Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет20/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

 
 
57 
 
(National Association for Sport and Physical Education et al, 2006). 
Мұндай  ұдайы  үзілістер  балаларға  күнделікті  өзінің  ұсынылған  60 
минуттық  дене  белсенділігін  жинақтауға  мүмкіндік  береді    (Ridgers  et  al, 
2005; Ridgers et al, 2006; Zask et al, 2001). Үзіліс кезінде балалар дене тәрбиесі 
сабағында  алынған  машықтарын  қолдана  алады  (мысалы,  қимылдық 
машықтар,  шешім  қабылдау,  ынтымақтастық,  шиеленістерді  шешу  және 
келісім  жүргізу)  (National  Association  for  Sport  and  Physical  Education  et  al, 
2006;  Burdette  et  al,  2005).  Дегенмен,  үзілістер  дене  тәрбиесі  сабағын 
алмастырмайды  немесе  дене  тәрбиесі  саласындағы  саясатта  көрсетілген 
талаптарды қанағаттандары үшін қолданылмайды. 
Мектептер үзіліс кезінде оқушылардың белсенді болуын ынталандыру; 
дене  белсенділігіне  қатысуды  ұнамды  ету  үшін  орын,  құрал-жабдық, 
шығындау  материалдарын  беру  арқылы  дене  белсенділігін  арттыруға  ықпал 
етуге  тырысады    (Wechsler  et  al,  2000;    National  Association  for  Sport  and 
Physical Education et al, 2006;  Ridgers et al, 2006; Burdette et al, 2005; Stratton et 
al, 2005; Verstraete et al, 2006; Robert Wood Johnson Foundationet al, 2007). 
4.4.  Сабақ  кезінде  дене  белсенділігіне  арналған  үзілістерді  жасау. 
Оқу  күні  бойы  дене  белсенділігін  арттырудың  басқа  тәсілі  –  оны  сабаққа 
енгізу. Кейбір мектептер дене белсенділігін сыныпта сабақпен қатар енгізуді 
ұсынады,  яғни,  математика,  тіл  және  басқа  мектептерді  қозғалыс  арқылы 
оқыту. Мысалы, мұғалімдер кітапты дауыстап оқиды, ал оқушылар бұл кезде 
сыныпта  жайлап  жүреді.  Одан  кейін  мұғалім  дене  белсенділігі  арқылы 
мәтіндегі әрекетті білдіретін етістік немесе сөзді анықтауды өтінеді (Mahar et 
al,  2006).  Мұндай  іс-шаралар  оқу  күні  бойы  дене  белсенділігін  жинақтауға 
ықпал етеді (Stewart et al, 2004).  
4.5.  Оқушыларға  мектептегі  сабақтардан  кейін  өтетін  дене 
белсенділігі  бойынша  мектеп  бағдарламаларында  қатысуға  мүмкіндік 
беру.  Дене  белсенділігі  саласындағы  мектеп  бағдарламалары  оқушыларға 
ұсынылатын  күнделікті  дене  белсенділігінің  көлеміне  қол  жеткізу  үшін 
қосымша  мүмкіндіктер  береді.  Дене  белсенділігі  саласындағы  мектеп 
бағдарламалары  қыздар  мен  ұлдарға  бірдей  мүмкіндік  беруі  тиіс;  түрлі 
қабілеті  бар  оқушылардың  қажеттілігін  қанағаттандыруы  тиіс,  әсіресе, 
атлеттік  тұрғыдан  дарынды  болмаса;  оқушылардың  мүддесін  бейнелеуі  тиіс 
(National  Association  for  Sport  and  Physical  Education  et  al,  2001).  Сапалы 
мектеп бағдарламаларын сипаттаудың үш тармағы бар: 1) оқушының қандай 
да  бір  қызметтің  түрін  таңдауы  үшін  мүмкіндігі  бар  2)  әр  оқушы  өзінің 
қабілетінің  деңгейіне  тәуелсіз  түрде  бірдей  мүмкіндік  алады  3)  оқушыларға 
іс-шараларды  жоспарлауда  және  өткізуде  қатысуға  мүмкіндік  беріледі 
(National Association for Sport and Physical Education et al, 2001). 
4.6.  Мектеп  аралық  жарыстарды  ұйымдастыру.  Мектептегі  немесе 
қоғамдық  спорттық  бағдарламалар  балалар  мен  жасөспірімдерді  дене 


 
 
58 
 
белсенділігі  үшін,  жаңа  спорттық  және  бәсекеге  сай  келетін  машықтарды 
игеру үшін қосымша уақытпен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мектеп аралық 
спорт  жарыстары  оқушыларда  спорттық  және  мінез-құлықты  дамыту  үшін 
құрылымды,  бәсекеге  сай  мүмкіндіктерді  қарастыруы  тиіс  (National 
Association  for  Sport  and  Physical  Education  et  al,  2006).  Атлеттік  тұрғыдан 
дарынды  балалардың  саны  аз  болғанымен,  мектеп  аралық  спорт  жарыстары 
дене  тәрбиесі  саласында  берілетін  машықтарды  (мысалы,  спорттық-арнайы 
қимылдар),  мінез-құлықты  (мысалы,  өзін  бақылау  және  басқару)  қолдануға 
ерекше мүмкіндіктер береді. 
4.7.  Мектепке  жаяу  немесе  велосипедпен  баруға  мүмкіндік  беретін 
бағдарламаларды  іске  асыру  және  ынталандыру.  Мектепке  жаяу  немесе 
велосипедпен бару мектеп жасындағы балалардың арасында кең таралмаған. 
Қозғалудың  белсенді  түрін  қолданатын  балалардың  жалпы  дене 
белсенділігінің деңгейі жоғары болады (Cooper et al, 2003; Cooper et al, 2005) 
және  дене белсенділігі бойынша ұсыныстарға сай келеді (Sirard et al, 2005). 
Мектептер қоршаған ортаға өзгеріс енгізген сайын (мысалы, тротуарлар мен 
жаяу жүру жолағын салуға ықпал етеді) мектепке жаяу немесе велосипедпен 
баратын оқушылардың пайызының артуы байқалады (Staunton et al, 2003).  
4.8  Инклюзивтілігі.  Семіздікке  шалдыққан  немесе  денелік  немесе 
танымдық  бұзылыстары,  созылмалы  аурулары  бар  (мысалы,  қант  диабеті 
немесе астма), дене дайындығының деңгейі төмен балалар мен жасөспірімдер 
дене  белсенділігі  бағдарламаларынан  пайда  алуына,  дене  дайындығының 
деңгейін кеңейтуге, қимыл машықтарын дамытуға, дене пішінін жақсартуға, 
қанағаттану  сезіміне,  табысқа  жетуге  сенімге  ие  болады  (Block  et  al,  2007; 
Klavina  et  al,  2008).  Көптеген  мектептерде  денелік,  медициналық  немесе 
танымдық  тұрғыдан  бұзылыстары  бар  балалар  бар.  Көбінесе,  дене 
жеткіліксіздігі немесе созылмалы аурулары бар оқушыларға дене белсенділігі 
сабақтарына  және  басқа  дене  белсенділігіне  қатысу  ұсынылмайды.  Бұл  
балаларды  дене  тәрбиесі  бойынша  сабақтарға  және  бағдарламаларға 
қатыстырмаудың  орнына  мұғалімдер  мен  бағдарламалардың  жетекшілері 
мектептің  дене  тәрбиесі  бойынша  бағдарламасын  осы  оқушыларға  арнайы 
қарастыруы қажет. Бұл өзгерістерді бейімдеу келесідей іске асырылады: 
1)  Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қатысуына мүмкіндікті қамтамасыз 
ету үшін ойындарға өзгерістер енгізу;  
2)  Құрал-жабдықты 
бейімдеу  (мысалы,  мақсаттық  нормативтерді 
төмендету), жеңіл қолданылатындай түрде;  
3)  Оқу  стратегияларын  өзгерту,  мысалы,  қимыл  үлгілерін  және  дене 
орналасуын қарапайым ету;  
4)  Жиі  демалыс  кезеңдері  (National  Consortium  for  Physical  Education  and 
Recreation for Individuals with Disabilities et al, 2006).  
 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау