32
ерекшеліктерін ескеріп, жүйені жандандыру қажеттілігінде оның эмоциялық-
құндылық қатынастары оқушылардың танымдық әрекеттері әсерінен
танымдық-түрлендіру әсеріне жетеді. Бұл ретте оқушылардың репродуктивті
әрекеттерінен бӛлек, ӛнімді іздестіру әрекеттері, яғни эвристикалық (ішінара
іздеу, бақылау) және шығармашылық (зерттеу, құрастырушылық) әрекеттері
туындайды. Осылардың нәтижесінде оқушылардың білімін жандандыруда
айтарлықтай ӛзгерістерге қол жеткізіледі. Мәселен, белгілі бір заттың
химиялық қасиетін зерттеу барысында ол заттың бір түрден екінші түрге
айналатындықтарына қӛз жеткізу арқылытаңдану, қызығу, қуану сезімдері
күшейеді.
Тасымалдаушы (трансформациялық)функция - оқулық ғылыми тұрғыдан
ӛңделген, ӛмір талқысынан ӛткен, жаңартылған білім негізін қамтиды. Бұл
оқушылардың білім мазмұнын жақсы меңгеруі үшін, дидактикалық принциптер
мен ережелер негізінде жүзеге асады.
Мемлекеттік бағдарламаны анағұрлым толық, айқындай, нақтылай және
дамыта отырып, оқулық оның қолжетімділігін ескеріп, білім мазмұнын жүзеге
асырады. Оқушылардың оқу материалын анық және нақты түсінуі арқылы
олардың іздену, қайта жасау әрекеттеріне ұмтылысы пайда болады.
Бұл функцияны жүзеге асыруда, химия пәнінің мазмұнын жеңіл
меңгерілетін, қызықты, түсінікті және оқушыларға жақын таныс мысалдармен,
деректермен жеткізуді кӛздейді.
Тасымалдаушы
(трансформациялық)
функциямынадай
мәселелерді
қарастырады:
Әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай мазмұнның
қолжетімділігін қамтамасыз ету – оқу материалының дидактикалық ӛңделуін;
Оқушыларға
ұсынылатын
материалдың
ӛмірмен,
тәжірибемен
Қазақстандық компоненттермен байланыстылығын;
Күрделі материалдарды тиімді баяндау арқылы, оқушылардың білімін
оңтайландыру, олардың сенімін, қызығушылығын, эмоционалдық кӛңіл күйін
тудыруы.
Жүйелілік – жүйелік оқу материалын баяндауды қатаң дәйектемелік
тұрғыдан қамтамасыз ету. Оқушыларды ғылыми жүйелеудің тәсілдерін
меңгеруге бағыттау. Бұл функцияны жүзеге асыру мұғалімнің оқыту үрдісін
басқаруды жандандыруына ықпал етеді. Химияның материалдарын беруде бұл
функция үнемі ескеріледі. Себебі, химиялық материалдарды жеңілден ауырға,
ӛздері күнделікті ӛмірден кӛретіндеріне негіздей отырып, қортындылауға
мүмкіндік беретін абстракциялық ұғымдарға қарай орналастыру арқылы
берілетін білімнің жүйелілігі сақталады. Бұл функция сыныптан сыныпқа қарай
материалдардың күрделене түсуіне де негіз болады.
Жүйелейтін функция -оқулықта пән бойынша берілетін білім мазмұнын
құрайтын ақпаратты жүйелілікпен беруді қамтамасыз етеді. Осы арқылы
оқушылар ғылыми жүйеліліктің әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Жүйелейтін
функция оқулықтың басқа функцияларымен тығыз байланысты болады. Бұл
функцияның рӛлі күнделікті келіп жатқан ғылыми ақпараттар ағымын
33
оқушыларға жүйелеп, ӛңдеп беруге, оларды жаңа техникаларды меңгеруге,
технологиялық үдерістерге дайындауға, іс жүзінде олармен жұмыс жасай
алатындай деңгейге кӛтереді.
Бекітетін және өзін-өзі бақылайтын –мұнда басты мақсат мұғалімнің
мақсатты басқаруымен оқушылардың химиялық білімді меңгерудегі іс-
әрекеттерінің түрлерін қалыптастыру. Ӛзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастыру
арқылы олардың міндетті оқу материалын жетік меңгеруіне кӛмектесуді жүзеге
асыру. Практикалық іс-әрекеттер кезінде оқушылардың ӛзіндік жұмысына баса
кӛңіл бӛлінеді.
Оқулықтағы
материалдар оқушылардың ой-ӛрісінің
дамуынажағдай жасайтындай мәселелерді кӛтеруге тиісті.
Бекіту және өзін-өзі бақылау функциясы. Өздігінен білім алу
функциясы.Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу
талқысынан ӛтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енетіні белгілі. Енді сол
шындыққа ӛздері кӛз жеткізу үшін оқушылар ӛз деңгейінде оларды зерттеп,
тәжірибе жасап, экспериментке қойып, анықтау жұмыстарын жүргізеді. Бұл
олардың білімінің бекітушілік және ӛзін-ӛзі бақылаушылық деңгейін кӛтереді.
Оқушының оқу материалды меңгеруін және бекітуін жеңілдетуге және білім
алудағы олқылықтарды ӛздігінен толықтыруына кӛмектеседі яғни, меңгерген
білімді бекіту және оқушының ӛзін-ӛзі бақылауы. Бұл мәселені шешуде
оқытудың әртүрлі құралдарын (дыбыстық, бейнелі, техникалық және т.б.)
енгізу кӛмектеседі.
Оқулық – мұғалімнің қолындағы маңызды құрал, ол оқушыға пәннің нақты
мазмұнын, белгілі бір ақпарат кӛлемін меңгеру қажеттілігін қалыптастыру үшін
арналып қана қоймай, үйренгенді қорытуға, алынған білімнің дұрыстығын
тексеруге, оларды қандай да бір нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік
береді.
Біріктіру функциясы- оқулық білімді біріктіру және үйлестіру сияқты
ерекше функцияларды қамтиды. Қазіргі кезде, кино, радио, теледидар, мерзімді
басылымдар, танымал ғылыми және анықтамалық әдебиеттер күннен-күнге сан
алуан және жедел ақпараттарды беретіні соншалық, ешқандай оқулық онымен
бәсекеге түсе алмайды. Бұқаралық ақпарат құралдары, оқытудың техникалық
құралдары тәрізді бай және ӛте құнды ақпараттарды береді. Сондықтан,
оқушылардың күнделікті ақпараттан алған білімдері мен физика, химия,
биология сияқты пәндердің сабақтастығын жүзеге асыра отырып, ғылымдар
негізін біріктіреді.
Өз білімін жетілдіретін – оқушылардың ӛз бетінше білімді меңгерудегі
мақсаты мен іскерлігін қалыптастыру. Химиялық жетістіктерді іздестіру, білім
алудағы кемшіліктерін ӛздігінен анықтау және толықтыруға талпыну. Осы
арқылы оқушылардың оқу-танымдық ынтасын және танымдық қабілетін
жетілдіру. Сонымен қатар оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылатын,
оқушылардың қабілеттіліктері мен бейімділіктері ескерілетін тапсырмалардың
жүйесі жасалынады [107,108].
Достарыңызбен бөлісу: |