2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы
мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Е С Е П
Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын, 2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық басқару» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын, мемлекеттік тілді енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын, ішкі саясат саласындағы іс-шараларды, мұрағат құжаттарын жариялау және басылымдар бойынша іс-шаралар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының 18.01.2007 ж. шешімін, облыстық әкімдіктің шешімін, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының мәжілісіне, ҚР Ақпараттар және мұрағаттар комитетінде облыстық мұрағат қызметі басшыларының мәжілісіне қатысты.
ШҚО Әкімі аппаратымен өзара әрекет аясында ішкі саясат саласындағы мұрағаттар және құжаттама басқармасының жұмыс жоспары жасалды, «электрондық үкімет» қалыптастыру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру асяында ШҚО Әкімі аппаратына зерттелген мемлекеттік органдардың ағымдағы процестердің келісілген схемасы жіберілді, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасына электрондық құжатайналым жүйесін (ЭҚЖ) ендіру туралы ақпарат, 2006 жылғы «электрондық басқару» жасау бағдарламасын орындау туралы есеп, 2007-2010 жылдарға арналған «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасының жобасы, 2007-2009 жылдарға арналған ШҚО мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленді.
ШҚО Әкімі аппаратына «Азаматтардың сұраныстарын қарау туралы» №1-ОГ есеп формасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды, ШҚО Әкімдігінің 2006 жылдың 04 сәуіріндегі №580 «2001-2005 жылдарға арналған Мұрағат ісін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша облыс мұрағат ісінің жағдайы және 2006 жылдарға міндеттер туралы» қаулысын орындау туралы ақпарат, басқарманың 2006 жылғы және 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысы туралы есебі, ҚР Үкіметінің 30.11.2006 жылғы №1153 “2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасы бекіту туралы” қаулысын орындау туралы, ИСО 9001:2000 халықаралық стандартын ендіру бойынша іс шаралар жоспарын орындау туралы тоқсан сайынғы ақпарат, мемлекеттік қызметшілердің сайлау алдындағы кампанияға қатысуы, кадрлық сұрақтар туралы бірқатар ақпараттар ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында басқармада виртуальді қабылхана – азаматтардың өтініштерін, сұрақтарын қабылдауды және жауапты тұлғалардың оларды өңдеуін қамтамасыз ететін электрондық қызмет жұмыс істейді. 2007 жыл ішінде виртуальді қабылхана арқылы тұрғаны туралы, марапаттау деректерін және т.б. растау туралы 40 арыз түсті. Барлық өтініштер өңделіп, Заңмен белгіленген мерзімде орындалды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті үшін облыс мұрағат мекемелерінің халыққа және мемлекеттік органдарға көрсететін мемлекеттік қызметінің тізбесі, ШҚО мемлекеттік мұрағатының арнайы ғимаратының құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға қажетті, “Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты” ақпараттық жүйесін жасауға бюджет қаражатын (21 млн. теңге), ШҚО ММ және ШҚО ЖТҚО қорлары базасында “электрондық мұрағат” жасауға қажетті құрал-жабдық алуға (11,5 млн теңге), басқарма қажетіне қажетті автомобиль алуға (3 млн.теңге) бөлу туралы хат, 2008 жылға бюджеттік бағдарлама жобасы әзірленді. Басқарма басшылығы Астана қаласына ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министірілігіне және ҚО мұрағаттар және ақпараттар комитетіне 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Мәдениет және ақпараттар Министрлігінің салалық бағдарлама аясындағы инвестициялық жобалар тізбесіне “Өскемен қаласындағы ШҚО мемлекеттік мұрағатының арнайы ғимаратының құрылысы” жобасын ендіру жөнінде іс сапармен барып қайтты, бірақ Республикалық бюджеттік комиссия жобаны бекітпеді, сондықтан жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізбесіне кіргізілді. Бұл бағаттағы жұмыс жалғаса бермек.
Басқарма басшылығы ШҚО Әкімі Ж.С. Кәрібжановтың халықпен есептік кездесуіне қатысты, кездесуге арнап басқарма қызметі туралы ақпараттық стенд және «Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбына облыс мемлекеттік мұрағаттары басылымдарының экспозициясы әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты кездесудің бейне түсірілімін жасады, бейнесюжет мемлекеттік сақтауға қабылданады.
Басқарма бастығы ҚР ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Тәртіптік кеңесінің мәжілісіне қатысты, ұйымдастыру-әдістемелік және қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы және қызметкерлері «Бюджеттің заңның өзгерісіне байланысты бағдарламалар әкімшісі бойынша жергілікті бюджет қаражатының жұмсалу механизмін жетілдіру» облыстық мәжілісіне, құжаттардың мемлекеттік есебі және оларды пайдалану бөлімінің бастығы Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің басқармасы ШҚО прокуратурасы және ШҚО әкімінің аппаратымен бірлесе отырып өткізген “Қазақстан Республикасының “Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы” Заңын жүзеге асыру шаралары туралы” ведомство аралақ конференцияға, басқарма экономисті “Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау” тақырыбы бойынша ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау депаратаменті өткізген семинарға қатысты, басқарма маманы ШҚО Әкімі аппаратының оқу сыныбының базасында “Электрондық үкімет қызметі” курсында оқыды. Басқарма бастығының орынбасары «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» РМҚК базасында шоғырландыру жұмыстары бойынша дайындық курсынан өтіп (Астана қаласы), сертификат алды.
Шығыс Қазақстан облыс мемлекеттік органдарындағы МС ИСО-9001-2000 сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесін ендіру бойынша жобаны жүзеге асыру және сертификаттау бойынша ісшаралар жоспарын орындау мақсатында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Қазақстандағы сапаны ұйымдастыру» ЖШМ-мен сертификаттауға сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеуде кеңес беру қызметін көрсету үшін 1,5 млн. теңгеге келісім шарт жасасты, осы шартқа сәйкес 2007 жылдың бірінші тоқсанында консалтинг жобасын жүзеге асыру үшін қажетті қор бөлінді, кеңес беру қызметінің бірінші кезеңі өткізілді: іс жүзіндегі СМЖ зерттеу және басқарма қызметкерлерін үйрету, басқарма құжаттамалары жобасын жасау басталды. 2007 жылдың маусымында басқарма бөлімдерінің бастықтары «МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес ішкі аудиторлар жүйесі менеджментінің сапасын ұйымдастыруды дайындау» семинарында даярлықтан өтті, басқарманың оқыған қызметкеріне сертификат берілді.
2007 жылдың 16 тамызында басқарма бөлімшелерінде МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестікке ішкі аудит жүргізілді және тіиісті құжаттар хатталды. “Русский регистр” ұйымына сертификациялық тексеру жасауға тапсырыс берілді, тексеруді 2007 жылдың 10-11 қыркүйегінде “Русский регистр” ұйымының сарапшысы Г.Д. Таласбаева жүргізді. Басқарманың менеджмент сапасы жүйесі МС ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес деп танылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асыру мақсатында облыс мұрағат мекемелерінде Жолдауды зерделеу ұйымдастырылды. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихат тобының басшысы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы халқымен кездесулер өткізді.
Басқарма бастығы және қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалақ, аудандық мәслихаттардың сайлауы бойынша сайлау алды кампаниялардың өткізілуіне қатысты. Басқармаға Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы бекітіліп берілді. Басқарма бастығы және Құжаттардың мемлекеттік есебі мен пайдалану бөлімінің бастығы сайлау алды кампаниялардың өтуіне бақылау жасау және шет елдік бақылаушыларды апару үшін Зырян қаласына іс сапарлармен барып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының құрылымдық айдарын жаңалау үшін «2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары, 2006 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орынау туралы есеп, Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы тоқсан сайынғы есептер, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың орындалуы туралы апталық мәлімет, оның ішінде Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың сынақ аймағында тұрғаны туралы сұраныстары, «Тарихи тұлғалар» айдарына Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Құсайын Жаманбаев туралы (туғанына 95 жыл толуына байланысты) мәліметтер тапсырылды.
Қазақстан Республикасы мұрағаттар ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын орындау аясында «Восток-Он-Лайн» ЖШС-мен мемлекеттік және орыс тіліндегі 100 бетке дейінгі көлемдегі «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» web-парағын жасау туралы 325,9 мың теңге сомаға келісім шарт жасалды, облыс мұрағат мекемелерінен сайттың web-парағын жасауға материалдар сұралды. 2007 жылдың сәуір айында сайт ашылды және белсенді жұмыс атқаруда, сайтқа оң пікірлер, оның ішінде шет елдік пайдаланушылардың жағымды пікірлері түсуде. Басқарма Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының ақпараттық технология бөлімі жариялаған үздік сайт конкурсына қатысты. «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты құрметті екінші орынды иеленді, «Ең интерактивті сайтына» сыйлық дипломы және бейнекамера мен лазерлі принтер бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Есепті кезеңде мұрағатшылар күшімен Шығыс Қазақстан облысы Әкімі Ж.С. Кәрібжановпен кездесуге, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимаратының алдындағы Сәрсен Аманжоловқа қойылған ескерткіштің ашылуына, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында «Соловки» фотокөрмесіне Шығыс Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының Достық үйіндегі Халықаралық демографиялық конференцияға, Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Ертіс жеріндегі із» кешіне, ШҚО Білім беру департаментінің Экспериментальді кеңесінің «Аймақтық құрылымдар» бағдарламасы бойынша басылып шыққан тарих ғылымдарының кандидаты В.И. Деевтің «Жазушылар Григорий Гребенщиков, Александр Волков, Ефим Пермитин Кенді Алтайда» кітабының тұсаукесеріне, Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаты мен ШҚО Қазіргі заман құжаттамасы орталығы басып шығарған «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясының тарихынан», 1928-1936 жылдардағы Киров (Өскемен) ауданындағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру», «Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (18-20 ғасырлар)», «Шығыс Қазақстан облысының (1920-2002 жылдар) әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалық» құжаттар жинағының тұсаукесеріне, «Бізді Кенигсберг жақындатты» соғыс ардагерлерінің кеш-кездесуіне, Өскемен педагогикалық институтының, бүгінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 55 жылдығына арналған, Шемонаиха қаласындағы 15-ші Гребенщиков оқуына, «Аманжолов оқуы» ғылыми-практикалық конференциясына, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының Достық үйінде болып өткен «Әр түрлі халықтардың бүгінгі Қазақстандағы ролі» семинарына, «Наурыз күні» көрмесі мен мерекелік бағдарламаға әуесқой суретші, ардагер – мұрағатшы С.Я. Семибратовтың картиналар көрмесіне, Абайдың шығармашылығына арналған «Мен кітапты таңдаймын», ақын Ғабдулиннің, журналист М. Мусиннің әдеби кешіне, М. Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына арналған концертке, «Аймақтық электрондық үкіметі: электрондық қызметтің дамуы» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына, ШҚО мемлекеттік органдарына ақпараттық-коммуникациялық қызмет ендіру бойынша облыстық ведомствоаралық комиссия мәжілісіне, «Шар-Өскемен» темір жол желісінің құрылысына рельс-шпал торын қалауды аяқтауға арналған салтанатты шараға, суретші Б.К. Исиннің «Туған жердің айшықтары» атты дербес көрмесіне, ШҚО Мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.А. Аубакировтың коллекцисяныа картиналар вернисажына бейне түсірімдер жасалды. Бейнескөріністер мемлекеттік сақтауға түседі.
Мемлекеттік мұрағат пен облыс ЖТҚО мұрағатшылары «Мұрағат мекемелерінің жариялау әрекеттері: осы күнгі жағдайы мен болашағы» тақырыбындағы Республикалық семинарға қатысты, онда «Никандр Александрович Петровский, «Орыс есімдерінің сөздігін», «Ресей Федерациясы мұрағат мекемелерінде анықталған Семей Ертіс маңы тарихы бойынша құжаттарды пайдалану» баяндамаларын оқыды.
ҚР Ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне «2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары», «2006 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп», «2007 жылдың 1 тоқсанының және 1 жартыжылдығының жұмысы туралы есеп», «01.01.2007 ж. жағдайындағы облыс мұрағат мекемелерінде мемлекеттік сақтаудағы мұрағат қорының паспорты», 2007 жылға арналған мұрағат ісі және құжаттама саласындағы ғылыми пробелемаларды қарау бойынша Әдістемелік Кеңес және Кеңес жұмысының жоспарына енгізетін ұсыныстар, облыс аумағанда таралған ресейлік кезеңдік басылымдары туралы мәліметтер, Шығыс Қазақстан облысы мұрағат ісін дамыту көрсеткіштерінің 2006 жылғы және 2007 жылғы 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларына салыстырмалы талдау», облыс мұрағат мекемелері басшылары туралы мәліметтер, “КСРО-дағы аштық. 1932-1933 жылдар” құжаттар жинағын әзірлеуге қажетті облыс мұрағат мекемелерінде анықталған мұрағат құжаттарының ксерокөшірмелері, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағаттарының құжаттары бойынша әзірленген «ШҚОММ жеке бас текті қорлары бойынша жолкөрсеткі”, “Олардың аттарымен көшелер аталады”, “Михаэлис Евгений Петрович. Туғанына 165 толуына”, “Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (ХVІІІ ғасыр – ХХ ғасырдың 30-шы жылдары)”, “Семей облысын әкімшілік-аумақтық басқару тарихы бойынша анықтамалық, 1939-1997 жылдар” жолданды.
Әдістемелік кеңестің қарауына келесі құжаттар ұсынылды: «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы объектілеріне жатқызуға және тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге жататын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының аңдатпалы тізбесі», «Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды хаттау бойынша әдістемелік кеңестер».
ҚР құжаттандыру және мұрағат ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығына «Қазақстан мұрағаттары» ғылыми-практикалық ақпараттық журналға жариялау үшін «Сөз алмасы», «Біздің ақын, солдат, біздің көне шыншылымыз», «Ардақты ана - Мағира» мақалалары жолданды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы құжаттардың Мемлекеттік сақтандыру қорының құрамы мен көлемі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша облыс мұрағат мекемелерінің жұмысы туралы ай сайынғы ақпарат жіберілді.
Мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау саласында 2007 жыл ішінде басқарманың Сараптау-тексеру комиссяисы және ШҚО ЖТҚО СПҒӘК мәжілістерінде басқарма құжаттамаларының 18052 сақтау бірлігі, жеке құрам құжаттарының 10743 сақтау бірлігі, фоноқұжаттардың 6 есеп бірлігі, фотоқұжаттардың 116 есеп бірлігі, фотонегативтердің 54 с.б., ҒТҚ 340 с.б., жеке бас текті құжаттардың 812 сақтау бірлігі, ерекше бағалы құжаттардың 236 сақтау бірлігінің, киноқұжаттардың 25 с.б., бейнеқұжаттардың 4 с.б., лазерлі табақтағы бейнефонограмманың 17 с.б., магнит таспадағы бейнефонограмманың 30 с.б. тізімдемелері мен ғылыми-анықтамалық аппараты қаралып, бекітілді. Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК мәжілістерінде Халық банкінің Шығыс Қазақстан филиалының және «Казцинк» АҚ ведомстволық мұрағаттарының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер шығарылды.
49 істер номенклатурасы қаралып, бекітілді: «Риддер қаласының Шығыс Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының Достық үйі» КҚМК; аудандық және оларға теңестірілген соттар; Аягөз аудандық прокуратурасы; Үржар аудандық соты, Семей құрылыс, құқық және бизнес, политехникалық колледжі, Семей аймақтық «Қазақстан Ұлттық банкі» филиалы, Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Курчатов қаласы әкімінің аппараты, Бесқарағай ауданы ауыл шаруашылық және қаржы бөлімдері, Семей қаласының құрылыс және мәдениет бөлімдері, Ертіс бассейінінің шараушылық басқармасы, Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, ШҚО аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Шемонаиха ауданы дене тәрбиесі және спорт бөлімі, Көкпекті ауданының қазынашылық бөлімі және т.б.
Әдістемелік сипаттағы сұрақтар қаралды: «ШҚО мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалын тұрақты құжаттармен жабдықтау көздерінің тізімдері», «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатын жеке бас текті құжаттармен жабдықтау көздерінің қосымша тізімі», ШҚО мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалының қорларын санаттандыру бойынша қосымша тізім, аты әйгілі жерлестердің мерейлі даталарына арналған облыс мемлекеттік мұрағаттының “Ертіс жеріндегі із” көрмесінің тақырыптық-экспозициялық жоспары, ШҚО мемлекеттік мұрағаты Зайсан филиалының бірінші әскери-ұшқыш Малдыбаев Жақыпбектің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ер есімі – ел есінде» көрмесінің, Аягөз филиалының «Сергиополь қаласына 250 жыл» көрмесінің, Жарма филиалының «Ғасырдың үздік адамы» көрмесінің тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, Лениногорск қаласының құрметті азаматы, жазушы В.Н. Петровтың 80 жылдығына арналған плакаттың макеті, Шемонаиха аудандық мұрағаты әзірлеген Шемонаиха ауданы «Ленинское знамя» газетінің редакторы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Белозеров Дмитрий Кирилловичтің кітапшасының макеті және т.б.
27.04.2007 жылғы Мұрағаттар және ақпараттар комитеті Төрағасының №60 “Қазақстан Республикасы қаржы министрілігі жүйесінің ұйымдарындағы, сонымен қатар, Астана, Алматы қалаларының, облыстық маңыздағы аудандар мен қалалардың ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттардың сақталуы жағдайына тексеру жүргізу туралы” бұйрығын жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысы аудандарының ҚР Қаржы министрлігі жүйесінің мекемелеріне тексеру жүргізу туралы бұйрықтар шығарылды. Басқарманың құжаттаманы ұйымдастыру және ведомстволық мұрағаттарды тексеру бөлімі бастығының қатысуымен Өскемен қаласы бойынша мекемелерде 9, облыс бойынша 60 тексеру жүргізілді, анықтамалар жасалды, тексеруілген мекемелердің басшылары тексеру қорытындысымен танысты.
Тексеру қорытындысы бойынша жиынтық анықтама (қосымша берілген) жасалып, қорытындысы 2007 жылдың қыркүйегінде тексерілген мекемелер өкілдерінің қатысуымен ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК отырысында және ШҚО ЖТҚО дирекциясының мәжілісінде қаралды және тиісті шешімдер шығарылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының дирекция мәжілісінде 2006 жылғы ұжым жұмысының қорытындысы, 2007 жылға арналған міндеттер, істердің бар-жоғы мен физикалық жағдайын тексеру бойынша жұмыс кестесі, облыс мемлекеттік мұрағаттары жұмысы туралы ай сайынғы есептер, өрт қауіпсіздігі бойынша іш шаралар жоспарының орындалу барысы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп бөлімінің, жинақтау және ведомстволық мұрағаттарға бақылау жасау бөлімінің облыс мұрағаттар басқармасының мемлекеттік мұрағаттың бөлімдерін тексеру барысында анықталған ескертулерді жою бойынша іс шаралар жоспары, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалық тұсаукесерін өткізу жоспары және т.б. қаралды.
Мұрағаттар басқармасы бастығының, бастық орынбасарының, мұрағат басқармасының мамандары, облыс мемлекеттік мұрағаты және ҚТҚО-ның мұрағатшыларының Астана, Алматы, Санкт-Петербург, Бішкек, Семей, Зырян, Аягөз қалаларына Күршім, Тарбағатай аудандарына іс сапарлары жасалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.
2007 жылдың 1 жартыжылдығында облыс мұрағат мекемелерінің ТЖ және АҚ жанындағы әрекет жоспары, кадрлық өзгерістерге байланысты ЕӨД құрамы туралы бұйрық жаңартылды, облыс мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі ережелері, ТЖ жағдайындағы іс-әрекет бойынша сабақ және жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс орнында нұсқаулықтар өткізілді.
Облыс ЖТҚО-да ғимараттың 5 қабатында мұрағат қоймаларындағы өрт сөндіру жүйесін құрау аяқталды.
Крылов көшесіндегі облыс мемлекеттік мұрағат ғимаратында қызметтік бөлмелерді кезекті жөндеу – ақтау және сырлау аяқталды, ғимараттың сырты қоршалды. Потанин көшесіндегі ғимараттың төбесі, подвалдағы су құбырлары жөнделді.
Бесқарағай ауданы мемлекеттік мұрағатында 182 226 теңгеге өрт-түтін сигнализациясы орнатылды, Бородулиха және Ұлан ауданы мемлекеттік мұрағатында өртке қарсы дабылдатқыш қойылды.
Облыс мемлекеттік мұрағатының оқу залына бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Мұрағаттардағы су, жылу құбырлары жүйесі мен электрмен жабдықтау желісінің жұмысына үнемі бақылау жасалып тұрады. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін желдету және дымқылдап сүртіп алу арқылы температуралық-ылғалдық режимін оңтайландыру бойынша шаралар, мемлекеттік сақтауға қабылдауда құжаттарды бейімдеу, мұрағат қоймаларын дезинфекциялау, дезинсекциялау атқарылды (арнайы қызметтер көмегімен). Мұрағат қоймаларында 282497 сақтау бірлігін шаңнан тазарту жүргізілді.
2007 жыл ішінде облыс мұрағат мекемелері қағаз негізіндегі құжаттардың 38731 беті қалпына келтірілді, 19022 сақтау бірлігі тікті, 1174 іс тізімдемелерімен бірге және 12 газет тігіндісі тігілді; тізімдемелер мен істердің 856 мұқабасы ресімделді.
33 690 сақтау бірлігі картондалды, 2176 қорап қолдан жасалды. Облыс мемлекеттік мұрағаты 4580 ескі жапсырманы ауыстырды, 1144 қорап қайта шифрленді, 8322 бума қалыптастырылды, бастауыш партия ұйымдарының істер тізімдемелерін қалпына келтіру және қайта өңдеуден соң 50 192 бет қайта нөмірленді. Өшуге айналған мәтіндерді анықтау мақсатында 390 с.б., партия қорының 27270 беті қаралып, 11143 бет анықталды және олардың 1093 беті қалпына келтірілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты ЕБҚ анықтау мақсатында 2007 жыл ішінде 18912 с.б. қарап шықты (4905 бет бойынша және 14007 іс атауы бойынша), бұлар ШҚО білім беру департаменті, «Рудный Алтай» қоғамдық-саяси газеті, «Востокоблагропромстрой», «Қазақстан жолдары», Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы қорларының, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің тілдер бойынша басқармасының қорларының құжаттары және т.б. Тарихи-мәдени мұраға жататын құжаттарды анықтау мақсатында 830 с.б. қаралды (олардың ішінен 345 с.б. бет бойынша, 485 с.б. атау бойынша), бұлар Н.Я. Коншиннің жеке бас текті қоры, қазақстандық өлкетанушы, ғалым, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің құрылтайшысы, Б.Г. Герасимовтың, бір тума ғалым, онамастика бойынша ірі маман, “Жеке орыс аттарының сөздігінің” авторы Н.О. Петровскийдің жеке бас текті қорларының құжаттары. 219 ерекше бағалы құжат анықталып, 124 тарихи-мәдени мұраға жатқызылды, ЕБҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттамаларға енгізілді, тізімдемелерге, істерге, қораптарға “ЕБҚ” белгісі қойылды.
Аягөз филиалы Аягөз аудандық статистика бөлімінің 1114 с.б. қарап шықты, ЕБҚ 1 іс анықталды. Зырян филиалы Большенарым аудандық статистика бөлімінің 527 с.б. қарап шықты; Лениногор филиалы Халық депутаттарының Шемонаиха аудандық Кеңесі қорының 363 с.б. қарап шықты, ЕБҚ 4 іс анықталды; тарихи-мәдени мұраны анықтау мақсатында осы қордың 808 с.б. қаралды, тарихи-мәдени мұраға 1 құжат жатқызылды.
Облыс ЖТҚО-да ЕБҚ анықтау мақсатында қағаз негіздегі құжаттың 174 ісі қаралды, бұл Семей және Курчатов қалалық мәслихаттардың және Ертіс өзені арқылы көпір құрылысы бойынша Дирекция қорлары, 11 ЕБҚ анықталды. Сонымен қатар, арнайы құжаттары бар қорлар қаралды: 25 с.б. кино-, 100 с.б. фотоқұжаттар, 5 ес.бір. фоноқұжаттар, 3 ес.бір. бейнеқұжаттар. Жиыны ЕБҚ анықтау мақсатында 21794 с.б. қаралды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ЕБҚ-ға сақтандыру қорын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыруда, облыс мемлекеттік мұрағаты лазерлі табақтарға 97 сақтау бірлігін – 4366 бет – 2426 МБ – ШҚ облыстық статистика басқармасының негізгі әрекеттер бойынша жылдық есептерін, Зырян, Уба, Құлынжүн, Алқабек кен басқармаларының, Бұқтырма, Нарым, Күршім рудниктерінің, Ертіс полиметалл комбинатының, «Казолово» кен басқармасының, «Убаредмет», Калбаредмет, «Нарымоловоның», «Алтайзолото», «Маслопром», «Востокмашзавод» тресттерінің, Өскемен және Лениногор нан комбинаттарының, “Алтайшахтострой” және т.б. 1934-1958 жылдардағы құжаттарын лазерлі табаққа түсірді. Облыс ЖТҚО ШҚ облыстық жоспар комиссиясы қорының 4 с.б., 306 бетіне, 752 Мб сақтандыру қорын жасады.
Жоспарлы түрде құжаттар мен істердің түгенделуі мен физикалық жағдайы тексерілді – 125 128 сақтау бірлігі тексерілді. 2006 жылы пайдалануда болған 42 226 сақтау бірлігі тексерілді және 4163 істің ішінара санитарлық жағдайы тексерілді (облыс мемлекеттік мұрағаты 1415 іс, облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы – 3500 с.б., Зырян филиалы 1253 сақ.бір, Жарма филиалы - 1046 сақ.бір, Лениногор филиалы – 450 с.б.). Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, құжттардың есебі мен және физикалық жағдайы жөніндегі карточка толтырылды. 244 қордың есептік мәліметтері тексерілді: ШҚО мемлекеттік мұрағаты 101 қорға, Аягөз филиалы – 10 қорға, Зайсан филиалы – 18 қорға, Зырян филиалы 7 қорға, аудандық мемлекеттік мұрағаттар 108 қорға.
Сұраныстарды орындау үшін, оқу залында жұмысқа, тізімдемелерді қайта өңдеу үшін, ҒАА жетілдіруге, ЕБҚ анықтауға 931 503 сақ.бір., 32216 тізімдеме берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 104 іс берді. Істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде 680 сақ.бір. қайта шифрленді. Оңтайлы орналастыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты 80080 сақ.бір., 10775 қораптың орнын ауыстырды. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиал 17 аз пайдаланылатын қорды (323 с.б.) мөрледі.
Облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттарды анықтауда, мүлікті заңдастыру бойынша азаматтардың сұраныстарын орындау кезінде 21215 беттің көшірмесін жасады, Белослюдов пен Петровскийдің жеке қорынан 371 фото сканерленді, Зырян филиалы үшін 50 фото, Шығыс Қазақстан облатқару комитетінің 2 сақ.бір., 162 бет (40,2 МБ) сканерленді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры
құжаттарының мемлекеттік есебі
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 2006 жылы болған қор құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәлімет (оның ішінде құпия құжаттары бар қорлар), 01.01.2007 ж. жағдайындағы облыс мұрағат қорының паспортын жасады.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары 98 жаңа қор бетін жасады 118 қор беті жалғастырылды, ф.10 102 карточка жасалды, түсуді есепке алу кітабына 145 қор, тізімдемелер тізіліміне 138 жаңа тізімдеме енгізілді, топографиялық көрсеткіге арналған 289 карточка жасалды.
2007 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша «Архивный фонд» мәліметтер базасына енгізілген ақпарат көлемі 2007 жылдың 1 қаңтарында 60,5 МБ құрады, ал 2007 жылы 39,6 МБ құрады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.
жылы облыс мемлекеттік мұрағаты басқарма құжаттамаларының 14552 сақ.бір., жеке құрам құжаттарының 21491 ісін, 754 с.б. жеке бас текті құжаттарды, 25 с.б. фотоқұжаттарды, 35 с.б. бейнеқұжаттарды, 373 с.б. фотоқұжаттарды, 5 с.б. фоноқұжаттарды, 340 ҒТҚ мемлекеттік сақтауға қабылдады.
Облыс ЖТҚО 678626 теңгеге құжаттарды тәртіпке келтіру бойынша, 16 мың теңгеге құжаттарды ксерокөшірмелеу бойынша ақылы қызмет көрсетті.
«Тұран Әлем Банкі» АҚ ШҚ филиалымен іс жүргізу және мұрағат ісі саласындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісім шарттың мерзімі ұзартылды, «Альянс-Банкі» АҚ-мен, нотариустер Байтазановамен, Ошақбаевамен, «Нотариус-89», «Нотариус-149» жеке нотариустарымен келісім шарттар жасалды.
«Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатын жеке бас текті құжаттармен жабдықтау көздерінің қосымша тізімі», «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалын жабдықтау көздерінің тізімі», жасалды және ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК-да келісілді, ШҚО ЖТҚО тұрақты сақтау құжаттарымен жабдықтау көздері – заңды тұлғалар тізімі ШҚО ЖТҚО СТҒӘК-да келісілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты 397 ұйымның құжаттаманы басқару қызметі және ведомствалық мұрағаттарына істер номенклатурасын жасау, СК туралы ереже, іс жүргізу бойынша нұсқаулық, фирмалық бланк, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (оның 43 мекемеге бару арқылы): ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, ШҚ облыстық соты, Өскемен гарнизонының әскери соты, Өскемен қаласының соты, Жарма және Ұлан ауданының соты, ШҚО Қазынашылық Департаменті, Глубокое және Тарбағатай аудандық қазынашылық бөлімі, ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, ШҚ облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, Шоғырландыру дайындығы бойынша департамент, азаматтық қорғаныс, ШҚО апат және табиғи зілзаланың алдын-алу және зардабын жою ұйымы, ШҚО жер қатынастары басқармасы, ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің басқармасы, Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша комитеттің ШҚ облыстық басқармасы, «Недра» аумақтық басқармасы, ШҚ облыстық психо-неврологиялық диспансері, прокуратура органдарына, қылмыстық-атқару жүйесіне, «Казцинк» АҚ, «Дидар» және «Рудный Алтай» облыстық газетті, ШҚО бойынша мемлекеттік тілді үйрету орталығы, ШҚО олимпиадалық резерв дайындау орталығы, Курчатов қаласның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Каздорпроект» жоба институтының филиалы, ШҚО және Өскемен қаласы бойынша салық комитеттері, Риддер қаласы төтенша жағдайлар басқармасы, білім беру бөлімдері мен мектептер, басқа да заңды тұлғалар. ШҚО бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі министрлігі жүйеісінің мемлекеттік мекемелеріне бақылаулы тексеру жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 14 істер номенклатурасы жасалып, 279 істер номенклатурасы келісілді, олардың 31 құпия іс жүргізу, 3 «Құпия» белгісімен, 130 мемлекеттік және орыс тілдерінде: Өскемен қалалық мәслихаты, Өскемен қаласы әкімінің істері басқармасы, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті, Орман және аңшылық шаруашылығының ШҚ облыстық басқармасы, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру ШҚ аумақтық комитеті, ШҚО қалалық және облыстық соттары, «Казахтелеком» АҚ ШҚ облыстық телекомуникация дирекциясы, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ; «Өскемен титан-маний комбинаты» АҚ; «ВНИИцветмет» МКД, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы», «Топаз» ЖШС; Катон-Қарағай мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы, Зырян және Катон-Қарағай аудандарының мектептері, Бесқарағай ауданы ауыл шаруашылық бөлімі, Семей қаржы-экономика колледжі, Семей қаласы статистика бөлімі, Шығыс Қазақстан аймақтық университеті, Қазақстан-Ресей гимназиясы, ауылдық округтер Әкімдер аппараттары, Курчатов қаласының қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және т.б.
26 ұйымда Сараптау комиссяисы, олар туралы және ведомстволық мұрағат туралы ереже жасалды: Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасын, ШҚО бойынша кеден бақылау департаменті, Өскемен қаласының №2 соты, Ұлан аудандық соты, Өскемен және Семей гарнизондарының Әскери соттары «Әскерлендірген теміржол күзеті» АҚ , Өскемен қаласындағы филиалы, ШҚО олимпиада резервін дайындау орталығы, Семей қаржы-экономика колледжі, Курчатов қаласының қаржы бөлімі және т.б.
«Казцинк» АҚ (17 адам), Шемонаиха қаласының, Шемонаиха және Глубокое аудандарының орта мектептерінің іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлеріне құжаттандыру және құжаттарды ведомстволық сақтау сұрақтары бойынша ШҚО осы аталған аудандарының мұрағатшылары семинар өткізді. Облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО соттар әкімшісі ұйымдастырған және облыс соттарының 40 архивариусы қатысқан «Шығыс Қазақстан облысы соттарының үздік архивариусы» байқау-конкурсына қатысты. ШҚО мемлекеттік мұрағатының мұрағатшылары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлеріне құжаттандыру және құжаттаманы басқару, ведомстволық мұрағаттар жұмысы бойынша өзекті мәселелерді зерделеу жөніндегі біліктілікті арттыру курстарын өткізді. 20 адам сертификат алды.
ШҚО ММ Аягөз филиалы ауылдық округтер Әкімдері аппаратының бас мамандары мен құжаттама қызметінің қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді.
Облыс ЖТҚО құжаттама қызметтері әрекеттерін жетілдіру және СТ РК 1042-2001 “Ұйымдық-өкімдік құжаттар. Құжаттарды хаттауға қойылатын талаптар” стандартын сақтау бойынша Семей құрылыс колледжінде және көпсалалы колледжде, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінде, ОВ-156/15 мекемесінде семинар өткізді.
Облыстық онкологиялық диспансерге, Шығыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, Қазақстан Қазақстан АШМ-нің Өскемен қалалық аумақтық агрокешен инспекциясына, дарынды балаларға арналған “Восток” дамыта оқыту орталық-мектеп-кешеніне, тұрғын үй-коммуналды шараушылығы бөліміне, Зырян ауданы-Зырян қаласы жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары, Өскемен қаласы «Дом радости» №34 бала бақша-яслиі», Зырян ауданы прокуратурасы, №2 Зырян қалалық соты, «Нотариус-149» нотариалді конторасына және т.б. ҰӨҚ бланкілері келісілді.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ ШҚО филиалымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстар нәтижесінде 6 телехабардың бейнетаспасы алынды: «Көзкөргендер», «Тәуелсіздік күні», «Мәдени мұра – желтоқсан оқиғасы», «Қызық адам», «Витражи», «Единственная».
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы Әкімі Ж.С. Кәрібжановтың облыс активімен есепті кездесуіне, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимараты алында Сәрсен Аманжоловқа қойылған ескерткіштің ашылуы, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайындағы «Соловки» фотокөрмесі, Шығыс Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясы Достық үйіндегі халықаралық демографиялық конференция, Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада болған «Ертіс жеріндегі із» кеші, тарих ғылымдарының кандидаты В.И. Деевтің ШҚО білім беру департаменті Эксперименталді Кеңесінің «Региональные компоненты» Бағдарламасы бойынша басылған «Жазушылар Григорий Гребенщиков, Александр Волков, Ефим Пермитин Кенді Алтайда» кітабының тұсаукесері. «Наурыз күні» көрмесі және мерекелік бағдарлама, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының Достық үйінде болып өткен «Әр түрлі халықтардың бүгінгі Қазақстандағы ролі» семинары, «Наурыз күні» көрмесі, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының Достық үйінде болып өткен «Әр түрлі халықтардың бүгінгі Қазақстандағы ролі» семинарына, әуесқой суретші ардагер – мұрағатшы С.Я. Семибратовтың картиналарына, «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясының тарихынан», 1928-1936 жылдардағы Киров (Өскемен) ауданындағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру», «Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (18-20 ғасырлар)», «Шығыс Қазақстан облысының (1920-2002 жылдар) әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалық» құжаттар жинағының тұсаукесеріне, «Бізді Кенигсберг жақындатты» соғыс ардагерлерінің кеш-кездесуіне, Өскемен педагогикалық институтының, бүгінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 55 жылдығына арналған, Шемонаиха қаласындағы 15-ші Гребенщиков оқуына, «Аманжолов оқуы» ғылыми-практикалық конференциясына, Абайдың шығармашылығына арналған «Мен кітапты таңдаймын», ақын Ғабдулиннің, журналист М. Мусиннің әдеби кешіне, М. Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына арналған концертке, «Аймақтық электрондық үкіметі: электрондық қызметтің дамуы» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына, ШҚО мемлекеттік органдарына ақпараттық-коммуникациялық қызмет ендіру бойынша облыстық ведомствоаралық комиссия мәжілісіне, «Шар-Өскемен» темір жол желісінің құрылысына рельс-шпал торын қалауды аяқтауға арналған салтанатты шараға, суретші Б.К. Исиннің «Туған жердің айшықтары» атты дербес көрмесіне, ШҚО Мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.А. Аубакировтың коллекцисының картиналар вернисажына бейне түсірімдер жасалды.
Жеке қор ұстаушылармен жұмыс аясында мемлекеттік мұрағаттарды «Ақиқат» республикалық журналы редакторының орынбасары, ақын, жазушы Т. Қызықбайдың жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау туралы ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізу жөніндегі жұмыстар нәтижесінде оның өлеңдерінің қолжазбалары, кітаптары, газет мақалалары, фотолар, жеке құжаттары және т.б. алынды. География ғылымдарынң докторы, ШҚО оқытушысы А.В. Егоринаның жеке қоры фотолармен, қызметтік хаттармен, жеке құжаттармен толықтырылды.
Журналист, ақын, «Рудный Алтай» газетінің хаттар бөлімінің меңгерушісі, геолог – И.Ф. Ивановтың туыстарымен сөйлесулер нәтижесінде мемлекеттік сақтауға оның жеке құжаттары, фотолары, медальдер кітапшалары, кітаптары, өлеңдері, әңгімелері, газет қиындылары өткізілді.
С.Г. Ғабдуллин – ақын, прозаик, журналист Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Ертіс» журналының ректоры грамоталар, дипломдар, өлеңдер, газет қиындыларын, автобиография, фотографиялар және т.б. құжаттарды мемлекеттік сақтауға берді.
Қазақстан және Ресей жазушылар Одағының мүшелері М.С. Немцов кітатарын, өлеңдерін, журналдар, газеттік мақалалар, биографиялық анықтамалықтар берді. ҚР ардагерлерінің ШҚ облыстық кеңесінің төрағасы Н.П. Ворониннің, «Титан» газетінің редакторы, журналист Т.А. Ступакованың, суретші В.Н. Нетисовтың жеке құжаттары, ақын М.И. Чистяковтың және И.С. Зыряновтың туыстары берген құжаттар мемлекеттік сақтауға алынды.
Зырян филиалы өлкетанушы-жазушы А.Г. Лухтановтың құжаттарын жинауды жалғастыруа, филиалға «Алтайское притяжение», «Лесное ателье» және «Шахтерский городок» жинақталмаған мәтіні, «Горные каменщики», «Расстрельное дело кулака Колодкина», «Тау-Теке» очерктері, «Фотоохота 1960-1980 гг» тақырыбындағы фотоқұжаттар қабылданды.
Зыряндық ақын В.С. Молостовтың «Сказ о Бухтарминской долине» кітабы мемлекеттік сақтауға түсті, ардагер В.К. Цыбраның қоры Қазақстан ардагерлері ұйымының құрылуына 20 жыл толуына аранп басылған «Плечом к плечу в одном строю», «Всегда в строю» кітаптарымен, «Зырян ауданы,-Зырян қаласындағы ардагерлер қозғалысының жылнамасы», «Зырян қаласы медицина қызметі ардагерлерінің жылнамасымен» толықтырылды.
Жарма филиалы жеке қор ұстаушы Көшек орта мектебінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы бойынша ғылыми еңбектердің авторы К. Керейбаевтың жеке бас текті құжаттарын, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысушы Василий Головконың және Ахмер Мұстафиннің құжаттарын алу туралы келісімдер жүргізілуде.
Ақпараттық-іздеу жүесін құру,
ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалалану
2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты География ғылымдарының докторы, ШҚО оқытушысы А.В. Егоринаның жеке қорының құжаттары (110 с.б.), облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.А. Аубакировтың құжаттары (47 с.б.) тізімдемеленді, Петровтардың отбасылық қорын: – КСРО жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Өскемен Педагогикалық институты тарих факультетінің деканы В.И. Петровтың және экономика ғылымдарының кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының саяси экономика кафедрасының меңгерушісі А.И. Петрованың (170 с.б.) құжаттарын тізімдемелеу жұмысы жалғастырылды.
Зырян филиалы ақын В.М. Исламовтың және Зырян орман өнеркәсіп шаруашылығының инженері Е.А. Втюриннің жеке бас текті құжаттарын тізімдемелеу бойынша жұмысты жалғастырды. Облыс ЖТҚО-да жеке басты текті құжаттардың 173 с.б., 2088 с.б. басқарма құжаттамаларын, 4509 с.б. жеке құрам бойынша құжаттар тізімдемеленді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттамаларының 8452 с.б., жеке құрам құжаттарының 9743 с.б., 340 ҒТҚ, жеке бас текті құжаттардың 672 с.б., фотоқұжаттардың 224 с.б., фоноқұжаттардың 6 есеп.б., бейнеқұжаттардың 35 есеп бірлігі тізімдемеледі.
Облыс мемлекеттік мұрағаты «Заготживсырье» (70 с.б.) Шығыс Қазақстан облыстық конторының» және «Завод «Эталон» АҚ жеке құрам бойынша құжаттарын (439 с.б.), «Востокторг» акционерлік компаниясынының құжаттарын (264 с.б.), Асханалар мен ресторандардың Өскемен тресітінің №2 екінші шаруашылық есеп кәсіпорнының құжаттарын (151 с.б.), Өскемен қалалық атқару комитетінің сауда бөлімінің құжаттары (3500 с.б.) қалпына келтірді.
Облыс мемлекеттік мұрағатында Тарбағатай (2152 с.б.), Шемонаиха (2475 с.б.) аудандарының және Лениногор қаласының (2014 с.б.) және Серебрянск (1114 с.б.) бастауыш партия ұйымының қорлары қайта өңделді.
Аягөз филиалы «Халық депутаттарының Сергиополь ауылдық Кеңесінің» қорының басқарма құжаттамаларын қайта өңдеді (353 с.б.). Жиыны тұрақты сақтаудың 8081 ісі мен жеке құрам бойынша 390 іс тізімдемелері мен ҒАА қайта өңделді.
Ақшатау ауыл округінің тұрақты сақтау істерінің тізімдемелері жетілдірілді (218 с.б. басқарма құжаттамалары, 17 с.б. жеке құрам бойынша). Лениногор филиалы Лениногор қорғасын зауыты мен Лениногор кен байыту фабрикасының, «Казцинк» АҚ РТКК еңбекшілерінің кәсіподағы» АҚ (1355 с.б. басқарма құжаттамалары, 2633 с.б. жеке құрам бойынша) істердің тізімдемелерін жетелдірді.
Облыс облыс ЖТҚО басқарма құжаттамалары тізімдемелерінің 912 сақтау бірлігін жетілдірді.
Жиыны тұрақты сақтау бойынша 4045 іс және жеке құрам бойынша 3092 іс жетілдірілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты каталогтандыру мақсатында басқарма құжаттамаларының 2935 с.б. қарап шығып, 4100 карточка жасады, бұлар Шығыс Қазақстан КПК обкомының, Семей облысы әкімдігінің, Жаңа-Семей әкімшілігінің, Аягөз қаласы Әкімі аппаратының, Зайсан ауданы әкімінің, халық депутаттарының Лениногор қалалық кеңесінің және оның атқару комитетінің қорларының құжаттары, тағы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечерка» газеттерінің тақырыптық әзірленімі бойынша 80 карточка жасалды. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ғалым-тюрколог С.А. Аманжоловтың, жазушы О. Бөкеевтің жеке қорларының құжаттары ( 100 с.б. қаралып, 100 карточка жасалды), Семей қаласындағы революциялық қозғалысқа қатысушылар ағайынды Трусовтар мен Бейсенбаевтар отбасы – мұрағат ісінің ардагері С.Б. Бейсенбаеваның және Социалистік еңбек ері М.Б. Бейсенбаевтың жеке қорының құжаттары 72 с.б. каталогтандырылды және 75 карточка жасалды. ҒТҚ 80 с.б. (“Шығыс Қазақстан облысының жер қалыптастыру құжаттарының коллекциясы” қоры), фотоқұжаттардың 15 есеп бірлігі, бейнеқұжаттардың 31 есеп бірлігі каталогтандырылды.
Облыс ЖТҚО Семей қаласындағы тарихшылардың, кітахана қызметкерлерінің, әлеуметтік қорғау, әділет, БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен «1939-1997 жж. Семей облысының әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалықтың» тұсаукесерін өткізді, облыс мемлекеттік мұрағаты және мұрағаттар мен құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, Өскемен қаласында облыстық облыс мемлекеттік мұрағаты және облыс ЖТҚО басып шығарған А.С. Пушкин атьындағы кітапхана базасында «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан», «Киров (Өскемен) ауданындағы 1928-1936 жылдардағы ауыл шаруашылық коллективтендіру», «Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (18-20 ғасырлар» және «Шығыс Қазақстан әкімшілік-аумақтық тарихы бойынша анықтамалық (1920-2002 жылдар)» құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді.
Облыс мұрағатшылары 36 ақпараттық хат әзірледі: «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан», «1928-1936 жылдары Киров ауданыдағы (Өскемен) ауыл шаруашылығын коллективтендіру», «Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі (ХVІІІ-ХХ ғасырлар), Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты және Жаңа тарихты құжаттау орталығы шығарған «Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі тарихы бойынша анықтамалық (1920—2002 жж.)», Зырян ауданы Миролюбовка селосының 100-жылдығы туралы, Предгорное селосының 60-жылдығы, Семей мемлекеттік медицина академиясының 50-жылдығы, Семей көлік тарнспортының 45 жылдығы, белгілі ақын Павел Василевтің, ұшқыш-сынақшы Ж. Малдыбаевтың, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім К. Хасанованың, Ұлы Отан соғысына қатысушы Е. Бексейітовтың жеке қоры, Риддер қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 75 жылдығы, Аягөз аудандық милициясының құрылғанына 75 толуы туралы.
