Лекция №4 Үлгілік оқу жоспарындағы бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері



жүктеу 28,21 Kb.
Дата26.01.2022
өлшемі28,21 Kb.
#35014
түріЛекция
лек 4 орта мектеп


  1. Лекция №4 Үлгілік оқу жоспарындағы бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері

Бейінді оқытудың әдістемелік негізі

Бейінді оқыту – білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұнында және ұйымдастырылуындаға өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және қабілеттері толық есепке алынғанда, оқуды жалғастыруға байланысты жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары мен ниеттеріне сәйкес білім алулары үшін жағдай жасалған кездегі білімді дифференциациялау және даралау құралы. Бұл ретте оқушының жеке білім траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.

Бейіндік мектеп осы мақсатты іске асырудың институциналды түрі, әрине бірегей емес негізгі түрі болып табылады. Жекелеген жағдайда, бейінді оқытудың басқа түрлері де перспективті болуы мүмкін, мысалы, жеке бір мектеп қабырғасындағы сәйкес білім бағдарламаларын іске асыратын түрлер. Экспериментке қатысатын жалпы білім беретін мектептер «сынақ алаңы» ретінде ғана емес, бейінді оқытудағы жаңа құрылымды ашудағы серіктес ретінде танылады.

Профиль базистік оқу жоспарымен (ТОЖ) бекітілетін оқу уақытының минимальды көлемі, санитарлық жүктеменің максималды лимиті сияқты оқу жүктемесінің нормасына қатысты жалпы шекті талаптарға жауап беретін негізгі, бейіндік және элективті курстардың бірігуі болып табылады. Демек, негізгі, бейіндік және элективті курстарды біріктіру арқылы оқушыларға әртүрлі дайындық деңгейімен (оқушымен таңдалған) оқу орнын бітіріп шығуға мүмкіндік беретін толық орта білімді алып шығудың жеке бағдарламасын немесе жеке бағытын құруға мүмкіндік [3].

Бейінді оқыту – бұл оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және қабілеттері есепке алынатын, оқушылардың кәсіптік таңдауларына сәйкес олардың дамуына жағдай жасалатын, оқу қызметін ұйымдастыру түрі, оқуды дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.

Бейінді оқытудың әдістемелік тәсілдері, стратегиясы, мақсаты мен міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет.

Жалпы орта білім – оқушылардың функцоналдық сауаттылығы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге, оларды қоғамдық және азамттық өзін-өзі анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы. Бұл функциялар өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тани алатын, өзінің әлеуетті мүмкіндіктері, таңдаған өмірлік жолын іске асыру ресурстары мен тәсілдерін анық тани білетін, әлеуметтік сауатты және әлеуметтік мобильді тұлғаны қалыптастыруға мақсаттардың бағытталғанын көрсетеді. Аталған мақсаттарды тиімді іске асыру оқытуды даралар және оқушыларды әлеуметтендіруге бағдарланған, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім ұйымдарымен мектептердің жоғары сатылары профилі мен кооперациясының икемді жүйесін жасау сияқты еңбек нарығының шынайы қажеттілігі есебімен, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарда

«мамандандырылған дайындау жүйесі» болып табылатын, бейінді оқытуды енгізген кезде ғана мүмкін. Оқушылардың бейінді оқытуы ұйымдастыруын құру және эксперименттік тексеру білім беруді жаңалау стратегиясына негізделеді (білімді оның тұлғалық дамушы бағытталуын даралау және дифференциациялау, қызметтік және құзыреттік тәсілдерді іске асыру, коммуникативтік дамыту, аймақтың еңбек нарығы қажеттілігі мен геоэкономикалық кеңістігін есепке алу) [4].

Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі болып табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі болып табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан мектептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек, себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы негізінде ғана емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтік мәдени орта дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі «таяу даму аймағын» құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен дамыту үдерістерінің динамикалық қатынасы туралы Л.С.Высотскийдің гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңа ашылымдар болатын теориялық білім болып табылады. Кейінірек бұл идеялар Ш.А.Амонашвили, В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында қарқын алды [5].

Бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзін-өзі дамыту феноменінің әдістемелік негізін әр оқушының даралығы, өзіндік ерекшелігі, өзін-өзі бағалауын мойындау негізіне кіретін, білім берудегі жаңа тәсіл – антропоэкологиялық тәсілді (А.А. Макареня, С.В. Кривых, И.В. Иванов, Е.В. Бускина, А.Н. Макарчук) ашады. Адамзат табиғатының терең біліміне (онтогенез дағдарысы, жас физиологиясы мен психологиясы, идентификация заңдары, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту) негізделген тәсіл - білім берудің гуманистік тұжырымдамасы талаптары: толеранттық, педагогикалық қолдау, атсалысу және т.б. талаптарды есепке алатын, субъект- субъекттік қатынас. Баланың барлық даму сатысын: дене, эмоционалдық, зияткерлік, рухани-адамгершілік, әлеуметтік және т.б. оның қалауы, қызығушылығы мен талпысынына сәйкес, оқушы денсаулығын сақтау кезіндегі оның жеке даму қарқынын дамытуды қамтамасыз ететін когнитивті, перцевтивті, креативті қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алатын тәсіл. Білім беру міндеттерін шешудің антропоэкологиялық тәсілі адамзаттың жоғары

құндылығынан және адамдар мен олардың қаоғамдастығын («іскер қоғам») ұйымдастыру тәсілі ретінде өркениеттің тиімділік өлшемінен туындайды [6].

Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі - жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан тұрады. Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт құрамында екі бейін болады: физика-математикалық және химия-биологиялық.

Физика-математикалық бейінге «Математика» (ілгері деңгей), «Физика» (ілгері деңгей), «Информатика және АКТ», «English for specific purposes»,

«Графика және жобалау» пәндері кіргізіледі.

Физика-математикалық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі керек:


    • математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді практикада қолдануға бағыт алу;

    • математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді болмысты танудың бір ғылыми әдісі ретінде меңгерту;

    • білім алушыларда математикалық және физикалық модельдеу аппаратын білу құзыретін қалыптастыратын білім, білік, дағдыларды меңгерту;

    • түрлі сипаттағы қолданбалы физика-математикалық модельдерді құрастыра алатын практикалық дағдыларды меңгерту;

    • басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

    • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

    • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Химия-биологиялық бейінге «Химия» (ілгері деңгей), «Биология» (ілгері деңгей), «Рекреациялық география», «Englishforspecificpurposes»,

«Информатика және АКТ» пәндері кіргізіледі.

Химия-биологиялық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі керек:


  • жаратылыстану циклы пәндерін пәнаралық байланысты ескере отырып тереңдете және кең ауқымды етіп оқыту;

  • білім алушылардың қазіргі кезеңдегі жаратылыстану білімі тұжырымдамасын меңгеруі;

  • химия, биология, географиядан білім мазмұнының жоғары білім деңгейіндегі білім беру мазмұнымен сабақтастығы және бейініне сәйкес оқуды жалғастыруы мен мамандық таңдауы мақсаты қойылуы;

  • қазіргі кезеңдегі жаратылыстану таным әдістері мен оларды оқу іс- әрекетінде практикалық қолдану негіздерін игеруі;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • күрделілігі жоғары теориялық және қолданбалы сыпаттағы есептерді шығарудың практикалық дағдыларын дамыту;

  • жаратылыстану нысандары мен үдерістерді танып-білу мен модельдеуді жүзеге асыру біліктері мен қабілеттерін дамыту;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш бейін болады: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.

Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған

«Қазақ тілі» (ілгері деңгей), «Қазақ әдебиеті» (ілгері деңгей), орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (ілгері деңгей), «Орыс әдебиеті» (ілгері деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші шет тілі», «Информатика және АКТ».

Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:



  • мемлекеттік тілдің қоғамның ресми, саяси-қоғамдық, қоғамық- экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында қызмет ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін білуі т.б.;

  • қазақ тілінің түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру;

  • қоғамда мемлекеттік тілде қарым-қатынас құруда ауызша және жазбаша сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;

  • танылатын нысандарды өзара салыстыру, салғастыру, бағалау және жіктеме жасаудың критерийлерін өз бетімен сұрыптай алатын білік- дағдыларды меңгерту;

  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;

  • сөз сөйлеуге дайындалу (тақырыпты таңдау, аталымды жинақтау, ішкі, психологиялық көңіл-күй т.б.) және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Тарих-құқықтық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Қазақстан заңнамасы», «English for specific purposes»,

«Информатика және АКТ», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».

Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:


  • қазақстандық патриотизмге, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

  • оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;

  • қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік коммуникацияға кіру мәдениетін дамыту;

  • оқушыларда қоғамдық-тарихи ақпаратарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

  • қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың тіліне, тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;

  • басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Әлемуеттік-экономикалық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Экономики және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі геоэкономикасы».

Әлемуеттік-экономикалық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:



  • қазақстандық патриотизмге, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

  • әлеуметтік өмірдің түрлі салалары, қазақстандық қоғамның даму заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;

  • кәсіби бағдар беру және білім алушылардың экономика мен кәсіпкерлік салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;

  • Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы және әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім қалыптастыру;

  • адамзаттың жаһандану жағдайында тұрақтылықпен даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;

  • оқушыларда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

  • өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

  • білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, өзіндік кәсіби келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

жүктеу 28,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау