92
оқушыларға өз деңгейлеріне сәйкес жеңіл тапсырмалар беріледі. Ал, үлгерімі
жоғары окушылар қиындық деңгейі жоғары тапсырмалар алады.
Химиялық ұғым бере отырып, Жекебас гигиенасын
оқушылардың жалпы сақтау
мәдениетін көтеру
Жергілікті химия өнеркәсібімен Заттар, денелер т.б. химиялық
мәдени орталықтармен ұғымдар туралы халықтық
таныстыру ұлттық мәдениетті білу
Сурет 7 – Білімді мәдениеттендіру принципінің сызбасы
Мәселен, оқулықтағы кейбір кестелерді,
есептер мен тапсырмаларды,
тәжірибелер мен эксперименттер түрін оқу құралындағы қосымша
материалдарды үйден орындайтын өзіндік жұмыс ретінде пайдалану арқылы
оқушыларды ешкімнің көмегінсіз жұмыс істеуге жаттықтырады.
Сыныптан тыс өзіндік жұмыстар кейде бүкіл сынып мүшелеріне арналып
жалпы берілсе, кейде жеке-жеке оқушыларға бөлініп беріледі. Мұндайда
өзіндік
жұмыстың
мазмұны,
көлемі,
оқушының
психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкестігі ескеріледі.
Қалыптастыру эксперименті барысында берілген нұсқау бойынша
химиялық экспериментті орындау, белгілі тақырып бойынша жоспар
құрастыруға, конспект жазу, қорытынды кестелер мен сызбанұсқаларды сызу
т.с.с. жұмыстар сыныптан тыс жұмыс ретінде беріліп отырылды.
Сыныптан тыс өзіндік жұмысты сабақ барысындағы өзіндік жұмыстармен
байланыстырып отыру жағы да қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыс
барысында оқушылар алдымен өздігінен көмексіз орындаудың әдіс-тәсілін
үйренеді. Кейінгі кезде бұл іс-әрекеттерді өздігінен еркін орындайтын деңгейге
көтерілді. Ең соңында, үйренген іс-әрекеттерді, яғни өзіндік жұмыстарды өздері
еркін қолдану үшін оларға жаңа тапсырмалар ұсынылады, сыныптан тыс
өзіндік жұмыстар кезінде де оқулық пен оқу құралын байланыстыра отырып
қарастырдық. Оқу құралындағы берілген қосымша материалдар оқулықтың
ғылыми дәлдігін күшейтеді және оқушылардың көңіл-күйіне жағымды әсер
етеді. Себебі, мұнда оқулыққа қосымша түсіндіру және анықтамалық
мағлұматтар, мәтіннен тыс компоненттер беріледі.
Қалыптастыру эксперименті барысында экологиялық және өлкетану
принциптері де жүзеге асырылды. Мұны мына төмендегі
8
суреттен көруге
болады.
Оқу құралындағы материалдарды меңгеруді ұйымдастырға бағытталған
аппараты да жеткілікті. Мұндай аппараттың құрамына сұрақтар мен
тапсырмалар, жаттығулар, әрбір тақырыпқа байланысты есептер, олардың
жауаптары, қорытынды кестелер, безендіру (иллюстративті) материалдары
(сызба-нұсқалар, суреттер, диаграмма, сызулар және т.б.) кіреді.
Білімді
мәдениеттендіру
принципі
93
Қоршаған ортаға әрекетін Өз әрекетін басқаның пайдалы
өзі бағалауы әрекетімен
салыстыруы
Табиғатқа, адамдарға мәдени Қоршаған ортаға жағымды
адами қатынастары қатынастар
Сурет 8 – Экологиялық принциптері сызбасы
Сонымен қатар, оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру аппараты
болады бұған зертханалық жұмыстар, үйде жасауға қолайлы химиялық
эксперимент орындау үшін тапсырмалар, ережелер жатады. Меңгеруді
ұйымдастыру аппаратын дұрыс қолдану арқылы оқытудың әртүрлі мақсаттары
орындалады.
Оқу құралындағы әрбір тақырыпты жергілікті материалдармен
байланыстыру, қоршаған ортаның нысандарын жүйелі бақылау, оның
нәтижелерін сабақта және іс-тәжірибеде пайдалану арқылы өлкетану принципі
жүзеге асады (9 сурет). Бұл оқушылардың ойда сақтауын және алған білімін
қайта жаңғыртуын, сол арқылы өз істеріне сенімділігін арттырады. Мұндай
жұмыс оқу құралы және оқулықпен білікті тұрғыдан жұмысты істеуді
қалыптастырады, еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелейді. Оқушылардың оқу
құралының ұйымдастыру аппаратын қолдана білуі олардың өзіндік дамуына
жағдай туғызады.
Тақырыпты жергілікті Қоршаған орта нысандарын
материалдармен жүйелі бақылау
байланыстыру
Өлкетану принципі
Бақылау нәтижелерін Бақылау нәтижелерін
қортындылау сабақта және іс-тәжірибеде
пайдалану
Сурет 9 – Өлкетану принципінің сызбасы
Бағдарламалық талаптар негізінен бейорганикалық химиядан білім беру
барысында мынандай мақсаттарды басшылыққа алдық. Бұл білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық. Осылардың бірлігі ретінде сабақтастық принципін де
жүзеге асыру көзделіп, оқу құралындағы әрбір химиялық ғылым түріне
байланысты берілген тәжірибелер, реакциялар, есептер т.б. бәрі кеңінен сабақ
беру барысында қолданылып отырылды. Сабақтастықты жүзеге асыру
жолдарын мына төмендегі
10
суреттен байқауға болады.
Бейорганикалық химияны жаратылыстану пәндерімен және оқу құралымен
байланыстыра оқыту кезінде жаңа технологияларды қолдана отырып, білімнің
саналы меңгерілуін әр уақытта қадағалап отырдық. Білімнің саналылығын қам-
тамасыз етуде мына төмендегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қолдану үнемі
назарда болды. Оны төмендегі
11
суреттен көруге болады.
Экологиялық
принцип
Достарыңызбен бөлісу: |