Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет42/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48

88 
 
арқылы  заттың  сапалық  және  сандық  құрамы  жайлы  түсінік  қалыптастырады. 
Заттардың формуласы арқылы жай зат, күрделі заттарды ажыратуға жаттығады. 
Тапсырмаларды  бергенде  мұғалім  оларға  бөлінетін  уақытты  да  айтып 
түсіндіреді. 
3.  Әр  топ  оқушылары    өзіндік  жұмыстардың  нәтижесін  жалпы  ұжымның  
талқысына  салып  талдауға  кіріседі.  Осы  талдау  кезінде  оқушылар  бірін-бірі 
тыңдап, олардың жұмысын бағалайды. Бағалау бірнеше жолмен жүзеге асады. 
Алдымен  топ  мүшелері  өз  жұмыстарын  топ  ішінде  өздері  бағалайды.  Мұнда 
топтағы  әр  оқушының  белсенділігі  мен  өзіндік  жұмыс  барысындағы 
шешімділігі  есептеледі.  Онан  кейін  жалпы  сынып  алдында  әр  топ  мүшелері 
бірін-бірі бағалап, олқылық және жетістіктерін атап көрсетеді. 
4.  Білімді  қортындылау  барысында  оқушылардың  өз  қалаулары  бойынша 
олардың  оқулықтағы  «Біліміңді  тексер»  бөлімінде  берілген  сұрақтар  мен 
тапсырмаларды орындауын  қамтамасыз етеді. 
5. Мұнан ары мұғалім өз пікірін тұжырымдап,  оқушылардың жетістіктерін 
көрсете  отырып,  олардың  бұл  тақырыптан  нені  меңгеріп,  нені  ұғынғандарын 
айтуды талап етеді. 
6. Оқушылар кестедегі тірек сөздерді пайдаланып, тақырыптың мазмұнына 
байланысты сөйлем құрастырады. Сөйлемдердің дұрыс құрылуы, анықтамалар 
мен атаулардың дұрыс қолданылуын оқушылар қадағалап, өз пікірлерін қосып, 
толықтыра алады. 
 7.  Бүгінгі  сабақты  қорыту  өте  жақсы  оқитын  оқушыға  тапсырылады.  Ол 
қысқаша  бүгінгі  жаңа  ұғым  бойынша  нені  меңгергенін,  қандай  іскерлікке 
үйренгендігін,  тақырыпты  талқылау  барысында  өзіне  не ұнағанын,  тағы  да  не 
білгісі келетінін айтуға тиіс. 
8.  Мұғалімнің  қорытынды  сөзінде  оқушылардың  белсенділік  деңгейі 
бағалануға  тиісті.  Сонымен  қатар,  кездескен  қиындықтар  мен  кеткен 
олқылықтарды атап, келесі де оған көніл бөлу керектігі айтылады. 
Сабақтың құрылымына көз жүгіртсек, бастан аяқ оқушылардың оқулықпен  
және  оқу  құралымен  өзіндік    жұмыс    түрлерін  орындауы  арқылы  оқушылар 
жаңа  ұғым  алғанын  көруге  болады.  Олар  алған  ұғымдарын  қортындылау 
барысында  да  оқулықты  пайдаланады.  Осы  арқылы  жаңа  атаулар  мен  жаңа 
ұғымдарды  меңгереді.  Оларды  пайдаланып  есептер  шығарады.  Осы  тұста 
мұғалім  оқушыларға  өзіндік  есеп  құрастыруға  да  мүмкіндік  туғызады. 
Оқулықпен  өзіндік  жұмыс  орындау  нәтижесінде  оқушылардың  белсенділігі, 
ізденушілігі, ой қорытып, өз істерін тұжырымдау дағдылары дамиды.  
Жоғарыда  көрсетілген  топтық  жұмыстардың  нәтижелі  болуы  бірнеше 
жағдайға  байланысты.  Ең  алдымен  топтың  ішінде  өте  жақсы  оқитын  және 
жолдастарының  әрекетін  ұйымдастыра  алатын  оқушының  болуы.
  Сонымен 
қатар,  әрбір  топтық  жұмыстың  өз  алдына  қойған  мақсаттың  болуы  және  оны 
оқушылардың  жете  түсінуі.  Топ  ішіндегі  оқушының  әрқайсысының     жеке 
тапсырмаларды  орындауы. Жұмыс  нәтижелерін  өзара  тексеру  және  бір-біріне 
туындаған  қиындықты  шешуге  көмектесуі.  Әр  топ  мүшесімен  алынған 
нәтижелерді біріктіріп, бір толық қорытындының жасалуы жүзеге асады. Бірақ, 


89 
 
топ  құрамындағы  оқушылардың    қабілеті  мен  дайындық  деңгейі  әр  түрлі  
болғандықтан,  олар  кейде    бірдей  ритммен  жұмыс  істей  алмауы  мүмкін. 
Мұндай  жағдайда,  топ  мүшелерінің  орындайтын  жұмыс  түрлерін  олардың 
әрқайсысының мүмкіндігіне қарай бөлу қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмыстар 
нәтижесінде оқулықтағы мәтін мазмұнын меңгеріп, саналы ұғынған оқушы оны 
мазмұндауға,  толықтыруға,  талдауға,    қойылған  сұрақтарға    жауап  беруге 
дайын  болады.  Оқулықпен  жұмыс  сабақтың  басында,  ортасында  не  соңында 
ұйымдастырылып,  әртүрлі  мақсатты  орындауы  мүмкін.  Сабақтың  бас  кезінде 
мұғалім  жаңа  материалды  түсіндіру  үшін  алдымен  соған  байланысты  өзіндік 
жұмыс  орындатып,  сол  арқылы  жаңа  ұғым  беруге  көшеді.  Кейде  оқушылар 
жаңа  ұғымды  меңгеріп,  енді  соның  дәлелі  ретінде  көрсетілген  өзіндік 
жұмыстарды орындап, алған білімдерін пысықтаса, кейде өзіндік жұмыстардың 
мазмұны  оқыған  материалды  пысықтаумен  қатар,  білім  тексеруге  бағытталса, 
оны сабақтың қорытынды бөлімінде орындайды.
 
Біз  көрсеткен  топтық  жұмыстардың  бір  сабақ  барысында  орындалуына 
сенімсіздікпен қарау да мүмкін. Бірақ, бұл жерде ескерілетін мәселе - 7- сынып 
оқушыларының 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
білу. 
Бұл 
жастағы 
оқушылардың сана-сезімі дамыған, өзіндік ойы мен пікірі бар. Сонымен қатар, 
олардың  осыған  дейінгі  сыныптардан  алған  жүйелі  білімдері  мен  өмір 
тәжірибелері  жеткілікті.  Өзінің  «Менін»  көрсетуге  жауапкершілікпен  қарай 
алады.  Сондықтан  да,  бұларды  дұрыс  бағыттаған  жағдайда  өзіндік  іс-
әрекеттердің барлық түрінде орындауға олардың мүмкіндіктері мол. 
Бейорганикалық  химиядан  оқушыларға  оқулық  пен  оқу  құралын 
байланыстыра отырып білім беруде негізгі дидактикалық принциптерді жүзеге 
асыруға  тырыстық.  Дидактикалық  принциптер  дегеніміз  -  бұл  білім  беруге 
педагогикалық  тұрғыдан  қойылатын  талаптар.  Олар  білім  берудің 
ғылымилығы,  жүйелілік,  теорияның  практикамен  байланысы,  білімді    саналы 
меңгеру, нақты және абстракті ойдың бірлігі, түсініктілік, көрнекілік, білімнің 
беріктігі және ұжымдық әрекеттердің бірлігі т.б. Сондықтан да мына төмендегі 
6 
суретте көрсетілгендей мәселелер үнемі қарастырылып отырылды. 
 
 
 
Оқушылардың өмір                                                                      Қазіргі таңдағы ғылым 
тәжірибесімен байланысы                                                               жетістіктерімен байланыс 
 
 
 
Заттар, денелер, химиялық байланыстарды ашу
 
 
Сурет 6 
– 
  Пәннің ғылымилығын жүзеге асыру сызбасы 
 
Пәннің  ғылыми  мазмұнын  оқушыларға  меңгерту  мәселесіне  байланысты 
бірнеше  педагогикалық  талаптарды  ескеруге  тиіспіз.  Бірінші  талап-
оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамытып, табиғат-қоғам және химиялық 
Пәннің 
ғылымилығын 
жүзеге асыру 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау