шамамен 100 адамдай бар, бірақ бір жыл ішінде біз тағы 150 адам алуымыз керек. Және де
біз HiPO-мен ынтымақтастыққа мүдделіміз, өйткені біз үшін аса ірі спорт кешенінде жұмыс істеудің
бірегей мүмкіндігін алып, тәжірибе жинақтағысы келетін кәсіби мамандарды алудың маңызы зор.
Бұл түйіндеме салмағын да арттыра түсетіні сөзсіз.
-
Кадрлердің жетіспеушілігі мен бюджетті үнемдеуден басқа қандай күрделі жайлармен бетпе-
бет келдіңіз?
-
Мені алаңдататын көптеген факторлар бар. Мысалы, бұл қардың жоқтығы. Таза қардың болуы
ғана емес, жасанды және табиғи қардың қоспасы керек, қар жабындысына қойылатын өзіндік
талаптар бар. Осының бәрі де үлкен сын-қатерлер төндіреді. Біз кез келген ауа райына
дайындалып жатырмыз деп айта алам.
-
Көптеген адамдар мұндай оқғалардың құндылығын көрмейді, өйткені олардың қала
тұрғындарының өміріне қатысы жоқ. Ал жергілікті бизнеске мүмкіндік, тұрғындарға пайда
көру мүмкіндігін берсе, бұл іс-шара жақсырақ өтер еді. Сіз қауымдастық пен қала
тұрғындарын жобаға қалай тартуды ойластырудасыз?
-
Көп адам Универсиаданың керегі не деген сұрақ қояды. Ең алдымен плюстарына қарайықшы:
біріншіден, бұл экономиканы қолдауға арналған контр циклды шаралардың бірі. Қазір жоба
инфрақұрылымның дамуына инвестиция болып отыр, 3 мың адамдық мұз сарайы салынуда, 12
мың адамға арналған мұз аренасы, 5 мың адамға арналған олимпиада ауылы салынуда. Құрылыс
материалдарының өндірісі басталды, жұмыс орындары бар. Объектілердің құрылысында 50 мыңдай
адам жұмыс істеуде, ал бұл дегенің шамамен 200 мың отбасының табысы бар деген сөз. Барлық
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің 50 пайызынан астамын қазақстандық компаниялар
орындауы керек, яғни олар ел экономикасына жұмыс істеп, жергілікті бизнесті дамытуда.
Екіншіден, біз кейін керегі болмай қалатын объектілерді салып жатқан жоқпыз, барлығы да кейін
қала тұрғындарының игілігіне беріледі. Мұның маңызы зор. Бар болғаны 10 күнге созылатын
Универсиададан кейін біз legacy (мұра) аламыз.
Не қалады? Біз қаладағы барлық дерлік спорттық объектілерді жаңартудамыз, бұл ретте оларға
халықаралық стандарттар қолданылатын болады. Жаңа 3 объект болады, оларда қысқы спорт
түрлерінен секциялар ашылады. Мысалы, 12 мың адамдық мұз аренасы оның мұз жабындысы
тәулік ішінде волейбол, баскетбол, теннис және концерттер қою үшін қатты жабындыға ауыстыруға
болатындай етіп салынады.
5 мың адамға арналған атлеттер ауылы универсиададан кейін жаңа шағын ауданға айналады, ол
оқытушылар үшін жалдамалы тұрғын үйге, студенттік жатақханаларға айналады. Осының бәрі
адамдарға қолжетімді бағамен беріледі.
Біздің мақсатымыз – синергия алу: күрделі экономикалық уақытта біз Алматыда жұмыс орындарын
жасаудамыз, екіншіден, тұрғындарға инфрақұрылымды қалдырамыз және спорт туристерін
тартамыз.
Біз мемлекет тарапынан 100 пайыздық қаржыландыру болғандықтан, бизнесті мемлекеттік-жеке
серіктестікке тартпақшымыз. Мысал айтайын – көлік қызметтерін такси қызметін көрсетушілерден,
автопарктерден сатып алуға болса, универсиадаға машина сатып алудың қажеті не?
Біз бизнеспен және тұрғындармен бірге шешкіміз келетін мроблеманың тағы бір мысалы. Алматыда
Ritz
–тен басталып, хостелдермен аяқталатын әр түрлі типтегі бар болғаны 12 мың қонақүйлік
номерлер бар. Яғни, біз келетін қонақтар мен туристерді толықтай орналастыра алмаймыз.
Сондықтан да жергілікті компаниялармен, пәтерлерді тіпті бөлмелерді жалға беретін қызмет көрсету
орындарымен белсенді түрде жұмыс істеп, алматылықтарды тартпақшымыз. Бұл туристер үшін
қызықты – сен жергілікті тұрғындармен танысып, араласасың және бұл бәріміз үшін де тамаша
тәжірибе – қазіргі кезде бүкіл әлем өз пәтерлерін, бөлмелерін жалға беріп, ақша табады емес пе?
Бұл бөліну экономикасы және алматылықтар бұған қатыса алады.
- 5 -
Ал бұл бизнес үшін несімен қызық? Мысалы, билеттеудің қымбат жүйелері бар, біз оларды сатып
алғымыз келмейді, өйткені Тикетон сияқты жүйелер бар және басқа да серіктес бола алатын онлайн
компаниялар бар. Олар өзінің сканирлеу жүйелерін турникеттерде орналастыра алады. Егер де
олар солай істесе біздің объектілерде өтетін бұдан кейінгі жарыстарда да осылайша билет сатып,
табыс таба алады. Біздің міндетіміз – олардың өз бизнестерін дамытуына көмектесу.
Біз сондай-ақ HiPO сервисімен жұмыс істеуге әзірміз, өйткені бізге рекрутингтік компаниялар келіп,
біз жалдаған адамдардың жалақысынан 15 пайызын алғымыз келеді дейді. Неге? Егер де жаңа
форматтар бар болса, сіздің сервисіңіз бізге ұнаса, сіз бізге команда жинап бере аласыз ғой,
мысалы, ерікті волонтерлерді? Неге солай етпеске?
Сондықтан да мен бизнестің бәрін және өз бизнесін дамытқысы келетін барлық компанияларды –
бізбен кездесіп, өз ұсыныстарын айтуға шақырамын, ал біз оларды ыждаһатпен, мұқият қарайтын
боламыз. Тікелей маған келуге де, хабарласуға да болады.
-
Ашылу салтанатына қанша уақыт қалды?
-
2017 жылғы 29 қаңтарда Универсиаданың ашылу салтанаты болады, яғни тура бір жыл қалды. Біз
қазір тестілік жарыстар өткізу арқылы іс-шараға қызу дайындалып жатырмыз. 2016 жыл бойы
объектілерде трамплиннен секіру, керлинг, мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар өтеді, хоккейден
халықаралық чемпионат өткізіледі. Бұл біздің жүйелердің дайындығын тексеруге мүмкіндік береді.
-
Командаңыз қай бағытта жұмыс істейтін болады?
-
Мысалы, осы күндері біз Алматының бүкіл мейрамханалары мен қонақүйлерін инспекциялаумен
айналысамыз. Біз кейін туристердің барлығына ұсыну үшін өзіміздің жасайтын тізімімізге ағылшын
тілінде сөйлейтін, POS-терминалы, интернеті бар, қызмет көрсету деңгейі жоғары жерлерді ғана
қосамыз.
Тиісінше, мұндай жерлерге сосын туристердің жаңа легі келеді, тек шетелдік қонақтар ғана емес, өз
отандастарымыз да келеді. Тұтастай алғанда, біз Алматыдағы қызмет көрсету саласын көтергіміз
келеді, қазіргі кезде әлемде туристер үшін бәсекелестік елдер арасында емес, қалалар арасында
жүріп жатыр емес пе? Қазір Шанхай мен Алматы арасындағы ұқсастық Қытай мен Қазақстан
арасындағы ұқсастықтардан әлдеқайда көбірек.
Сондықтан да біз полицейлерді, коммунальдық қызметтер қызметкерлерімен, көлік
жүргізушілерімен ағылшын тілінің базалық деңгейін үйрету үшін жұмыс жасаймыз. Және бұл тегін
болады. Біз Қазақстанның аса ірі жоғары оқу орындарымен келісімге келдік, олар қалалық қоғамдық
қызмет көрсету өкілдерін ағылшын тіліне оқыту үшін өз кафедраларын бөлетін болды. Бұл жұмыс
қызмет көрсету саласындағылардың базалық ағылшын тілін білуі үшін жасалады. Біз осылайша
біздің Алматымызды туристер үшін де, тұрғындардың өздері үшін де неғұрлым сапалы қызмет
көрсету, туристік, инфрақұрылым деңгейі неғұрлым тартымды қала жасағымыз келеді.
-
Кәсіби тұрғыдан өсу үшін біздің бәріміз де жақсартуымыз керек дағдылардың біреуін
атаңызшы.
-
Кез келген адам үшін ең басты дағды – бұл «do what you say”, яғни, не айтсаң – соны істе. Бұл кез
келген адамның табысты болуына көмектесетін өте үлкен фактор. Меніңше, Фейсбукке қарайтын
болсақ, өмірде көп сөйлейтін, бірақ нақты ештеңе істемейтін адамдар көп сияқты. Қазақтарда сөз бен
іс қатар жүруі керек деген сөз бар. Және нәтижеге бағдарлану керек. Шындығында көптеген
адамдар процестің өзі – нәтиже деп санайды. Мен олай деп ойламаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |