Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет8/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

18 
 
туғызатын  және  оның  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасай  отырып,  тұлғаның 
дамуын  қамтамасыз  ету    жағы  бірлікте  қарастырылады.  Сондықтан  да,  қазіргі 
дамыған  қоғамда    берілетін  білім    мазмұнында  ,  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  анықтауы, 
еңбек    және  экономикалық  мәдениеті,  интеллектуалдық,  адамгершілік, 
экологиялық,    отбасымен    қарым-қатынасы  сияқты  кӛптеген  жағдайлар 
ескеріледі.  Бұған  қоса,  пәнаралық    сабақтастық,  жаратылыстану  білімдерін 
кіріктіру    тұстары  да  назарда  болуға  тиіс.  Сол  арқылы  ғана    білім 
алушылардың,  іскерлік  дағдыларын  қалыптастыру,  оларды  жаңа  біліммен 
қаруландыру,    ӛздігінен  жұмыс  атқару    дағдыларын  меңгерту  мақсаттары 
жүзеге асады. 
Педагогика  ғылымында  маңызды  дидактикалық  теориялар  мен 
тұжырымдамалар  баршылық.  Әрбір  дидактикалық  теорияны  зерттеп,  оны 
негіздеуші ғалымдар бар. Мәселен, танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы 
(Г.И.Щукина,  т.б.),  дамыта  оқыту  тұжырымдамасы  (Л.В.Занков,  т.б.),  оқулық 
түзудің 
дидактикалық 
негіздерін 
И.Я.Лернер, 
проблемалық 
оқыту 
тұжырымдамасы(М.И.Махмутов,  А.М.  Матюшкин  т.б.),  ақыл-ой  әрекетін 
кезеңді  қалыптастыру  теориясы  (П.Я.Гальперин,  т.б.),  білім  беру  мазмұны 
теориясы  (В.В.Краевский,Л.Я.  Лернер,  В.С.Леднев,  т.б.),  мазмұнды  жинақтау 
теориясы  (В.В.Давыдов,  т.б.),  оқу  процесін  оңтайландыру  теориясы 
(Ю.К.Бабанский),  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  белсендіру  теориясы 
(Т.И.Шамова,  т.б.),  оқыту  әдістерінің  теориясы  (М.И.Махмутов,  В.А.Онищук, 
т.б.),  ӛзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру  теориясы  (Л.Я.Зорина,  Н.К.Журавлев, 
т.б.),  біртұтас  педагогикалық  процесс  теориясы  (Н.Д.Хмель,  т.б.  ұжымдық 
оқыту  теориясы  (В.Дьяченко,  т.б.)
[70-77]
.  Ал,  осы  теорияларды  жүзеге 
асырудың негізінде оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны жатыр. 
Қазақстанда білім  берудің дидактикалық негізіне кӛп кӛңіл бӛлген ғалым-
профессор  Т.Сабыров  болды.  Ол  негізінен  бастауыш  сыныптарда  берілетін 
білім  мазмұнына  кӛп  кӛңіл  бӛлді.  Бірақ,  ғалымның  «Оқушылардың  бойында 
нақты ғылым қоры болмаса, оның ӛздігінен жұмыс атқаруы мүмкін емес»-деген 
пікірі білім берудің қай саласына болса да негіз болатын қағида. Шын мәнінде 
оқушыға  білім  беру  құралы  оқулық  болатын  болса,  оның  мазмұны  мен 
құрылымы  оқушыға  қойылатын  талаптарды  орындатудың  негізі  болып 
табылады. 
Кейінгі  кездерде  оқулық  жазудың  теориялық  және  практикалық 
мәселелерін сӛз етіп жүрген авторлар баршылық. Соның бірі  А.М. Таганова  ӛз 
пікірінде жалпы оқулықтың мына тӛмендегідей
 қызметін атап ӛтеді: 
- білімді хабарлау, баяндау; 
- оқушыларды әртүрлі дағдыларға жаттықтыру; 
- алған білімді ӛмір кәдесіне жарата білуге үйрету; 
- белгілі пәнді білмекке ынталандыру, қызықтыру; 
-  білімді оқушылардың ӛздігінен пайдалануына жағдай жасау. 
Әрине,  бұл  жалпы  оқулықтың  маңызын  ашуға  тырысқан  пікір  деп 
қараймыз.  Бірақ,  оқулықтың  атқаратын  қызметі  бұдан  да  күрделі.  Әсіресе, 
химия  оқулығынан  берілетін  білімнің    ғылыми  теориялық  негізін    оқушыға 


19 
 
баяндап  қана  қоймайды,  оны  проблемалық  жағдаяттар  тұрғысынан 
оқушылардың ӛздігінен шешуіне бағыттайды. Қазіргі таңда оқулық білімді тек 
хабарлаушы  емес,  оны  оқушылардың  ӛздігінен  ізденуіне  бағыттаушы  құрал 
десек  те  болады.  Оқулық  жазу  мәселесінің  теориялық  тұстарымен  кӛп 
айналысып жүрген ғалым А.Қ.Құсайынов ӛзінің бір сұқбатында «қазіргі оқулық 
жазушылар оқулықта берілетін білімді
    кӛбіне,  ӛмірдегі  нақты  жағдаяттармен, 
адамның тұрмыс-тіршілігімен ұштастырыла бермейді»- дей келіп, нақты  мысал 
келтіреді.  Ол  мысалы  химияны  орта  мектепте  толық  оқыған  мұғалімдерден 
қазіргі ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтардың сыртындағы жазылған химиялық 
қосындыларын  ажыратып  беруді  сұрағанда  олардың  бірде-бірінің  жауап  бере 
алмағандығын айтады.Бұл оқулық мазмұнына тек ғылыми негіз енгенмен, оның 
күнделікті ӛмірге керекті материалдармен байланысының жоқтығын кӛрсетеді. 
Дамыған елдер оқушыларды тек білім алушы ғана емес, оқу үдерісіне белсене 
араласушы  деңгейіне  кӛтеру  үшін,олардың  ӛздігінен  білім  алу,  оны  ӛмірдегі 
жағдаяттарда  пайдалана  білу,  ізденушілік  құзыреттіліктерін  қалыптастырып, 
дамытуды кӛздейді[40, б. 85 ]. 
«Білім»  –  кӛпмағыналы  және  күрделі  ұғым.  Ол  білімалушының  жүйелі 
білім, білік, дағдыларының және орындайтын іс-әрекетінің  негізінде  меңгеру 
үрдісінің  нәтижесі. Білім мазмұнын меңгеруде әрбір материалдың мазмұнына 
байланысты іс- әрекет атқара отырып, оған сыни кӛзқараспен қарап, жүйелі ой 
елегінен  ӛткізу,  шығармашылықпен  жұмыс  істеу  нәтижесіде  оқушының  
білімдік  дағдылары қалыптасады. Бүгінгі таңдағы білім беру талабына сәйкес, 
сындарлы  оқыту  нәтижесінде  білім  ала  отырып  ӛз  әрекетіне  ӛзі  есеп  бере 
алатын,  меңгерген  білімін  болашақта  қажетіне    қолданатын,  ӛзіндік  «мені» 
қалыптасқан  тұлға  даярлау  осы  ӛзіндік  ізденудің  негізінде  орындалатыны 
белгілі.  Бүгінгі  қарқынды  дамып  жатқан  елдер  арасынан  орын  алу  үшін  білім 
сапасын  дамытудың  қажеттігі  білім  беру  жүйесі  мен  білім  беру  қызметтеріне 
жоғары талап қоюда. Ал білім беру үдерісіндегі негізгі құрал – оқулық. 
Оқулықтың атқаратын үш міндетін ( білім беру, дамытушылық, тәрбиелеу) 
ескерсек,  орта  мектепке  арналған  бейорганикалық  химия  оқулықтарының 
мазмұны  осы  сыныптардың  жас  ерекшелігіне  қарай  құрыла  отырып, 
бағдарламада  кӛрсетілген  талаптарға  сай  ғылыми  материалды  ғана  емес, 
сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс жасата отырып,  оқушылардың ӛз 
білімдерін  ӛзіндік  бағалауына,  бақылауына,  оны  ӛмірмен  байланыстыруына 
негіз 
болатындай 
және 
алған 
білімін 
жергілікті 
материалдармен 
байланыстыруға мүмкіндік туғыза алатындай дәрежеде болуға тиісті. 
Химия  оқулықтары  елімізде  жүріп  жатқан  білім  беру  реформаларының 
іске  асыруын  кӛздейтін    маңызды  құралдардың  бірі.  Оқушыларды  білім  беру 
мен  тәрбиелеуде  және  дамытуда  оқулықтың  орнын  және  маңызын  кӛптеген 
ғалымдар мен әдіскер зерттеушілеріміз айтып кеткен. И.Я.Лернердің айтуынша, 
оқулық  оқыту үдерісін жан-жақты ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады. 
Осыған байланысты ол жаңа оқыту жүйесін сипаттайтын әрбір оқулықтың тӛрт 
негізгі элементін атап  кӛрсетеді: 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау