86
тапсырылады. Топпен жұмыста да сол сияқты, кейбір топ мүшелеріне
орындаудың жоспары айтып түсіндірілсе, кейбір топ оқушылары өздіктерінен
жоспар құрып орындай алады. Бірақ, қалай болғанда да, оқушыларға
орындататын тапсырмалар олардың шамалары келетіндей деңгейде болу жағы
қарастырылды. Бұл айтып отырғанымыз қазіргі таңда білімді жеке тұлғаға
бағыттауды көздеуді талап ететінін естен шығармай, білімді деңгейлей отырып
беруді
ойластыруға
тиіспіз.
Бұл
білім беруде
деңгейлеп оқыту
технологиясының кеңінен қолданылуын көздеуді керек етеді.
Жоғарыда көрсетілгендей
, жаңа білімді меңгеру, яғни жаңа тақырыпты
жан-жақты талдауға көмектесетін өзіндік жұмыс түрлерін айқындауда ең
алдымен оқулықпен орындалатын өзіндік жұмыстарға көңіл бөлдік. Себебі,
негізгі ғылыми ұғымдарды, химиялық заңдылықтарды, химия тілін оқушылар
мәтін мазмұнынан меңгеретіні анық [132].
Оқушылардың өздігінен білім негізін меңгеруде оқулық бойынша
орындалатын өзіндік жұмыстардың мәні жоғары. Білім беруде жаңа
технологияларды қолданудың маңыздылығы артып тұрған шағында
оқушыларды оқулықпен және басқа білім көздерімен белсенді жұмыс жүргізуге
үйрету үшін оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың аса
қажеттігі туындайды. Оқушылардың ғылым негізін, ғылыми тілді меңгеруінде
де оқулық мәтінінің мәні үлкен. Мәтін – материал мазмұнын айқындайтын
құрал, оқу, білім беру ақпаратының басты көзі. Ең негізгі және оқушылардың
міндетті түрде меңгеруіне тиісті ұғымдар мен түсініктер, заңдар, ілімдер мен
анықтамалар осы мәтін арқылы беріледі. Сонымен қатар, пәнге байланысты
ғылым саласындағы жетекші идея мен болашақ бағыттарды да мәтін ашып
көрсетеді. Мәтін мазмұнын саналы меңгерген оқушының жүйелі ойы, ойлау
және шығармашылық дағдысы қалыптасады [132, 134].
Сондықтан да, сабақ барысында оқулықтағы материалдарды бірден оқып,
оның мазмұнын қайталап айтуға тырыспай-ақ, өзіндік іс-әрекет арқылы қалай
саналы меңгертуге болатын жағын да есте ұстауға тырыстық. Сонымен қатар,
оқулықтағы әрбір мәтіннің мазмұнын оқу құралындағы материалдармен
байланыстыра отырып беру көзделді. Мұндай жағдайда, мұғалімнің уақытты
үнемдеу, сабақтың қызығушылық тұстарын көтеру, оқушылардың оқу әрекетін
тиімді ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін тудыру жағына көңіл бөле
отырып, оқулықпен жұмысты түрлендіруге тура келді.
Бейорганикалық химия оқулығының мәтіндері арқылы сабақ үстінде
оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмыстар орындатуға тура келді. Солардың бірі-
мәтінді оқып, мазмұнын түсіну, оны қайталап айтудың жоспарын құру. Жоспар
құру оқушылардың пән бойынша жүйелі түрде білім алуына мүмкіндік береді.
Мәтін бойынша сөздік жұмыс жасау. Мұнда мәтінде кездескен жаңа сөздерді,
химиялық атауларды (су, оттек, көмірқышқыл газы, азот, сутек, күкірт және
т.б.) талдап түсіну. Мәтіндегі негізгі ойды көрсете білу. Тақырыптың соңында
берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Мәтін бойынша конспект,
тезистер құрастыру, мәтінді рефераттау. Оқулық мәтінімен жүргізілетін өзіндік
87
жұмыстың тағы да бір түрі- мәтінді мазмұны бойынша бөліктерге бөлу, оларға
ат қою, қорытынды жасау.
Оқулықпен жұмыс барысында берілетін өзіндік жұмыстарды жалпы
сыныпқа арнамай, жеке топтарға және жеке оқушыға арнап алдын ала
дайындау арқылы мұғалім біріншіден, уақыт үнемдесе, екіншіден,
оқушылардың өздігінен жұмыс орындауын қамтамасыз етеді. Үшіншіден,
олардың өзіндік іс-әрекеттерінің нәтижесін сабақ барысында ортаға салып,
ұжым болып талқылай отырып, оқушылардың материалдарды өздігінен
меңгеруін жүзеге асырады.
Мәселен, бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын байланыстыра
отырып, оқушылардың –өзіндік жұмыстары арқылы жаңа білім алу және оны
қортындылау мақсатымен ұйымдастырылған сабақ түріне тоқталайық.
Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтер және олардың таңбалары»
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Әрбір химиялық элементтің өзінің таңбасы
болатынын, химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін және химиялық
элементтердің жіктелуі туралы ғылыми ұғым беру. Тәрбиелік: күнделікті
тұрмыста қолданылып жүрген заттардың мәнін түсініп, оларды қолданудағы
ережелерді сақтауға, химиялық қосылыстардың пайдасын біліп, оларды
сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Шығармашылық: Химиялық элементтердің таңбаларын меңгеріп, оны оқи
білу, керекті жерінде қолдану арқылы есептер шығару, өздігінен есептер
құрастыру жұмыстарын орындау. Сонымен қатар, оқушылар түрлі нақты
деректерді пайдаланып, химия ғылымының болашағына көз жеткізіп, оны
зерттей қарауға үйренеді.
Керекті құралдар: Химиялық элементтердің атаулары мен химиялық
таңбаларының сызбасы, оқулық, оқу құралы, тірек сөздер берілген кесте.
Қолданылатын әдістер: деңгейлеп оқыту технологиясы, сөздік әдіс,
көрнекілік әдісі, оқулықпен жұмыс, практикалық әдіс.
Сабақтың барысы:
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін мұғалімнің кіріспе түсінігі.
Мұнда бүгінгі тақырыптың мақсаты хабарланады.
2.Оқушыларды топқа бөлу. Әр топқа тапсырмаларды берумен қатар,
оларды орындаудың мақсаты түсіндіріледі. 1-топқа, оқулықтағы мәтіннің 43-
бетіндегі бөлімін оқып, оны түсініп, мазмұндап айтуға және оны бұрын
меңгерген жай зат туралы ұғымдарымен байланыстыруы керектігі айтылады. 2-
топқа, мәтіннің 44-бетіндегі бөлімінен металдар мен бейметалдар туралы
ұғымды меңгеріп, металдар мен бейметалдардың басты қасиеттерін
дәптерлеріне жазып, оны айтып беруге дайындалу. 3-топқа, тақырыптың осы
бетіндегі екінші бөлімін түсініп, өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдеу. 4-
топқа, «Химиялық элементтердің таңбалары» туралы оқып, кейбір химиялық
элементтердің атаулары мен таңбаларын дәптерге жазып, оны тақтаға жазып
көрсету. 5- топқа, оқу құралының 36-бетіндегі химиялық элементтердің
символдары мен индекстері арқылы заттардың химиялық формулаларын жазу
тапсырылады. Бұл мәселені оқып түсіну кезінде оқушылар химиялық формула
Достарыңызбен бөлісу: |