4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылды:
Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту
мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап.
Оқыту әдісі – білім алушы мен оқытушының алдына қойған мақсатына
жету үшін екі жақты іс-әрекеттері.
Оқу құралдары - белгілі авторлық ұстаныммен бір оқу пәні
бойынша ғылыми білімнің негізін баяндайтын кітап.
Білім беру мазмұны - оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы
үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы
мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет
тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі.
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа
алатын идея, негiзгi талап, қағида.
Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру
түрлерiн, әдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын
қағидалар жүйесi.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен
тұтастыққа тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.
Химиялық тіл дегеніміз- химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден-
бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
Химиялық білім –оқушылардың химия ғылымының жүйесіндегі
ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы.
Дидактика – педагогиканың негізгі саласы. Дидактика (didariros –
оқытушы, didasro – оқушы ) ұғымы, грек тілінен аударғанда оқыту немесе
үйрету дегенді білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін
зерттейтін ғылым саласы.
Алғы сөз дeгeніміз - оқулық туралы қысқа түрдe жазылған нұсқаулық-
жұмыстық мағлұматтар. Онда оқулықтың кімдeр үшін арналғаны, қандай
мақсат қойылғандығы, құрамы, шартты бeлгілeр мeн eрeкшeлeудің жүйeсі,
қосымша жәнe түсіндірмe ақпараттарды қандай дереккөздeн жәнe қалай
іздeстіру туралы
қажeтті ақпараттар бeрілeді
Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің
көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы
жұмыс.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік,
дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер
мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын
құжат.
5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Абай атындағы ҚазҰПУ
-
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
ЖОО
-
Жоғары оқу орны
ЖББ
-
Жалпы білім беру бағдарламалары
ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚР БҒМ
-
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым
Министрлігі
ҚР МЖМБС
-
Қазақстан
Республикасы
мемлекеттік
жалпыға
міндетті білім беру стандарты
ЭТ
-
Эксперименттік топ
БТ
-
Бақылау топ