90
ғылыми білім арасындағы байланысты нақты мысалдар мен деректерге сүйене
отырып,
материалистік
тұрғыдан
ұғындыру.
Осының
нәтижесінде
оқушылардың химиялық білімге деген қызығушылығын, дұрыс қарым-қатысын
дамыту, тәрбиелеу. Бұл бейорганикалық химия пәнінде берілетін деректер,
ұғымдар, заңдар мен солар туралы теорияға негіздеп оқыту. Оқытудың
ғылымилығы тек оқулықтағы материалдарды меңгерумен ғана емес, ол
қосымша оқу құралындағы материалдарды кеңінен пайдалану, білімді
бағалауға, тексеруге арналған басқа да қосымша материалдармен байланысты
қарастыру арқылы жүзеге асады.
Бейорганикалық химиядан топтық өзіндік жұмыстармен қатар, жекеше
орындалатын өзіндік жұмыстардың түрлері де жеткілікті. Мұндай жағдайда
ескерілетін мәселе оқушылардың танымдық және біліктілік деңгейі.
Сондықтан да, жекеше өздік жұмысты ұйымдастыру оқушылардың
мүмкіндігіне қарай деңгейлеп жекелеп беріледі. Мұндай жағдайда оқушылар
өздігінен жеке жұмыстар орындайды. Сол арқылы олардың білім деңгейі мен
біліктілігі айқындалады. Олардың бір-біріне көмегі тек жұмыс нәтижесін
талдау кезінде жүзеге асады.
Қалыптастыру эксперименті барысында оқушылардың бейорганикалық
химиядан есептер шығара білуіне де баса көңіл бөлінді. Әсіресе, салыстырмалы
молекулалық массаларға байланысты есептер, оқулықта да, оқу құралында да
толық құрылымда берілген. Бұл есептерді шығара білу бейорганикалық
химиядан білім мен білік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Есептерін шығару
арқылы оқушылар теориялық білімін тұжырымдайды, оны іс жүзінде қолдануға
жаттығады. Есепті шығару үшін оқушылар химиялық құрал жабдықтармен
және реактивтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Есеп шығарып, оның
шешімін табуға үйренген оқушылар өздігінен жұмыс істеуге жаттыға түседі.
Оқушылардың химиядан алған білім сапасы мен практикалық іс-әрекетке
әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде байқалады. Өзіндік жұмыс
ретінде есептерді жеке-жеке, топпен және бүкіл сынып болып орындату
жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар кезінде оқушылар бұрын алған білімдері
мен қалыптасқан біліктерін қолдануға және есеп шығару дағдыларын
жетілдіруге жаттығады. Шығарған есептің нәтижесін оқушылар топпен және
сынып бойынша талқылауға жаттығады. Сонымен қатар, оқушылардың өткен
материалды меңгеру деңгейін және оны іс жүзінде қолдану шеберлігін
тексеруге және бағалауға мүмкіндік туады. Есеп нәтижелерін талдау арқылы
оқушылардың, оны орындау барысында жіберген кемшіліктерін және оның
себептерін анықтап, оларды өзіне түзетуге жағдай жасалады..
Бірақ, эксперимент кезінде байқалған жағдай химиялық есептерді
оқушылар бірден шығарып кете алмайтындығы. Мұндай өзіндік жұмысқа көп
дайындықтың керектігі. Сондықтан да, ең алдымен оқушыларды есеп шығаруға
үйрету үшін сынып жағдайында белгіленген есепті теориялық тұрғыдан
талқылау ұйымдастырылады. Талқылау кезінде сынып оқушылары түгел
қатыстырылады. Мұғалімнің басшылығымен олардың әрқайсысының пікірін
тыңдау, дұрыстау, тұжырымдау жүргізіледі. Сонан кейін оқушылармен
91
әңгімелесе отырып, жоспар құрылады. Жоспар бойынша есепті шығару
оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы арқылы жүзеге асады. Осылайша
бірнеше рет жаттыққаннан кейін барып, келешекте оқушылардың өздері
жоспар құруға үйренеді және үй тапсырмасы ретінде беруге жол ашылады.
Көбіне бейорганикалық химиядан шығарылатын есептер оқушылардың
танымдық іс -әрекетінің түріне қарай мына төмендегідей мазмұнда болады:
- заттарды бір – бірінен ажырату;
- химиялық реакцияларға байланыстылығы;
- заттарды алу;
- заттардың сапалық құрамын анықтау;
- қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
- берілген заттарға тән реакциялар жасау;
- әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;
- химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын
есептеу;
- заттың химиялық сапасын құрастыру т.б.
Есеп шығару кезінде оқушылардың мына іс-әрекеттері басым болады:
талдау, жинақтау; жоспар құру; болжам жасау; алға қойған мәселені шешу.
Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушыларға берілетін
білімді мәдениеттендіру принципіде қойылып отыр. Бұл мәселені шешуде
бейорганикалық химиядан беріліетін білім барысында мына төмендегі
7
сурет
тұрғысынан жүзеге асырдық. Бейорганикалық білім беруде оқулық пен оқу
құралдарын байланыстыру арқылы орындалатын сабақтан тыс өзіндік өзіндік
жұмыстардың да мәні жоғары. Сыныптан тыс орындалатын өзіндік
жұмыстардың мақсаты:
- сабакта алынған білімді тереңдету және білікті бекіту;
- оқулық пен оқу құралын пайдалануды және олармен жұмыс жасауға
жаттықтыру;
- түрлі көрнекіліктерді: кесте, сызба, графикалык мәліметтерді, химиялық
символдарды пайдаланып жаттығу және олармен жұмыс жасау.
Бейорганикалық білім беруде оқулық пен оқу құралдарын байланыстыру
арқылы орындалатын сабақтан тыс өзіндік өзіндік жұмыстардың да мәні
жоғары. Сыныптан тыс орындалатын өзіндік жұмыстардың мақсаты:
- сабакта алынған білімді тереңдету және білікті бекіту;
- оқулық пен оқу құралын пайдалануды және олармен жұмыс жасауға
жаттықтыру;
- түрлі көрнекіліктерді: кесте, сызба, графикалык мәліметтерді, химиялық
символдарды пайдаланып жаттығу және олармен жұмыс жасау.
- өзіндік жұмысты қорыту, салыстыру, ой корыту, тужырым жасау сиякты
танымдық кабілеттерін дамыту. өзіндік жұмысты қорыту, салыстыру, ой
қорыту, тұжырым жасау сиякты танымдық кабілеттерін дамыту.
Мұндай жағдайда да, өзіндік жұмыстарға берілетін тақырыптар мен
жұмыстардың түрлері мен мазмұны өзгеріп отырады. Үлгерімі орташа
Достарыңызбен бөлісу: |