Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет3/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


 
себеп, педагог қауымының дайындығы, білім беруді жоғары деңгейде жүргізуге  
қалыптасқан  кәсіптік  құзыреттіліктерінің    болуы.  Соның  негізінде  білімді 
тұлғаға бағыттау  талабының орындалуы.  Екінші    себеп, оқушылардың іздену-
шілігі    мен  зерттеушілік,  бақылаушылық,  эксперименттік  бағыттағы  ӛзіндік 
жұмыстарын ұйымдастырудың қамтамасыз етілуі. Үшінші себеп, оқушылардың 
білім  алуы  тек  оқулықтағы  материалдарды  игерумен  шектелмей,  олардың оқу 
іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға  негіз  болатын  және  оқулықтың  мазмұнын 
тереңдете түсетін  қосымша оқу құралдарының пайдаланылуы. 
Химия кӛп салалы пән болғандықтан, ол бүкіл жаратылыстану пәндерімен 
мазмұндық және практикалық жағынан тікелей байланысты. Бұл жағдайлардың 
бәрін  оқулыққа  енгізу  мүмкін  емес.  Сондықтан,  оқушылардың  білімін 
толықтырып  қана  қоймай,  олардың  ізденушілігін,  зерттеушілігін  дамытатын 
бұл  пән  бойынша  дайындалған  оқу  құралдарының  оқулық  мазмұнымен 
сабақтастықта пайдалануын қамтамасыз етуді қарастыру болып табылады. 
Дүние  жүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде 
Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үдеріс  педагогика  теориясы 
мен оқу-тәрбие жұмысында ӛзгерістер  енгізумен бірге, елімізде болып жатқан 
түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,  білім  алушылардың 
шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап 
етеді. Еліміздің білім жүйесі бойынша мектеп қабырғасында білім беру  тұлғаға 
бағыттала  отырып,  оларды  шығармашылыққа,  ізденуге,  оқушылардың  білімді 
ӛздігінен    меңгеруге    жетектеу,  білім  беру  әдістемелерінің  осы  мақсатқа  тез 
бейімдеуді керек етеді.  
Педагогика 
саласындағы 
зерттеулер 
білім 
беру 
мазмұнын 
гуманизациялауды,  оқытудың  тәрбиелік  ролін  кӛтеруді,  оқушылардың  оқуға 
қызығушылығын  арттыруды  талап  етеді.  Сондықтан  да,  мектеп  қабырғасында  
химияны оқытуда ең алдымен химия ғылымының даму жолын талдай отырып, 
оның  мазмұнын  ғылыми  тұрғыдан  толық  ашу  үшін    оқулық  пен  оқу 
құралындағы  материалдарды  байланыстыра    отырып,  білім  берудің  жаңа 
технологияларын қолдану негізінде мақсатқа жетуге болады.  
Сондықтан  да,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  мазмұндық, 
құрылымдық,  әдістемелік  сабақтастықтарын  ғылыми  тұрғыдан  жетілдіре  түсу 
заман талабының бірі деп қараймыз. 
Оқулықтардың  теориялық  негізін,  білім  берудің  дидактикалық  
принциптеріне қарай оның  мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерін зерттеген  
Ресей 
ғалымдарыныңқатарында: 
В.Г. 
Бейлинсон, 
Д.Д.Зуев, 
П.Г.Буга,В.В.Краевский, 
Н.Ф.Талызина,Л.В.Занков, 
С.Г. 
Шаповаленко, 
В.П.Беспалько, И.К. Журавлев [5-15]айналысқандығын білеміз. Сонымен қатар 
педагог Г.М. Донской оқулық мазмұнының дамуы мен атқаратын қызметін [16], 
А.М.  Сохор  оқулықтардағы  ғылыми  материалдарды  дидактикалық  ӛңдеу 
туралы  [17],    И.П.Товпинец,  Ю.К.Бабанский,  В.В.Сорокин,  Л.С.Гузей, 
Р.П.Суровцева,  В.П.Максаковский,  А.З.Рахимов,  Н.И.  Кондаков,  М.Н. 
Скаткинжәне  т.б.  еңбектерінде  оқулық  құрылымы  мен  оны  құру  жолдарын 
талдаған[18-24].  Ал,  ғалым  Дайнеко  оқулық  тиімділігін  арттыру  жолдарын, 



 
К.Швинге,  Л.Я.Зорина,  Л.М.Кузнецова  оқулық  функцияларының  оның 
құрылымына  әсері  туралы  тұжырымдарды  ұсынған[25-29].  Л.А.Цветков, 
З.Е.Гельман,  Д.А,  Эпштейн  химияны  оқыту  мазмұнындағы  пәндік-  ғылыми 
білімнің  мектеп  оқулықтарында  берілу  мәселелерін  ұсынған[30-32].  Химия 
пәнінен  алғашқы  оқулықтар  туралы  Б.А.Бірімжанов,  К.А.Аханбаев, 
И.Н.Чертков, А.В.Лаврентьева және Л.С.Понтак, Г.Н. Осокина, Швинге мен Г. 
Майендорф,  Е.Е.Минченков,  Э.К.Реоли  және  т.б.  ғалымдар  зерттеулер 
жасаған[33-39]. 
А.Қ.Құсайынов, 
Ұ.А.Асылов, 
оқулықтанудың 
ӛзекті 
мәселелерін 
қарастырса,  А.Е.Әбілқасымова  Қазақстандағы  жаңа  буын  оқулықтары  қандай 
болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау жӛніндегі 
еңбектерін  атай  аламыз.  Бастауыш  сыныптардағы    табиғат  тану,    дүниетану  
оқулықтарын    құрумен    және  олардың    қосымша  оқу  құралдары  мен  
әдістемесін жазған Қазақстандық ғалымдардың бірі- Қ.А.Аймағамбетоваболса, 
Ж.Ә.Шоқыбаев  химиядан  жоғары  мектепке  арналған  оқу  құралдарының 
дидактикалық  негіздерін,  ал  И.Н.Нұғыманов  химия  оқу  құралдарындағы 
химиялық тілдің маңызын анықтаған.  Орта мектептерде химия пәні бойынша 
негізінен И. Нұғымановтың, Н.Нурахметовтың [40-48] даярлаған оқулықтарын 
пайдалануда. Олардың арасында Ресей  авторларымен бірлестікте дайындалған 
оқулықтарды  да 
айтуға  болады.  «Дәуір-Дрофа»  баспасы  бірлесіп 
О.С.Габриелян,  Ж.Ә.Шоқыбаев  [49]  авторлығында  орта  мектепке  арналған 
химия  (8,9,10,11-  сынып)  оқулықтарын  екі  тілде,  (қазақ,  орыс)  жарық  кӛрді. 
Қазіргі таңда бұл оқулықтар  Республикамыздың біраз облыстарында қолданыс 
табуда.  Сонымен  қатар,  бүгінгі  таңда    кӛптеген    ғалым-ұстаздар    химия 
оқулықтарын  жаңа  талаптарға  сәйкестендіріп,  жаңарту  мәселесімен 
айналысуда.  Олардың  қатарында:  Б.А.Мансуров,  Н.Қ.Ахметов,  Қ.Бекішов, 
А.Сармурзина, Р.Жұмаділоважәне т.б.  атауға болады [50-54]. 
Қазіргі  қоғамға  әлеуметтік  жағынан  бейімделу  үшін  адам  баласына  тек 
білім ғана емес, оны күнделікті ӛмірде, практикада шығармашылықпен қолдана 
білуі  қажет.  Бұл  үшін,  біріншіден,    ӛмір  сүруге  қажетті  дүниежүзілік  және 
жалпы  ұлттық  мәселелерді  шеше  білу  икемдігі;  екіншіден,  жоғары 
технологиялармен  қамтамасыз  ететін  ғылыми-техникалық  жаңару  жолдарын 
таба білу біліктілігі қажет.  Бұл мәселелерді  шешуге жастарды дайындау  үшін 
химия ғылымының жеткен жетістіктерін білім жүйесіне ендіру,  оқушылардың 
теорияны  толық  меңгеруіне  жағдай  жасау,  қоршаған  ӛмірде  кездесетін  нақты 
деректерді  олардың  кӛзімен  кӛріп,  қолымен  ұстауына,    олар  арқылы  тәжірибе 
мен  эксперименттер  жасай  отырып,  ӛздерінің  ізденуі  арқылы  шындыққа  кӛз 
жеткізетіндей  материалдар  қамтылуға  тиіс.  Мұндай    іс-әрекетті  ұйымдастыру  
химия  пәнін  оқытуды  жаңаша  құрып,  жаңа  технологияларды  кеңінен 
қолданумен тығыз байланысты. 
Жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  химияның  маңызды  орын  алуы 
ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруынан ғана емес, бұл химия 
пәнінің  мазмұнының  биологиялық,  физикалық,  географиялық  ғылымдармен 
тығыз  байланыстылығынан  туындайды.  Бұл  байланыстарды  химиядан 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау