Сабақ жоспары. Қазақ тілі. 5 «Г» сыныбы Сабақтың тақырыбы Тамақтану тәртібі



жүктеу 45,27 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі45,27 Kb.
#10009
түріСабақ

16.10.2015 ж.

Сабақ жоспары.

Қазақ тілі. 5 «Г» сыныбы



Сабақтың тақырыбы

Тамақтану тәртібі

Жалпы мақсат

Оқушыларға дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізетін әсері мен тамақтану қағидалары туралы түсінік бере отырып грамматикалық тақырыптарды меңгерту.

Оқытудың нәтижелері

Сабақта үйренген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға, мәтін мазмұнын түсініп, грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жасай алулары керек.

Дереккөздер және жабдықтар

Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, бағалау парақтары, фломастер.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 топқа бөлу)

психологиялық ахуал туғызу (бір-бірімен, қонақтармен амандасу, күн көзінен жылу алу)

ІІ. Өткенді қайталау

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІV. Жаңа сабақ:

б) тақырыпты ашу

в) сөздікпен жұмыс

г) мәтінмен жұмыс

Сергіту сәті

д) грамматикалық тапсырма

Рефлексия

V. Бағалау (бес бармақ)

VІ. Үй тапсырмасы


Сабақ бойынша жазбалар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Өзімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін алдымен бір-бірімізбен, сосын қонақтармен амандасып алайық.

- Бүгін сабақта кім жоқ?

б) Топтарға бөлу (номерлер бойынша топтарға бөлу)

в) Психологиялық ахуал туғызу.

- Оқушылар, тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл – күн. Ендеше күнге күлімдеп, оның жылуымен сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге!

ІІ. Өткенді қайталау


  1. Сын есім деген не?

  2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Қазақ тілінде буынның қанша түрі бар?

4. Буын түрлерін ата?

5. Етістік деген не?

6. Етістік қандай сұраққа жауап береді?

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрап келу берілген:



  1. Ең үлкен байлық денсаулық.

  2. Денсаулық болса адам еңбек етеді, бақытты өмір сүреді.

  3. Денсаулықты сақтау әр адамның өзіне байланысты.

IY. Жаңа сабаққа кіріспе

а) Тақырыпты ашу

- Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбын қазір өздерің табасыңдар. Ол үшін тақтадағы суретке назар аударып, «Денсаулық» өлеңін тыңдайық:

Денсаулық ол жүруің,

Оқу үшін мектепте.

Ешбір жерің ауырмай,

Дұрыс тамақтану үшін де.

- Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?

- Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі тақырыбымыз – «Тамақтану тәртібі» деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

- Жарайсыңдар, осы сабақ соңында біз мынадай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек:

- тамақтанудың тәртібін, денсаулыққа пайдалы тағамдарды білуіміз керек;

- тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс жасап, түрлі грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жасай алуымыз керек;

- Дәптерді ашамыз, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.



Y. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

- Өздерің байқағандай, сендер білмейтін біраз сөздер бар екен, қазір соларды сөздік дәптерімізге жазып алайық.

тамақтану тәртібі – режим питания

өз уақытында – вовремя

таңдап –талғай – разборчиво

майлы – жирный

қателік – ошибка

құрам – состав

көңіл бөлмеу – не обращать внимания

дәрумен – витамин

сусын – напиток

тамақ – пища

жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрату.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді түсініп оқы, сұрақтарға жауап бер.

Тамақтану тәртібі

Адам күніне төрт мезгіл тамақтанады. Ағза сау және күшті болу үшін тағамның құрамы түрлі болу керек. Тамақтар алдында қолыңды жу. Үстел басында түзу отыр. «Асыңыз дәмді болсын!» деп айтуды ұмытпа. Тамақтану кезінде теледидар көруге, кітап оқуға, көп сөйлеуге болмайды. Тағамды асықпай жеген жөн. Тамақтанып болған соң, рақмет айтуды ұмытпау керек.



Сергіту сәті

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір.

Жаттығу жасаймыз,

Оң аяқ, сол аяқ

Сол аяқ, оң аяқ

Жаттығу оңай-ақ!

Грамматикалық тапсырма

1 топ. Етістіктерді жекеше және көпше түрде жіктеңдер.

2 топ. Сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықтаңдар.

3 топ. Мәтінен сын есімдерді теріп жазыңдар.



ІV. Рефлексия

Берілген ребустан жасырынған мақал-мәтелдерді табу.



V. Бағалау

- Балалар, сабақтың басында қойылған мақсаттарды тағы бір есімізге түсіріп алайық.

- Енді өздерің айтыңдар, біз осы мақсаттарға жеттік пе?

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

- Жақсы, рақмет! Ал, әр оқушының өз бағасын тыңдайық.

VІ. Үйге тапсырма

- Сөздерді жаттау, 56 бет 1-тапсырма (жазбаша орындау)



- Жарайсыңдар, барлықтарыңа рақмет! Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



жүктеу 45,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау