29
әдіс-тәсілдерін, оқушылардың іс- әрекеттерін ұйымдастыруды іріктеуге
көмектесетін бірегей мазмұнды қамтиды.
Оқулықтың дидактикалық функциялары білім берудегі, оқушылармен
біріге отырып педагогикалық қызмет атқару жүйесіндегі алатын орынын
көрсетеді. Оқулық – бұл кітап формасындағы дидактикалық функцияларға
сәйкес нақты құрылылған оқыту, білім беру, тәрбиелеу құралы. Оқулықтың
мұндай құрылымын жетілдіру үшін, оның оқыту мақсатын жүзеге асыру
үдерісіндегі нақты атқаратын міндетін және жеке құрылымдық бөліктерінің
функциялық қызметін айқындау қажет.
В.Г. Бейлинсонның «Мектеп оқулықтарын бағалаудағы функционалдық
тәсіл» деген мақаласында [104]. оқулықты оқытудың құралы ретінде оның
функционалдық мақсатқа бағытталу мүмкіндігі туралы идеяны дәйекті түрде
талдайды. Ол мұнда оқулықты (дидактикалық зерттеу нысандарының бірі
ретінде) оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне қол жеткізетін қажетті
құралы ретінде қарастырып және оны тек өзіне тән функциялары бар жүйе
ретінде көрсетті. Оқулықтың әрбір бөлімі барлық талапта қызмет ететін
элементтерден тұратын жүйе. Соның арқасында оқулықтың нақты әрі тиімді
функциялары іске асырылады, таратылады, ал олар арқылы әлдеқайда кең
көлемді, ауқымды оқу жүйесінің функциялары да жүзеге асады. Оқулықтың
дидактикалық функцияларын анықтау (оның функционалдық сипаттамасы)
оқыту нысандарының жүйелік сипаттарына сай жүйелік тәсіл арқылы жүзеге
асырылды.
Оқулықтың әртүрлі функцияларын оқшаулап, жекелеп қарау шартты
түрде жүргізіледі (білім беру үдерісінің бірлігі мен өзара байланысы негізінде
оқушыларды дамыту және тәрбиелеу). Алайда, оқулықтың дидактикалық
функцияларының алғашқы талдауының өзі, оларға сай тасымалдаушыны –
оның құрылымдық компоненттерін табуға, осы компоненттердің белгілерін
анықтауға, оқулықтарды құрастырудағы функционалдық тәсілдемелер
принципін қалыптастыруға, оларды бастапқыда бағалау үшін объективті
критерийлерді табуға көмектеседі.
Мектеп оқулықтарының дидактикалық функциясы аясында біз оның
мақсатты түрде қалыптасқан мазмұнын, мақсатын оның оқушыларды оқыту,
дамыту, тәрбиелеу шарттарын жүзеге асыру үрдісіндегі орынын анықтай
отырып, оны оқыту құралдарын тасымалдаушы ретінде қабылдаймыз.
Оқулықтың тасымалдаушы функциясы қазіргі таңның талабымен қара-
ғанда тек базалық ғылыми мазмұнының ашылуымен ғана шектелмейді. Онда
ұлттық мәдениетті, адами құндылықтарды, еліміздің мәдени, әлеуметтік,
экономикалық
жағдайларын
ашып,
осы
тәрбиелердің
негізінде
тасымалдаушылық деңгейінің болуы көзделеді.
Оқулықтың дидактикалық функцияларын анықтау кезінде жалпы білім
беретін мекеменің және қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруға
бағытталған оқыту үдерісінің құрылымы мен әдістерін ұсынатын нақты тарихи
жағдайларды ескеру қажет. Себебі, диктикалық функциялылығы жан-жақты
қарастырылған оқулықтардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға, мұғалім-
30
дердің жоғары дәрежедегі дайындығын қажет етеді. Оқулықтың дидактикалық
функцияларын толық аша отырып қолдану үшін және оқулықтың басқа барлық
оқу құралдарымен өзара байланысын күшейтуде, Қазақстандық компоненттер-
дің берілуі, сол арқылы еліміздің әлеуметтік, зкономикалық ғылыми
технологиялық дамуына оқушылардың көзін жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі күні қазіргі кездегі заманауи оқулықтарға функционалдық
мақсатты амалдар тұрғысынан келу мәселелерін тұжырымдап қана қоймай,
дидактикалық функцияларды күшейту бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп,
оқулықтарды құру теориясын дамытуға оңтайлы қадам жасалуда.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, заманауи оқулыққа білім беру кітабына,
білім мазмұнын тасымалдаушыға, соның ішінде, оқушылардың жасы мен басқа
да ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде меңгеруге тиісті бағдарлама
талабымен анықталған қызмет түрлеріне тән дидактикалық функциялар
төмендегідей:
Ақпараттық – пәннің базалық ғылыми мазмұнын сақтай отырып,
оқушылар үшін химия пәнінен берілетін міндетті теорияларды, қағидалар мен
заңдарды, ережелерді, және ғылыми жаңалықтарды бере отырып,
оқушылардың біртұтас дүниетанымын қалыптастыратын ақпарды қамту.
Пәннен берілетін материалдың көлемін оқушылардың жас ерекшеліктеріне
және олардың осыған дейінгі қалыптасқан өмір тәжірибелеріне сәйкестей
отырып,
пәнді
оқыту
кезіндегі
оқушылардың
өзіндік
іс-әрекетін
қалыптастыратындай деңгейде болуы. Мәселен, бейорганикалық химия
оқушыларға негізінен заттар, олардың физикалық, химиялық қасиеттері, ол
заттардың алынуы мен тұрмыста, өндірісте, ауыл шаруашылығында
қолданылуы туралы ғылыми ақпараттар береді. Бұл арқылы оқушылар
ақпараттық материалдардың мәнін өздігінен аша алатындай өзіндік жұмыстар
атқару барысында беріліп отырған деректердің шындығына, олардың
ғылымилығына көз жеткізетіндей болуға тиісті. Осы арқылы оқулықтың
ақпараттық функциясы оқушылардың алған білімдерін іс-әрекет барысында,
өмірлік жағдаяттарда, тұрмыста, төтенше жағдайларда ұтымды қолдануға
дайындайды. Оқулықтан тек ғылыми ақпаратты жаттап алумен, оқушыардың
жан-жақты дамуы жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан да, оқулықтың
ақпараттық функциясы дегенге дұрыс түсініп, бұл тек ақпарат беру құралы
емес, сол ақпараттарды ізденушілікпен меңгертуге жағдай жасайтын құрал
ретінде қарауға тиіспіз. Ақпараттық мазмұндағы әрбір мәтін оқушының сыни
тұрғысынан ойлануына, ізденіс арқылы ұғынуға, өздігінен талдап түсінуіне,
мәселелерді шешудің тың жолдарын табуға жетелейтіндей болмақ. Соның
негізінде ғана оқушылардың химиялық білімі, тәрбиесі мен дамуында
ілгерілеушілік болады.
Ақпараттық функция - оқу құралы жүйесінің ажырамас бөлігі бола
отырып, оқушыларда ғылыми ұғым қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Мұғалімнің түсіндірме сөзімен қатар, оқулық оқушылар үшін міндетті
ақпаратты меңгерудің негізгі көзі болып табылады. Адамзат ойлап тапқан
барлық ғылыми жетістіктерді шоғырландырып көрсете отырып, оқулық білім
Достарыңызбен бөлісу: |