55
(National Association for Sport and Physical Education et al, 2004). Стандарттар
әр сыныптағы оқушының күтілетін нәтижесін анықтау үшін негіз болады.
Бұл стандарттарда қарастырылатын ұсыныстардың негізінде нормалар, оқу
үрдісінің құрылымы, оқу жопары әзірленеді.
Дене
шынықтыру
бойынша
жоспарда
дене
белсенділігінің
денсаулықтың денелік, әлеуметтік және психологиялық жағдайы үшін
пайдасы туралы білімге; дене шынықтыру сабақтарымен байланысты
компоненттерге; дене белсенділігі мен дене шынықтыру арасындағы
байланысқа (National Association for Sport and Physical Education et al, 2004);
жаттығу ұстанымдарына; жарақаттанудың алдын алуға; энергияны
шығындауға; дене белсенділігіне әсер ететін әлеуметтік тараптарға сүйену
қажет (Ayers et al, 2004).
Мектептер оқушылардың дене шынықтыру сабағында өткізетін
уақытының, кемінде 50%-да дене белсенділігінің орташа немесе жоғары
қарқындылығымен қамтылуы тиістігі көрсетілген ұсыныстарды ұстануы
қажет (National Association for Sport and Physical Education et al, 2009).
Дене шынықтыру мұғалімдері әкімшілік және басқару мәселелерін
шешуге байланысты қызметке жиі көп уақыт жұмсайды (мысалы, қатысуды
тексеруге және хабарламаларды шолуға), бұл орташа немесе жоғары
қарқындылықты дене белсенділігімен айналысуға ықпал етпейді (McKenzie
et al, 2000; Fairclough et al, 2005; Scruggs et al, 2003; van Beurden et al, 2003).
Дене белсенділігі саласында машықтарды игеру үшін және оларды
орындауға сенімді болу үшін оқушылар оларды біртіндеп, қарапайымнан
күрделіге көшу арқылы үйренуі тиіс (Pangrazi et al, 2006). Оқушыларға дене
шынықтыру сабағы кезінде таңдау жасауды ұсыну олардың жалпы дене
белсенділігінде қатысу қабілетіне сенімін арттырады (Xiang et al, 1998; Xiang
et al, 2004). Мысалы, оқушыға нақты дене белсенділігінің түрін немесе
қарқындылығын таңдауды ұсыну оның болашақта осы қызмет түрін орындау
қабілетіне сенімін арттыруға, біртіндеп, жаттығуын қарқынды ете алуына
ықпал етеді (Shimon et al, 2009).
Сыртқы кедергілерді жеңе алатындығына сенімді балалар мен
жасөспірімдер белсенді өмір салтын ұстануға қабілетті болады, дене
белсенділігіне қатысуға ынтасы зор болады (Motl et al, 2005). Сондықтан,
оқушыларға ішкі және сыртқы кедергілерді анықтауға және жеңуге мүмкіндік
беретін іс-шаралар мен тапсырмалар дене тәрбиесі саласына енгізілуі шарт.
Дене белсенділігін оқушылардың қабылдауына оң әсер ету олардың
дене тәрбиесінен тыс уақытта да дене белсенділігінің әр түрімен
айналысуына әсер етеді. Дене тәрбиесі дене белсенділігінің әр түрімен
айналысудың маңызды, ұнамды екендігі туралы оқушының көзқарасын
ынталандыруы тиіс. Дене белсенділігіне қатысуда оқушының өзін бағалауын
арттыруы өзімен қанағаттану сезімін алу мүмкіндігін арттырады, демек, дене
56
белсенділігінің әр түрімен айналысуын да арттырады. (Dishman et al, 2005;
Dishman et al, 2005). Түрлі іс-шаралар, дене белсенділігінің артықшылығына
назар аудару арқылы барлық оқушылардың қажеттілігі мен мүддесін
қанағаттандыру, алған машықтарын қолдануға мүмкіндік беру оқушыларға
дене белсенділігіне оң қарым-қатынасын дамытуға көмектеседі.
4.2. Дене тәрбиесі саласындағы оқушылардың үлгерімінің
хаттамалары. Дене тәрбиесінің оқу жоспарына оқушыны бағалау үшін
жасына сәйкес хаттамалар кіруі тиіс (National Association for Sport and
Physical Education et al, 2004; National Association for Sport and Physical
Education et al, 2001). Дене тәрбиесі саласында оқушыны бағалауды
сәйкестендірілген нұсқауға сай оқушылардың дене тәрбиесі стандарттарына
қаншалықты жақсы жауап беруін анықтау үшін қолдану қажет, сондай-ақ,
бұл мұғалімге оқу үрдісіне мониторинг жүргізуге және жақсартуға
көмектеседі. Бағалау көптеген пішімдер бойынша жүргізіледі, оның ішінде,
нақты машықтарды көрсету (Pellett et al, 1997), білімге негізделетін тестілеу
(Ayers et al, 2004), оқу тәжірибесін бекітуге ықпал ететін мектептен тыс
тапсырмалар, қимыл машықтарының ілгерілеуін бағалау (Karabourniotis et al,
2002) және белсенді өмір салтын құру.
Мектептер оқушылар мен ата-аналар үшін кері байланысты қамтамасыз
ету, мінез-құлық машықтарын қолдану әдістеріне оқушыларды үйрету
(мысалы, өзін бағалау, мақсат қою, шешім қабылдау және өзін басқару),
жалпы мектептік дене дайындығының деңгейін анықтау үшін спорттық
тестілеуді өткізу мәселесін қарастырады (Ernst et al, 2006). Спорттық
тестілеу, сондай-ақ, оңтайлы дене дайындығын қолдауға бағыт алған
оқушылардың дене тәрбиесі стандарттарына қол жеткізуін анықтау үшін
қолданылуы мүмкін (National Association for Sport and Physical Education et al,
2004). Оқушылардың спорттық бағалауын өткізуде дене белсенділігінің
өздігінше мониторингіне және өзін бақылау машықтарына үйрету қажет
(Ernst et al, 2006; Twisk et al, 2002; Pangrazi et al, 2006; Whitehead et al, 2003).
Спорттық тестілеу барлық оқушылардың абыройын сақтау және қадағалау
мүмкін болатындай өткізілуі тиіс (демек, тестілеу нәтижелері құпия болуы
тиіс, тестілеу барлық оқушылар оның өткізілу рәсімімен хабардар болғаннан
кейін
ғана
өткізілуі
тиіс).
Спорттық
тестілеудің
нәтижелері
бағдарламалардың тиімділігін бағалау және белгілі деңгейін тағайындау үшін
қолданылмайды, себебі, бұл өлшемдердің мәні өзгермелі болады, жалпы дене
дайындығын жақсарту үрдісі оқытушы мен оқушының бақылауынан тыс
факторлардың ықпалында (мысалы, генетика және дененің жетілуі ) болады
(Bouchard et al, 1998; Bouchard et al, 1999).
4.3. Сабақ арасындағы уақыттағы дене белсенділігі. Барлық
бастауыш мектептер оқушыларда кемінде, күнделікті 20 минуттық үзіліс
болуы тиістігі жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды орындауы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |