«Бекітемін»
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
___________Сариева Г
«____»____________2021 ж.
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Ерік. Ерік түрлері. Балада еріктің дамуы
Модуль /пән атауы: БМ-05 Психология
Дайындаған педагог: Жолаева Ғ.М
Күні: «30» қазан 2021 ж.
1.Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: ІІІ, ОрБ-19
Сабақтың типі: Дәріс
2.Мақсаты, міндеттері: Студенттерге ерік туралы түсініктерін кеңейту.
2.1. Күтілетін нәтиже: Студенттер ерік, ерік түрлері туралы біледі.
3) К. Жұмаева , Психология, Астана-2010
4.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, Ой қозғау,
Ұйымдастыру кезеңі (3-5 мин). Сабақтың мақсат–міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Студенттерге бағалау парағы беріледі, бағалау парағына Өзін-өзі бағалап отырады.
Үй тапсырмасы: «»
Бағалау критерийлері:5-7 ұпай «3» , 10-12 ұпай «4» , 13 ұпайдан жоғары «5»
«Ой қозғау» әдісі
Жаңа сабақ. (Жаңа сабақ бейнесабақ, презентация арқылы түсіндіріледі).
“Эмоция” ұғымы– “емовера” деген латын сөзінен, “эмоцион” дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, каһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі.
Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады.
Iс-əрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық жəне астеникалық болып бөлiнедi. Стеникалық эмоциялар адамға қуат берiп, iс-əрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам "тау қопаруға" дайын тұрады.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. жарияланған “Эмоция деген не” атты мақаласынан басталады. У. Джемс және Г. Лангенің пайымдаған теориялары бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістері. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. “Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден” делінген (У. Джемс)
Эмоцияның қызметтерi
Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.
Эмоцияның түрлері:
Өте күштi эмоциялық əрекет көрiнiсi - аффект қысқа да қарқынды өтуiмен ерекшеленедi. Бұл сезiм құбылысы субъектi үшiн өте қажеттi болған өмiр жағдайларының кенеттен өзгерiске түсуiнен болады. Аффектте адамның қозғалыс əрекеттерi ұстамсыз күйге келiп, iшкi ағзалар қызметi күйзелiске ұшырайды: тiлден қалады, жүрегi ұстайды, есiнен танады т.б. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады.
Адамның көңiл-күйiнiң кейпiн бiлдiретiн жəйттiң бiрi психологияда фрустрация (көңiлдiң бұзылуы, межелi iстiң жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған iсi мен мүдделi мақсаты түрлi себептер мен кедергiлерге ұшырып, адам оған ренжидi, көңiлi құлазып, қайғырып, күйзеледi, ашуға булығады.
Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй – соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет.
Сезiмдер деп тұрақты, эмоциялық боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б.
Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған.
Сезімдердің түрлері.
Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары.
Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.
Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы.
Достарыңызбен бөлісу: |