50
А) 1943-1942
Ә)1945-11944
Б)1941-1945
В)1940-1942
3. Қазақстанның Елордасы ?
А)Алматы
Ә)Астана
Б)Қызылорда
В)Ақтау
4.1995 жылы 30 тамызда қабылданды ?
А)Астана күні
Ә)Жеңіс күні
Б)Конституция күні
В)Халықаралық әйелдер күні
5.Тәуелсіздік күні қай жылы қабылданды ?
А)1990 ж
Ә)1992 ж
Б)1993 ж
В)1991 ж
6. «Наурыз» сөзін парсы тілінен аударғанда «руз» сөзі қандай
мағына береді.
А)Жаңа
Ә)Күн
Б)Жер
В)Ай
7.1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып қай айда
өзгертілді ?
А)Маусым
Ә)Мамыр
Б)Қазан
В)Желтоқсан
8.1999 жылдан бастап Қазақстан мемлекетінің мейрамы ретінде
атап келеді ?
А)Халақаралық әйелдер мейрамы
Ә)Наурыз
Б)Астана күні
В)Жеңіс күні
9.«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заң қай
жылы өзгертілді ?
А)2008 ж
Ә)2010 ж
Б)2007 ж
В)2005 ж
51
10. Ұлы Отан соғысы жеңісінің мерейтойына қанша жыл толды ?
А)61 ж
Ә)64 ж
Б)55 ж
В)65 ж
11. 7 мамыр
А)Ұлы жеңіс
Ә)медицина қызметкерлер күні
Б)Отан қорғаушылар күні
В)Балалар күні
12.Қазан айының бірінші жексенбісі?
А)Полиция күні
Ә)Құрылысшылар күні
Б)Ұстаздар күні
В)Тәуелсіздік күні
13. Қыркүйектің айының бірі қандай күн?
А)Ұлы жеңіс
Ә)Медицина қызметкерлер күні
Б)Отан қорғаушылар күні
В)Білім күні
14. 9 мамыр Жеңіс күні қандай мейрам түріне жатады?
А)Ресми
Ә)Мемлекеттік емес
Б)Мемлекеттік
В)Демалыс күні
15. Төменде көрсетілгендердің қайсысы мемлекеттік мейрам күніне
жатады ?
А)Құрылысшылар күні
Ә)Медициналық қызметкер күні
Б)Тәуелсіздік күні
В)Спорт күні
Аударма жауаптары :
1.Государственные праздники
2.Праздник
3.Народ
4.Международный женский день
5.День победы
6.День независимости
7.Военная служба
8.Государственные символы
9.Постановление
10.Национальные праздники
52
8-тақырып. Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен
стипендиялар
Тыңдаймыз оқимыз
Тірек сөздермен жұмыс. Мемлекеттік марапаттама, мемлекеттік
стипендия, еңбектегі жетістіктер, соғыс ардагері, комиссия, хаттама,
мәдениет саласы.
Ойтүрткі
1.ҚР мемлекеттік марапаттары не білесіз?
2.Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия туралы түсінік.
3.Мемлекеттік стипендиялар алуға кімдер құқылы?
4.Мемлекеттік стипендияны кім береді?
Сөйлесеміз
Мәтінді оқыңыздар
Оқылым
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары —
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі
қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін
марапатталады.
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттiк
наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.
Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының
Президентi жүзеге асырады. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi -
"Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері"
атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi,
медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.
53
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру
ережесі
1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру
ережесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына,
«Мәдениет
саласында
мемлекеттік
стипендиялар
тағайындау
туралы»
Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес
әзiрлендi және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру
тәртiбiн
айқындайды.
2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар (бұдан әрi –
мемлекеттік
стипендиялар)
Қазақстан
Республикасының құрметті
атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл
қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды
жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл
сайын
берiледi.
3.Мемлекеттік
стипендиялар
алуға
мыналар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық
жазушысы, халық әртiсi, халық суретшiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген
қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы
мемлекеттік
сыйлықтың,
халықаралық
және
республикалық
конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып
табылатын;
2) қазақстандық мәдениеттің дамуы үшін шығармашылық әлеуеті бар
Қазақстан
Республикасының
азаматтары
үміткер
болады.
4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган
(бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік
стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия)
шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы
бойынша
Қазақстан
Республикасының
Президенті
береді.
Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын
уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан
қалыптастырылады.
Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті
адамнан
кем
болмауға
тиіс.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары
басқарады.
5. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды алуға
ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды
қабылдау мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей уәкiлеттi
органның
интернет-ресурсында
орналастырылады.
6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
Достарыңызбен бөлісу: |