Ильясова гульжахан уалибековна


  ОРТА  МЕКТЕПТІҢ  ХИМИЯ  ОҚУЛЫҚТАРЫ  МЕН    ОҚУ



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет6/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

14 
 
 
1  ОРТА  МЕКТЕПТІҢ  ХИМИЯ  ОҚУЛЫҚТАРЫ  МЕН    ОҚУ 
ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1Орта  мектептің  химия  оқулықтары    мен    оқу  құралдарын 
құрастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері. 
Елбасы Н. Ә.Назарбаев ӛзінің  2014 жылғы «Қазақстан-2030» жолдауында 
«Ел  ертеңі-білімді  жастар»  деп  жастарға  тиянақты  білім  беру  мәселесіне 
айырықша  тоқталды.
  «
Ықылым  заманнан  бері  қазақ  атамыз  „Білекті  бірді, 
білімді  мыңды жығады―  деген  сӛз қалдырған.  Қазақтың бұл мақаланың 
ӛзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге 
сенетін  заман.  Заманауи  әлемде  елдің  қуаты,  ең  алдымен,  білім  мен  ғылымда 
болатын  уақытқа келдік.  Сол  білімді  қажетке,  тұрмыс  игілігіне  жарата 
білуімізбен  ғана  бағаланады.  Инемен  құдық  қазғандай,  қиын  күрделі,  орасан 
қажыр қайрат пен ерік  жігерді талап ететін білімсіз ӛмір тұл», — деп, атап ӛтті 
Елбасы. 
Жасӛспірімге  білім мен тәрбие беру отбасынан басталып, мектепке дейінгі 
мекемелерде,  бастауыш  мектеп,  орта  мектеп  кезеңдерімен  байланысты  дами 
түседі.  Мұнан  әрі  жоғарғы  оқу  орынын  тамамадағаннан  кейін  де,  адам 
баласының  білім  алуы  тоқталмақ  емес  яғни,  адам  ӛмір  бойы  оқуда,  үйренуде 
бола отырып дамиды. Соның ішінде мектеп қабырғасында меңгерген білімдері 
онан  кейінгі  ӛміріндегі  алатын  білімдері  мен  ғылыми  ізденістерінің  негізін 
құрайтыны белгілі.  
Білімді  меңгеру  тек  кітапты  оқумен  жүзеге  аспайды.  Ол  күнделікті 
ӛмірден,  ӛзін  қоршаған  ортадан,  маңайындағылармен  қарым-қатынастан  білім 
шеңберін  кеңейте  түсетіні  белгілі.  Бірақ,  ғылыми  білім  мен  ұғым  адамзат  
тарихында  арнаулы  сыннан  ӛткен,  ғылыми  ізденістердің  нәтижесінде  қол 
жеткізген материалдардың негізінде меңгерілетінін білеміз. 
Әр  ғылым  саласы  бойынша  мұндай  материалдар  оқушылардың  жас 
ерекше-  ліктерін    ескере  отырып,  оқулықтарда  жазылған    ғылыми  деректер 
арқылы  беріледі.  Олай  болса,  мектеп  жағдайында  білім  мен  ғылымды 
меңгерудің кӛзі –оқулық болып саналады. 
Эциклопедияда  оқулыққа  мынандай 
анықтама  беріледі:  Оқулық –  оқу 
бағдарламасы  мен  дидактиканың  талаптарына,  оқыту  мақсатына  сай  оқу 
пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап [55].
 
Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-мектеп, 
жоғары  оқу  орындары)  жасалады.  Д.Д.
  Зуeв  оқулық    құру  талаптарына 
мыналарды 
жатқызады: 
идeологиялық, 
психологиялық, 
логикалық, 
лингвистикалық,  әдістeмeлік,  дидактикалық,  эстeтикалық,  полиграфиялық, 
гигиeналық,  экономикалық  [56].  Алайда  заман  ӛзгeрістeрінe  қарай  оқулық 
құруға  қойылған      кeйбір  талаптар  күшейіп,    кeйбірeулeрі  бәсeңдeй  түсуі 
мүмкін.  
Қазіргі  таңда  оқулықтарға  қойылатын  талаптар  оқушылардың  жан-жақты 
дамуына және дүниені біртұтастықта түсінуіне ықпал ететіндей болу жағынан 


15 
 
қарастырылуда.  Сол  жалпы  қойылып  отырған  талаптардың  ішінен  біз  химия 
пәні  оқулықтарына  тән  мәселелерді  нақты  атап  кӛрсетпекпіз.  Ол 
педагогикалық, дидактикалық талаптар мына тӛмендегідей мазмұнда болмақ: 
 
- пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы, теориялардың, заңдардың 
ережелердің  дұрыс  берілуі,  ғылыми  жаңалықтар  мен  инновациялардың 
қамтылуы; 
- құндылық  бағдарлылығы  оқушыларды  жалпы  рухани  адамгершілік, 
ұлттық  -  мәдени  және  жалпы  адами  құндылықтар  негізінде  тәрбиелеуге  
бағытталған материалдардың болуы;  
- мазмұнының 
бағдарлама  ұсынылған  талаптарға  сәйкестігі,  әрі 
түсініктілігі;  
- материалдарының 
оқушылардың
 жас  және  танымдық  ерекшеліктеріне 
сәйкестігі;  
- Қазақстандық  компоненттердің  берілуі,  мәтін  мазмұнының  дәл  және 
анық,  нақты  деректер негізінде берілуі; 
- тәжірибе 
жасауға, 
сыни 
тұрғыдан 
ойлануға 
бағыттайтын 
тапсырмалардың берілуі; 
- зерттеу  дағдыларын,  ӛзіндік  және  шығармашылық  жұмыстармен 
айналысуға бағыттайтын тапсырмалар мен жаттығулардың болуы; 
 - тілдің  жатық,  ғылыми,  әдеби  және  ықшам  болып,  оқушылардың 
ұғымына  сәйкес  келуімен  қатар  олардың  коммуникативтік  дағдыларын 
дамытуға бағытталуы;  
- оқу 
материалын  меңгеруді  жеңілдететіндей  және  кӛрнекілікті 
күшейтетіндей, 
иллюстрация
, сурет, 
кесте, 
диаграмма, 
сызба
 т.б. 
кӛрнекіліктермен безендіріліуі;  
- сыртқы пішінінің тартымдылығы. 
Жалпы  к
ітап  атаулының  бәрі    адамның  жан-дүниесінің    асыл  қазынасы, 
рухани  байлықтың  ӛлшемі,  адам  интеллектісінің  кӛрінісі.  Ол  –  адамзат  үшін 
ғасырдан  ғасырларға  жалғасып  қызмет  етіп  келе  жатқан  ғылым  мен  ӛнердің 
жемісі.  Бірақ, жалпы неше түрлі тақырыптарға арналған  кітаппен оқулықтың 
үлкен айырмашылығы бар. 
 
Кітап–  адамға  дайын  ақпараттарды  ұсынып  қана  қоймай,  олардың 
бойындағы    сезімін  оятып,  ӛзіндік  ойлауға  үйрете  отырып,  білім  береді. 
Адамды    ізденімпаздыққа  жетелейді,  ой-ӛрісін  ұштайды,    рухани  тұрғыдан 
байытады. Дегенмен, оны арнаулы салада арнаулы пән бойынша дайындалған 
оқулықпен салыстыруға болмайды. 
Оқулықта    оқу  пәндерінің  мазмұны  бойынша  жүйеленген  материалдар 
беріледі.  Оқулық  –  білім  беру  мазмұнын,  меңгеруге  жататын  оқу  ақпаратын 
толық кӛрсететін құрал. Оқулық - белгілі бір ақпарат тасымалдаушы ғана емес, 
ол ғылыми білімнің кӛзі. Оқулықтың құрылымы ақпараттық құрамы бойынша, 
оқу  және  тәрбиелеу  функциялары  бойынша  маңызы  әртүрлі  компоненттерден 
тұрады [57]. 
Оқулықта ғылым негіздерін, оның заңдары мен әдістерін жай ғана баяндап 
қоймайды.  Ол  ең  алдымен  сол  пән  бойынша  теориялық  материалды  меңгерту 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау