7
Себебі, орта мектепті тамамдаған жастардың адам, қоғам, табиғаттың бір-
бірімен байланысын ғылыми тұрғыдан терең меңгеріп, дүниенің біртұтастығы
жайында материалистік кӛзқарасының қалыптасуы қажет. Сонымен қатар,
қазіргі таңда оқулықтар сапасына қойылатын талаптар да күрделеніп ӛзгеріп
отыр. Мәселен, оқулық мазмұнының ғылымилығы, жүйелілігі талаптарын
былай
қойғанда
оныңқұндылық
бағдарлы
болуы,
Қазақстандық
компоненттердің енуі сияқты жаңа талаптар қойылуда.
Осыған орай, жаратылыстану ғылымдарының бір саласы болып
есептелетін химия пәнінің де алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері
жаңарып жетілдіруді талап етеді. Соңғы жылдары Қазақстанның орта білім
беретін мектептерінде химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының жарық
кӛріп, қазіргі таңда сол оқулықтармен білім беруді жүзеге асып отыр.
XX ғасырдың соңындағы қоғамда болған ӛзгеріс жалпы білім беру
жүйесіне де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім
беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи
жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен ӛзгеруіне
байланысты қазіргі уақытта химиядан білім беру жүйесінің маңызы артуда.
Химия пәні 7- сыныптан басталып, оқушыларғазаттар, денелер,
химиялық
заңдар мен теориялар, химиялық ӛндіріс туралы білім деңгейін меңгертуді
кӛздейді.Болашақ қоғам мүшелерінің белгілі мӛлшерде химиялық білімі
болмаса «әлемнің химиялық кӛрінісін» саналы түрде ұғынбаса, «заттық әлемге»
деген шындыққа сәйкес келетін кӛзқарасын, оның дүниетанымын, ойлау
үдерісінің дамуын қалыптастыру мүмкін емес.Еліміздегі алуан түрлі
шаруашылық салаларының бәрі де дерлік химиямен байланысты дамуда.
Химиядан білім беруде әдетте заттар мен химиялық үдерістердің
арасындағы обьективті заңдылықты, деректерді, ұғымдарды және олардың
байланысы ашылады. Мәселен, оқушыларға ӛндірістік материалдар туралы
білім беру олардың политехникалық дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар,
бұл пән- нің жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын,
заттардың күрделену сатысын, олардан түзілетін табиғи және жасанды
денелермен таныстырады. Қазіргі таңдағы жасанды синтетикалық заттарды
тұтынушылықтың басым заманында болашақ қоғам мүшелерінің оны толық
және ғылыми тұрғыдан терең меңгеруін керек етеді. Әсіресе, 7-9 сыныптарда
химиялық құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жӛнінде
ғылыми кӛзқарас қалыптастыру міндеті орындалады. Химияның қазіргі
қоғамда алып отырған күрделі орны оны бүкіл жаратылыстану пәндерімен
байланыстыра оқытуды керек етеді.
Шын мәнінде де, Қазақстандағы жалпы ӛндірістің дамуы әсіресе химиялық
қосылыстардан туындайтын материалдарды күнбе-күн кеңінен керек етіп
отырғаны даусыз. Ал, біздің Республиканың келешегі болып есептелетін
жастарымыздың бұл саланың ерекшелігін, теориялық және практикалық негізін
мектептен бастап ақ меңгеруге тиісті.
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше себеп бар. Әрине, мектеп қабырғасында
оқушылардың химия пәнінің теориялық тұстарын толық меңгеруіне ең бірінші