Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет40/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48

83 
 
ізденушілігінің  сабақ  барысында  орын  алмағандығынан  деп  түсіндік.  Мұндай 
жағдайда оқушылар оқулықтағы мәтінді мазмұндап айтып бергенмен, тақырып 
соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды, жаттығуларды орындауда қиналады. 
Бұл  мұғалімнің  білім  берудің  белсенді  әдістерін  қолданбауынан  туындайтын 
жағдайлар деп түсінеміз. Білім беруде оқулықтағы материалдарды оқумен ғана 
шектеліп,  жаңа  технологиялардың  нашар  қолданылуынан  оқушылардың 
белсенділігі  төмендейтіні  белгілі.      Мәтіннің  мазмұнын  мазмұндап  берудің 
мәнін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, білімді бұлайша қабылдаудан оқушының 
ойында  ұзақ  сақталуын  күтуге  болмайды.  Оқушының  ойында  өзі  іздеп,  өзі 
тұжырым  шығарып,  өзі  еңбегімен  шешкен  мәселелер  жақсы  сақталатынын 
психологтардың бәрі дерлік дәлеледеп отырғаны белгілі. Оқулықтағы материал 
дардың  оқу  құралындағы  материалдармен  мүлде  байланыспайтыны  да 
анықталды.    Мұндай  жағдайда  оқушылардың  оқу  белсенділігі  төмендейтіні 
сөзсіз. Неғұрлым бала ізденсе, солғұрлым оның белсенділігі күшейеді. Ізденген 
мәселесін шешкісі келіп оқушы алға талпынады. 
 
Анықтау  эксперименті  кезінде  оқушылардың  бейорганикалық  химиядан 
алған  білімдерінің  есте  сақталуын  байқау  мақсатымен  бірнеше  сұрақтар 
берілді: 
- бейорганикалық химия нені оқытады? 
- қандай тәжірибелер жасадыңдар? 
- затпен дененің айырмашалығы неде?  
- эксперимент деген не? 
- күнделікті тұрмыста химияның қандай пайдасы бар? 
- қоспалар деген не? 
- қоспаларды қандай әдістер арқылы айыруға болады? 
- таза зат деп қандай затты айтамыз? 
- гомогенді қоспадан гетерогенді қоспаның қандай айырмашылығы бар? 
- ауаның құрамына не кіреді? 
- суды буландыру арқылы не білеміз? 
- тотығу деген не? 
- тәжірибе жасау не үшін керек? 
- ас  тұзын  ертіндіден  бөлу  үшін  қандай  тәжірибе  жасауға  болады?  т.б. 
сұрақтар берілді. 
Анықтау 
эксперименті 
кезінде 
эксперименттік 
және 
бақылау 
сыныптарының  білім  деңгейлері  мен  біліктіліктері  және  өздігінен  жұмыс 
орындау  деңгейлері    бір-бірімен  шамалас  болды.  Берген  жауаптары  мен 
орындаған  жұмыс  түрлеріне  қарап  оқушылардың  білімі  мен  біліктілік  және 
өзіндік іс-әрекетке дайындығын 3 деңгейге жіктедік. 
1-жоғары деңгей. Өз ойын тұжырымдап айта алатын оқушылар. Химиялық 
тілді  қолдануға  тырысады.  Пікірлеріне  дәлелдер  келтіре  алады.  Теориялық 
білімдерін іс-әрекетте пайдаланады. Пікірлерін дәлелдеу барысында тұрмыстан, 
қоршаған  орта  заттарынан    мысалдар  келтіреді.  Өкінішке  орай,  мұндай 
оқушылардың саны екі сыныпта да өте аз болды. 


84 
 
2-орта  деңгей.  Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  түсінеді.  Оған  жауап  беруге 
тырысады.  Бірақ,  ойын  тұжырымдап  айта  алмайды.  Химиялық  тілді қолдануы 
төмен.  Теориялық  білімдерін  кез  келген  жағдайда  пайдалануға  дайын  емес. 
Мұндай  оқушылар  екі  сыныпта  да,  оқушылардың  80  пайызынан  артығын 
құрады. 
3-төмен  деңгей.  Ойын  қорытып  айта  алмайды  және  оны  дәлелдеулері 
төмен.  Химиялық  тілді  қолдана  алмайды.  Жергілікті  материалдармен 
теориялық 
ойды 
байланыстыруды 
мүлде 
меңгермеген. 
Теориялық 
дайындықтары  нашар.  Мұндай  оқушылар  эксперименттік  сыныпта  5,  ал 
бақылау  сыныбында  7  оқушы  болды.  Мұндай  жағдай  жаратылыстану 
ғылымдарының    негізгілерінің  бірі  болып  есептелетін  бейорганикалық  химия 
пәнінің  оқытылуында,  яғни  онан  оқушыларға  білім  беруде  кетіп  отырған 
кемшіліктердің бар екенін көрсетеді. 
Жоғарыда  көрсетілген  әдістерді  қолданудың  нәтижесінде  анықтау 
эксперименті бойынша  мынандай қортындыға келдік: 
- бейорганикалық  химия  пәнін  негізінен  сөздік  әдістерді  қолдану  арқылы 
оқытылған; 
- оқушылар  пән  мәтіндерін  игеру  кезінде  тәжірибе,  эксперимент  жасап 
жаттықпаған; 
- оқулықты  оқу  құралдарымен  байланыстырып,  оқушылардың  теориялық 
білімін  тереңдету,  практикалық  іскерліктерін  жаттықтыру  жағы  қарастырыл-  
маған; 
- бейорганикалық  химия  пәнін  басқа  жаратылыстану  пәндерімен  кіріктіре 
оқыту мәселесі ескерілмеген;  
- оқулықты 
пайдалану 
барысында 
өзіндік 
жұмыс 
түрлері 
ұйымдастырылмаған. 
 Егер,  оқулықтағы  материалдарды  оқушылардың  өзіндік  жұмыстары 
арқылы  олардың  ізденушілігіне  негіздей  отырып  меңгерілген  болса, 
оқушылардың саналылығы артқан болар еді. 
Осындай 
кемшіліктерді 
байқағаннан 
кейін, 
эксперименттің 
қалыптастырушы  бөліміне  көшуге  тура  келді.  Ол  үшін  алдымен,  мұғаліммен 
кеңесе  отырып,  қалыптастыру  экспериментіне  дайындық  басталды.  
Қалыптастыру эксперименті кезінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, 
оқулық  пен  оқу  құралын  материалдарын  байланыстыру  арқылы  сабақ 
жоспарлары  жасалды.  Оқу  материалдарын  оқушылардың  саналы  меңгеруіне 
жағдай  жасау  мақсатымен,  әрбір  мәтін  мазмұны  оқу  құралындағы  қосымша 
материалдармен,  түрлі  тапсырмалар  мен  есептерді  және  тәжірибе  жасау 
жолымен байланыстырылды. 
Өзіндік  жұмыс  түрлерінің    сан  алуан  екенін  ескере  отырып,  сабақ  жос- 
парын  жасағанда  оның  мәтін  мазмұнын  аша  түсуге  және  оқушылардың  ойда 
сақтау  үдерісіне  көмек  ететін  жағына  көңіл  бөлуге  тырыстық.  Өзіндік  жұмыс 
түрлерін  оның  мазмұны  мен    сабақ  мақсатына  қарай  топтастырып  отырдық. 
Мұның бірінші тобына жататындар: 
 


85 
 
а)  жаңа  білімді  меңгеру,  яғни  жаңа  тақырыпты    жан  –  жақты  талдауға 
көмек- тесетін өзіндік жұмыс түрлері. 
ә) жаңа білімді бекіту, түрлі жаттығулар, оқулықпен жұмыс, практикалық 
жұмыс, тәжірибе, баяндамалар, тест жұмысын орындау. 
б)  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетнң  дамытуға,  ізденушілігін 
қалыптастыруға жетелейтін өзіндік жұмыстар  түрлері. 
 
Кесте    3  –    Анықтау  эксперименті  кезіндегі  оқушылардың  білім  деңгейінің 
көрсеткіші 
 
р/с 
Деңгейлер 
Эксперимент тобы  Бақылау тобы 
1. 
Жоғары 
21,8 
9,09 
2. 
Орта 
62,5 
69,6 
3. 
Төмен 
15,6 
21,2 
4. 
Оқушы саны 
32 
33 
 
 
Сурет  5 – Анықтаушы эксперимент қорытындысы 
 
Мұндай  жаттығуларда  оқушылардың  өздігінен  орындаған  жұмыстарын 
өздері  қортындылап  талдай  алады.  Себебі,  оқулықпен  жұмыс  кезінде  олармен  
алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі.  Оқушылардың алған білімдерін 
бекітуді  көздеу  барысында  олардың    тұтас  тәжірбиелік  жұмыстар  орындап, 
соны қортындылау арқылы білімді тұжырымдауы мүмкін. 
Қалыптастырушы  эксперимент    кезінде    оқушылардың  өзіндік  жұмысқа 
белсенділігін  арттыру  үшін  жаңа  технологияларды  қолдану  тұстарына  көп 
көңіл  бөлінді.  Әсіресе,  оқушының    жеке  қасиеттері,  икемдігі,  білім  деңгейі  
ескеріліп,  жекелей,  жұппен,  топпен  және    саралап,  деңгейлеп  оқыту  әдісі  
пайдаланылды.  Оқушылардың  мүмкіндігін  ескеру  арқылы  кейбір  өзіндік 
жұмыстарды  орындаушыларға  нақты  түсіндіріп  отыру  керек  болса,  олардың 
кейбіріне  тапсырманы  беріп,  онан  әрі  өзінің  шешімімен  жұмыс  істеу 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
Эксперименттік топ Бақылау тобы 
21,8 
9,09 
62,5 
69,6 
15,6 
21,2 
төмен 
орта 
жоғары 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау