Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет4/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

10 
 
оқушыларға білім беруде ашып кӛрсету арқылы олардың ғылыми ұғымын жан-
жақты  тереңдетіп  қана  қоймай,  бүкіл  әлемнің  біртұтастығы  туралы 
кӛзқарастарын қалыптастыруға жағдай туады.  
Осы  кезге  дейінгі  кӛптеген  зерттеулер  мен  талдауларға    назар    аударсақ, 
мектептерде  пайдаланылып  отырған  химия  оқулықтарының  теориялық   және 
әдістемелік сипаты әлі де жетілдіре түсуді, мазмұндық тұрғыдан қосымша оқу 
құралдарын ұсынуды қажет ететіндігі байқалады.  
Тарихи  жағдайларға,  қоғамдағы  құндылықтардың  ӛзгеруіне  және  қазіргі 
білім  беру  технологиясының  дамуына  байланысты  химиядан  қосымша  оқу 
құралдарын  дайындауды  жетілдіре  түсу  алда  тұрған  міндеттердің  бірі  болуға 
тиіс  деп  қараймыз.  Еліміздегі  мектеп  оқулықтарының  мәселесін  саралап, 
зерттеп, жүйелей отырып және оқулықтарды дайындаудағы озық тәжірибелерді  
таразылай  келе,  жаңа  буын  оқулықтарын  мазмұндық,  құрылымдық  жағынан 
жетілдіре  түсудің  керектігі  байқалады.  Мұнда  алға  қойылатын  мәселе 
оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  мазмұндық,  жүйелік  байланысы  және  сол 
байланысты білім беруде сақтай отырып жүзеге асыру болып табылады. 
Біз  педагог-  ғалым  И.Я.Лернердің  пікіріне  жүгінсек,  оқулық  бірден  кӛзге 
шалына  қоймайтын  үш  бӛлімнен  тұратынын  білеміз.  Оның  бірінші  бӛлімі-
теориялық  бӛлімбұл    оқулықтағы    мәтіндердің  мазмұны.  Екінші  бӛлім, 
әдістемелік  бұл  әрбір  тақырыптарға  байланысты  берілген  сұрақтар  мен 
тапсырмалар.  Әдістемелік  бӛлім  оқушылардың  пәнге  қызығушылығын, 
олардың  ӛзіндік  жұмысқа  талпынысын,зерттеушілігі  мен  шығармашылығын 
дамытуға  арналған  негізгі  бӛлім  деп  қарауымыз  керек.  Сондықтан,  мұнда 
сұрақтар  мен  тапсырмалар  деңгейлеп  беріле  отырып,  әр  оқушының  білім 
деңгейі мен мүмкіндіктеріне қарай қолданылатыны белгілі. 
Оқулықтың  үшінші  бӛлімі  бұл  эстетикалық  бӛлім.  Мұнда  тақырыпқа 
байланысты  сызбалар,  суреттер,  бейнелі  кӛрнекіліктер  т.б.  орналасады.  Бұл 
бӛлімінің  маңызы  тақырыппен  тікелей  байланысты  бола  отырып,  оның 
мазмұнын  толық  ашуға  және  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарын  орындауды 
жүзеге асыруға кӛмектеседі. 
Осы үш бӛлімнің тығыз байланыстылығын жақсы меңгерген педагог және 
білім  беруде  оқулықтың  негізгі  мазмұнын  оқу  құралдары  мазмұнымен  тиімді 
әдістер  арқылы  байланыстыра  алған  оқытушы    оқушылардың  химиялық 
білімдерін  тереңдетіп,  олардың  шығармашылық  арқылы  білімді  саналы 
меңгеруін  қамтамасыз  ете  алады.  Осы  кӛрсетілгендерді    ескере  отырып,  біз  
химиядан  дайындалған  мектеп  оқулықтарын  (7-9  сыныптар)  талдау,  саралау 
нәтижесінде мына қайшылықтарды байқадық: 
- оқулықтар  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  мен  пәндік  бағдарламаға 
сәйкес жасалғанмен, олардың мазмұнын оқу құралдармен  байланыстыру жағы 
кӛзделмеген; 
- оқулықтарда  беріліп  отырған  әдістемелік    бӛлімде  (сұрақтар  мен 
тапсырмалар)  ӛмірмен,  Қазақстандағы  химиялық  ғылыми  деректермен 
байланыстылықты кӛрсету жағы тӛмен; 


11 
 
- химияның  биология,  физика,  география,  математика  ғылымдарымен 
байланысы аз ескерілген; 
- оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекетін  сабақ  барысында  және  сабақтан  тыс 
кездерде орындауға жұмылдыратын тапсырмалар жағы жеткіліксіз; 
- сұрақтар  мен  тапсырмалардың  мазмұны  оқушыларды  шығармашылыққа 
жетелейтіндей болуы керектігін де ескеру қажет. 
Бұған  қарап,  біз  мектеп  химия  оқулықтары  нашар  деген  ойдан  аулақпыз. 
Бірақ,  берілетін  химиялық  білімді  басқа  жаратылыстану  ғылымдарымен 
байланысты  қарау  негізінде  олардың  мазмұнын  жетілдіре  түсу  мәселесін 
қарастыруға болады. Сондықтан да біз, жоғарыда кӛрсетіліген қайшылықтарды 
тиімді 
жолмен 
шешуді 
қарастыру 
мақсатымен 
ғылыми 
зерттеу  
тақырыбымызды 
«Химиядан 
 
оқулықтар 
мен 
оқуқұралдарын 
құрастырудыңдидактикалық негіздері»  деп алдық. 
Зерттеу  нысаны: орта  мектептің  бейорганикалық  химия  оқулықтарының 
құрылымдық -  мазмұндық жүйесі. 
Зерттеу пәні −орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтары мен оқу 
құралдарын байланыстыра пайдаланудың дидактикалық негіздері.  
Зерттеудің  мақсаты:  химия    пәні  бойынша   оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын  құру  жолдарын  қарастырудың  психологиялық-  педагогикалық 
негізін  саралау,  оқулық  пен  оқу  құралдарын  байланыстыра  отырып, 
оқушылардың ӛзіндік жұмыстар жүйесін беру, оқулыққа қосымша оқу құралын 
дайындау.  Оқулық  мазмұны  мен  оқу  құралындағы  материалдарды 
байланыстырудың  тиімді  әдістерін  педагогикалық  экспериментке  қою  және 
оның нәтижесін ұсыну. 
Зерттеудің міндеттері: 
-  орта  мектептің  химия  оқулықтары    мен    оқу  құралдарын  құрастырудың 
педагогикалық-психологиялық негіздерін саралау; 
-  химия  оқулықтары  мен  оқу  құралдарының  дидактикалық  функциялары 
және оның қазіргі кездегі  орындалу  жағдайы мен мүмкіндіктерін ашу; 
-  бейорганикалық    химия  оқулығы    мен  оқу  құралдарын    сабақтастыра 
пайдалануда орындайтын оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының жүйесі; 
- бейорганикалық химия оқулығы  мен оқу құралын  пайдаланудың тиімді 
әдістерін  тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі. 
Зертеудің ғылыми  болжамы:  егер, химия пәні бойынша оқулықтар мен  
оқу  құралдарын    дайындаудың    дидактикалық  негізі  сараланып,  осылардың 
байланысы арқылы оқушылардың ӛзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары мен 
әдістерін берілсе, онда оқушыларға  химиядан білім беруде  оқулықтар мен оқу 
құралдарын байланыстыру жүзеге асады. 
Зерттеу  әдістері:  теориялық,  педагогикалық,  психологиялық,  әдістемелік 
әдебиеттер 
мен 
ғылыми 
еңбектерге 
шолу; 
ғылыми-логикалық 
шығарылымдардың  талдамасы,  тәжірибелік  бақылаулар;  педагогикалық 
эксперимент;  сауалнама;  оқушылар  және  химия  пәнінің  бағдарламасы  мен 
оқулықтар мазмұнын талдау; оқытушылармен жүргізілген әңгімелер, анкеталық 
сұрақтар, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды жасау. 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау