Күнделікті ас мәзіріне қосу қажет:
500-800 грамм көкөністер, олардың 400 грамы шикі күйде; өңделмеген тұтас дақылдардың бір тостағаны немесе олардан жасалған өнімдер (мысалы, тұтас-дәнді нан, кебек қосылған ірі тартылған ұннан жасалған нан, 2-3 бөліктен);
1-2 үлес жеміс-жидек;
жарты тостаған кез келген бұршақ тұқымдастар; шағын уыс жаңғақтар мен дәндер;
1-2 ас қасық өңделмеген, пайдалы өсімдік майлары (зәйтүн, күнбағыс, соя, т.б.);
2 үлес сүт өнімдері (майсыз ірімшік, сыр – 40 гр артық емес, сары май – 30 гр артық емес);
Аптасына бірнеше рет жеу қажет: балықты (суық судағы ұсақ, майлы түрлерін таңдаған жөн), майсыз ет (майын алып тасаңыз), жұмыртқа және құс еті (терісі алынған). Бұл орайда әр тамақ ішуде ақуыздық, көмірсулы (күрделі көмірсулы) өнімдер және пайдалы майлар болуы тиіс.
Мұндай рацион барлық биологиялық мәнді заттектер мөлшері бойынша үйлесімді. Оның құрамында дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар мен талшықтар мол.
Микронутриенттік тапшылықтар
Организмдегі дәрумендер мен минералдық заттектердің (микронутриенттердің) «жасырын аштық» аталатын жеткіліксіздігі – кең таралған құбылыс. Оның қауіптілігі – көбінесе, байқалмай өтуінде. Алайда, кез келген микронутриенттің аздаған созылмалы тапшылығының өзі түбінде денсаулықтың ақауына апарады.
Дәрумендер мен минералдардың микронутриенттер деп аталуы
тәуліктік қажеттілігі грамның жүзден немесе оннан бір көлемінде, аз мөлшерде болуына байланысты (кейбір минералдар – бірнеше граммға дейін). Әрбір грамы ағзаның өмір сүру қабілетін арттырып, алмастырылмайтын роль атқарады. Дәрумендер, мен минералдардың айқын жеткіліксіздігі күрделі сырқатты жағдайларды туындатады, яғни, дәруменсіздік және элементсіздік туындайды. Мысалы, С дәруменсіздігі өлім-жітімге душар ететін – цингаға, В1 – бери-бери, РР – пеллагра, D – рахитке апарады. Бұл күндері балалар мен ересектердің көпшілігінде микронутриенттердің орташа немесе аздаған тапшылықтары – гиподәрумендік және гипоэлементтік байқалады. Олар көбінесе, айқын көрініс бермейді, бірақ, оларға да назар аудару қажет. Әр дәрумен мен минералдың ағзада атқаратын бірнеше қызметтері бар, сондықтан, солардың біреуі жеткіліксіз болса, міндетті түрде күрделі ауруға апаруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |