Іске қосатын кілттер
Организм тіршілігінің барлық дерлік үрдістері – жасушалардың бөлінуі және өсуі, ас қорыту, сезімдік қабылдау (көру, есту, т.б.) – ферменттердің қатысуына сай өтеді.
Бұл ақуыздық ірі молекулалар физиологиялық және биохимиялық реакцияларды белсендіруші ролін орындайды. Ферменттер өз кезегінде көліктің моторы от алғандай, іске қосылуы қажет. Дәрумендер мен минералдар осындай «іске қосу кілті» (ко-ферменттер) ретінде қызмет етеді.
Қорғаушылар
Организмде әрдайым заттек алмасуы (метаболизм) үрдісінде бос радикалдар секілді тотығу өнімдері түзіледі. Бұл биомолекулалардың аса жойқын «сынықтары», олар көрші молекулаларды «бос радикалдарға» айналдыра отырып, бұзуға қабілетті. Кейбір дәрумендердің және минералдардың (Е,С дәрумені, селен, т.б.) оларды зиянсыз ететін әлеуеті бар, яғни, антиоксиданттық (тотығуға қарсы) қорғайтын қасиеті бар. Осылайша, табиғат нутриент-антиоксиданттарды жасап, радикал-түзілу үрдістерін қадағалайды.
Генді меңгеру тетіктері
Кейбір дәрумендер (А,Д) – про-гормондар (ізашарлары), яғни, организмде гормондық белсенділікті көрсететін заттектерге айналады. Бұл дегеніміз, олар көптеген гендердің қызметін меңгереді: «іске қосу» тетігі секілді гендерді қажетті сәтінде белсендіреді. Ғалымдар анықтағандай, Д дәрумені мысалы, 2000 артық генді бақылайды, біздің организмімізде олардың саны 30000 жуық. Кез келген тіршілік иесінің өмірі гендері арқылы реттеледі. Созылмалы гиподәрумендік біздің организміміздің нәзік реттелген және үйлесімді физиологиясы мен биохимиясына ақау келтіре алады, бұл көптеген қауіпті аурулардың, ҚЖА (қан айналымы жүйесінің аурулары) және қатерлі ісікті қоса, даму қаупімен қатерлі.
Бірыңғай команданың ойыншылары
Қандай да бір микронутриент өзінің өмірлік маңызды қызметін көрсетуі үшін қосарлы әсерлі серіктестерімен қатар әрекет етуі тиіс. Оларсыз сіңірілмейді немесе жәрдемі болмайды, немесе жалғыз әрекет ете отырып, организмге зиянын тигізуі мүмкін. Д3 және К2 дәрумендерінсіз кальций сүйек тініне ене алмайды. Фолий қышқылының (В9 дәрумені) толыққанды қызметі үшін С және В12 дәрумендері қажет. Е дәрумені организмге міндетті түрде С дәруменімен түсуі қажет, олай болмаған жағдайда антиоксиданттық қызметі төмендеуі мүмкін және оның жалғыз әсерімен бос радикалдардың түзілуі күшеюі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |