Тақырып; Орта ғасыр философиясы
Жоспар
1. Орта гасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта гасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жаг-дайлары, негізгі багыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. «Таза агайындардың » әлеуметтік көзқарастары.
Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блажен¬ный) –
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат — болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол — Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе — космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз — өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз — Құдайды еске алу, біздің танымымыз — Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа
заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Та-
биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы де п мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі.
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық — зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.
2) моральдік зұлымдық — күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық — ауру, қайғы, күйзеліс және өлім — мо-ральдық зұлымдықтың салдарлары.
Зұлымдық — өзіне деген махаббатта, ізгілік — Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю — Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі – мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі — заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі — сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
«Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді». «…философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді». «…Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет».
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) — Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:
1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты — Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;
2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі — осы тұжырымда.
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл — адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл «діннің қызметшісі» болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның’ арасындағы компромисс идеясын негіздеді.
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін — Құдай.
2) Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп — Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген — тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын — Құдай.
Орта ғасырлық христиан философиясының тарихи-мәдени рөлі туралы айтсақ, еркін ой тежелген, шіркеу догматтары үстемдік құрған кезең болғанымен, бұл философия адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосты.
1) Христиан дінінің идеологиясы Европа мемлекеттерінің рухани ны-ғаюына ерекше ықпал етті, әлеуметтік-саяси тұрақтылығына әсерін тигізді.
2) Грек философиясының мұраларын дамытуға үлес қосты.
3) Рухани өмірдің сәулет өнері, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет сияқты салаларының дамуына игі ықпал етті.
4) Көптеген философиялық категорияларды тереңдетті: сенім, ақыл, абстрақтылық және нақтылық.
5) Құдайдың алдында адамдардың бәрі бірдей идеясы қоғамды адам-гершілік тұрғысынан нығайтты, махаббат пен шыдамдылыққа үйретті.
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшыл-дары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, «Таза ағайындар» (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық — араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл — арабтілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталды.
* Басты мәселелер — адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) — спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам — мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер — құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі — мутазилизмде — (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) — рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм — «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм — ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.
Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) — араб философиясының көрнекті өкілі, «фалсафа» терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика, этика, музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары — философия саласындағы зерттеулері- Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген адам әуелі Афистотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: «Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы — Аристотель». Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген білімді міндетті түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам -өзіне дейін өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін игерген адам ғана: «Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқат-пен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше — ақиқат кез-келген адамды нұрландырады».
Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға кегендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байла-ныстырады, философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытын-дылаушы және оның негізі деп қарастырады. Оның пікірінше философияны игеру үшін математиканы жақсы білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады:
1) сан туралы ғылым — арифметика және гармония;
2) қатаң дәлеледерге негізделген, алаңдардың өлшемі туралы ғылым — геометрия;
3) жұлдыздар туралы ғылымдар — астрономия және астрология;
4) гармония — осы үш саланы біріктіретін ғылым. Гармония барлық нәрселерге тән, ол дыбыстарда, әлемде және адамдардың жанында бар.
Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі –ең біріншісі — сандар туралы ғылым деп есептейді: «Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де бол-майды». Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік. Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі — адамта ғана, ол математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кинди философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді, бірақ оның шыңы — құдайылыққа жету дейді: «Ешқандай философ Мұхаммед уағыздары секілді қысқа, анық, қарапайым, толық жауаптар бере алмайды. Құдайы білімге логика да, математика да қажет емес. Нағыз философия — ақиқатты тану».
Әл Киндидің онтологиялыц пайымдаулары да құнды: ол болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеністік және уақыт. Дүниені алла «ештеңеден» жаратты дей отырып, әл Кинди мате-рияны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді: «Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құралған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады». Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік — форма. Мысалы, жылылық пен құрғақтықта — материя болса, екеуі біріккенде материя отқа — формаға айналады. Қозғалысты әл Кинди алты түрге бөледі: пайда болу, жойылу, өзгеру, ұлғаю, бір орыннан екінші орынға ауысу. Ал орын — дененің нақтылы алатын кеңістігі. Уақыт — қозғалысты есептеуші сан, өткен мен болашақты байланыстырып тұрған ойдағы «қазір».
Әл Кинди философиясының маңызды бір бөлігі — оның өмір құбылыс-тарына деген философиялық көзқарасы, «философиялық өмір позициясы » теориясы немесе ортагасырлық психотерапевтік кеңестері:
…жағымды және жағымсыз заттар табиғатынан солай емес, әрекеттер мен күйлерді жиі қайталап әдеттенгендіктен солай.
1) Қайғы бір нәрсенің, не өзіміздің, не бөтеннің іс-әрекетінің салдары. Ол бізге байланысты болса, онда өзімізге қайғы әкелетін нәрсені жасамауға тырысуымыз керек. Басқа адамға байланысты болса, оларға кедергі жасау-ымыз керек. Ештеңе жасай алмайтын болсақ та, күні бұрын қайғыланудың керегі жоқ: біздің араласуымызсыз-ақ та кедергі жасалынуы әбден мүмкін ғой. Ал бізге қайғы әкелетін әрекет іс жүзінде жасалған жағдайда қайғы-мызды азайтатын қадамдар жөнінде ойланған жөн. Ол үшін:
2) Бізде болған және басқалардың басына түскен қайғылы жағдайларды еске алу керек. Олардың бәрі ұмытылды ғой.
3) Қайғылы болмаған адам жоқ, бірақ адамдардың бөрі де қуанып, көңілденеді. Себебі, қайғы адамның күйі ғана, ол туа біткен, тұрақты нәрсе емес.
4) Қайғы-мұңсыз өмір сүргісі келген адам — өмір сүргісі келмеген адам. Себебі, қайғы-мұң өмірдің ажырамас жағы.
5) Басқа адам біздегі нәрседен молырақ нәрсеге ие болса, көре алма-ушылық, іштарлық көрсетіп, өз өмірімізді әзіміз уламауымыз керек. Біздің жанымыздың рухани байлығы біздің, тек қана біздің меншігіміз.
6) Біздің үлесімізді Жаратушымыз кез-келген уақытта алып, басқаға беруі мүмкін, оған ренжіп керегі жоқ. Жалпы және үнемі қайта-қайта бөлініп отыратын байлықтан алған қарызымызды қайтарғанға қайғылануға болмайды: біз ұсақ-түйекті ғана қайтарамыз, ал оның ұлы сыйы -жанымызды сақтап қаламыз.
7) Нағыз қайғыланатын болсақ, бұл қайғы абсолютті — толық және мәңгілік болуы керек. Бірақ біз қайғыланып керегі жоқ деп шешіп едік
ой Адам өзіне қажет емес, өмір сүруін ауырлатып, кедерп келтіретін көптеген нәрселерге ұмтылады.
8) Біз заттардың ақиқат мәнін айыруымыз қажет, нағыз жаман нәрсені гана жек керу керек. Мысалы, өлім. Одан жаман нәрсе жоқ, бірақ ол адам өмірінін ажырмас жағы және адам өлгеннен соң бақытсыздық пен азап жоқ интеллигибелді дүниеге кешеді.
9) Бірдеңені жоғалтқанда адам өзінде қалған материалдық және рухани байлықты есінде сақтаса, осылайша өзін-өзі жұбатады.
10) Бір қайғы бізді күтіп тұрған қайғы-бақытсыздыктардың санын азайтады. Әл Киндидің бұл шығармасында антикалық идеялар көп кездеседі, сондықтан кейбір ойшылдар бұл еңбекті Фемистийдің араб тіліне аудармасы деп қателесті. Әл Кинди адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету және оны ақыл-ой дүниесінен, интеллигибелді дүниеден іздеу керек деп түсіндірді (Алям аль Акль, аль Алям аль Акли — Әлем әл Ақыл, әл Әлем Ақыл).
Әл Ғазали (1059-1111) — мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхам-мед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Мұсылмандық Шығыс жұртының әлеуметтік-тарихи дамуы Ибн Сина кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ мұсылмандық оқу орындары көбейді. Солардың бірінде, селжүк сұлтаны Мелик шахтың уәзірі Низам әл Мүлік Бағдатта ашқан теологиялық академияда әл Ғазали ұстаздық және басшылық етті. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті, фикх — мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза сопылық жолына түсті. Әл Фараби мен ибн Синаны кеп зерттеген әл Ғазали өзінің пікірлерін «Философтарды терістеу» еңбегінде баяндады.
Әл Ғазалиді ғылым мен философияны мүлдем теріске шығарушы деп санауға болмайды. Мысалы, ол математика, физика, медицина, логиканың практикалық пайдасын мойындайды, бірақ белгілі бір шекара болуы қажет, ғылыми тұжырымдарды теологиялық сұрақтарды шешу үшін пайдалану дұрыс емес, себебі философтардың бәріне сенбеу және құдайсыздық тән дейді. Әл Ғазали философтарды үш категорияға беледі:
1) дахриттер — Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит және тағы басқа ежелгі философтар. Олар жаратушыны мойындамайды, дүниені мәңгілік деп есептейді;
2) жаратылыстанушылар — бәрін табиғи себептер арқылы түсіндіреді, о дүниені жоққа шығарады;
3) метафизиктер — Сократ, Платон, әл Фараби, ибн Сина — «философ-мұсылмандар».
Әл Ғазалидің пікірінше, олардың үш қателігі бар: 1) дүниені мәңгілік деп есептейді; 2) олар алла тек универсалды нәрсені ғана біледі жеке нәрсені білмейді деп алланың мүмкіндігіне шек қояды; 3) таза рух мәңгілігі қайта тірілту, жазалауды жоққа шығарады.
Әл Ғазали себептіліктің объективті сипатын мойындамайды, затта дың арасын байланыстыратын алла деп есептейді. Адам алла алдын дәрменсіз деген әл Ғазали таза өмір сүремін деген адам сопылық жолы түсуі қажет деп қорытындылайды және өзінің сопылыққа жету тәжір бесін баяндайды:
«…Маған кімде-кім тақуалық өмір сүрсе және дүние қызығынан бо ын аулақ үстаса, сол ғана о дүниеде масайраудан үмітті екені, …күйб тіршілік мекенін тастап, мәңгілік мекеніне бет бүрып және өзіңнің б ынтанды үлы мәртебелі аллаға аударып, жалған дүниемен қосақтаған жіп үзу қажет екендігі, оны жасауға қүрмет пен байлықтан бас тартқанда жалған күйбең және онымен байланыстан бойын аулақ салғандар ға жете алатыны аян болды. Сонда мен өз жанарымды өз жағдайыма ауда дым. Байқасам, менің өзім жан-жағымнан шырмап алған жалған байнысқа белшемнен батып түрмын. Өзімнің қызметіме және ондағы ең жақсы, ізгі дегенге: лекция оқу мен дәріс беруіме көзімді тігіп едім, мені өзін о дүниеге сапар шегуге даярлаған адам үшін не маңызы, не пайдасы жоқ ғылымдардың еліктіріп келгенін көрдім. Өзімнің ұстаздық қызметі жетсем деген мақсаттарым туралы одан әрі ойлана келіп, мен осы м саттарға қатысты ойларымның тұтасымен жалғыз аллаға арналмағань құрмет пен даңққа жету болғанын білдім. Мен өзімнің жар жағасы тұрғаныма және жағдайымды түзетуге шұғыл кіріспесем, сөзсіз тамү баратыныма көзім жетті. … Ұзақ ойландым. …Он жыл.
…мәртебелі жасаған алла жолымен жүрушілер дәл осы сопылар еке олардың тұрмыс салты ең жақсы тұрмыс салты екені, олардың жолы -дұрыс жол екендігі мен үшін мейлінше айқын болды.
…Сопылардың барлық харекеттері, барлық қүпия және жария ойла — пайғамбар хұзырынан құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар өз бағытын түзейтін пайғамбар нұрынан өзге еш сәуле жоқ» (Әл-Ғазали. А судан арылдырушы. /Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 20 132-133 б.)
Осылайша пайымдаған әл Ғазалидің ойынша, алланы білмеу — у, жүреке зиян ауру. Алланы білу — уға қарсы ем, жүрекке дәрі. Адам пайғамбалардың айтқанымен жүруі керек, олар құдайы қасиеттерге ақыл-ойдь көмегімен емес, алланың нұры арқылы жеткен. Ақыл-ой пайғамбарлы тан, даналық сенімнен әлсіз деп қорытқан Ғазали дінді философия жоғары қояды.
Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы нақты мәліметтер жоқ. Ол құпия ұйымдардың немесе шиит секталарының (исмаилит, кармат, фатмид бірі деген болжамдар бар. Негізгі еңбектері — «Таза ағайындар трактаттарының» авторлары да белгісіз.
ІХ-ғасырдан бастап философия діни-саяси қозғалыстардың идеоло-гиясына әсерін тигізе бастады, сондықтан бұл трактатты кейбір ғалымдар айтқандай, дінді философиядан қорғау үшін жазылған деуге болмайды, керісінше, дін өкілдері бұл еңбекте философиялық тұжырымдарға ұмтылды. Олар: «Біздің ағайындар ешқандай ғылымға қарсы емес, ғылымның барлық бағыттарын түгел қамтиды, біреуін бөле-жара қарастырмайды» дейді. Ресей ғалымы, ортағасырлық мұсылман философиясын кеңестік дәуірдің өзінде-ақ жан-жақты зерттеп, батыл пікірлер айтқан В.Игнатенко бұл пікірден олардың жеке секта емес екені көрінеді деп тұжырымдайды, оған біз де қосыламыз. Фалсафа тарихын қазақ жүртына алғаш таныстырған академик Ғарифолла Есім «Таза ағайындар» бірлестігі Бағдат халифатында Х-ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында діни-философиялық бірлестік ретіңде әл Киндидің ізімен қалыптасты және 51 томдық энциклопедиялық жүйе дайындады, негізгі мақсаттары — исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту деген дұрыс пікір айтады. Не десек те, «Таза ағайындар» діни және философиялық білімдері өте мықты, жан-жақты дамыған ойшылдардың бірлестігі болғаны айқын. «Таза ағайындардың» мақсаты — әр түрлі идеялық ағымдар негізінде болмыстың синкретикалық концепциясын жасау. Олардың еңбектерінде Платонның, Аристотельдің, Пифагордың идеялары көп кездеседі.
«Таза ағайындардың» Рухани Қала (әл Мадина ар Руханийя) туралы іліміне тоқталайық. Бұл еңбекте Платон, Аристотельдің «идеалды, мінсіз мемлекет» туралы ілімдерін дамытуға талпынысты көреміз, бұл мәселе әл Фарабидің еңбектерінде де кеңінен талқыланған.
Таза ағайындардың пікірінше, қоғамда адамдардың бірлігі қажет. Жал-ғыз адам бақытсыз өмір кешуге жаралған. Бақытты өмір үшін көп нәрсе керек, ал оның бәрін бір адам игере алмайды, себебі өмір қысқа. Сондықтан да әрбір қала мен ауылда адамдар бір-біріне көмектесу үшін бірігеді: біреулер құрылыспен, біреулер — саудамен, енді біреулер — ғылыммен айналысады. Тек осы жол арқылы ғана олар нашар өмірден құтыла алады. Адамдар бірігу үшін ағайындардың, ақылшылар мен достардың көмегі қажет, олар діннің мәніне бойлаған, заттардың ақиқатын біледі, сондық-тан басқа өмірге жетудің жолын көрсетеді. Рухани Қалада әрбір адам өздерінің денелері бөлек болғанымен. жандарының бір екенін біледі. Рухани Қала курделі, онда рухани бірлік пен жер бетіндегі адамдардың нақты бірлігі бар. Рухани Қала көкте, ол жерде бола алмайды, себебі қалалардың тұрғындарының адамгершілігі бұзылады; суда бола алмайды, себебі құйындар мен толқындар оны басып қалмауы тиіс; ауада емес, себебі оған бұзылған қалалардың ауасы көтерілмеуі керек. Рухани Қала жақсылық, адалдық, рухани тазалықтың негізінде салынылуы тиіс. Рухани қалада тұратын адамдардың құрылымы:
1) қолөнершілер — ақыл мен сезім күші бар адамдар, бұл сатыға ад 15 жасында жетеді;
2) саясаткерлер — ағайындары туралы қам жеп, мейірім мен аяушлық көрсетушілер (30 жастан кейін жетуге болады);
3) билікке ие билеушілер. Олардың міндеттері — тиым салу арқылы, жұмсақтық көрсете отырып тұрғындар арасындағы араздықтың алдын алу (40-тан асқанда);
4) періште күшіне ие болу — бұл саты жанның денеден құтылуы дайындық сатысы, оған 50-ден асқанда жетуге болады. Осы сатыға жет- кендер ақиқатты көре алады, көкке өрлеп, Жаратқанмен кездесе алады
«Таза агайындар » Рухани Қаланы космостың ажырамас бөлігі, жо- гарыдан төмен қарай өсетін рухани агаш және адамдар бірлігіне бастаушы керек дейді. Олардың пікірінше, басқарудың екі турі бар: «дене және «рухани » басқару. Біріншісі — тирандар мен билеушілер, олар адам дарды құлдарга айналдырады. Екіншісі адамдарды құдайы заңдар арқылы басқарады, о дүиедегі өмірде бақытты етеді.
«Таза ағайындардың» пайымдауынша, Рухани Қаланың басшысы рухани басшы. Оның 12 қасиеті болуы тиіс: дене мүшелері жақсы жетіл ген; айтылған нәрсені тез қабылдауға қабілетті; есте сақтау қабілеті күиг» ақылды; ойын жеткізе білуші; ғылымды сүюші; одан күшін аямайтын; өз қарамағындағыларға адал және мейірімді; жаны жомарт және ізгілікті байлыққа қызықпайтын; әділдікті сүюші және әділетсіздікті жек көрушы; қойған мақсатына жетуден талмайтын;
Рухани Қала басшысының бойында болуға тиіс бұл қасиеттер әл Фа- рабидің «Қайырымды қаласының» басшысының қасиеттерімен бірдей, айырмашылығы — «Таза ағайындар» ілімінің діни мазмұны күштірек. Мысалы, олар заңды тағайындаушы Жаратқанның бар екендігіне сенімді болуы керек.
Рухани Қаланың бірінші басшысы өз тұрғындарының бойына төрт қасиетті сіңіруі қажет: 1) олардың әрбіреуі жаман нәрсе мен әсем нәрсені айыра білетін ақылға ие болуы керек; 2) олар занды тағайындаушы бірінші басшыға ұсауға ұмтылуы тиіс, істерінде де, сөздерінде де; 3 олардың әрбіреуінде заңды тағайындаушының өсиеті болып, оны үне зерттеуі қажет; 4) қаладағы әрбір топтың өз басшысы болады.
«Таза ағайындар» өздерін Рухани Қаланың үлгісі деп есептеді, олардың жолын қуушылардың көбеюі рухани әлемді құруға жеткізеді деп есептеді.
бірақ өздерінің қоғамдастығына мүше болуға үміткерлерді мұқият тексеруден өткізуді, әсіресе, адамгершілік келбетіне басты назар аударуды талап етті. «Таза ағайындар» жастарға көбірек назар аударады, себебі жастардың жандары жазылмаған таза қағаз, ал қарттармен жұмыс жасау тек шаршатады, қарттардың ескі түсініктерін өзгерту қиын. Рухани қаланын адамдары ұйымшыл, бай кедеймен байлығын боліседі, ал білімді адам
наданға білімін үйретеді.
«Таза ағайындардың» астрологиялық ілімі қазіргі заманғы адамдар үшін қызықты деуге болады. Мысалы, олар адамдардың әр түрлілігінің себептерін атайды: денелерінің құрамы — жер, су, ауа, от; табиғи жағдайлар; ұстаз тәрбиесі және жұлдыздардың әсері. Олар осы себептердің ішіндегі бастысы, тамыры — астрологиялық әсер деп санайды, ал қалғандары — бұтақтар. Адам өмірі – көкке бағытталған қозғалыс. Адамның екі өмірі бар: жердегі өмір — дүния (дүние — Г.Н). о дүние ахира(ақырет — Г.Н). Ғылымдардың ең бастысы — жан туралы ғылым (ильм ан-нафс), адам ең әуелі өз жанын түсінуге, танып-білуге ұмтылуы тиіс.
Орта гасырлық мусылман философиясын европоцентристік көзқа-растан тәуелсіз, объективті тұргыдан багалайтын болсақ, адам, табигат және қогам мәселелерін құдай мәселесімен тыгыз байланысты қара-стырган, бірақ көне Греция философиясын Европага жеткізуде маңызды рөл атқарган, оның негізгі идеяларына тусіндірме-комментарий беріп қана қоймай, толықтырып-жетілдірген, әлемдік философияның дамуында маңызды рөл атқарган философия болды деуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Философия. Д.Кішібековтың басшылығымен А., 1991
2. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы А.,2001
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мухамбетали К. Философия тарихы А.,1999
4. Әбішев К. Философия А., 1998
5. Тұрғынбаев Ә. Философия А.,2001
6. Сегизбаев О. История казахской философии А.,2000
7. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным А.,2002
8. Чанышев А.Н. Курс лекции по древней и средневековой философии М.,1991
Достарыңызбен бөлісу: |