Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Күн тәртібі»
Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінікті қалыптастыру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: күн тәртібі, ұйқы, қайырлы таң.
Көрнекіліктер: күн тәртібінің суреттері, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
«Тілек шоғы»
«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.
Әңгімелесу.
-Таңертеңгілік жаттығу дегеніміз не?
-Омыртқаның қисаюы деген не?
-Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек?
-Жалпақтабан дегеніміз не?
Д/о: «Жыл мезгілдері»
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру.
«Күн мен түн» қимылды ойыны.
Әңгімелесу.
Жұмбақ шешу.
Дүниеде не тәтті? (Ұйқы)
Сергіту сәті.
Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма.
Ке-рі-ліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла!
Терезе-есікті ашқанда,
Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа!
Аутотренинг.
Д/о: «Ұйқы перизаты».
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Ұйықтар алдында бөлмені желдету;
Ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдау;
Ұйқы алдында таза ауада серуендеу;
Жатар алдында балаға ертегі оқып беру;
Бала тез ұйықтау үшін, балаға бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкізу;
Баланың төсек-орны жұмсақ та, аса қатты да болмауы қажет;
Қортынды:
Ұйқы – адам өміріне аса қажет.
Барлық адамдар күн тәртібін сақтағаны жөн.
Адам-табиғаттың бір бөлігі.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің өлеңін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Балалар ойын ойнайды.
Күн тәртібі туралы әңгіме құрастырады.
Жұмбақ шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойын ойнайды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: күн тәртібі туралы түсінікті.
Нені игереді : Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын.
Нені біледі: Өз денсаулығына құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Ұйқы-жанның нәрі»
Мақсаты: Балалардың ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы- күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінікті қалыптастыру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: ұйқы, қалғу, тәтті ұйқы.
Көрнекіліктер: күн тәртібінің суреттері, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
Жұмсақ ойыншықтар мен қуыршақтар жатқан ойыншық төсектер қойылған бөлмеге балаларды әкелу.
-Біз қайда келдік?
-Ойыншықтар не істеп жатыр?
Балаларға ойыншықтарды тұрғызуларын айту.
Балалармен әңгімелесу.
-Ұйқы не үшін керек?
-Жануарларға ұйқы қажет пе?
Жұмбақ жасыру.
Дүниеде не тәтті? (Ұйқы)
«Тәтті ұйқы» сөзіне түсінік беру.
«Күн мен түн» қимылды ойыны.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
«Бесік жырын» тыңдату.
«Қалғу» деген сөзге түсінік беру.
Сергіту сәті.
Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма.
Ке-рі-ліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла!
Терезе-есікті ашқанда,
Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа!
Д/о: «Не артық?».
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Ұйықтар алдында бөлмені желдету;
Ұйқы алдында тісін тазалап, душ қабылдау;
Ұйқы алдында таза ауада серуендеу;
Жатар алдында балаға ертегі оқып беру;
Бала тез ұйықтау үшін, балаға бал қосылған бір кесе жылы сүт ішкізу;
Баланың төсек-орны жұмсақ та, аса қатты да болмауы қажет;
Қортынды:
Ұйқы – адам өміріне аса қажет.
Барлық адамдар күн тәртібін сақтағаны жөн.
Адам-табиғаттың бір бөлігі.
|
Балалар қуанады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді
Балалар ойын ойнайды.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойын ойнайды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: «ұйқы», «қалғу», «тәтті ұйқы» сөзінің мағынасын.
Нені игереді : Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызын, күн тәртібіндегі орнын, толыққанды ұйықтаудың қажеттігін.
Нені біледі: Өз денсаулығына құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Мен кіммін?»
Мақсаты: Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу. Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтануға үйрету. Балаларға жүйке жүйесі және мидың маңызы туралы түсінік беру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: жүйке жүйесі, ми, мидың қызметі.
Көрнекіліктер: адам денесінің құрылысының суреттері, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
«Тілек шоғы»
Өткен сабақты қайталау.
-Күн тәртібі дегеніміз не?
-Ұйқы – адам өміріне не үшін қажет?
-Адамдар күн тәртібін сақтағаны жөн деп ойлайсыңдар ма?
- Дәрігер Салауаттың кеңестерін айтып беріңдерші.
-Адам деген кім?
Әңгімелесу.
Ол жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті. (Адам).
Д/о: «Адамның денесін құрастыр»
Балаларға ертегі оқып беру.
«Ғажайып түс» ертегісі.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Д/о: «Ғажайып дорба».
Тәжірибе жасату.
Үлкейткіш шыны көмегімен қолының терісіндегі ұсақ тесіктерде көреді.
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Ойын кезінде басты соғып алудан сақтан;
Басқа тиген қатты соққы ауыр жарақат – мидың шайқалуына әкеп соғады. Мұндай жағдайда дәрігерге көріну керек;
Тіпті жер сілкіну кезінде де үстелдің астына тығылып, басын қолымен қалқалау қажет.
Ұйқы кезінде ми және жүйке жүйесі демалады;
Тамақтану тәртібі де жүйке жүйесіне әсер етіп, тәбеті жоғарылап, ас жақсы қорытылады.
Жүйке жүйесі спорттық ойындар мен таза ауадағы серуен кезінде жақсы демалады.
Қортынды:
Адам-табиғаттың ең керемет жаратылысы.
Адам өз өмірін қорғауы керек.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Жұмбақ шешеді.
Балалар ойын ойнайды.
Адамның денесін құрастырады.
Ертегіні тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойын ойнайды.
Үлкейткіш шыны көмегімен қолының терісіндегі ұсақ тесіктерді көреді.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Адам денесінің құрылысын.
Нені игереді : Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтанудың маңызын.
Нені біледі: Өз денсаулығына құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Жүрек және оның жұмысы»
Мақсаты: Балаларды адам ағзасының ең маңызды мүшесі – жүрекпен таныстыру, оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру. Дүние танымын кеңейтіп, айналаға сүйіспеншілікпен қарауға дағдыландыру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: жүрек, фонендоскоп.
Көрнекіліктер: фонендоскоп, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
Өткен сабақты қайталау.
-Адам деген кім?
-Адамның дене құрылысын атап беріңдерші.
Жұмбақ жасыру.
Күндіз-түні қағады,
Сағат болып соғады.
Тоқтап қалса ол егер,
Өте жаман болады. (Жүрек)
Балаларды фонендоскоппен таныстыру.
Балаларға жүрек қызметі туралы әңгімелеу.
Жұмбақ жасыру.
Сағат емес, соғады,
Балға емес, қағады. (Жүрек)
Сергіту сәті.
«Сағат»
Сағат тілі тосылмай,
Жүреді тек осылай:
Сырт-сырт, сырт-сырт.
Сағат қазір,шамасы,
Қанша болды қарашы:
Сырт-сырт, сырт-сырт.
Д/о: «Дұрыс-бұрыс»
Тәрбиеші айтып тұрады, балалар жауап береді.
-Темекі шегу пайдалы...
-Пайдалы ғой қыдыру, таза ауада жүгіру.
-Тәтті тоқаш пен торттар – жүрекке зиян олар.
-Дәрумен, жеміс-жидектер – жүрекке пайда тигізер.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Жүректің суретін бояту.
Әңгімелесу.
-Сендерге жүрегі жұмсақ жандар мен қатігез жандардың қайсысы ұнайды?
-Өз отбасыңда кімнің жүрегі жұмсақ деп ойлайсың?
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Жүрек мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылдану керек.
Дұрыс тамақтану керек.
Таза ауада жиі жүру керек.
Жеміс-жидектерді көбірек пайдалану керек.
Жақсы істер жасау керек.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді.
Балалар фонендоскоппен бір-бірінің жүрек қағысын тыңдайды.
Жұмбақ шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойын ойнайды.
Балалар жүректің суретін бояйды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: адам ағзасының ең маңызды мүшесі – жүрек екені туралы түсінікті.
Нені игереді : Жүрек мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылданудың маңызын.
Нені біледі: Өз денсаулығына құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Мен және мені қоршаған орта»
Мақсаты: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын қалыптастыру. Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: флора, фауна.
Көрнекіліктер: Өсімдік пен жануарлардың суреттері, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
Өткен сабақты қайталау
-Адам ағзасының ең маңызды мүше қандай мүше?
-Ол қандай қызмет атқарады?
-Адамға ең қажетті дене мүшелерін ата.
-Қаңқа деген не?
-Тері қандай маңызды рөл атқарады?
Табиғаттың сыйы жөнінде әңгімелесу.
Табиғат – адамдарды қоршаған әлем.
Тірі табиғат, өлі табиғат туралы білімдерін қайталау.
Әңгімелесу.
Флора мен фауна дегеніміз не?
Флора – өсімдік әлемі (ағаштар, гүлдер, бұталар, шөптер, т.б.)
Фауна – жануарлар әлемі (үй жануарлары және жабайы жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктер)
Сергіту сәті.
Ойын-лото - «Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері».
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма!
Бөтен итті сипама, жақындама. Абай бол!
Егер балапаны немесе жұмыртқасы бар ұяны көрсең, тиіспе!
Жануарларды таяқпен соқпа, аяқпен теппе, құйрығынан тартып, жәбірлеме!
Қортынды:
Табиғат – тіршілік нәрі.
Флора мен фаунаны қорғап, күту керек.
Адам-табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде ауа, су, күн болмаса, тіршілік атаулы болмас еді.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің өлеңін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Табиғат туралы білетіндерін айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойын ойнайды.
Тапсырманы орындайды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Флора және фауна туралы түсінікті.
Нені игереді : Өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын.
Нені біледі: Қоршаған ортаға құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Жер-біздің ортақ үйіміз»
Мақсаты: Балалардың табиғат пен аданың бір-бірімен тығыз байланысы туралы білімдерін кеңейту. Танымдық қызығушылықтарын, дұрыс сөйлеу қабілеттерін арттыру. Айналадағы қоршаған орта мен өз денсаулығына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: Тірі табиғат, өлі табиғат.
Көрнекіліктер: Тірі табиғат, өлі табиғат бейнеленген суреттер, жұмыс дәптері.
Кезеңдер
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбері:
Кел,балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
2.Кіріспе:өткен ережеледі естеріне түсіру.
-Өлең жолдарын оқу:
Күлкі деген керемет
Бәрімізге өте керек.
Жақсылықпен қуаныштың,
Белгісі болып есептеледі.
3.Сұрақ-жауап:
-Балалармен табиғат әлемі туралы әңгімелесу.
-Таныс ережелерді қайталау. «Адам табиғатпен және жер бетіндегі тіршілікпен өзара сәйкестікте өмір сүр-се, дені сау және бақытты өмір сүре алады»-деген қор-тынды жасау.
-Флора және фауна сөздерінің мағынасын түсіндіру.
4.Дидактикалық ойын: «Жақсы-жаман»
5.Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
6.Дидактикалық ойын: Біз сенімен қандаспыз»
Шарты:педагогикалық сыр-сандықта
7.Қортындылау:
-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-Біздің туған жерімізде нелер және кімдер өмір сүреді?
-Адам-табиғат бөлігі.Жер бетінде ауа,күн,су болмаса тіршілік атаулы болмас еді.
|
-Өлең жолдарын қайталайды.
-өлеңді тыңдайды.
-жылы сөздер айту
-сұрақтарға жауап береді.
-сұрақтарға жауап береді
-өлең жолдарына қимыл жасайды.
-ойын ойнайды
-Сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Білу: Жер-біздің ортақ үйіміз туралы түсінік алу.
Игеру:ережелерді білу
Меңгеру:флора мен фауна сөздерінің мағынасын меңгеріп алу
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Күн, ауа және су-біздің достарымыз»
Мақсаты: Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізетін әсері жөнінде мағлұмат беру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: «күн, ауа және су» - біздің достарымыз
Көрнекіліктер: күн, ауа және су-біздің достарымыз тақырыбына байланысты суреттер, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
«Тілек шоғы»
Әңгімелесу.
-Табиғат дегеніміз не?
- Табиғатқа қандай қамқорлық жасауымыз керек?
Д/о: «Жыл мезгілдері»
Жұмбақ шешу.
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Күннің астында көп қыздырынуға болмайды.
Баскиімсіз күннің астында көп жүруге болмайды.
Күнде шынығуды судың жағасында, ертеңгілік уақытта қабылдау керек.
Релаксацияға арналған жаттығулар.
Тәжірибе:
Әр балаға бір-бір шар беріледі. Олар үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.
Әңгімелесу.
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
-Таза ауа-табиғат байлығы, оны қорғауың керек. көбірек гүлдер мен ағаш отырғызыңдар.
Тәжірибе:
Екі стақан дайындау: біреуі-тұзды, біреуі-тұзсыз. Балаларға осы екі судың дәмін татқызып көрсетіп, тұзды су ішуге жарамсыз деген қортынды жасайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Өзенде ағып жатқан суды ішуге болмайды.
Суды үнемдеп, таза сақтау керек. оны ластауға болмайды.
Күн, ауа және су – адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілер
Қортынды:
Күн және ауа -табиғат сыйы.
Күн және ауа – табиғи дәрі.
Таза су – тіршілік атаулы өмірінің нәрі, табиғи құнды байлық.
Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Балалар ойын ойнайды.
Жұмбақ шешеді.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
Тәжірибе жасайды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
Тәжірибе жасайды.
Әліппе-дәптердегі тапсырмалады орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Денені шынықтырудың түрлі жолдарын.
Нені игереді : Күн, ауа және судың адам денсаулығына тигізетін әсері туралы түсінікті.
Нені біледі: Табиғатқа құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Судың тазасы-дерттің қазасы»
Мақсаты:1.балаларға судың денсаулыққы пайдасы туралы түсінік беру.2.суды үнемді пайдалану ережелерін түсіндіру. 3.балаларды ұқыпты,таза болуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:көлдің,теңіздің суреттері.
Сөздік қоры: үнемдеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.
Кезеңдер
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбері:
Кел,балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
2.Кіріспе:жұмбақ жасыру
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
3.Сұрақ-жауап:
-Су не үшін керек?
-Жер бетінде не көп?
Тәжірибе өткізу:
А)судың дәмі жоқ;
Б)судың иісі жоқ;
В)судың пішіні жоқ.
4.Жаңа тақырып:
-Балаларға ғаламшарды көрсетіп жер бетінде су көп екенін дәледеп айту.
-Жер бетінде ащщы су көп екенін түсіндіру.
-Суды картада қандай түспен белгілейміз
-Су қайда болады?
-ЕКі стақанға су құйып,біреуіне тұз салып,балаларға салыстыру үшін ішкізіп көрсету.
-Тұзды суды ішуге келмейді.
5.Қауіпсіздік мектебінің кеңестері:
-өзендерден,жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды,оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар болуы мүмкін.
-суды үнемдеп,таз сақтау керек.Оны ластауға болмайды.Ауасыз,сусыз адамдар өмір сүре алмайды.
4.Сергіту сәті:
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай
Болайықшы,досым-ай.
5.Дидактикалық ойын: «Қажетті сөздерді ойла»
Шарты:балалар сәйкес келетін сөздермен су,өзен, те-ңіздерді суреттейді.
6.Қортындылау:
-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-суды қалай сақтау керек?
-Қайдан су ішуге болмайды?
-Теңіздің суы қандай?
-Суды қалай үнемдеуге болады?
|
-Өлең жолдарын қайталайды.
-жауабын тыңдау
-тәжірибе жасайды.
-сұрақтарға жауап береді
-өлең жолдарына қимыл жасайды.
-зейін қойып ойнайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Білу:су туралы түсінік алу.
Игеру: суды қалай үнемдеу керектігі жөнінде түсінік алу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Дене тәрбиесі»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі»
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі - жүрекпен таныстыруды жалғастыру. Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы түсініктерін кеңейту. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: спорт, дене тәрбиесі.
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
«Тілек шоғы».
Әңгімелесу.
-Шынықтыру дегеніміз не?
-Ол не үшін қажет?
-Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
-Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығу жасайды?
Д/о: «Спорт түрлерін ата»
Ойын: «Қырықаяқ»
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Әңгімелесу.
Жұмбақ шешу.
Күндіз-түні қағады,
Сағат болып соғады.
Тоқтап қалса ол егер,
Өте жаман болады. (Жүрек)
Жүрек және оның қызметі жайлы әңгімелесу.
Сұрақ қою.
-Жүрек тоқтап қалса не болады?
Сергіту сәті.
Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма.
Ке-рі-ліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла!
Терезе-есікті ашқанда,
Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа!
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Спортпен, гимнастикамен шұғылдану керек.
Шарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян әкеледі.
Қортынды:
Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.
Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.
Шарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян тигізеді.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Балалар ойын ойнайды.
Әліппе-дәптердегі тапсырмалады орындайды.
Жұмбақ шешеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: дене тәрбиесінің адам өміріндегі маңызы туралы түсінікті.
Нені игереді : Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын.
Нені біледі: Өз денсаулығына құрметпен қарауды.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Тазалықшының кеңестері»
Мақсаты: Балаларды көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Тіс аурулары туралы айту, тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: тазалықшы, тазалық ережелері..
Көрнекіліктер: тісті күту жолдарының суреттері, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
|
«Тілек шоғы»
-Шынықтыру дегеніміз не?
-Ол не үшін қажет?
-Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
-Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығу жасайды?
«Мойдодыр» ертегісін оқу.
Әңгімелесу.
Жұмбақ шешу.
Өзі аппақ маржандай,
Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс)
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас. (Тас)
Қимылды ойын: «Тіс емханасы».
Тазалық ережесі:
Тісті күніне екі рет тазалау керек.
Тамақтан кейін ауызды шаю.
Ыстық тамақтан кейін суық су ішпеу.
Қатты заттарды тіспен шақпау.
Тәттіні көп жемеу.
Жиі тіс дәрігеріне көріну.
Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.
Әңгімелесу.
Қиялдау ойын: «Ыммен айт».
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
Бір таудың екі жағынан,
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (Екі құлақ)
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Аязды күні жылы бас киім кию керек.
Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды.
Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек.
Қортынды:
Құлақ, көз, мұрын, тері – адамның айнала қоршаған ортаны танып білуіне көмектеседі.
Көзі көрмейтін адамдарды сыйлап, оларға құрметпен қарау керек.
|
Балалар өз ойларын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешінің ертегісін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді.
Балалар ойын ойнайды.
Тазалық ережесін естеріне сақтайды.
Балалар ойын ойнайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Жұмбақ шешеді.
Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне сақтайды.
Сабақты қортындылайды.
|
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
-Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?
Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар өз әсерлерін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тіс аурулары туралы айту, тісті күту ережелерін.
Нені игереді : Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдаланудың маңызын.
Нені біледі: Өз денсаулығына құрметпен қарауды.
Достарыңызбен бөлісу: |