47
бөлінді. Дәстүр бойынша Отан қорғаушы күні Қазақстан Президенті
(Жоғарғы Бас қолбасшы) кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен
әскери қызметшілерге наградалар тапсырады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан
үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз
миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.
«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол
кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың
өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. Осы кезең
аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25
мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым,
мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік
рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік
рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер -
мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік
Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері
саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі
алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан
Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992-
нші жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.
Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші
Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі
болып табылады. 1992-нші жылы республикамыз әнұранның әні мен
мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің
авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.
2006-ншы жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Бақытты
тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан
басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің
Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы
жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік рәміздер күні -
Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан
патриоттық сезіммен мерекелейді.
1 – тапсырма.
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Мәтінге өз ойыңызша қандай атау берер едіңіз?
2 – тапсырма.
Оқылым бойынша тапсырмалар :
48
1. Мереке дегеніміз не ?
2. Мейрамдардың ерекшеліктері ?
3. Мейрамдардың аталуы себебі ?
4. Ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мерекелердің айырмашылығы?
3 – тапсырма.
Мәтін бойынша ой алмасу.
Мәтін бойынша сұхбат жүргізіңіз.
4 – тапсырма.
1. Мәтінге басқаша қандай атау берер едіңіз ?
2. Бұл мәтіннен басқа қандай мереке немесе атаулы күндерді білесіз ?
3. Жоғарыда көрсетілген мерекелермен атаулы күндердің бір – біріне
қатысы барма ?
Оқылым.
Халақаралық әйелдер күні.
Халықаралық әйелдер, нәзік жандылар , сұлулар күні Мемлекеттік
мейрам Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы
Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында
герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара
Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні
ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. Әсіресе ТМД елдерінде
(бұрынғы Кеңес одағы) атап өтіледі. Барлық елдерде әйелдер бұл күнді
бейбітшілік үшін күрестегі ынтымақтастық күні ретінде өткізеді.
Қазақстанда 8 наурыз - күнтізбедегіқызылкүн .
7 – тапсырма .
1. Мәтінді оқып , өз ойыңызбен бөлісіңіз .
2. Мәтінде кездескен сын есімдерді белгілеңіз.
8 – тапсырма.
Тапсырмада берілген сөздер тізімінен өзіңіз білетін сөзді белгілеңіз .
9 – тапсырма.
Жазыңыз.
1. Мен білетін мейрамдар атауы....
2. Еркін шығарма жазыңыз.
10 – тапсырма .
Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз
Халық , тәуелсіздік , сұлу , өмір .
Оқылым.
49
Конституция күні.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 1995 жылғы
мамырдың 30-ында бүкілреспубликалық референдумда қабылданған
Конституция - еліміздің Негізгі Заңы ретінде бүкіл халықтың ерік-
жігерінің айғағы, «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен
бостандықтары». 2011 жылы Қазақстан Ресбубликасының Негізгі
заңымыздың қабылдануына 16 жыл толады.
11 – тапсырма.
Мәтінге сұрақтар құрыңыз.
Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз.
12 – тапсырма .
1. Конституция күні туралы сұхбат құрастырыңыз.
2.
Мәтіннен тәуелдік , септік , жіктік , көптік жалғаулары бар сөздерді
теріп жазыңыз.
13 – тапсырма .
Қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз
1.Мемлекеттік мерекелер –
2.Мереке –
3.Халық –
4.Халықаралық әйелдер күні –
5.Жеңіс күні –
6.Тәуелсіздік күні –
7.Әскери қызмет –
8.Мемлекеттік рәміздер –
9.Жарлық –
10.Ұлттық мерекелер –
14 – тапсырма. Анықтама беріңіз.
Мереке –
Ұлттық мереке –
Мемлекеттік мереке –
Кәсіби және өзгеде мерекелер –
Тест
1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар ?
А)140
Ә)145
Б)142
В)143
2. Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды ?
Достарыңызбен бөлісу: |