9
Л.М.Кузнецова оқулық функцияларының оның құрылымына әсері туралы
тұжырымдарды ұсынған [25-29]. Л.А.Цветков, З.Е.Гельман, Д.А, Эпштейн
химияны оқыту мазмұнындағы пәндік- ғылыми білімнің мектеп оқулықтарында
берілу мәселелерін ұсынған [30-32]. Химия пәнінен алғашқы оқулықтар туралы
Б.А.Бірімжанов,
К.А.Аханбаев,
И.Н.Чертков,
А.В.Лаврентьева
және
Л.С.Понтак, Г.Н. Осокина, Швинге мен Г. Майендорф, Е.Е.Минченков,
Э.К.Реоли және т.б. ғалымдар зерттеулер жасаған [33-39].
А.Қ.Құсайынов,
Ұ.А.Асылов,
оқулықтанудың
өзекті
мәселелерін
қарастырса, А.Е.Әбілқасымова Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары қандай
болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау жөніндегі
еңбектерін атай аламыз. Бастауыш сыныптардағы табиғат тану, дүниетану
оқулықтарын құрумен және олардың қосымша оқу құралдары мен
әдістемесін жазған Қазақстандық ғалымдардың бірі - Қ.А.Аймағамбетова болса,
Ж.Ә.Шоқыбаев химиядан жоғары мектепке арналған оқу құралдарының
дидактикалық негіздерін, ал И.Н.Нұғыманов химия оқу құралдарындағы
химиялық тілдің маңызын анықтаған. Орта мектептерде химия пәні бойынша
негізінен И. Нұғымановтың, Н.Нурахметовтың [40-48] даярлаған оқулықтарын
пайдалануда. Олардың арасында Ресей авторларымен бірлестікте дайындалған
оқулықтарды да
айтуға болады. «Дәуір-Дрофа» баспасы бірлесіп
О.С.Габриелян, Ж.Ә.Шоқыбаев [49] авторлығында орта мектепке арналған
химия (8,9,10,11- сынып) оқулықтарын екі тілде, (қазақ, орыс) жарық көрді.
Қазіргі таңда бұл оқулықтар Республикамыздың біраз облыстарында қолданыс
табуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда көптеген ғалым-ұстаздар химия
оқулықтарын жаңа талаптарға сәйкестендіріп, жаңарту мәселесімен
айналысуда. Олардың қатарында: Б.А.Мансуров, Н.Қ.Ахметов, Қ.Бекішов,
А.Сармурзина, Р.Жұмаділова және т.б. атауға болады [50-54].
Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек
білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада шығармашылықпен қолдана
білуі қажет. Бұл үшін, біріншіден, өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және
жалпы ұлттық мәселелерді шеше білу икемдігі; екіншіден, жоғары
технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жаңару жолдарын
таба білу біліктілігі қажет. Бұл мәселелерді шешуге жастарды дайындау үшін
химия ғылымының жеткен жетістіктерін білім жүйесіне ендіру, оқушылардың
теорияны толық меңгеруіне жағдай жасау, қоршаған өмірде кездесетін нақты
деректерді олардың көзімен көріп, қолымен ұстауына, олар арқылы тәжірибе
мен эксперименттер жасай отырып, өздерінің ізденуі арқылы шындыққа көз
жеткізетіндей материалдар қамтылуға тиіс. Мұндай іс-әрекетті ұйымдастыру
химия пәнін оқытуды жаңаша құрып, жаңа технологияларды кеңінен
қолданумен тығыз байланысты.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химияның маңызды орын алуы
ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруынан ғана емес, бұл химия
пәнінің мазмұнының биологиялық, физикалық, географиялық ғылымдармен
тығыз байланыстылығынан туындайды. Бұл байланыстарды химиядан
оқушыларға білім беруде ашып көрсету арқылы олардың ғылыми ұғымын жан-
10
жақты тереңдетіп қана қоймай, бүкіл әлемнің біртұтастығы туралы
көзқарастарын қалыптастыруға жағдай туады.
Осы кезге дейінгі көптеген зерттеулер мен талдауларға назар аударсақ,
мектептерде пайдаланылып отырған химия оқулықтарының теориялық және
әдістемелік сипаты әлі де жетілдіре түсуді, мазмұндық тұрғыдан қосымша оқу
құралдарын ұсынуды қажет ететіндігі байқалады.
Тарихи жағдайларға, қоғамдағы құндылықтардың өзгеруіне және қазіргі
білім беру технологиясының дамуына байланысты химиядан қосымша оқу
құралдарын дайындауды жетілдіре түсу алда тұрған міндеттердің бірі болуға
тиіс деп қараймыз. Еліміздегі мектеп оқулықтарының мәселесін саралап,
зерттеп, жүйелей отырып және оқулықтарды дайындаудағы озық тәжірибелерді
таразылай келе, жаңа буын оқулықтарын мазмұндық, құрылымдық жағынан
жетілдіре түсудің керектігі байқалады. Мұнда алға қойылатын мәселе
оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық, жүйелік байланысы және сол
байланысты білім беруде сақтай отырып жүзеге асыру болып табылады.
Біз педагог- ғалым И.Я.Лернердің пікіріне жүгінсек, оқулық бірден көзге
шалына қоймайтын үш бөлімнен тұратынын білеміз. Оның бірінші бөлімі-
теориялық бөлім бұл оқулықтағы мәтіндердің мазмұны. Екінші бөлім,
әдістемелік бұл әрбір тақырыптарға байланысты берілген сұрақтар мен
тапсырмалар. Әдістемелік бөлім оқушылардың пәнге қызығушылығын,
олардың өзіндік жұмысқа талпынысын, зерттеушілігі мен шығармашылығын
дамытуға арналған негізгі бөлім деп қарауымыз керек. Сондықтан, мұнда
сұрақтар мен тапсырмалар деңгейлеп беріле отырып, әр оқушының білім
деңгейі мен мүмкіндіктеріне қарай қолданылатыны белгілі.
Оқулықтың үшінші бөлімі бұл эстетикалық бөлім. Мұнда тақырыпқа
байланысты сызбалар, суреттер, бейнелі көрнекіліктер т.б. орналасады. Бұл
бөлімінің маңызы тақырыппен тікелей байланысты бола отырып, оның
мазмұнын толық ашуға және оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындауды
жүзеге асыруға көмектеседі.
Осы үш бөлімнің тығыз байланыстылығын жақсы меңгерген педагог және
білім беруде оқулықтың негізгі мазмұнын оқу құралдары мазмұнымен тиімді
әдістер арқылы байланыстыра алған оқытушы оқушылардың химиялық
білімдерін тереңдетіп, олардың шығармашылық арқылы білімді саналы
меңгеруін қамтамасыз ете алады. Осы көрсетілгендерді ескере отырып, біз
химиядан дайындалған мектеп оқулықтарын (7-9 сыныптар) талдау, саралау
нәтижесінде мына қайшылықтарды байқадық:
- оқулықтар мемлекеттік білім беру стандарты мен пәндік бағдарламаға
сәйкес жасалғанмен, олардың мазмұнын оқу құралдармен байланыстыру жағы
көзделмеген;
- оқулықтарда беріліп отырған әдістемелік бөлімде (сұрақтар мен
тапсырмалар) өмірмен, Қазақстандағы химиялық ғылыми деректермен
байланыстылықты көрсету жағы төмен;
- химияның биология, физика, география, математика ғылымдарымен
байланысы аз ескерілген;
Достарыңызбен бөлісу: |