Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

 
58 
А) Алтын жұлдыз ордені 
В) Алтын Қыран ордені 
С) Отан ордені 
Д) Барыс ордені 
8. Комиссия құрамы неше адамнан аспауы тиіс? 
А) он адам 
В) жеті адам  
С) тоғыз адам 
Д) он екі адам 
9. Мемлекеттік стипендияны кім береді? 
А) Қазақстан Республикасының Үкіметі 
В) Қазақстан Республикасының Президенті 
С) Қазақстан Республикасының министрі 
Д) Қазақстан Республикасының азаматтары 
10. Егер Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, 
отырыс не деп есептеледі? 
А) заңсыз 
В) заңды 
С) толық 
Д) толық емес 
11. Комиссияны кім басқарады? 
А) Төраға орынбасары 
В) Төраға 
С) Президент 
Д) Әкім 
12. Мемлекеттік стипендия алуға үміткерлердің бірі? 
А) Әншілер 
В) Шығармашылық әлеуеті барлар 
С) Дәрігерлер 
Д) Қоғам қайраткері 
13.  Комиссияның мемлекеттік стипендиялар беруге 
кандидатураларды бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында 
қарапайым көпшiлiк дауыспен немен қабылданады? 
А) Жабық дауыс берумен 
В) Ашық дауыс берімен 
С) Дауыс бермейді 
Д) Дұрыс жауабы жоқ 
14.    Мәдениет  саласындағы  мемлекеттік  стипендияларды  алуға 
ұсынылатын 
құжаттарды 
қабылдау 
туралы 
хабарландыру 
құжаттарды  қабылдау  мерзімі  басталғанға  дейін  екі  айдан 
кешіктірмей уәкiлеттi органның қай бөлігінде орналастырылады? 
А) Интернетте 
В) Интернет-ресурсында 


 
59 
С) Газеттерде 
Д) Хабарламада 
15. Төраға болмаған жағдайда комиссияны кім басқарады? 
А) Президент 
В) Төраға орынбасары 
С) Министр 
Д) Директор 
 
9-тақырып.  Сән  әлемі.  Дизайн.  Адамның  жан  дүниесі  және  сыртқы 
келбеті. Ұлттық заманауи киім үлгілері.   
 
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс.
 
     Қылжақбас, қызғаншақ , сөзшең, кекшіл, қарапайым, қызба, талантты, 
сараң, білімді, әйгілі, еңбекқор, тәкаппар, сотқар, тартымды, мақтаншақ, 
берекесіз,  беделді,  мылжың,  сезімтал,
  шеберлік,  біліктілік,  жеке 
қасиеттер, қарым-қатынас орнатуға бейімділік,  жауапкершілік, мақсатқа 
ұмтылушылық,  компьютерлік  сауаттылық,  шығармашылық  көзқарас, 
ұйымдастырушылық қабілет, басқарушылық қабілеті.
 
 
Ойтүрткі 
 
1. Болашақ маманның қандай жеке қасиеттері болу керек? 
2. Оның бойында қандай кәсіби қасиеттер қалыптасуы қажет? 
3. Мамандығыңыздың басқа мамандықтардан айырмашылығы бар ма? 
4. Жақсы маман болу үшін не істеу керек? 
 
2-тапсырма. Жоғарыдағы тірек сөздерді жағымды, жағымсыз 
қасиеттерге бөліңіз 
 
Сөйлесеміз 
Оқылым  
                                                            Сән әлемі. 
        Мінез  –  саналы  өмір  жүйесінде  нәзік  болмыспен  қабаттас  дарыған, 
адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің 
психологиялық  жиынтығы.  Көркем  мінез  –  адамның  эстетикалық-
этикалық  сәні  мен  мәні.  Бұл  ретте  әдептілікті,  ұяттылықты, 
намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. 
Кез  келген  адамды  бір  көргенде-ақ  оның  көзі,  қасы,  беті,  құлақ-
мұрны,  аузы-мойны,  дене  бітімі  саған  әр  қилы  әсер  етеді.  Онымен 
танысып,  әңгімелесіп,  араласып  кетпей  тұрып-ақ  ол  қандай  адам,  сол 
жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды  адамның 


 
60 
сыртқы  келбеті  арқылы-ақ  танып,  білу  қасиеті.  Содан,  әлдекімді  бір 
көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі 
қандай  жасанды»,  «Түрі  қандай  тұрпайы,  өзі  арсыз  жан  шығар»  деп  те 
жатамыз.  Әйтеуір,  адамның  сыртқы  келбеті  не  сүйсіндіреді,  не  одан 
жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады. 
Сыртқы  келбет  (түр)  дегеніміз  не?  Адамның  сыртқы  келбетіне 
кіретін  дене,  заттар,  жаратылыс:  киім,  фигура  (латын  сөзі,  аударғанда: 
«сыртқы  түр»  деген  мағынаны  білдіреді),  келбет,  бет-әлпетінің  өзгерісі, 
дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. 
Адамның  қадір-қасиеті,  көпшілік  жағдайда,  мінез-құлқына  қарай 
бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір 
кеңістігінің  төріне  шығарады,  теріскейлігі  қазан-ошақ  басынан 
асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.  
Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық 
“адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады.«Келбеті мен мінезі жақсы 
адам  тозақ  отына  жанбайды»  -  деген  қазақ  халқының  иманды  сөзін 
есімізде ұстағанымыз жөн. Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-
білудің,    әрқайсының  сана-сезімімен  санаса  келіп,  олардың  жеке-дара 
өзгешеліктерін  түсіне  білудің  маңызы  айрықша.  Ол  әрине,  өзара  қарым-
қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Өмірдің бір 
орында  тұрмайтыны  белгілі.  Адамның  айналасындағы  жағдайлар  үнемі 
өзгеріп  отыратындықтан,  оның  әртүрлі  психикалық  өзгешеліктері  де 
біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу 
жүргізушілер  адамның  сыртқы  кескін-келбеті,  жүріс-тұрысы,  сөйлесу, 
сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, 
ақыл-парасатының,  ерік  күшінің,  белсенділігінің  қаншалықты  екенін 
аңғаруға 
болады 
деп 
есептейді.  
      Адам  тану-даналықтың  қайнар  көзі.  Ағат  айтқан  бір  сөзі,  жаңсақ 
басқан  бір  қадамы,  өтініш,  тілегіңді  кешеуілдетуі  –  асығыс  шешім 
қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның 
әртүрлі  себебі  бар  болуы  мүмкін.  Ал  адамдардың  кейбірі  сылтау,  себеп 
айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын. 
       Жүсіп  Баласағұни  айтқан  екен:  «Кісі  танымақ  болсаң,  ісіне  қара»,  - 
деп.  Адамның  уәдесінде  тұра  білуі,  өзгеге  жақсылық  жасауы,  малға  да, 
жанға  да  мейірімді  болуы,  жомарттығы,  кеңпейілділігі,  қарапайым, 
мәдениеттілігі,  еңбекқорлығы  оның  қандай  адам  екенін  айтқызбай-ақ 
танытады,  өскен  ортасы  мен  алған  тәлім-тәрбиесінен  де  мол  мағлұмат 
береді.  Ал  мұның  сыртында  адамның  киген  киімі  мен  үйінің  тазалығы, 
ұстаған  құрал-жабдықтарының,  көлігінің  жағдайы,  қатысатын  ойын-
сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы. 
 
 
Сөйлесім. Мәтін бойынша ой алмасу.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау