63
әзірлеген ұсыныстарға сай, ДСИ есептеу кемінде, жылына бір рет оқушының
педиатрға немесе басқа дәрігерге баруында өткізілуі тиіс болатын (Barlow et
al, 2007). ДСИ скринингін өткізуге шешім қабылдаған мектеп оқушылардың
мәліметтерінің құпиялығына кепілдік беруі тиіс, оқушыларды әлеуетті
зияннан қорғауы қажет, бағдарламаның салауатты салмақты қолдауға оң
әсері мүмкіндігін арттыруы қажет. Мектептер оқушылардың одан әрі
диагностикасын және емделуіне қол жетімділікті қамтамасыз етуі қажет.
5.3. Салауатты тамақтану, дене белсенділігі мәселелері бойынша
оқушыларға кеңес беру. Кеңес беру қандай да бір кінә тақпастан, сезімтал
және үміттендіретін тәсілмен, оқушыға салауатты тамақтану, дене
белсенділігіне қатысты оң немесе теріс көзқарасын білдіруіне және оларды
жақсартуға өзіндік жоспарын анықтауға болатын ынталандыру мақсатындағы
сұхбаттан басталуы мүмкін. Ынталандыру мақсатындағы сұхбаттың
барысында қызметкерлер сұрақ қояды, хабардар етеді, кеңес береді және
салауатты тамақтану, дене белсенділігі туралы тыңдайды. Кеңес беретін
қызметкерлер алдын ала салауатты тамақтану, дене белсенділігі мәселелері
туралы сәйкес оқудан өтуі қажет. Оқушыларды бағалау нәтижелері кеңес
беру сессияларында талқыланады, қызметкерлер оқушылардан қандай
дағдыларын өзгертуге мүдделі екендігін немесе өзгерту оңайға түсетін
дағдылар туралы сұрайды (Krebs et al, 2007). Қызметкерлер қосымша түрде
оқушылардың өзгерістерге дайындығын және ынтасын бағалайды, оларға
өзгеру қабілетіне сенімділігі қаншалықты маңызды екендігін сұрайды.
Оқушының отбасын тарту арқылы кеңес беру оқушыда мектептен тыс
тағамдық дағдылар мен дене белсенділігіне бейімділікті қалыптастыруға әсер
ететін ортаның факторларына әсері мол болады (Krebs et al, 2007).
Бағалау мен ынталандыру мақсатындағы сұхбаттан кейін қызметкерлер
мінез-құлық стратегиясын оқушылардың мінез-құлық дағдыларына өзгерту
енгізу үшін мақсаттық бағыт, оң ынталандыру және өзін бақылау ретінде
қолдана алады. Мақсат қою қалаған нәтижеге қарай біртіндеп қозғалатын
динамикалық үрдіс болуы қажет (мысалы, дене белсенділігін аптасына 10%
арттыру) (Strong et al, 2005). Қызметкерлер оқушылардың ілгерілеуін
бағалаудың келесі сессияларын өз мақсатында жоспарлауы тиіс (Davis et al,
2007).
Белсенді өмір салтын және салауатты тамақтану рационын ұстанатын
оқушыларды осындай мінез-құлықты жалғастыруына ынталандыру қажет.
Салауатты тамақтану және ұдайы дене белсенділігінің артықшылықтарына
назар аудару, құрбылары үшін үлгі болуға оқушыларды ынталандыру –
мінез-құлықтың осы үлгісін бекітудің тәсілдерінің бірі (Taras et al, 2004;
American Academy of Pediatrics Council on Sports Medicine and Fitness and
Council on School Health et al, 2006; Taras et al, 2004).
Тағамдық мінез-құлығында бұзылыстар болатын, артық жеу мәселесі
64
немесе салмаққа қатысты басқа мәселесі бар оқушыларға психикалық және
әлеуметтік денсаулықты түзету бойынша нақтырақ қызметтер қажет болуы
мүмкін. Семіздікке шалдыққан балалар құрбыларының жағынан мазақтау
қаупіне, әлеуметтік оқшаулануға, өзін төмен бағалауға және депрессияға
көбірек ұшыраған (Institute of Medicine, 2004; Eisenberg et al, 2003; Griffiths et
al, 2006; Robinson et al, 2006; Schwimmer et al, 2003; Sjoberg et al, 2005;
Swallen et al, 2005). Салмақ мәселесі бар оқушылар салауатты емес тағамдық
мінез-құлық қаупіне көбірек ұшырайды (Killen et al, 1994; Linde et al, 2009).
Сонымен қатар, дене қатынасын қабылдауға ерекше сезімтал оқушылар
(мысалы, өздерін тым толық санайтын) өзіне қол жұмсау ойларына, оны
жүзеге асыруға тырсыуға бейім келеді (Eaton et al, 2005). Денсаулық сақтау
саласының қызметкерлері өзінің денесіне қанағаттануды және оң қабылдауды
насихаттауға дайын болуы қажет; олар оқушыларға салауатты тамақтану,
дене белсенділігі жолындағы кедергілерді жеңуге; әлеуметті қолдау іздеуге;
өз тарапына мазақтауды елемеуге; мақсат қоюға және шешім қабылдауға
көмектесуі қажет; олар алғашқы медициналық жәрдемге мұқтаж оқушыларды
бағыттауы тиіс (Nihiser et al, 2007). Барлық қызметкерлер дене белсенділігі,
емдәм ұстану және салмақты бағалау кезінде көрінетін психикалық
денсаулық саласындағы мәселелердің ерте белгілері мен симптомдары
туралы хабардар болуы тиіс.
5.4. Салауатты тамақтану, дене белсенділігі саласында созылмалы
аурулары бар балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Емдәм және
дене белсенділігінің көптеген созылмалы ауруларды игеруде маңызы зор,
мысалы, астма, қант диабеті, семіздік, тағамдық аллергия. Денсаулық сақтау
саласының қызметкерлері осы аурулары бар оқушыларға назар аударуы
қажет, олар үшін салауатты тамақтану, дене белсенділігі бойынша
ұсыныстардың орындалуына сенімді болу қажет (Carmack, 1997; Nabors et al,
2005; Rose et al, 2005). Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері
оқушылардың отбасыларымен бірге созылмалы аурулары бар оқушыларға
белгіленген Денсаулық сақтау саласының жеке жоспарларын әзірлеуде және
үйлестіруде өзекті роль атқарады (American Academy of Pediatrics Council on
School Health et al, 2008; Carmack, 1997; Nabors et al, 2005, Barrett Clayton et al,
2002; Davidson, 1997), сондай-ақ, оларды дене белсенділігінің құрылымды
және құрылымсыз түрлеріне қатысуға ынталандырады, олардың қабілеттеріне
тәуелсіз түрде, егер медициналық тұрғыдан қарсы көрсетімдері болмаса.
Оқушылардың дене белсенділігінің барлық түрлерінде қатысуын ұлғайту,
кедергілерді жою үшін Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өз
қызметін оқушылардың отбасыларымен және басқа медициналық
қызметкерлермен бірге іске асырады.
Отбасының мүшелері және дәрігерлер белгілі бір ауруға байланысты
тағам қабылдау кестесіндегі өзгерістер мен емдәмдік шектеулер туралы
Достарыңызбен бөлісу: |