Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет10/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46

22 
 
- әртүрлі пәндер бойынша берілген материалдың әлсіз сабақтастығы; 
- оқу кітабындағы анықтамалық аппаратының әлсіз берілуі
- жоғары  мектеп  педагогикасы  мен  психологиясының  талаптарының 
жеткілікті ескерілмеуі; 
- бағдарламалық  материалды  мазмұндауда  болашақ  маман  иесінің 
жеткілікті ескерілмеуі; 
- кітап 
мазмұнында 
дүниетанымдық, 
әдіснамалық 
сипаттағы 
материалдардың жеткіліксіз болуы; 
- оқу материалының қайталануы; 
- оқу  кітаптары  құрылымының  және  оның  авторлық-ілеспе  аппаратының 
әртүрлі берілуі; 
- ұғым, түсінік категорияларының әртүрлі түсіндірілуі[88]. 
Осы кӛрсетіліп отырған кемшіліктердің кӛпшілігі орта мектепке арналған 
оқулықтарда да орын алатындығы белгілі.  
Оқулықтың  маңыздылығын  сипаттай  келе,  оның  білім  саласында 
жетістікке  жетудегі  кӛмекші  құрал  ғана  емес,  ел  болашағы  үшін  жауапты 
қызмет  атқаратынына  кӛз  жеткіземіз.  Себебі,  оқулық  болашақтың  иесі 
жастардың  ғылыми  ұғымының    негізін  қалайтын,  олардың  іскерлігі  мен 
ізденушілігінің  кӛзін  ашатын,  білімге  құштарлығын  дамытатын  ақпарат  кӛзі, 
және осы айтылғандардың бәріне бағыттаушы құралы. 
Оқулықтар  мен  оқу  құралдары  орта  мектептегі  оқу  үдерісінің  оқу 
ақпаратының негізгі құрамдас бӛлігі болып табылады. Заманауи оқулықтар мен 
оқу  құралдарынсыз  жаңа  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  және 
нәтижеге  жету  мүмкін  еместігі  белгілі.  Жаңа  түрдегі  заманауи  оқулықтарды 
дайындап,  шығару  авторлардың  психологиялық-педагогикалық,  арнайы 
дайындығы  мен  ауқымды  күш  және  құралдарды  қажет  етеді[89].  Оқулықтың 
қазіргі  таңда    бірнеше  түрі  бар.  Олар  қағазға  басылған  түрімен  қатар, 
электронды тасмылдағыш түрі де болуы мүмкін.  Бірақ, бұл оқулықтың мәнін, 
білімдік,  дамытушылық,  тәрбиелік  яғни,  педагогикалық  бағыттылығын 
ӛзгерпейді.  Оқулықтар  мен  оқу  құралдары  білім  трансферінің,  стереотиптік 
қабілеттің, мәдени және эмоционалды-бағалы қызметтің негізгі құралы болған 
және  солай  болып  қала  береді.  Оқулықтың  сапасы  білім  беру  ортасының 
құрамдас  бӛлігіретінде  оқушылардың  интетеллектуалды-танымдық  даму 
қажеттіліктеріне  сәйкес  сезімдік  құндылықты,  әлеуметтік  жеке  және 
эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Химия оқулығының ақпараттық қызметі 
мен  меңгеруді  ұйымдастыру  аппаратының    үйлесімділігі  оқушыға  танымдық 
және ӛз бетінше білім алу әрекеттерін құруға мүмкіндік береді.Оқулық арқылы 
білім  беріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  меңгерген  білімдерінің  деңгейін 
тексеруге, оқу үдерісін жаңа  педагогикалық технологияларды қолдану арқылы  
құруға кӛмектеседі. 
Қазіргі  таңда  академиялық  ортада  оқу-әдістемелік  әдебиеттің  сапасына 
байланысты  мәселелер  белсенді  түрде  талқылануда.  Оқу  үрдісінің  маңызды 
бӛлігі  оқулықтар  болып  табылатындықтан  оның  ақпараттық-әдістемелік 
қамсыздануын жаңарту қажеттілігі айқындала түседі [90,91]. 


23 
 
Бұл 
саладағы 
теориялық 
зерттеулер 
педагогикалық 
мерзімдік 
баспалардағы кӛптеген басылымдар да кӛрсетілген. 
Қазіргі  таңда  педагогиканың  ерекше  саласы  –  оқулықтану  ғылымы  
қалыптасты.  Ол  педагогиканың,  психология,  дидактиканың  жетістіктеріне 
негіздей  отырып,  оқулықтарға  қойылатын  талаптарды  жетілдіре  түсу    жайлы 
ғылым.  Олардың  осы  таңдағы  кӛрсеткен  бағасы  бойынша  оқулықтардың 
сапасын әлі де жоғары деп санауға келмейтіндігі
[92-95]
.   
В.П.Беспальконың  ойынша  оқулықтар  кӛп  мӛлшерде  басылуда  болса  да, 
олардың  кӛпшілігі  монографиялық  типтегі  оқулықтар  [5].    Мұндай 
оқулықтардың  авторлары  білімнің  пәндік-білімдік  парадигма  заңдылығымен 
жүрді,  қазіргі  таңда  бұның  орнын  білімнің  тәжірбиелікбағдарланған  үлгісі 
басуда, ол біліктілікке және интерактивтілік принципке негізделеді. 
Білімнің  пәндік  білімдік  парадигмасы  дайын  білімді  ретрансляциялауды, 
оқу  материалын  репродуктивті  меңгеруді,  пәндік  білімнің  басымдылық  ету 
рӛлін  қолдайды.  Осы  парадигманың  аясындағы  білім  беру  үрдісінің  нәтижесі 
ретінде  білім  алушыға  кӛп  ақпарат  берумен  кӛп  жүктеме    тапсыру  мақсаты 
қарастырылады. 
Бұл  принциптердің  оқу  үрдісінде  дайын  білім  мен  ақпараттық 
қамтамасыздандыруға баса кӛңіл  бӛлетіндігі түсінікті. Бұдан оқулық оқу пәні 
бойынша  оқу  ақпаратының  кӛзі  болумен  шектелетіндігі  кӛрінеді.  Оқушыға 
білімдік  ақпаратты  механикалық  түрде    жаттау  арқылы  меңгеру  ұсынылып,  
пәнді  меңгеру  үрдісінің  дербестілігі  мен  белсенділігі  оқу-әдістемелік 
әдебиеттің басқа түрлерін қолданудың  қамтамасыз етілмей қалуына әкеледі.  
Білім  беру  үдерісінің  тәжірибелік  бағдарлы  (біліктілікті)  үлгісі 
оқушылардың    ӛзіндік  жұмысын,  оқытудың  интерактивтік  сипатын,  оқытуды 
дараландыруды  арттыруды  кӛздейді.  Сонымен  қатар,  білім  алушының  тек 
ақпарат  алумен  шектелу    деңгейі  екінші  орынға  түседі.  Білім  беру  үдерісінің 
нәтижесі  ретінде  білім  алушыда  белгілі  бір  құзыреттіліктер  жүйесін 
қалыптастыру қарастырылады.  
Оқушыларға    формулалар,  сызбалар  мен  теңдеулерді  механикалық  еске 
сақтаудың  орнына  білім  алудың  әдісін  үйрете  отырып,  меңгеретін  ұғымның 
логикалық  байланысын  түсіндіріп,  енді  оларды  дәлелдеп,  нәтижесін  шығару 
ӛздеріне  тапсыру  кӛзделеді.  Орта  мектептегі  оқу  үдерісінің  заманауи  прин- 
циптері  басты  назарды  оқу  ақпаратын  жаттаудан  гӛрі  оларды  белсенді  түрде 
іздеуге,  ынталандыруға,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  және  олардың 
ӛзінің  оқу  әрекетінің  нәтижесі  үшін  жеке  жауаптылығын  дамытуға  кӛшіру 
талабы тұрады. 
Білімнің  мазмұны  және  оны  білім  берушіден  білім  алушыға  жеткізу 
технологиясы ӛзінің құрамын, мақсаттары мен нәтижелілік критериін түбегейлі 
ӛзгертеді.  Оқулықтың  педагогикалық  жүйесінің  неғұрлым  нақтылануы,  білім 
беру  үрдісінің  құрылымы  ретінде  қарастырылуға  тиіс.  Ол  білім  алушылардың 
оқу пәнін меңгеруде зерттеу технологиясын қолдануға мүмкіндік береді. 
Оқулық  құрастыру  теориясын  дербес  ғылыми  бағыт ретінде  қарастырсақ, 
оқулықтар 
әзірлеудің 
әмбебап 
қағидаларына 
А. 
И. 
Маркушевич 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау