93
2 бөлім. «Денсаулық лагеріндегі екі апта» 3-4 сыныптың балаларына
арналған.
Бұл курстың мақсаты – салауатты өмір салтының құраушысы ретінде
тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Оқу үрдісінде оқушылар:
Танысады
Тамақтануға және денсаулыққа байланысты халық дәстүрімен;
Денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған тамақтану
ережелерімен;
Тамақтануға
байланысты
этикеттің
ережелерімен,
этикет
машықтарының тұлғаның жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігін
түсінумен.
Игереді
Салауатты тамақтанудың құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану
машықтарын.
3 бөлім. «Дұрыс тамақтану формуласы» 5-6 сыныптың балаларына
арналған.
Бұл бөлімде келесі тәрбиелік және ағарту міндеттері іске асырылады:
• Жасөспірімдердің денсаулық туралы маңызды адами құндылықтардың
бірі ретіндегі түсінігі, өз денсаулығына қамқорлық жасауға және нығайтуға
дайындықты қалыптастыру дамиды.
• Жасөспірімдердің денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған
тамақтану ережелері, осы ережелерді қадағалауға дайындықты қалыптастыру
туралы білімі кеңейеді.
• Салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану
машықтары дамиды.
• Тамақтануға байланысты этикеттің ережелері, этикет машықтарының
тұлғаның жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігін түсіну дамиды.
• Тамақтанудың
әлеуметтік-мәдени
жақтары,
оның
халықтың
мәдениетімен және тарихымен байланысы туралы түсінік дамиды.
• Балаларда денсаулықпен және тамақтанумен байланысты халық
дәстүрлеріне, тарихқа және өз халқының тарихына қызығушылық оянады, өз
халқының мәдениетін және басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін
құрметтеу сезімдері қалыптасады.
• Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеті, ой өрісі, танымдық
қызметке қызығушылығы дамиды.
• Оқушылардың қарым-қатынастық машықтары, мәселені шешу
барысында құрбыларымен және ересектермен тиімді өзара әрекеттесуге
үйренуі дамиды.
94
• Жасөспірімдік жастағы дұрыс тамақтану мәселесінде ата-аналарды
ағарту ұйымдастырылады.
4 бөлім. "Тағам және қоректік заттектер " 7-8 сыныптың балаларына
арналған.
Бұл курстың мақсаты – балаларда адам өміріндегі тағамның және
қоректік
заттектердің
маңыздылығының
қалыптасуы.
Оқу үрдісінде оқушылар:
Танысады
Қоректік
заттектермен
(макро-
және
микронутриенттермен:
ақуыздармен, майлармен, көмірсулармен, дәрумендермен және минералдық
заттектермен) қамтамасыз ететін тағамдық рационмен;
Адамның тамақтануындағы макро- және микроэлементтердің ролімен;
Судың тағамның компоненті ретіндегі маңызымен.
5 бөлім. "Физиологиялық нормалар және тамақтану тәртібі" 9
сыныптың балаларына арналған.
Бұл курстың мақсаты – балаларда физиологиялық нормалар мен
тамақтану тәртібі туралы, алдымен, балалар мен жасөспірімдердің жасқа
байланысты физиологиясының ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау
және нығайтудың құрамдас бөлігі, аурулардың (жүрек-қантамыр, диабет,
семіздік, онкологиялық дерттер, т.б.) алдын алудың ажырамас шарты ретінде
қоректік заттектер мен энергияны тұтыну нормаларын қадағалау қажеттілігі
түсініктің қалыптасуы. Сондай-ақ, тағам өнімдерінің экологиялық
қауіпсіздігіне, тағамдық қоспаларға, балаларда ас қорыту жүйесі
ауруларының, дәрумендік тапшылықтың алдын алуға назар аударылады.
«Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасының өзекті идеясы – өз
денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігі, алдымен, дұрыс тамақтанудың
денсаулықты сақтаудағы және нығайтудағы, алдын алудағы маңыздылығы.
Оқу-әдістемелік жиынтықтың мазмұны, сондай-ақ, оны іске асыру
түрлері мен әдістері оқушыларды бағдарлама бойынша жұмысқа белсенді
қатыстыруға,
зерттелетін
тақырыпқа
олардың
қызығушылығын
ынталандыруға, құндылықтық нормативтер мен машықтарды иегруге
бағытталған интерактивтік сипатта.
Бағдарламаны іске асыруда ата-аналардың қатысуы аса маңызды.
Тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру тиімділігі бағдарламада
анықталған нормалар мен құндылықтардың оқушылардың отбасында
қаншалықты қолдау табуына байланысты.
Бағдарламаны оқыту әдістемесінің негізін мәселелік-іздеу тәсілі
құрайды, ол балалардың салауатты тамақтану мәселесін танудағы түрлі
тәсілдерді белсенді игеруін және жаңа білімді «ашуын» қамтамасыз етеді.
95
Бұл орайда бірыңғай ақпараттық-ағарту ортасын құрайтын құралдар жүйесін
қолданумен оқытудың алуан түрлі әдістері мен түрлері пайдаланылады.
Бағдарламаның оқу жоспарындағы орны
«Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасын оқытуға әр сыныпта (1-9
сыныптар) жылына 7 сағат бөлінеді. Бағдарлама 63 сағатқа есептелген.
Бағдарлама мазмұнының құндылықтық бағдарлары
Оқыту нәтижесінде оқушылар игереді:
• Маңызды адами құндылықтар ретінде денсаулық туралы білімді;
• Денсаулықты нығайту машықтарын;
• денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған тамақтану
ережелері туралы білімді, оның ішінде, тамақтанудың бойға, салмаққа, жасқа,
адамның өмір салтына сәйкестігі туралы түсінікті;
• салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану
машықтарын.
Бағдарламаны игеру нәтижелері
Оқушылардың бағдарламаны игерудегі тұлғалық нәтижелері:
• салауатты тамақтану саласындағы танымдық қызығушылық пен
белсенділік көрсетуі;
• салауатты тамақтанудың негіздерін, нормаларын және ережелерін
игеру;
• салауатты тамақтануға қарай саналы таңдау жасауға дайындық және
қабілеттілік, оның ішінде, тағам өнімдерінің аса тән түрлерінде бағдарлану;
тағамдық мінез-құлықтың пайдалы құндылықты-мәнді негіздерін саналы
түрде таңдау.
Бағдарламаны игерудің метапәндік нәтижелері:
• дұрыс тамақтану туралы жүйелі білімді игеруге, оларды өздігінше
толықтыруға, енгізуге қабілет және дайындық;
• ынтымақтастыққа және қарым-қатынасқа қабілет;
• салауатты тамақтану мәселесіне байланысты тұлғалық және әлеуметтік
маңызды мәселелерді шешуге қабілет, және оларды тәжірибеге енгізу;
• салауатты тамақтану саласында өзін-өзі ұйымдастыруға, реттеуге және
серпінге қабілет;
Бағдарламаны игерудің пәндік нәтижелері:
Танымдық салада:
• салауатты тамақтанудың жеке жолын жобалау және құру үшін оқу және
қосымша технологиялық ақпаратты ұтымды қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: |