Аталған бастамалы ақпараттық хаттар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Өскемен қаласы мәдениет бөліміне, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханаға, Зайсан ауданының орта мектептеріне, Көкпекті ауданының Әкімі аппаратына, Самар поселкелік округіне және т.б. мүдделі мекемелерге жіберілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары есепті кезеңде 50 мақала әзірледі: «Ерлік пен міндет адамдары туралы аңыз, немесе М. Мусиннің жаңа кітабы», «Мұрағатшыларға арналған мақтау сөз», «Жаманбаев Құсайын Қуанұлы», «Күрек алып, сенбілікке барамын», «Құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар бойынша азаматтар арыздарын қарау тәртібі туралы», «Адал өмір сүріңдер, адам болып қалыңдар», «Даланың адал ұлы», «Ардагерлер күші - өркендеуге жол», «Халықтың тарихи жады», «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының құрылуына 15 жыл толуына», «Біз бірге үлкен күшпіз», «Республика мұрағат ісінің дамуына қосқан үлесі үшін», “Материалдар мен ойлар жеткілікті”, “Ақаусыз ақиқат”, «Газет тарихы құжаттар мен фактілерде» («Рудный Алтай» газетінің 90 жылдығы), «Кедергіні жеңу», «Кеше ғана болғандай», «Крестьянский труд» және т.б.
Мақалалар Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңының жарыққа шығуына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына, Риддер қалалық ардагерлер Кеңесінің 20-жылдығына, облыс мұрағатшыларына, журналист, жазушы М. Мусинге, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғаілімі К. Жаманбаевқа, қазақстандық ақындар С. Анисимовқа, В. Исламовқа, суретші Г. Вяткинге, жазушы М. Мусинге және т.б. арналған. «Архивы Казахстана» республикалық бюлетеніне облыс мұрағатшыларының «Сөз алмасы», «Біздің ақын, солдат, біздің көнекөз шыншылымыз», «Ардақты ана – Мағира», “Алаш-Орта” партиясының 90 жылдығына арналған мақалалары жіберілді.
2007 жыл ішінде облыс мемлекеттік мұрағаты және ЖТҚО-ның мұрағатшылар 3 радиохабар және 10 телехабар әзірледі: «Алаш-Орда» партиясының 90 жылдығына, «Қала және қалалықтар» циклінен «Семей көшелері», мұрағатшы, өлкетанушы, жазушы С.Е. Черныхтың өмірі мен шығармашылығы, саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алу күні, Риддер тау-кен өнеркәсібі кәсіпорынының бұрынғы басқарушысы Р.А. Дрейменанның туғанына 120 жыл толуы туралы.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары 10 фотоқұжаттары көрме әзірледі: облыс мемлекеттік мұрағаты әйгілі жерлестеріміздің мерейлі даталарына арналған, атап айтқанда Д.Г. Панкратьевтің туғанына 140 жыл толуына, А.Н. Белослюдовтың туғанына 12 жыл толуына арналған, Б.Г. Герасимовтың 135 жылдығына, П.П. Буровтың 105 жылдығына, А.С. Күленовтың 75 жылдығына, Д.А. Қонаевтың 90 жылдығына, М.Ш. Мусиннің 90 жылдығына, К.К. Жаманбаевтың 95 жылдығына арналған «Ертіс жеріндегі із» көрмесін әзірледі.
Стационарлық және жылжымалы стендке қою үшін облыс ЖТҚО Семей жер басқармасы және ВКП(б) Семей губком қорының құжаттары бойынша, «Абай» журналының газеттік мақалаларынан «Алаш-Орда» париясының 90 жылдығына арналған көрме әзірледі. Көрме 2 бөлімнен тұрады: «Алаш-Орда» тарихынан (партияның идеялық құрылымының сұрақтары) және ұлт-азаттық қозғалыс басшылары (Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Жақып Ақпаев, Мұхамеджан Тыншпаев, Жүсіпбек Аймауытов). Екінші көрме Орыс Георгафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің құрылуына 105 жыл толуына арналды. Көрмеге РГҚ жазбаларының тұпнұсқа басылымдары, Семей өлкесі бойынша 1924 жылғы өлкетану жинағының басылуы туралы іс, 1-ші Губерниялық съездін өткізу туралы құжаттар, бөлімше мүшелері Б.Т. Герасимовтың, Н.Я. Коншиннің, Е. Ақпаевтың, М. Әуезовтың, Н.А. Белослюдовтың жеке істері, Семей бөлімшесінің 1921-1926 жылдардағы қызметі туралы есептер, ағайынды Белослюдовтардың, Нұрғали мен Назифа Құлжановтардың, Н.Я. Коншиннің, Б.Г. Герасимовтың, М.О. Әуезовтың және т.б. бөлімше мүшелерінің фотосуреттері. Лениногор филиалы Кеңестер Одағының Батырлары лениногорлықтар А. Колчиннің, Л. Рощиннің, И. АСтафьевтің туғанына 85 жыл толуына арналған фотоқұжатты көрме жасады. Облыс мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы Қазақ ССР құрметті теміржолшысы, Шар және Жарма аудандарының құрметті азаматы, еңбек ардагері және ақын Рахымбаев Қалелдің туғанына 80 жыл толуына арнап көрме дайындады. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы бірінші қазақстандық ұшқыш-сынақшы Ж. Малдыбаевтың туғанына 100- жыл толуына арнап «Ер есімі – ел есінде» атты көрмесін әзірледі.
Облыс ЖТҚО №37 және 5 мектеп оқушыларына арнап «Алаш-Орда» тарихы бойынша мемлекеттік тілде сабақтар және мұрағат бойынша шолулық экскурсия өткізді; Өскемен қаласының №40 мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналып «Уақыт және Өскемен қаласының адамдары», «С.Е. Черных – мұрағатшы, жазушы, өлкетанушы», “Абайдың тынымсыз жаны” тақырыбындағы сабақтар, №17 мектепте жазушымен жазысқан хаттары бар П. Кузнецовтың жеке бас текті қоры бойынша Мұхтар Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына арналған сабақ, Зайсан қаласы Мұстафин атындағы орта мектептің оқушылары үшін ақын Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы сабақтар өткізілді. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы №11 орта мектеп оқушыларына «Зырян қаласының тарихы» тақырыбына экскурсия өткізіп, лекция оқыды. Лениногор филиалы Лениногор қаласының атының Риддер болып өзгертілуіне 5 жыл толуына байланысты «Оның атымен біздің қаламыз аталады» мектеп сабаған өткізді.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері үшін мұрағат практикасы өткізіліп, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты», «Оқу залында жұмыс істеу ережелері» лекциялары оқылды, мұрағат ғимаратына саяхат жасалып, жеке бас текті қорлардан құжаттар анықтау және бпасқарма құжаттамаларын каталогтандыру бойынша практикалық сабақтар жүргізілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысып, «Белослюдов Алексей Николаевич - өлкетанудағы сабақтастық», Д.Ф. Черепанов – жазушы, өлкетанушы, журналист», «Сахна ардагерлері – А.Н. Шиляев, А.М. Мерц» хабарламаларын әзірледі.
Облыс ЖТҚО-ның мұрағатшылары «Прииртышье» өлкетану қоғамымен бірлесе отырып өткізілген «Ағайынды Белослюдовтар тарихи дәуір тұлғалары. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Семей» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияға өлкетанушылар, Семей қаласы мектептерінің тарих мұғалімдері, СМПИ, Шәкәрім атындағы СМУ оқытушылары мен студенттері, №6 мектеп-гимназияның оқушылары «Семей өлкетануының феномені», «Белослюдовтар – тарихи очерк», «Белослюдовтар мұрағаты Ф.М. Достоевский мұражайының қорында», «В.Н. Белослюдовтың этнография бойынша материалдары балалар дүниетанымы бейнесі ретінде», «Мектептің тарих және қоғамтану курсындағы өлкетану материалдарын зерделеу проблемалары туралы педагогикалық және әдістемелік материалдар», «Ертіс маңында ағайынды Белослюдовтар өмір сүрді», «Белослюдовтар және Абай» баяндамаларын оқыды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаттың құрылуына 25 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Алматы қаласына «Шығыс Қазақстан тарихы шет елдер мұрағаттарының құжаттарында» баяндамасын әзірлеп жіберді.
Облыс мемлекеттік мұрағатының және ЖТҚО-ның мұрағатшылары «Мұрағат мекемелерінің жариялау қызметі: жағдайы мен болашағы» ғылыми-практикалық семинарына қатысты, онда «Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері ретінде», «Никандр Александрович Петровский «Орыс жеке есімдер» сөздігін құрастырушы», Ресей Федерациясы мұрағаттарында анықталған Шығыс Қазақстан бойынша құжаттар жинағын жариялау туралы баяндамаларын оқыды.
Облыс ЖТҚО қызметкерлері №6 мектеп-гимназиядағы Жеңіс Күніне арналған кешке қатысты, онда соғыс ардагерлері құжаттары бар қорлар туралы айтылды. Аса қызықты құжаттар көрсетілді, бұл оқушылар мен ардагерлердің қызығушылығын туғызды. Осы гимназия базасында облыс ЖТҚО қызметкерлері «Сен өз қалаңды білесің бе?» викторинасын өткізді, конкурсқа 100-ден астам жұмыс қойылды, олардың 2 гран-при сыйлығын иеленді.
Семей қалалық орталықтандырылған кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандар күні – 31 мамырға арналған кеш болып өтті, оған мұрағатшылар заңсыз қуғынға түскен жерлестеріміз туралы хабарлама әзірледі және облыс ЖТҚО мұрағатшылары ЭТҚО коллекциясындағы фотосуреттермен көрнекілендірілген Семей қаласының ХІХ-ХХ ғасырлардағы өмірі туралы баяндама жасады.
Облыс мемлекеттік мұрағаты 2007 жылы «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары» жолкөрсеткісіне қосымша жасау бойынша жұмыстарды аяқтады, облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарындағы қорларға аңдатпа мен сипаттама редакцияланды. «Шығыс Қазақстан өлкетанушылары» сериясынан – «Михаэлис Евгений Петрович. Туғанына 165 жыл» құжаттар жинағы басылып шықты.
ҚР Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің мұрағат ісі және құжаттама саласындағы ғылыми проблемаларды қарау жөніндегі кеңісінің жұмыс жоспарына «Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарының қорлары бойынша жолкөрсеткіні» (толықтыру) қарауды енгізу ұсынылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары облыс мұрағаттарынан анықталған «КСРО-дағы аштық. 1932-1933 жылдар» құжаттар жинағы, Сталинградты қорғауға қатысушылар туралы құжаттардың ксерокөшірмелері мен құжаттар тізбесін әзірледі. Шығыс Қазақстан облысы Әкімі үшін облыс мемлекеттік мұрағаты «Шығыс Қазақстан облысының тарихы бүгінгі күн шындығында» ақпаратын дайындады.
Облыс ЖТҚО «Полигон – Семей қасіреті», «М. Әуезов Семейде. Құжаттар сөйлейді» кітапшаларын толықтырды және оны мемлекеттік тілге аударды. Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігері А. Қозбағаровтың 90 жылдығына арналған «Саған өмір сыйлаймын» кітапшасы жариялануға әзірленді.
Облыс мемлекеттік мұрағатының оқу залдарында 1587 зерттеуші жұмыс істеді, 2166 келу болды. Өлкетанушылар, оқытушылар және жоғары оқу орындарының, колледждің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер, жеке адамдар облыс елді мекендерінің тарихы, Жоғары Ертіс қазақтарының тарихы мен этнографиясы, Семей Ертіс өңіріндегі спорттың даму тарихы, Қазақстанның тарихи қалаларының сәулет-шығармашылық ортасы, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, климаттың ландшафт компоненттеріне әсері, ҚР жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы және генезисы, 1917-1941 жылдардағы Қазақстандағы саяси репрессия және т.б. тақырыптарда жұмыс істеді.
Семей ядролық сынақ полигонындағы әрекеттер салдарынан зардап шеккендерге бірмәртелік ақшалай төлемдер төлеуге байланысты және мүлікті заңдыстыруға орай облыстың мемлекеттік мұрағаттарына Семей ядролық сынақ полигонында тұру фактісін растау туралы және азаматтардың мүлкін заңдастыруды хаттауға арналған құжаттар көшірмесін алу жөніндегі сұраныстар легі өте көбейіп кетті. 2007 жыл ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 70166 сұраныс түсті, 68115 (Қазақстан азаматтарынан – 61509, ТМД елдерінен – 6606) орындалды: оның 59529 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 20 сұраныс, СІМ-нен тыс 49 сұраныс түсті.
2007 жылы 2162 тақырыптық сұраныс орындалды. Бұл сұраныстар жергілікті атқару органдарының шешімдерінің көшірмелерін беру, жою туралы, заңды тұлғалардың қайта құрылулары мен қайта аталулары, тұрғын объектілерін сату-сатып алу туралы және т.б. туралы.
Сұраныстар легінің көбеюіне байланысты оларды орындау мерзімі 1 айдан 3 айға дейін ұзарып кетті, облыс мемлекеттік мұрағатында директордың бұйрығы бойынша басқа бөлімдердің қызметкерлері жұмыс істеді.
4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадарлар біліктілігін көтеру. Ұжымды әлеуметтік дамыту.
2007 жыл ішінде мұрағаттар және құжаттама басқармасында Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының Lotus Notes электрондық құжатайналым жүйесіндегі жұмыс жалғасты, мұрағат процестерін компьютерлендіру жалғасты – 27 компьютер, 19 принтер, 15 модем, 2 сканер, 3 көшірме аппараты, 3 телефон аппараты, 1 теледидар, 1 бейнемагнитофон, сондай-ақ 16 металл стеллаждар, кабинет жиhазы, компьютер столы және т.б. алынды. Облыс мемлекеттік мұрағатында 01.11.2006 жылдан облыс мемлекеттік мұрағатында және 03.01.2007 жылдан ШҚО ЖТҚО-да жаңа құрылымдар – мұрағат технолгиясы бөлімдері құрылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарында 2006 жылдың қорытындысы бойынша, 2006 жылдың ұжымдық келісім шартын орындау бойынша кәсіподақ жиналысы өткізілді. 2007 жылға ұжымдық келісім шарт және «2007 жылға арналған облыс ЖТҚО қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен мүдделерін қорғау бойынша келісім» жасалды. Дирекция мәжілістері мен облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастағының жанында мәжілістер өткізілді. Жоспарға сәйкес өндірістік оқу мен мемлекеттік тіл сабақтары жүргізілді.
Облыс мұрағат мекемелері басшыларына және облыс мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлеріне аттестация жүргізілді.
“Мұрағат ісі және іс жүргізу” мамандықтары бойынша ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыс мемлекеттік мұрағатының және оның Зырян, Зайсан, Лениногор филиалдарының, Глубокое және Көкпекті аудандық мұрағаттарының қызметкерлері колледждер мен жоғары оқу орындарында оқиды.
Басқарманың барлық мамандары МС ИСО 9001: 2000 менеджмент сапасы жүйесіне енгізу бойынша сәйкестік бойынша оқыды және сертификаттарын алды, бөлім басшылары, ішкі адиторлар оқуыны оқыды. Мемлекеттік есеп және ҚР ҰМҚ құжаттарын пайдалану бөлімінің бастығы және облыс мұрағаттар басқармасының заңгері мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс істеуге құзіреттіліктері жөнінде сертификат алды.
Облыс мұрағат мекемелері жұмыссыздық пен кедейлікті азайту, мүгедектерге қолдау көрсету бойынша облыстық бағдарламаны жүзеге асыру үшін “Қайырымдылық жасау” қайырымдылық акциясының іс шараларына ақша қаражатын аударды.
Облыс мұрағат мекемелері ұжымдарында Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз бен Наурыз мейрамына, Жеңіс Күніне, Егде адамдар күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге, Жаңа жылды қарсы алуға арналған тақырыптық кештер өткізілді.
Облыс мұрағаттар және құжаттама
басқармасының бастығы А.Аубакиров
Достарыңызбен бөлісу: |