Қызметкерлеріне



жүктеу 1,93 Mb.
бет11/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
manual-kz

Себептері


Семіздік организмде майлардың түзілу үрдісінің олардың ыдырау, энергетикалық мұқтаждыққа жұмсалу үрдістерінен басым болуынан, белгілі бір тұстарға жинақталуынан (май қоры) басталады.
Майлар – дене үшін энергияның маңызды қоры, көзі саналады, олардың тотығуында (тарауы, ыдырауы) энергия бөлінеді. Қалыпты жағдайда әр адамда май тіндерінде майдың белгілі бір қоры болуы тиіс. Ол теріастылық қабатта (тері астылық май талшығы) және ішперде ішінде (висцералдық май) орналасатын, май тінін құрайтын дененің арнайы май жасушаларында түзіледі және жинақталады. Расында, іш аумағында (абдоминалдық май) май жинақталуынан арылу қиынға түседі. Ал осы абдоминалдық май денсаулыққа аса көп зиян келтіреді: оның гормондық белсенділігі (өндірілетін гормондардың мөлшері мен түрлері) дененің басқа бөлігіндегіден ерекшеленеді. Артық дене салмағы мен семіздіктің негізгі себебі – ағзаға түсетін және шығындалатын калориялар арасындағы энергетикалық тепе- теңдіктің бұзылуы, яғни, тұтынудың жоғары, ал энергия шығындалуының төмен болуы.
Бұл – майлы және/немесе тәтті тағамды көп жеу әдеті, аз қимылдау, күйзелісте «ашқарақтану», тамақты сирек, бірақ, көп ішу, әсіресе, түнге қарай ішу әдеті – толықтыққа апаратын тікелей жолдар.
Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде анықталғандай, метаболизмнің денедегі майлардың артық жинақталуы жағына қарай ығысуының негізгі себебі – жоғары калориялы, бірақ, қоректілігі төмен тағамды, сондай-ақ, құрамында транс-майлар (олардың қандай тағам өнімдерінде болатындығы туралы жоғарыда атап өттік) бар өнімдерді тұтыну.
Қандай өнімдер жоғары калориялы, бірақ, қоректілігі төмен саналады?
Бұл жеңіл сіңетін көмірсуларға (қант, кондитерлік өнімдер, жоғары сұрыпты ұннан жасалған өнімдер, т.б.) және майларға бай, ал тағамдық талшықтарға, дәрумендер мен минералдар секілді қоректік заттектерге жұтаң келетін өнімдер.
Осы өнімдерді шамадан артық тұтыну заттектер алмасуының бұзылысына апарады, бұл кезде май жасушаларының мөлшерінің өсуі және көлемінің артуы есебінен тәбеттің артуы және май тіндерінің өсіп-өнуі байқалады. Май жасушаларында май қайдан пайда болады? Ол тамақтағы қант пен майдың артық мөлшерінен түзіледі. Қант қанға тез және мол мөлшерде түскендіктен, оның тек бір бөлігі ғана организмнің энергетикалық мұқтаждығына қолданылып үлгереді. Қолданылмаған қанттан май жасушаларында май түзіледі. Нәтижесінде, ішіндегі майлардың түзілуінің күшеюінен және керісінше, шығындалуының төмендеуінен май жасушаларының көлемі артады. Семіздік пен семіздік алды жағдайының
дамуында организмде метаболизмнің жалпы бәсеңдеуі байқалады, яғни, майлар қалыпты жағдайға қарағанда баяу жойыла бастайды.
Бір мысалды қарастырайық. Екі асты алайық, олар калориясы жағынан өзара тең. Біреуі калориялы, бірақ, қоректілігі төмен, мысалы, майлы бөлішке мен газдалған су, ал екіншісі – тұтас дәнді өнім, талшыққа, дәрумендер мен минералдық заттектерге бай, мысалы, көкөніс салаты, зәйтүн майы қосылған. Мөлшері жағынан екі ас өзара тең, организмге калориямен есептелетін энергияның тең мөлшерін береді. Ал сапалық жағынан айырмашылығы орасан. Салат тойымдылық сезімін береді, организмді энергиямен, дәрумендермен, микроэлементтермен және басқа биологиялық белсенді заттектермен қанықтырады, сондай-ақ, талшықпен қамтамасыз етеді, қандағы қант деңгейінің күрт өсуін болдырмайды. Майлы бөлішке мен газдалған су қандағы глюкоза деңгейін күрт өсіреді, оны азайту үшін организм инсулиннің артық мөлшерін, В тобының дәрумендері мен кальцийді өндірумен өзінің қорын жұмсауға мәжбүр болады. Артық қант май тініндегі майдың түзілуіне жұмсалады. Сонымен қатар, майлы бөлішкеде маргарин бар, яғни, транс- майлар, оның организмге келтіретін зияны көп.
Тәбет сезімін түрлі гормондар мен мидағы ашығу және тойымдылық
«орталықтарына» әсер ететін биологиялық белсенді заттектер бақылайды. Бұл заттектердің бір бөлігі мидағы тойымдылық «орталығын» қоздырады, осыған сай тойған адам тамақ ішуін тежейді. Басқа химиялық бөліктер (инсулин, т.б.) керісінше, мидағы ашығу «орталығын» («ашығу субстанциялары») қоздырады, бұл адамды тамақ ішуге итермелейді.
Тазартылған өнімді ұдайы тұтынуда адам калориялардың үлкен бөлігін және дәрумендер, микроэлементтер мен тағамдық талшықтардың аса аз мөлшерін алады, қандағы глюкозаның күрт өзгеруі байқалады. Соңғы жайт тәбеттің артуына апарады, оның соңында тамақты тағы және артық ішу орын алады. Созылмалы артық ішуде, басқасын айтпағанда, мидағы ашығу
«орталығы» тежеледі. Сонымен қатар, артық ішуде желінген және түзілген майлардың мөлшері (организмдегі қант пен тағамдық майдың артық мөлшерінен өзіндік май түзіледі) организмнің оны тотықтыру (ыдырату, шығындау) мүмкіндігінен асады, осының салдарынан май тінінде майдың қоры жинақталады. Егер осыған адамның төмен дене белсенділігін қосатын болсақ, бұл дегеніміз - организмнің калорияларды аз шығындауы, яғни, организмнің қимыл белсенділігін қамтамасыз ету үшін қажетті майларды шығындауға қажеттілігін төмендетеді. Осыдан барып, артық салмақ, одан кейін семіздік те тез арада дамиды.
Артық дене салмағы мен семіздіктің дамуына басқа да маңызды бейімдеу факторлары келесідей:

  1. Аз қимылды өмір салты (гипокинезия), дене белсенділігінің төмендеуі – гипокинезия және өндірістің автоматтандырылуы мен көліктің дамуы

салдарынан жалпы энергиялық шығындардың азаюы. Аз қимылдау салдарынан майларды тотықтыру қабілеті төмендейді.

  1. Кейбір аурулар, атап айтқанда, эндокриндік аурулар (гипогонадизм, гипотиреоз, инсулинома).

  2. Тағам қабылдау бұзылыстарына апаратын тамақтану дағдысының психологиялық бұзылыстары (мысалы, психогендік артық тамақтану).

  3. Күйзелістерге бейімділік.

  4. Ұйқы қанбауы.

  5. Психотропты препараттар.

жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау