Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет5/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

12 
 
Тәжірибелік  әдістер:  педагогикалық  эксперимент,  бақылау,  сұхбаттасу, 
сауалнама жүргізу. 
Зерттеудің  ғылыми жаңалығы: 
- білім беруге байланысты қазіргі қоғам сұранысына сәйкес, химия пәнінің 
оқу құралы дайындалып, оны құрастырудың әдістемесі жасалынды; 
-химиядан  дайындалған  оқу  құралы  білім  беру  үрдісінде  пайдалануға 
ұсынылды;  
Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы:  зерттеу  нәтижесінде    орта 
мектептің  7-сыныбына  арналған  О.С.  Габриелян.,  Ж.Ә.Шоқыбаевпен    және 
Г.У.Ильясованың авторлық бірлестігімен жарық кӛрген «Химияға кіріспе» оқу 
құралы дайындалып, ол қазіргі таңда эксперимент ретінде Алматы қаласының 
орта мектептерінде қолданылуда. 
-Зерттеу нәтижелерін  орта мектепте және орта арнаулы оқу  орындарында 
оқушыларға химия пәні бойынша білім беруде пайдалануға болады.  
Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 
- орта  мектептің  химия  оқулықтары    мен    оқу  құралдарын  құрастырудың 
педагогикалық-психологиялық негіздері. 
- химия  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  дидактикалық  функциялары 
және оның қазіргі кездегі  орындалу  жағдайы мен мүмкіндіктері. 
- химия  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын    сабақтастыра  пайдалану  арқылы 
орындайтын оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының жүйесі. 
- химия  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын    байланыстыра  пайдаланудың 
тиімді әдістерін  тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі. 
Зерттеу базасы:Алматы қаласындағы А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы 
білім  беретін    мектеп.  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті. 
Зерттеудің  әдіснамалық  және  теориялық  негіздері:  Қазақстандағы 
оқулықтарды  жетілдіру  ғылыми  негізделген  бағытта  жүргізілуі  қажет:  білім 
берудегі  мемлекеттік  саясат, оқулықтарды  дайындаудың  теориялық  және 
педагогикалық бағытының философиямен, психологиямен және оқыту әдісімен 
ӛзара байланысты болуы. 
Зерттеу  нәтижелерінің  дәлдігі  мен  негізділігі:  диссертацияның 
теориялық,  ғылыми-әдістемелік  міндеттеріне  сәйкес  болуымен,  зерттеу 
мазмұнының  ақпаратқа  сай  келуімен,  зерттеу  пәніне  сай  тиімді  әдістерді 
пайдалануымен, 
тәжірибелік 
жұмыстың 
жоспарлылығымен, 
алынған 
нәтижелердің дәлдігімен және тиімділігімен қамтамасыз етілді. 
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. 
Диссертацияның  негізгі  тұжырымдары  мен  тәжірибелік  нәтижелері  2015-
2018  жылдар  аралығында  келесі  халықаралық  ғылыми-практикалық  конфе- 
ренцияларда жарияланды: «Болашақ химия мұғалімдерін даярлауда  электрон-
дық  оқулықтардың  орны»  (Астана,2017),«Роль  электронных  учебников  в 
образовательном  процессе.»  (  Санкт-Петербург,2017),  «Принципы  обьектив-
ного  контроля  оценки  знаний  студентов»  (Алматы,2017),  «Основные  функций 


13 
 
учебных книг» (Алматы,2017), «Оқулықтар әзірлеудің дидактикалық негіздері» 
(Қызылорда,2018). 
Зерттеу  жұмысы  нәтижелері  жоспарға  сай,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
педагогикалық 
университетінің 
жаратылыстану 
және 
география 
институтындағы 
ғылыми 
әдістемелік 
семинарларында 
баяндалып,тыңдалды,талдау жасалды. 
Жарияланымдар:  диссертациялық  жұмыстың  мазмұны  бойынша 
барлығы  26  ғылыми  жұмыс  жарық  кӛрген.  Оның  ҚР  білім  және  ғылым 
саласындағы  бақылау  Комитеті  ұсынған  басылымдарда-10,  Scopus  базасына 
кіретін ғылыми басылымда-2, халықаралық ғылыми- практикалық конференция 
материалдарында  -  5,  шетел  ғылыми  басылымдарында  -2,  ҚРБжҒМ  ұсынысы 
бойынша  ЖОО  арналған  ағылшын  тіліндегі  оқулық  -1,  орта  мектептің  7-
сыныбына арналған қазақ тіліндегі оқу құралы-1.  
Диссертацияның   құрылымы  мен  мазмұны:  диссертациялық  жұмыс 
кіріспеден,  екі  тараудан,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  мен 
қосымшадан тұрады.  
Кіріспе  бӛлімінде  зерттеу  жұмысының  ӛзектілігі  негізделіп,  мақсаты, 
міндеті,  болжамы,  әдіснамалық  және  теориялық  негізі,  зерттеудің  теориялық 
және практикалық маңыздылығы анықталып, жетекші ой ұсынылып, зерттеудің 
негізгі кезеңдері сипатталады.  
 «Оқулықтар 
мен  оқу  құралдарын  құрастырудың  ғылыми-
педагогикалық  негіздері»  деп  аталатын  бірінші  тарауда оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын  құрастырудың    психологиялық  -  педагогикалық  негіздері  
сараланды.  Оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  құрастырудың  теориялық 
негіздерін  аша  отырып,  орта    мектептің  химия  пәнінен    оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын  даярлаудың  мазмұндық,  құрылымдық    мәселелері    қамтылды. 
Оқулық  пен  оқу  құралдарының  дидактикалық  функциялары  және  оларға 
қойылатын  талаптардың  қазіргі  таңда  орындалуы  мен  мүмкіндіктеріне 
тоқталады.    Сонымен  қатар  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  теориясының 
дамуының  негізгі  бағыттары  қарастырылады.  Химия  бойынша  оқулықтар  мен 
оқу құралдарының құрылымы және білім берудегі орны  анықталынады. 
 «Оқулықтар мен оқу әдістемелік   құралдарды  химиядан білім беруде 
байланыстыра  қолдану  әдістемесі  және  оны      тәжірибелік-экспериментке 
қоюдың нәтижесі» атты екіншітарауда: химияны орта мектептегі химия пәнін 
оқытуда  пайдаланылатын  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  байланыстыра 
қолдануәдістемесі  қарастырылады  және  педагогикалық  эксперименттің 
қортындысы берілді. 
Қорытындыда 
теориялық 
және 
эксперименттік 
жұмыстардың 
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі. 
 
 
 
 
 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау