«Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасын оқытуға әр сыныпта (1-9 сыныптар) жылына 7 сағат бөлінеді. Бағдарлама 63 сағатқа есептелген.
Бағдарлама мазмұнының құндылықтық бағдарлары
Оқыту нәтижесінде оқушылар игереді:
Маңызды адами құндылықтар ретінде денсаулық туралы білімді;
Денсаулықты нығайту машықтарын;
денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған тамақтану ережелері туралы білімді, оның ішінде, тамақтанудың бойға, салмаққа, жасқа, адамның өмір салтына сәйкестігі туралы түсінікті;
салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану машықтарын.
Оқушылардың бағдарламаны игерудегі тұлғалық нәтижелері:
салауатты тамақтану саласындағы танымдық қызығушылық пен белсенділік көрсетуі;
салауатты тамақтанудың негіздерін, нормаларын және ережелерін игеру;
салауатты тамақтануға қарай саналы таңдау жасауға дайындық және қабілеттілік, оның ішінде, тағам өнімдерінің аса тән түрлерінде бағдарлану; тағамдық мінез-құлықтың пайдалы құндылықты-мәнді негіздерін саналы түрде таңдау.
Бағдарламаны игерудің метапәндік нәтижелері:
дұрыс тамақтану туралы жүйелі білімді игеруге, оларды өздігінше толықтыруға, енгізуге қабілет және дайындық;
ынтымақтастыққа және қарым-қатынасқа қабілет;
салауатты тамақтану мәселесіне байланысты тұлғалық және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қабілет, және оларды тәжірибеге енгізу;
салауатты тамақтану саласында өзін-өзі ұйымдастыруға, реттеуге және серпінге қабілет;
Бағдарламаны игерудің пәндік нәтижелері:
Танымдық салада:
салауатты тамақтанудың жеке жолын жобалау және құру үшін оқу және қосымша технологиялық ақпаратты ұтымды қолдану;
шикізаттың технологиялық қасиеттерін және қолдану аясын бағалау;
бөлшек саудада сатылатын тағам өнімдеріндегі штрих-кодтарды оқу әдісін игеру;
қандай да бір мекеннің тұрғындарын толыққұнды тамақтанумен қамтамасыз етудегі ұлттық тағамдардың ролі туралы түсінікті қалыптастыру.
Еңбек ету саласында:
еңбек қауіпсіздігінің, өрт қауіпсіздігінің, санитария мен гигиенаның нормалары мен ережелерін сақтау;
технологиялық еңбек үрдісін жоспралау.
Ынталандыру саласында:
Эстетикалық салада:
тамақты салауатты тамақтану тұрғысынан дизайнерлік жобалау;
дастархан жабдығын әзірлеу машықтарын игеру.
Қарым-қатынас саласында:
салауатты тамақтану бойынша шағын жобаларды қорғау және халыққа презентациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |