11
- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін сабақ барысында және сабақтан тыс
кездерде орындауға жұмылдыратын тапсырмалар жағы жеткіліксіз;
- сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұны оқушыларды шығармашылыққа
жетелейтіндей болуы керектігін де ескеру қажет.
Бұған қарап, біз мектеп химия оқулықтары нашар деген ойдан аулақпыз.
Бірақ, берілетін химиялық білімді басқа жаратылыстану ғылымдарымен
байланысты қарау негізінде олардың мазмұнын жетілдіре түсу мәселесін
қарастыруға болады. Сондықтан да біз, жоғарыда көрсетіліген қайшылықтарды
тиімді
жолмен
шешуді
қарастыру
мақсатымен
ғылыми
зерттеу
тақырыбымызды «
Химиядан оқулықтар мен оқу құралдарын
құрастырудың дидактикалық негіздері» деп алдық.
Зерттеу нысаны: орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтарының
құрылымдық - мазмұндық жүйесі.
Зерттеу пәні − орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтары мен оқу
құралдарын байланыстыра пайдаланудың дидактикалық негіздері.
Зерттеудің мақсаты: химия пәні бойынша оқулықтар мен оқу
құралдарын құру жолдарын қарастырудың психологиялық- педагогикалық
негізін саралау, оқулық пен оқу құралдарын байланыстыра отырып,
оқушылардың өзіндік жұмыстар жүйесін беру, оқулыққа қосымша оқу құралын
дайындау. Оқулық мазмұны мен оқу құралындағы материалдарды
байланыстырудың тиімді әдістерін педагогикалық экспериментке қою және
оның нәтижесін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
- орта мектептің химия оқулықтары мен оқу құралдарын құрастырудың
педагогикалық-психологиялық
негіздерін саралау;
- химия оқулықтары мен оқу құралдарының дидактикалық функциялары
және оның қазіргі кездегі орындалу жағдайы мен мүмкіндіктерін ашу;
- бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралдарын сабақтастыра
пайдалануда орындайтын оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесі;
- бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын пайдаланудың тиімді
әдістерін тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі.
Зертеудің ғылыми болжамы: егер, химия пәні бойынша оқулықтар мен
оқу құралдарын дайындаудың дидактикалық негізі сараланып, осылардың
байланысы арқылы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары мен
әдістерін берілсе, онда оқушыларға химиядан білім беруде оқулықтар мен оқу
құралдарын байланыстыру жүзеге асады.
Зерттеу әдістері: теориялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттер
мен
ғылыми
еңбектерге
шолу;
ғылыми-логикалық
шығарылымдардың талдамасы, тәжірибелік бақылаулар; педагогикалық
эксперимент; сауалнама; оқушылар және химия пәнінің бағдарламасы мен
оқулықтар мазмұнын талдау; оқытушылармен жүргізілген әңгімелер, анкеталық
сұрақтар, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.
Тәжірибелік әдістер: педагогикалық эксперимент, бақылау, сұхбаттасу,
сауалнама жүргізу.