16
мақсатына арналынып жазылады. Ол материалдар сол сыныптағы
оқушылардың жас ерекшелігіне негізделеді. Оған енетін материалдардың
берілуі ӛзінің бірізділігімен, жүйелілігімен, тұжырымдылығымен ерекшеленеді
[58]. Біз оқулық пен оқу құралдарын құрудың дидактикалық негізіне сүйенетін
болғандықтан, дидактиканың білім мазмұнын анықтаудағы орынына тоқталмай
ӛте алмаймыз.
Дидактика -білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы.
Яғни, білімді,
дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын, білім мазмұнының, оның
кӛлемі мен құрылымын, білім
берудің әдістері мен
формаларын
зерттейді.
Дидактика ежелгі
Грекияда
жас ұрпақты «
оқыту-үйрету» тәжірибесінің
негізінде пайда болды. «
Дидактика» терминін XVII
ғасыр да
чех
ғалымы
Я.А.Коменский
ӛзінің «
Ұлы дидактика» (
1657
) деген зерттеуінде алғаш
рет қолданды. Ол білім
берудің мазмұнын, дидактикалық
принциптерді ғылыми
тұрғыдан тұжырымдады. Бұл идея
XVIII–XIX ғасырлардағы
швейцариялық
педагогИ.Г.Песталоции, неміс
ғалымы
Ф.А.Дистервег, Ресейде К.Д. Ушинский
ӛз еңбектерінде одан әрі дамытты [59-61].Дидактикалық ойлар
Әбу Насыр әл-
Фарабидің
,
Қожа Ахмет Иасауидің, Махмұд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұн
ның
және т.б. алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерінде де кӛрініс тапты. Олар
дидактикалық талаптарды кӛбіне жастарды тәрбиелеу мәселесіне байланысты
қолданды.
Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының философиялық ойларында да
дидактикалық тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында
ағартушыпедагог – Ы.Алтынсарин ӛз еңбектерінде дидактика мәселелерін әр
қырынан сӛз етті [62].
XX ғасырдың
басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
т.б. еңбектерінде
дидактика мәселелері жан-жақты талқыланды[63-66].А.Байтұрсынұлының
оқыту әдістерін талдаған мақалалары мен әдістемелік «
Баяншы» кітабы
отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Қазақстанда
оқыту
теориясымен
айналысқан
педагог
-ғалымдар:Қ.Жұбанов,
Т.Тәжібаев
Р.Г.Лемберг,
Н.Кӛшекбаев, т.б. әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен
принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап,тәжірибеге
енгізді. Қазіргі заманғы дидактика оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары
мен принциптерін анықтайтын ғылыми білім беру
теориясы.
Ол ӛзінің алдына
қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге
негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды
жүйесін кӛрсетеді.
Дидактикалық принцип (латын сӛзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі
талап, қағида екені белгілі. Егер, дидактикалық принциптер –оқытудың
мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен
заңдылықтарын анықтайтын қағидалар жүйесі десек, оқулықтар мен оқу
құралдарын құруда негізгі басшылыққа алатын қағидаларымыз да осы болмақ.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты ӛзгеріске ұшырап отырады. Егер, Я.А.Коменскийдің заманынан